Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.09.2018

Мәжіліс депутаттары сенбілікке шықты


Астана, 22 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке шықты.

Халық қалаулылары елордамыздағы жаңа үлкен көшелердің бірінде  көшет екті.

Қаланы көгалдандыруға шифердия, шаған, сағызқарағай сияқты жас ағаштар отырғызылды. Аталған көшеттер елордамыздың «жасыл белдеуінде» орналасқан орман бағынан әкелінген.

Сенбілікке «Нұр Отан», «Ақ жол», ҚКХП және Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланған депутаттар қатысты.

Сонымен қатар, бүгінгі сенбілікте депутаттармен қатар Мәжіліс аппаратының қызметкерлері де қаланы көгалдандыруга атсалысты.

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Жаслан Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі