Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.08.2018

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда


 

Астана, 20 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттарының аймақ тұрғындарымен кездесуі жалғасуда.   

Парламент өкілдері өндіріс орындары мен әлеуметтік – мәдени нысандарды аралап, халықпен және еңбек ұжымымен кездесуде.   

Онда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған маңызды бағыттарды,  бес әлеуметтік бастаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ, үшінші парламенттік сессияның жұмыс қорытындысы кеңінен талқылануда. 

                Осы ретте дүйсенбі, 20 тамызда, Астанада Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов, Аманжан Жамалов, Жәмила  Нұрманбетова және Бекболат Тілеухан елордадағы Ситуациялық орталық тынысымен (11-00, Достык көш., 13), ал Мәжіліс депутаты Петр Шарапаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Петропавл – Мамлютка көлік жолын қайта құрылымдау барысымен танысатын болады (16-00, Мамлютка қ. жолы).

                «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚХКП  партиялары фракцияларының, сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері қамтылған Мәжіліс депутаттарының кездесулері ағымдағы жылы 28 тамызға дейін жалғаспақ.  

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі - 74-63-05)

 

                 

 

               


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі