Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.02.2018

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 23 ақпан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары сақтандыру  және  сақтандыру қызметі мәселелеріне қатысты, сонымен бірге, меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайтын болады.  

Алғашқысы жеке тұлғалардың сақтандыру қызметтерін жеткізушілерге деген сенімін арттыруда ықпал ететін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігн құруды, ал екіншісі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету сияқты меншік құқықтарын қорғауды күшейту, дауды реттеудің баламалы тәсілі ретінде төрелік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру сынды басқа да мақсаттарды көздейді.

Осы күні Палата депутаттары 1992 жылғы  6 шілдедегі ТМД Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды деп күтілуде.

 

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

               


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі