Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.02.2018

Депутаттар техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерін талқылады


Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Астана қаласындағы «Кәсіптік-техникалық колледжі» базасында «Ұлттық біліктілік жүйесі – білім беру стандарттары үшін бағдар» атты тақырыпқа конференция өткізді.

Кездесу барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев негізгі баяндаманы жасаса,  Мәжіліс депутаты Б. Хаменованың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Әлтаевтың, «Нәсіп-НС» ЖШС директоры В.Эрманның, Колледждер қауымдастығының Президенті В. Старуновтың, Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Т. Нұрашевтың, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Білім департаменті директорының міндетін атқарушы Б. Насырханованың баяндамалары тыңдалды.

Отырысқа қатысушылар белсенді пікір алмасып, техникалық және кәсіптік білім беру мен мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру тетіктері, білікті жұмысшыларды даярлау желісін дамыту мамандықтарының тізбесін айқындау, ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру және оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету сияқты  мәселелерді талқыланды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Г. Иксанова конференция жұмысын қорытындылап, нәтижесі бойынша отырысқа қатысушылар ұсыныстар қабылдады.

Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі