Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.01.2018

Мәжілістің 2018 жылғы алғашқы жалпы отырысы өтті


        Астана, 17 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан мен Әзербайжан  елдері арасындағы салық туралы және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы  Заң жобаларын мақұлдап, бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

         Н. Нығматулин күн тәртібіндегі сұрақтарға кіріспес бұрын Елбасының Жолдауын жүзеге асыру жолында жүктелген міндеттерге тоқталды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл жолдау – еліміз    дамуындағы жаңа тарихи дәуірді бастайтын болады. Себебі, Қазақстан  Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында  даму жолына   қадам басты. Одан әрі Н. Нығматулин:

-Президентіміз   нақты   белгілеп  берген 10  бағыт ол - біздің    заманға   сай болуымыз    үшін   жаңа   мүмкіндіктерге, жаңа табыстарға  жол ашатыны сөзсіз. Сондықтан, Елбасымыз жүктеген мақсаттарды   сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол біз үшін өте үлкен  жауапкершілік  және абыройлы міндет,-деді.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, Жолдауда табиғи монополияларды реттеу және венчурлық қаржыландыру, Экологиялық Кодекс, денсаулық саласына қатысты заңнамаларды жетілдіру бойынша нақты тапсырма жүктелген. Сондай-ақ, сессия соңына дейін Президент Жолдауын жүзеге асыруға қатысты басқа да маңызды заң жобаларын қабылдау міндеті тұр.

Н. Нығматулин депутаттардың осы жылғы аймақтарға сапары жайлы ақпаратты да назардан тыс қалдырмай, Мәжіліс депутаттары барлығы 400-ге жуық елді мекендерде болып, 1500-ден астам кездесулер өткізгенін айтты. 

         Одан әрі жалпы отырыстағы жұмыс барысында депутаттар Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері  арасындағы  табыс  пен  мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу  туралы  конвенцияға  өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы екі ел арасындағы хаттаманы  ратификациялау туралы Заң жобасын мақұлдады.

Хаттаманың мақсаты - ақпарат алмасу және Конвенцияның жекелеген ережелерін қайта қарау арқылы екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

         Хаттама салықтық қатынастардың салыстырмалы түрде тұрақтылығына кепілдік береді, табысқа қосарланған салық салуды болдырмайды және осылайша, екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.

        Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы да талқыланып, қолдау тапты.

       Отырыс барысында Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңдардың жобалары ілеспе түзетулерімен, кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және «Қазақстан халқы Ассасмблеясы туралы» Заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларын жұмысқа алынды.

       Сонымен қатар, осы күні Табиғи монополиялар туралы және мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы жұмысқа алынды.  

       Сондай-ақ, жұмысқа қабылданатын құжаттар қатарында ТМД мемлекетінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы, Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді, Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы және Қазақстан мен Беларусь елдері Үкіметтері  арасындағы Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы екі ел арасындағы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобалары бар.

        Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары бірқатар орталық мемлекеттік орган басшыларының атына депутаттық сауалдар жолдады. Олар И. Смирнова, С. Бычкова, М. Магеррамов,  К. Абсатиров, А. Қожахметов, В. Олейник, Т. Сыздықов, В. Косарев,  Е. Барлыбаев, З. Аманжолова, А. Қоңыров, Н. Дулатбеков, Б. Хаменова.

 

 

(Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі