Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
31.01.2018

Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне арналған Заң жобасы мақұлданды


Астана, 31 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Онда депутаттар коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша түзетулерге арналған Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Отырыс барысында Мәжіліс Спикері ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне баса назар аударып, арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екеніне алға тартап келіп:

Шынында да   әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде  ауылдың жағдайын ескеру керек. Себебі, ауылдың да, қаланың да өз ерекшелігі бар. Сондықтан, стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет, - деді Н. Нығматулин. 

Заң жобасы нормаларын әзірлеу барысында ең озық тәжірибелер есепке алынып, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция мен Хорватия сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенген.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, біріншіден, заң жобасында мақсатты топтардың қажеттіліктеріне талдау жасау, зерделеу және үкіметтік емес ұйымдар ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесінің бірыңғай тәсілдері белгіленген. Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда, ол халыққа көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деңгейі мен жоба тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдар көрсететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар немесе стандарттар, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды бағалау критерийлерін енгізу ұсынылады. Төртіншіден, сыйлықақыларды және гранттарды беру механизмі жақсарып келеді. Бесіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттарды ұсыну және сыйлықақыларды беру бағыттары нақтыланады.

Жалпы бұл заң жобасының мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар қосымша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және 3 заңға – «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізді.

Сонымен қатар отырыс барысында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Заң жобасы 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеуде жасалған                       Хаттаманы ратификациялауға бағытталған.

 Хаттамада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекет үшінкедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтеріне қатысты ережелер қамтылған.

Айта кету керек, Одаққа Армения мен Қырғызстанның кіруіне байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мүше мемлекетіне кедендік кіріс баждарының сомаларын нормативке сәйкес үлестіруге арналған Хаттаманы ратификациялау бүгін қаралып отырған заң жобасының басты мақсаты болып табылады. Заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың шеңберінде біздің мемлекетіміз алған бірқатар міндеттемелердің орындалуын қаматамасыз ету үшін қажет.  Заң жобасымен ұсынылып отырған Хаттама экономикадағы интеграциялық үдерістерді дамытуға және қатысушы-мемлекеттердің араларында өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасайды.  

                Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Г. Бижанова, К. Абсатиров, К. Мұсырман, А.Құрманова, М. Магеррамов, Т. Сыздықов, Р. Ким, Д. Еспаева, А. Платонов, Б. Оспанов. 

         (депуттаттық сауалдардың мәтіні www.parlam.kz)     

 

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі