Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.05.2018

Депутаттар бастамашы болған заң жобалары ел мүддесін қорғауға бағытталған


Астана. 30-мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бастамашы болған, ел мүддесін қорғауға арналған бірқатар заң жобалары мақұлданды.

Олардың қатарында Білім (бірінші оқылым) және тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру, газ және газбен жабдықтау туралы, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобалары (екінші оқылым) депутаттар қолдауына ие болды. Осыған орай Мәжіліс Төрағасы:

-Бүгін біз тікелей депутаттарымыздың өздері бастамашы болған төрт заң жобасын мақұлдадық. Осы құжаттар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Бұл депутаттық корпус үшін үлкен нәтиже екені сөзсіз,-дей келіп, заң жобаларына қатысқан барлық әріптестеріне және жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді.

Заң жобалары одан әрі Сенат қарауына жолданды.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

    


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі