Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.12.2017

Мәжілістің қарауына балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы депутаттық заң жобасы ұсынылды


Астана, 22 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

        Онда депутаттар бастамашы болған балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қарау ұсынылған.

        Депутаттық Заң жобасының негізгі міндеті - балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатігездікті, қоғамға жат және құқықбұзушылық әрекетті насихаттайтын баспа, дыбыс және дыбыс-бейне өнімдерін, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу болып табылады. 

        Сонымен бірге жалпы отырысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыруды қарау көзделген.

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты, 74-63-01)

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі