Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.05.2018

Н.Нығматулин Мәскеуде палатааралық комиссия отырысына қатысады


Астана, 21 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Мәскеуге келді.

Бағдарлама аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володинмен кездесу жоспарланған.  

Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ,  Мемлекеттік Дума мен Парла­мент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның оныншы отырысына қатысады.

Сонымен бірге, осы күні Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Мемлекеттік Думада «Қазақстан – Ресей ғасырларға жалғасқан достық» көрмесінің ашылуы болады деп күтілуде.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-68-44)  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі