Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.02.2018

Астанадағы кәсіптік-техникалық колледже ұлттық біліктілік жүйесіне қатысты конференция өтеді


Астана, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Жұма, 9 ақпанда «Ұлттық біліктілік жүйесі – білім стандарттары үшін бағдар» деген тақырыпта Астанадағы кәсіптік-техникалық колледже конференция өтеді. 

Іс-шараны Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова ашып, Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану Комитетінің мүшесі, депутат Бақытгүл Хаменова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, «Нәсып НС» ЖШС директоры Владимир Эрман, сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың өкілдері баяндама жасайды деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұсыным қабылданады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, бағдарламада оқу шеберханалары мен колледж дәрісханаларына саяхат ұйымдастырылу қарастырылған.

 

         Конференция 9 ақпанда, сағат 10:00-де - Астана қ., Қорғалжын тас жолы 22, кәсіптік-техникалық колледжінде басталады.

 

Анықтама үшін: Жанна Бапан – 746369, 8 7014865054.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі