Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.06.2018

Мәжілісте Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Астана, 21 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Отырысқа саяси партиялардың, министрліктердің, сарапшылық ұйымдардың, Астана қаласы мен Қарағанды облысының,  «Атамекен» ҰКП және тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұлттық қоғамының өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру тақырыбын талқылады.

Өз кезегінде Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғарин «Тарифтік реттеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбына баяндама жасады.   

Отырыста аталып өтілгендей, 2017 жылғы қыркүйекте Парламенттің алтыншы шақырылымы үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, тариф белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру және ТКШ, сумен және жылумен жабдықтау желілеріне жаңғыртуға инвестициялар тарту мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін, олар көрсететін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізуді көздейді.

Сондай-ақ жоба тариф белгілеудің механизмдердің және тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуінің ашықтығын, оның ішінде тарифтерді бекітуге және сатып алуды өткізуге арналған өтінімдерді электрондық түрде беруге өтуді, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру рәсімін нақтылауды, тарифтік саясат жөніндегі кеңестің және тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің тариф құру процесіне қатысуын көздейді.   

Сонымен қатар Энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов, жергілікті атқарушы органдардың басшылары энергия беруші ұйымдарды ірілендіру және оларға коммуналдық және иесіз желілерді қосу мәселелерін қоса алғанда, энергетика саласындағы ахуал туралы баяндама жасады.  

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі