Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.01.2018

Н. Нығматулин: Елбасы тапсырмаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету - біз үшін өте үлкен жауапкершілік және абыройлы міндет.


Астана. 17-қаңтар. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің 2018-ші жылдағы                  алғашқы   жалпы отырысы өтті.

Н. Нығматулин күн тәртібіндегі сұрақтарға кіріспес бұрын Елбасының Жолдауын жүзеге асыру жолында жүктелген міндеттерге тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл    жолдау    –   еліміз    дамуындағы                жаңа   тарихи дәуірді   бастайтын болады. Себебі,   Қазақстан    Төртінші     өнеркәсіптік     революция     жағдайында  даму жолына   қадам басты. Одан әрі Н. Нығматулин:

-Президентіміз   нақты   белгілеп  берген 10  бағыт ол - біздің    заманға   сай болуымыз    үшін   жаңа   мүмкіндіктерге, жаңа табыстарға      жол ашатыны сөзсіз. Сондықтан, Елбасымыз жүктеген мақсаттарды   сапалы  заңдармен қамтамасыз ету - ол  біз үшін өте үлкен  жауапкершілік  және абыройлы міндет,-деді.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, Жолдауда табиғи монополияларды реттеу және венчурлық қаржыландыру, Экологиялық Кодекс, денсаулық саласына қатысты заңнамаларды жетілдіру бойынша нақты тапсырма жүктелген. Сондай-ақ, сессия соңына дейін Президент Жолдауын жүзеге асыруға қатысты басқа да маңызды заң жобаларын қабылдау міндеті тұр.

Н. Нығматулин депутаттардың осы жылғы аймақтарға сапары жайлы ақпаратты да назардан тыс қалдырмады.

Мәжіліс депутаттары барлығы 400-ге жуық елді мекендерде болып, 1500-ден астам кездесу өткізді.  

Бұл кездесулер ел тұрғындарына қабылданған заңдардың қыр-сырын түсіндіруге, сондай-ақ, барлық саладағы өзекті сұрақтарды жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі