Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.02.2018

Ақмола облысында депутаттардың көшпелі отырысы өтеді


                Астана, 7 ақпан, Мәжіліс үйі.  Бейсенбі, 8 ақпан күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілік етуімен Ақмола облысының Шортанды ауданында көшпелі отырыс өтеді.

                Іс-шарада депутаттар Аграрлық ғылымды дамытудың келешегі мен оның нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу мәселелері туралы талқылайды.

                Отырысқа Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, Ауылшаруашылық вице-министрі Арман Евниев пен Әділет министрлігінің өкілдері, ғылым саласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай,  Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерінен өкілдер қатысады деп күтілуде. 

                Көшпелі отырыс сағат 15-00-де, А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында басталады. 

                 

АНЫҚТАМА ҮШІН: Дариға Каримова – 746744, 87017735815.

 

(746301, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі