Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.12.2012

2012 жылғы 19 қараша - 4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға Ш О Л У


2012 жылғы 19 қараша - 4 желтоқсан аралығында

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы

жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға

Ш О Л У

 

Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Алтын Орда», «Ана тілі», «Нұр Астана», «Халық сөзі», «Түркістан» және «Жас Алаш» газеттерін, «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «Kazakhstan Today», «ҚазТАГ», «Қазақстан жаңалықтары», «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттіктерін және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.

 

Шолуда қамтылған кезең ішінде баспасөзге жасалған мониторинг мынаны көрсетті: Парламент тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарының 136 материалында көрініс тапты, олардан 13 жарияланым – Парламент жұмысының заң шығару мәселелеріне, ал қалған 123  жарияланым қоғамдық-саяси жұмыс қырларына қатысты болды.

Атап айтқанда, заң шығару қызметіне орай, 21-ші қарашада  өткен жалпы отырыста қаралған мәселелер «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Халық сөзі», «Заң»  газеттері, «ҚазАқпарат», «BNews.kz» «КТК», «Қазақстан ТРК», «Хабар»  ақпарат агенттіктері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізіліп отырылды.

Мәжіліс Төрағасының оры­н­­­ба­сары Сергей Дья­чен­коның жетекшілігімен палатаның де­пу­тат­тардың ағымдағы жылдың 22 қа­рашасынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта сай­лау­шы­лар­мен ке­з­­десу үшін өңір­лер­ге барар ал­дын­дағы жалпы отырысы болып өтті. Күн тәртібіне 12 мә­селе шығарылса, шекараға қа­тыс­ты заң жобасы қызу тал­қы­ланды.

Депутаттар «Қазақстан Рес­публи­ка­сының Мемлекеттік ше­ка­расы ту­ра­лы» және оған ілеспе заң жоба­ла­рын бірінші оқы­лым­да талқыға сал­ды. Ол бой­ынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі дирек­то­ры­ның міндетін уақытша ат­қа­ру­шы Тұрғанбек Стамбеков баян­дап берді.

Талқылау барысында депутаттар көптеген түйт­кіл­ді проблемаларға назар аудартты. Атап айтқанда, қа­зір­гі кезде шекарашыларда әбден ескірген құрал-жаб­дықтар мен қару-жарақтар ғана бар. Сонымен қатар, ше­кара қызметіне қажетті құ­ры­лыс­тар 60-жыл­да­ры салынған болса, олардың техникалық жарақтанды­ры­луы да сын көтермейді. Бұл жөнінде депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Темірхан Досмұхамбетов жан-жақты ашып көрсетті.
Осылайша талқыдан өткен шекаралық заңдық құжаттар  бірінші оқылымда мақұлданды.

Сонымен қатар, бұл отырыста мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі, терроризмге қарсы іс-қимыл, әлеу­мет­тік маңызы бар мемлекеттік қыз­меттер және салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды көз­дейтін заң жобалары екінші оқы­лымда қолдау тапты.

        Жалпы отырыстың соңында дәстүр бойынша депутаттар бірқатар лауазым иелеріне сауалдарын  жолдады.

Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін қараша айының 22-сінен желтоқсанның 1-іне дейін еліміздің барлық өңірлеріне барады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері.

Парламент өкілдері еліміз аза­маттарына бесінші шақы­рылым­ның екінші сессиясында атқа­рыл­ған депутаттық қызмет жайында толық ақпараттар берді. Со­ны­мен бірге, мәжілісмендер Елба­сы­мыздың 2012 жылдың 27 қаң­тар­ын­дағы «Әлеуметтік-экономи­ка­лық жаңғырту – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағ­дар­ламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды заңнамалық қам­та­масыз ету жағдайы жөнінде баян­дады.

Сапар барысында өндірістік жә­не әлеуметтік-мәдени нысан­дар­­ға бару, еңбек ұжымдарымен, халықпен, облыс активтерімен кез­­­десу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жоспары болды.

Мәжіліс құрамында «Нұр Отан» ХДП, «Ақ Жол» ҚДП, ҚХКП фракцияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар бар. Бұл туралы  мынадай БАҚ  беттерінде жарияланды. («Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті»,  «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «Kazakhstan Today», «ҚазТАГ», «Қазақстан жаңалықтары», «Интерфакс-Қазақстан» және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» агенттігін атап өтуге болады.)

28 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы парламентаризмінің қалыптасуындағы рөлі" атты конференция өткізді, деп хабарлайды БАҚ беттері. Бұл конференцияға белгілі саясаткерлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі парламентаризмді қалыптастырудағы рөлі зор. Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Астанада өткен конференцияда жан-жақты талқыланды.

Сонау қиын кезең саналған 90-шы жылдары Қазақстанның кәсіби парламентінің тарихы басталса, қазіргі таңда ол елбасының әлеуметтік, экономикалық, саяси бастамаларын сапалы заңмен бекіткен іргелі заң шығарушы орган саналады. Осы уақыт аралығында Парламент 2 мыңнан астам заң қабылдады. Әр шақырылым сайын 500-ге жуық заң жобасын талқыланады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті жаңғырту мен демократияландыру саясатының негізгі бағытының бірі – осы парламентаризмді дамыту болды,- деп хабарлайды «Хабар» агенттігінің тілшілері.

29 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Парламентаралық Комиссияның теңтөрағасы Қабиболла Жақыпов екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай баяндама жасады. Онда Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты белсенді дипломатиялық қатынастардың жемісті болғаны айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары мен Мемлекетаралық Жоғары Кеңестің үшінші отырысы осы байланыстардың жемісі екендігіне тоқталды.

Шолудың «Депутаттық сауалдар» бөлімінде  Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишимбаевтің «Айқын» газетінде жарияланған «Өскелең ұрпаққа қомқорлық керек» атты сауалын атап өтуге болады.(«Айқын» газеті.)      

Шолудың «Түсініктемелер мен сұхбаттар» бөлімінде депутаттардың елдегі қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері жөніндегі пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары жинақталды. Олардың арасынан Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Ерген  Дошаев, Андрей Бегенеев, Бақтыбек Смағұл, Оңалсын Жұмабеков және Еркін Шпановтың мақалаларын айтып кетуге болады. Бұл туралы  мынадай БАҚ  беттерінде жарияланды. («Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы» газеттері.)

БАҚ беттерінде талқыланған өзекті мәселелердің біріне айналған, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетек­шілі­гімен өткен Үкімет саға­тында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Құқық тәртібінің жай-күйі және ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыт­тары туралы»  деген та­қы­рыпта баяндама жасады.

Қалмұханбет Қасымовтың мәліметіне қа­ра­ғанда, қылмыстарды жасыру фак­тілері бойынша 1,9 мың қыз­меткер, оның ішінде 269 басшы жазаланған. Және де қызмет­кер­лер­ге қа­тыс­ты 25 қылмыстық іс қозғалыпты. Элек­трон­ды тіркеу жүйесі енгізіліп, олардың әрқай­сы­сы туралы мәліметтер «on-line» режімінде прокуратура орган­да­ры­на беріледі және де азаматтар «Call-орталық» және SMS-сервис арқылы арыздарының қаралу ба­рысын көре алады. Әрбір қабыл­данған өтініш бойынша полиция талон-хабарлама беріп, азамат­тар­дың 70 пайыз өтініштері 3 күндік мерзімде шешіледі, деді министр.

 

Саладағы кейбір мәселелерге  палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа коми­тетінің төрағасы Рахмет Мұқашев қосымша баяндамасында тоқталды. Депутаттар өз тараптарынан министрге көптеген сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Ар­тынан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дья­ченко сөз алып, былай деді: «Ішкі істер ми­нистрлігі өзіне жүктелген міндеттерін то­лық атқарып жатқанын атап өткен жөн. Соң­ғы жылдары, бұл салада айтар­лық­тай құры­лым­дық өзгерістер болды. Реформа жүргі­зілді. Халықты құжаттандыру және тіркеу функ­циялары берілді, мемлекеттің көші-қон саласындағы көптеген функциялар жүктелді». Сондай-ақ ол Парламент Мәжі­лі­сі­нің депу­тат­тары бұл салаға ерекше көңіл бөліп, заңнамалық тұрғыдан қолдау көр­се­те­ді деген ойын жеткізді.  Отырыс бойынша депутаттар айт­қан ұсыныстар толық ескеріліп,  Үкіметке  ұсынымдар ретінде жолда­на­тын болды. Бұл туралы мынадай көптеген БАҚ беттерінен көрулеріңізге болады: («Хабар» агенттігі, «Интерфакс-Қазақстан», «BNews.kz», «Қазақстан ТРК», «ҚазАқпарат» және де  «Айқын», «Заң газеті», «Егемен Қазақстан» және т.б.  газеттер.)

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты Р.М. Жәйшиева  дайындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ _____________________________________________________________________________

 

 

Азаматтар бір өтініш жазу арқылы бірнеше мемлекеттік қызмет ала алатын болады - заң жобасы

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын. Еске салсақ, Елбасы 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын, оның ішінде лицензиялаудың барлық түрлерін электрондық нысанда көрсетілуін қамтамсыз етуді тапсырған еді. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызды қызмет жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамсыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметтер болып табылады.

Заң жобасының бастамашыларының айтуынша, құжатпен әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін қысқарту қарастырылады. Халықтан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен саны да қысқарады. Бұл ретте құжаттардың 102 түрі қысқартуға түседі. Сонымен қатар, біртекті мемлекеттік қызметтер топтық қызметтерге біріктіріледі. Соның арқасында азаматтар бір өтініш жазу арқылы бірнеше мемлекеттік қызмет ала алатын болады. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәртібі нақтыланады.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

 

 

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтің 60 пайызы электрондық нұсқаға көшеді

 

/«ҚазАқпарат.» 29.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында жүктелген міндеттерді атқаруға бағытталған. Бұл ретте Елбасы 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызды  мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын электрондық нұсқаға көшіру туралы берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.  Елбасының тапсырмасын іске асыру барысында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтерді ұсынуда  халықтан талап етілетін құжаттар саны мен қызмет көрсету уақыты қысқартылады.

Сенат қарауына ұсынылған заң жобасы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға көшіру үдерісін нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге, қызмет көрсету мерзімін қысқарту, қызметтерді алу үшін талап етілетін құжаттардың тізімі мен санын азайту мүмкіндіктерін және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық әрекеттесуін бекіту мүмкіндігін қарастырады.

Мысалы, жеке кәсіпкерлікті тіркеу қызметін электрондық нұсқаға көшіргеннен кейін, азаматтар электрондық портал арқылы бір үлгіні толтырып, бір күннің ішінде өз кәсібін тіркей алады.  Бұрын бұл қызметті алу үшін 5 түрлі құжат жинап, оның нәтижесін 3 күн күту қажет еді.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қызметін жаңа нұсқаға көшірген соң, азаматтар бұл қызметті ХҚКО-на бармай-ақ, жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарт жасасқан бойда, нотариустың кабинетінде отырып беруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары төлқұжат пен жеке куәлікті алу, азаматтардың кейбір санатына әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініштерді беру және өзге де қызметтер автоматтандырылатын болады.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылады.

 

 

Мәжіліс терроризмге қарсы іс-қимылды қамтитын құжатты екінші оқылымда мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілерінің терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері нақтыланады.

Терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолданудың тәртібі, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режімін енгізу туралы халықты хабарландырудың тәртібі айқындалады.

 

 

 

Мәжіліс Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң жобасын мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Еске салсақ, аталған заң жобасы,  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізуді қарастырады. Жаңа жүйенің мақсаты - кәсіптік-техникалық, жоғары білім алуға мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігін енгізу. Мамандардың айтуынша, мұндай жинақтау жүйесі Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ секілді мемлекеттерде қолданылып келеді. Ал жүйенің негізгі ерекшеліктеріне келсек, онда баланы оқыту үшін ата-анасының қаржы жинауына мемлекет жеңілдіктер мен субсидиялар беру арқылы қолдау көрсетеді. Яғни, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі халыққа балаларын оқыту үшін қаржы жинауына жеңілдік жасап, оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.

Заң жобасында бұл жүйенің жұмыс істеу қағидаты да қарастырылған. Мәселен, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы салымшы бола алады. Ол қатысушы банкте білім беру жинақтау шотын ашады.

Жинақталған қаржы үш бөліктен тұрады. Бірінші - бұл салымшы салған ақша. Екінші - банктің ай сайын ақшаны капиталға айналдыра отырып, сыйақы беруі. Бұлар кәдімгі банктегі депозиттер сияқты жүзеге асады. Үшінші бөлігі - мемлекеттік сыйақы. Сыйақы мөлшері, жинақталған ақшаның көлеміне қарай жылына 5 пайызды құрайды. Ал, кейбір басымдық берілген адамдар топтары үшін (жетім балалар, мүгедектер, көп балалы және табысы аз отбасылар) - 7 пайыздық деңгейде белгіленген.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

 

 

Парламент ұйымдар қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына тосқауыл қоятын құжатты қабылдады

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қарады.

Нәтижесінде Мәжіліс сенаторлар енгізген өзгерістермен келісіп, құжатты қабылдады.

Құжат Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген. Аталған тұжырымдамада тіркеу, рұқсат беру-лицензиялау рәсімдерін оңайлату, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына тосқауылдар қою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мәселесі қарастырады. Осыған орай, заң жобасымен заңды тұлғаны құру рәсімін оңайлату жөнінде бірқатар шаралар көзделіп отыр. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің рұқсат беру тәртібін хабарлама тәртібіне көшіру қарастырылады. Интернет желісі арқылы тіркеу енгізіліп, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиал мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәліктің қағаздағы қалпы электрондық анықтамаға ауыстырылады. Бұдан бөлек, тіркеу барысында шаруашылық серіктестігінің жарғысын ұсынуды алып тастау көзделеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат редакциялық нақтылау сипатында түзетулер ұсынған болатын.

 

 

Жастарды шекаралық қызметке ерекше талаппен таңдағанымыз абзал - Қ. Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Жастарды шекаралық қызметке ерекше талаппен таңдағанымыз абзал. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Қуаныш Сұлтанов мәлім етті.

«Бабаларымыз көзінің қарашығындай қорғап, қасық қанындай қасиеттеп өткен асыл мұрасы, ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға қалған мұрасы - қазақ жері. Ежелден қазақ жерінің белгілі шекарасы болғанымен, бүгінгі заманымызға дейін ресми түрде көршілес, шекаралас мемлекеттердің мойындап, арнайы келісіммен хатталып халықарлық ұйымдармен танылып, заңмен бектілген шекараға ие болу бақыты тек тәуелсіздік тұсында біздің дәуіріміздің, біздің ұрпақтың иесіне тиген зор бақыт», - деп атап өтті Қуаныш Сұлтанов. Оның айтуынша, Мемлекеттік шекараны көршілестерімізбен келісіп заңдастыруды Н. Назарбаев 1991 жылы 16 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңды қабылдап жатқан тұста тұңғыш рет жариялап еді. Содан бері бұл салаға мемлекеттік институттардың барлығы жұмылдырылды. 20 жылдың ішінде осындай бағыттағы жұмыстар сапалы атқарылып, БҰҰ тарапынан елдігіміз мойындалды. Бұған Тұңғыш Президенттің еңбегі мен қайраткерлігі орасан зор септік болды.

Сонымен қатар, депутат Қ. Сұлтанов шекара мәселесінің бүгінгі өзекті тұсына тоқтала келе, бұрын болжанбаған жаңа қатерлер елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көптеген шараларды қатайтуды талап ететіндігіне айрықша назар аударды. «Шекаралық өңірлер мен аймақтарға Үкімет айрықша мән беріп, оған қаржылық көмекті басымдықпен қарастырғаны жөн болар еді. Шекара қызметінің мәртебесін көтеру мақсатында саланың әлеуметтік-техникалық жабдықталуын замана талабына сай түбегейлі өзгерту қажет. Өйткені, шекарадағы байланыс құралдарынан бастап, техникалық жабдықтау шаралары мүлдем бүгінгі талапқа сай келмейді», - дейді депутат.

Сонымен қатар, шекаралық қызмет мәртебесін көтеру шараларына тоқталған Қуаныш Сұлтанұлы, жастарды шекаралық әскери қызметке ерекше талаппен таңдау қажеттігін алға тартты. «Бұған отаншылдығы, өзінің ықыласы бар жастарды таңдауды жолға қою қажет. Бұл әлемдегі шекара қызметтердің тәжірибесінде бар дүние. Жалпы шекаралық қызмет дегеннің өзі отаншылдық тәрбиесі болуы шарт. Шекарашылардың өздері өз қызметтерін құрметтеп, жауапкершіл болулары керек. Біз олармен кездескенде кейбіреулер тіпті сүлей-сапа, бар-жоқтың ортасында жүргенін де аңғардық. Ал шекаралық қызмет ерекше харизманы, ерекше көзқарасты қажет ететін қызмет болуы шарт», - деді Қ. Сұлтанов.

 

 

Жаңа заң жобасы шекарада орын алған шетін оқиғалардың қайталануына жол бермейді - ҰҚК Шекара қызметі

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - «Мемлекеттік шекара туралы» жаңа заң жобасы  «Терісайырық» пен «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған келеңсіз оқиғалардың қайталануына жол бермейді.

 Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті.

Т. Стамбековтың айтуынша, заң жобасында «Терісайырық» пен «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған оқиғалардың қайталануына жол бермейтіндей нормалар қарастырылған. Бұл ретте ҰҚК өкілі шекарада орын алған оқиғалар сарапталғанын алға тартады. «Осы бағытта заң жобасының 56-шы бабында азаматтарды әскер қатарына шақыруды жүргізу кезеңіне шақыру комиссиясының құрамына ұлттық қауіпсіздік комитетінің территориялық орган басшылары орынбасарларының арасынан комитет өкілі кіретін болады. Сонымен қатар, әкімшіліктердің әскери басқармаларға берген жиынтық мәліметтері негізінде мониторинг жасалып, шекара қызметіне алынатын үміткерлер іріктеледі. Шекара қызметіне лайықтыларды психофизиологиялық тексеруден өткізу нормалары қамтылды. Сол арқылы біз шекара қызметінің талаптарына сай келмейтін сарбаздардың осы қызметке өтіп кетуіне тосқауыл қоямыз», - деді Т. Стамбеков.

 

 

20 жыл бұрын қабылданған мемлекеттік шекара туралы заң қазіргі күннің талабына сай келмейді

 

/«Хабар» агенттігі. 21.11.2012./ - Оның кейбір ережелерінде нақты бағыттар жоқ. Бүгін Парламент депутаттары тиісті құжатты талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері 1993 жылы бекітілген заңмен реттеледі. Осы уақыт аралығында сыртқы саяси әрі экономикалық жағдай өзгеріп, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің жаңа түрлері пайда болды дейді депутаттар. Сонымен қатар, Еуропа мен Қытай, Ресей және Орталық Азия бағыттарына Қазақстан арқылы өтетін тасымалдардың көбеюі де заңға өзгеріс енгізу керектігін көрсетіп отыр. Заң жобасы бекітілген жағдайда, мемлекеттік органдардың құзыреті айқындалып, аражігі ажыратылады. Мемлекеттік шекараны күзету тәртібі нақтыланып, қару-жарақ пен әскери техниканы, арнаулы құралдарды қолданудың шарттары белгіленеді. Айта кету керек, биыл жаз бойы депутаттар 20-дан астам заставада болып, техникалық жабдықталумен және шекарашылардың тұрмыстық жағдайымен танысып қайтты.

Тұрарбек Асанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сапар қорытындысы бойынша депутаттары барып қайтқан мемлекеттік шекара учаскелеріне ортақ бірқатар проблемалар анықталды. Туындаған барлық сұрақтар мен мәселелер заң жобасы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында талқыланатын болады.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекеттік мүдделеріміздің барлық қажетті институттарын жұмылдырып, біздің көршілес мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, барлығы ресми түрде шекарамызды мойындап, қол қойылуы сол осы 20 жылға тақау уақытта... соның барлығы БҰҰ –да мойындалуына да біздің Тұңғыш президенттің ерекше мемлекеттік қайраткерлігін және еңбегін айтуымыз парыз, және ол шындық!

 

Шекарашылар «жалғандық детекторынан» өтеді


       /«Айқын.» 22.11.2012. Айхан Шәріп./ - Қоғамымызды дүр сілкіндірген, жаңғырығы тіпті дүниежүзіне тараған Қазақстан шекарасындағы қанды қырғыннан кейін Шекара қызметіне әскерге шақырылушыларды «жалғандық детекторында» тексеру туралы шешім қабылданыпты. Бұл туралы кеше Мәжілісте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Т.Стамбеков мәлімдеді. Бұл ретте ел Парламентіне «Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы туралы» заңының жобасы енгізілген болатын. Мәжіліс депутаттары кешегі жалпы отырыстарында оны біраз талқылаған соң, бірінші оқылымда мақұлдады.

- Заң жобасымен биылғы жылы шекарада, «Терісайрық» зас­тавасында және «Арқанкерген» шекаралық бекетінде болғандай төтенше оқиғалардың қайтала­нуына жол берудің алдын алатын нормалар қарастырылған, - деді ҰҚК Шекара қызметі дирек­торы­ның міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков. - Шекара қызметі ол оқиғалар бойынша қоры­тындылар жасады, бұл сабақ болды.

Атап айтқанда, заң жобасының 66-бабында ҰҚК Шекара қызметін толықтыру үшін әскери қызметке алынатын Қазақстан азаматтарына қатысты кейбір жағдайларда поли­графиялық зерттеу жүргізілетіндігі айтылады. «Осылайша біз әскер­лерімізде қызмет ету талаптарына жауап бермейтін адамдардың шекара қызметіне еніп кетуіне жол бермейміз» дейді Т.Стамбеков.

- Жақында ғана Елбасымыз Қауіпсіздік кеңесінде Каспий ма­ңындағы облыстардың қауіпсіз­ді­гіне баса көңіл бөлу керектігін айт­ты, - деді депутат Гүлнәр Сейіт­ма­ғанбетова. - Біз, бір топ депу­тат­тар, өткен айда шекарашылардың жағдайын барып, көрдік. Сонда біздің Каспий теңізін қорғап тұрған Түпқараған ауданы, Баутино по­селкесінде орналасқан шекара­шылардың әлеуметтік ахуалымен, тұрмысымен таныстық.

Сонда көргені депутаттардың төбе шашын тік тұрғызыпты: «68 контрактілі шекарашының төртеуі­нің ғана үйі бар! Қалғанының бәрі кемеде ұйықтап жүр! Жататын жерлері жоқ. Өткен ғасырдың 60-жылдары салынған барак типті үйлерде бүгінгі заманға сай ешқан­дай жағдай жоқ, бала өсіріп, отба­сымен бірге тұратындай. Содан кейін ол шекарашыларымызда мо­ралдық күйі қандай болсын? Қай­дан рухы көтерілсін? Біз бірінші рет осындай заң қабылдап жатыр­мыз, соның аясында басым бағыт ретінде шекарашыларды әлеуметтік қорғау баптары қаралған ба?» деді депутат.

- Шынында, бүгінгі таңда Шекара­лық қызметтің жағдайы, әсіресе, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдырмай, шешуді талап етеді, - деп мойындады «бас шекара­шы» Т.Стамбеков. - Бұл әскерлердің проблемаларының бірі - баспанамен қамтамасыз етіл­мегендігі. Қазіргі кезде 7,5 мыңнан астам шекарашы қызметтік пәтерге зәру. Тек Каспийде ғана емес, мемлекеттік шекараның бас­қа учаскелерінде де, атап айтқанда, Қазақстан - Қытай шекарасындағы заставалар әлі күнге өткен ға­сыр­дың ғимараттарында орналасуда, - дей келе, ол осы мәселелердің «2020 жылға дейінгі Шекаралық қызметті дамытудың салалық бағдарламасы» аясында шешімін табуынан үміт білдірді.

Әйткенмен бұл мәселені ше­шуге тиісті болған бұрынғы бағ­дарламалар жүзеге аспаған көрінеді. «Бұрынғы бағдарламалардың орын­далмауынан Шекара қызметі тиісті қорытындылар шығарды, - деді Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы. - Қазір біз қатаң бақылауға алдық. Бүгінгі таңда біз 11 шекаралық зас­таваны тапсырдық. 14-і іске қосуға дайындалуда. Биылғы жылғы желтоқсанға дейін біз барлық 25 нысанды қолданысқа береміз. Қал­ған нысандар бойынша жұмысты өрістетуді жалғастырамыз және келесі жылы тапсыра бастаймыз. Қазір 10 жаңа заставаны салуға кіріс­тік, оның төртеуі - Алматы об­лы­сында, қалғаны - оңтүстік өңір­лерде. Құрылыстары биыл аяқ­талады».

Т.Стамбековтың де­регінше, биылғы жылдың соңына дейін шекарашылар үшін 2 үй (Павлодарда, Талдықорғанда) қолданысқа берілмек. «Каспийде біз қазір, бөлінген қаржыға қарай, 20 пәтер сатып алдық. Сіз айтқан проблеманы біз білеміз. Кезең-кезеңімен шешудеміз. Барлығы салалық бағдарламада қарас­тырылған» деді Қызмет басшысы.
Ал депутат Алдан Смайылдың айтқаны үрей туғызды. «Осы заңда шекара сызығын қандай әскермен, қандай қарумен қорғаймыз, шекарашыларға қандай жағдай жа­сай­мыз деген мәселелермен бірге, сол шекараның бойында қандай нысан болуы керек, қандайы бол­мауы керек деген мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет,-деді қалаулы, - ол мына жобада жоқ! Мұны айтып отырғаным, осыдан үш-төрт жыл бұрын Талдықорған облысындағы Текелі қаласында Агахан басқаратын исмаилиттердің университет салуына келісім беріп қойдық» А.Смайылдың айтуынша, «ол исмаилиттердің негізгі діни ағымы бізге мүлдем жат»: «Олар Пай­ғамбарды, Мекке мен Мәди­наны мойындамайды, Ауғанстан­дағы «Әли» зиратына барып, соған тағзым етеді. Қысқасы, олардың беретін тәрбиесі бізге мүлдем жат. Біз вахаббистерден құтыла алмай жүргенде, исмаилиттерге барып ұрынуымыз мүмкін. Ал енді олар­дың Жарғы-шартын алып қарасақ, қару-жарақ ұстауға рұқсат беріп қойғанбыз. Керек десеңіздер, шекара арқылы радиоактивті зат әкелуі үшін рұқсаты бар!»

Бір топ депутаттар, өткен шақырымда Текеліге барып, әдейі көрген. «Соның Жарғыларына өзгеріс енгізу керек деп шешкен едік, ол жүзеге асты ма, аспады ма, мен білмеймін - оны қадағалауға біздің құқымыз жоқ» дей келе, Ал­дан Смайыл осы заңға «Қазақ­стан­ның бүкіл шекарасы бойында басқа елдердің ағымдарының оқу орны бола ма, кәсіпорны бола ма, ашуға болмайды» деген бір бап қосуды ұсынды.

- Бұл заң жобасында ондай міндет тікелей тұрған жоқ, - деді Т.Стамбеков, - бұл мәселені біз құ­зырлы органдардан түскен ақпараттар негізінде күнделікті қызметімізде шешудеміз.

Агахан университетіне депутат Үсенгелді Медеуов араша түсті: «2001 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Агаханмен келі­сімге қол қойған болатын. Оған сәйкес, осы үш мемлекетте уни­верситеттер ашылуға тиісті. Ол университетті олар таулы өңір­лердің тұрғындары үшін тұрғыз­ғысы келеді. Сондықтан да Текелі қаласы таңдалған еді. Рас, бұл қала Қытаймен шекарада, одан 350 шақырым жерде орналасқан. Біз, бір топ депутат сол жерге сапарлап барғанбыз. Жұмыс жүруде» дей келе, депутат Ү.Медеуов бұл уни­вер­ситеттің құны шамамен 160 мил­лион доллар тұратындығын ха­бар­лады. «Оның барлығы мил­лиар­дер Агаханның есебінен салы­нады. «Онда вахаббистер да­йын­­далады екен» дегенге ай­тарым, бұл университеттің оларға еш қатысы жоқ. Бұл - заманауи мемлекеттік ЖОО, оның үстіне Шекара қызметінің оған еш қатысы жоқ, біз университеттің құры­лы­сына тыйым сала алмаймыз» деді депутат Ү.Медеуов.
- Сіздерге сеніп тапсырыл­ғаннан кейін, шекараның бойында не болуы, ненің болмауы керектігі - сіздер шешетін міндет! Ұсыныс жасаңыз, осы заңның жо­басын дайындаушыларға! Шекара­ның бойында шетелдің мекемесі болуы керек пе өзі?! - деген депутат Алдан Смайыл Шекара қызметіне басқа елдердің шекарасындағы жағдайды зерттеуді ұсынды.

 

 

Мәжіліс салық салу мәселесіне арналған құжатты мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қара және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға «ескерту» секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

 

 

Сенат салық салу мәселелеріне арналған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат.» 29.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қара және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға «ескерту» секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.

 

_____________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР _____________________________________________________________________________

 

 

Өскелең ұрпаққа қамқорлық керек

 

/«Айқын.» 20.11.2012./ - «Сізге Оңтүстік Қазақстан облысында балабақшаларының, мектептердің, сон­дай-ақ балалар шығармашылық мекеме­лерінің тапшылығына байланысты туын­даған күрделі жағдайға байланысты өтініш жасап отырмыз.

 Облыс республика халқы­ның шамамен бесінші бөлігі тығыз топ­тасқан өлке болып саналады. Мұнда бала туу көрсеткіші де өте жоғары. Оралманның көпшілігі осы оңтүстік аймаққа орналасқан. Қазақ диаспорасының көрші елдерден қо­ныс аударуы жөнінен де алдыңғы орында. Бұл процестердің үдей түсу үрдісі байқа­лады. Әр отбасында 4-5 баланың болуы оңтүстік үшін нормаға айналған. Еліміздің қалған аймақтарымен салыстырғанда Оң­түстік Қазақстан облысында жас от­басы­ларының үлесі жоғары. Осы аталған факті­лер балабақшалар және мектептермен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар ауда­руды талап етеді» депутат Уәлихан Бишимбаев Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.

«Балапан» бағдарламасы өз жемісін беріп, 104764 бүлдіршін балабақшаға ба­рып жүр. Бірақ бұл балабақшаға баруға тиісті балалардың жартысына ғана тең екен (56,1%). 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 174 273-ті құрайды. Олардың ішінде 53 502 бала бірінші кезектегілердің тізі­мінде.Бағдарламада көзделгендей, бала­лардың 70 пайызын балабақшалар­мен қамту үшін облыста жыл сайын ке­мін­де 10 мек­тепке дейінгі мекемелер салынуы керек. Бүгінгі күнге жергілікті органдар 8 балабақшасының құрылысына (оның 7-еуі ауылдық жерлерде) 3,9 миллиард тең­ге­нің жобалау-сметалық құжаттарын әзір­леді. Бұл құжаттар мемлекеттік сарапта­ма­дан өткізіліп, Білім және ғылым министр­лі­гіне берілген.

«Аймақтарда заманауи мектептердің жетіспеушілігі айқын аңғарылады. Мы­салы, 1019 жалпы білім беретін мектептің 582-і мектепке бейімделген ғимарат, оның 228-і сабан кірпіштен тұрғызылған. Сабақ­тар оқушыларға лық толы сыныптарда өт­кізіледі, 464 544 баланың орнына 534 195 оқушы оқиды. Мектептердің тапшылығына қарамай оқушылар саны жедел қарқынмен артып келеді» дейді халық қалаулысы.

 

Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды

 

/«Интерфакс-Қазақстан.» 29.11.2012./ - Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстанда Диснейленд салуды ұсынды.

Премьер-министр Серік Ахметовке жолдаған депутаттық сауалында ол: «Қазір 2017 жылы ЕХРО көрмесінің Астанада өтетіні белгілі болды. Мемлекет басшысы туристерді қосқанда бес миллионға жуық шетелдік келетінін тағы бір рет атап өтті. Қазір ЕХРО өткеннен кейін не болмақ деген мәселе талқыланып жатыр. Мен (...) ата-аналар мен балаларға арнап Диснейленд сияқты халықаралық деңгейдегі қалашық салуды ұсынамын», - деп жазады.

«Меніңше, бұл талқылауға тұрарлық мәселе. АҚШ, Жапония мен Францияда Диснейленд бар. Еуропаның адамдары балаларымен бірге Парижге арнайы барады. Бізде Шығыс еуропада, ТМД елдерінде, Орталық Азия аймағында мұндай атымен жоқ. Біз осындай қалашық салсақ, ТМД елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халқын тарту мүмкіндігіне ие боламыз», - деді сенатор.

 

 

 ____________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ _____________________________________________________________________________

 

 

Ауқымды шаралар, маңызды мәселелер

 

/«Егемен Қазақстан.» 20.11.2012. Ләйла Еділқызы./ -Астанадағы «ҚазМедиа» орталығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев өзінің осы қызметтегі алғашқы брифингін өткізді. Брифингке республикалық, аймақтық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында ресми өкіл Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Мемлекет басшысының Жарлығымен мем­лекеттік органдар мен бұқа­ралық ақпарат құралдары арасында өз­ара тиімді байланыс орнату және билік қызметінің аш­ық­тығын арттыру мақсатында құ­рылғанына, Орталық коммуникациялар қыз­меті мемлекеттік органдар қызме­тінің өзекті мәселе­лері бойынша брифингтер өткізе отырып, конс­труктивті қарым-қатынас орнатуды қалайтынына тоқталды.

Бұдан кейін ресми өкіл бірқа­тар маңызды деген іс-шаралар жайын баяндап берді.
Оның ішінде «Жастардың кадр­­лық резерві-2012» республи­калық жобасының білім беру бағдарла­ма­­сының жүзеге асырылу барысы, 2012 жылғы 24 қа­ра­шада дәл осы жобаның жүзеге асырылуы нәти­жесінде жоғары деңгейді көрсет­­кен қатысушылар куәлік алып, кадр­лық резервке алынатыны айтылды.

А.Әбибуллаев брифинг аясында Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың шақы­руы­мен 19-22 қараша аралы­ғын­да Шри-Ланка Президенті Махинда Рад­жа­­паксаның Астанаға мемлекет­тік сапары ұйымдасты­ры­латы­нын, сапар барысында екі ел басшы­ла­ры­ның саяси және сауда-экономи­ка­лық ынтымақ­тас­тық жөніндегі ке­ліссөздері мен халықаралық саясат, энер­ге­тикалық және аймақ­тық қауіпсіз­дік мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасуы көзделіп отырға­нын жеткізді.

Ресми өкіл 21-23 қарашада Қазақстан Прези­ден­ті Францияға жұмыс сапарымен баратыны, сапар барысында екі­жақты келіс­сөздер жүргізі­ле­тіні, Франция­ның алдыңғы қатар­лы іскер топ­та­ры­ның өкілдерімен кездесу ұйым­дас­тырылатыны туралы айтты.
Бұл күнгі брифингте 21-23 қа­раша аралығында Санкт-Петер­бург­те ТМД, Еуразиялық эконо­ми­калық қоғамдастық және Ұж­ым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Тұрақты комиссиясының отырысы өтетіні, онда еліміз делегациясын Сенат Төрағасы Қайрат Мәми бастап баратыны, қараша­ның 16-сынан бастап Парламент Сенатының депутаттары, ал 22 қарашадан бастап Парламент Мә­жілісінің депутаттары еліміздің аймақтарын аралайтыны, 21-22 қа­­раша күндері Қазақстан Прем­ь­ер-Министрінің Маңғыстау және Атырау облыстарына жұмыс сапарымен баратыны, 22 қараша күні Парижде Халықаралық көр­мелер бюросы Бас ассамблея­сы­ның 152-ші сессиясы өтетіні, онда 161 мем­лекет жасырын дауыс беру арқы­лы Expo-2017 өткізі­ле­тін қаланы анық­тайтыны, сон­дай-ақ, 21 қара­шада Астанадағы Тәуе­л­сіздік сарайында Әйелдер­дің III еуразия­лық саммиті өте­тіні, 21 қа­рашада «Қарағанды Ин­вест-­2012» III ха­лықаралық ин­вестициялық форумы ашылатыны да назардан тыс қалмады.

Бұл күнгі брифингте «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне мемле­кет­тік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агент­­тігінің төрағасы Әлихан Бай­ме­нов­тің өзі баяндап берді. «Заң жобасы «Қазақстан – 2030» страте­гия­лық бағдарлама­сын­да­­ғы мем­лекеттік қызмет «ұлтқа қыз­мет ету» ұғымының синонимі болуы тиіс деген қағиданы іске асыруды көздейді», деді бұл ор­айда Агент­тік басшысы. Оның айтуынша, заң жобасының негізгі басым­дықтары мыналар көрі­неді: олар конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігі, кадрларды іріктеу мен жоғарылату кезін­де меритократия қағидатын кү­шейту және командалық ауысуды шектеу, мем­­лекеттік қызметші­лер­ді қорғау, «А» басқарушы корпусын құру мен тәртіптік және этикалық ба­қылауды күшейтуді жетілдіру деген қағидаттарға не­гіз­делген.

Ал брифингке қатысып, сөз алған еліміздің Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова қарашаның 19-ы күні Назарбаев Универ­си­те­тінде ең алғаш рет Назарбаев оқу­лары ұйымдастырылатынын жеткізді. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбында өтетін халықаралық іс-шара барысында «Халық­ара­лық деңгейдегі оқу­лар: Қазақ­стан­ның сыртқы сая­сат­тағы бастамалары, «Жаңа экономикалық үлгі, инновациялық даму», «Жаңа за­манғы мемлекет құру» сынды та­қырыптар, сонымен қатар, жас­тар саясаты мәселесі талқы­лан­бақ. «Бұл шараға қатысуға 1500-ге тарта адам қызығушылық танытып отыр. Назарбаев оқуларына АҚШ, Бельгия, Германия, Австрия сынды елдерден жетекші ғалым-про­фессорлар қатысатын болады», деді өз сөзінде Ә. Қайратқызы.

 

Үнемдеуші шамдардан да үркетін болдық

 

         /«Заң газеті.» 20.11.2012. Құралай Қуатова./ - Атырау облысында «энергоүнемдеуші» деп дәріптеп жатқан электр шамдарының маңайында түрлі жағдайлар орын алуда. Энергетикалық қуат көзін сақтау және әлемдік тәжірибені енгізу мақсатында еліміздің «Энерго­үнемдеу және энерготиімділігін арттыру» заңының жобасына сәйкес, 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап қуаттылығы 100 ватт және одан жоғары, 2013 жылдан бастап 75 ватт және одан жоғары, келесі жылдан бастап 25 ватт және одан жоғары «Ильич» шамдарын өндіру мен сатуға тыйым салу қарастырылған болатын. Іс жүзінде жобаны жүзеге асыру үшін оған қатысты кейбір тұстарды ескеру керек болып шықты. Атап айтсақ, қуат күшін үнемдейтін жаңа шамдар қымбат әрі самаладай жарқыраған жарығы да жоқ. Олардың қалтаға салмақ түсіретіні жайлы Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның да мінберден айтқаны есімізде. Бәрінен бұрын, құрамында сынаптың көп мөлшері бар шамдарды қабылдайтын арнайы орындар да тапшы. Экологтардың айтуынша, бұл шамдардың сынып қалуына мүмкіндігінше жол бермеген дұрыс. Ондайда төгілген сы­нап ауаға тез тарап, адам денсаулығына қатер тудырады.

Істен шыққан үнемдеуші шамдарды жою мәселесі мұнайлы өңірде де шешімін таппай тұр. Анықтама көздерінің дерегіне сүйенсек, стандарттық энергоүнемдеуші лампаның құрамында 3-5 миллиграмм сынап болады екен. Күйіп кеткен жағдайда оны кәдімгі қоқыс салғышқа салуға да, ашық жерге лақ­тырып тастауға да болмайды. Себебі, улы элемент ауаға, қала берді, топырақ арқылы суға өтіп кетуі мүмкін.
Атырауда утилизация жұмыстарымен «Westdala» ЖШС айналысады. Қаладан 8 шақырым жерде орналасқан мекеме қыз­меткерлерінің шақыртумен келіп, зиянды қалдықтарды жинап алуы 8 мың теңгеге бағаланады. Жеке тұлғалар үшін ешқандай ақы белгіленбеген, ал, ұйымдар қалдығын өткізіп тұруы үшін сертификат алып, келісімшартқа тұрады. «Westdala» «жанып» кеткен үнемдегіш шамдарды жою үшін химико-механикалық әдісті қолданады. Жұмыс жасарда нұсқаулық басшылыққа алынады. Қорғаныш құралдарын: каска, көзілдірік, тағы басқаларды пайдалану – міндетті.

Тағы білгеніміз, УРЛ-2м құрылымында лампаны қыздырып, бөліп, улы буларды шы­ғарып, консервілегеннен кейін алынған сынап арнайы ыдыстарда сақталады. Одан әрі сынап Ресейге жол тартып, қайтадан өндіріс қажетіне жұмсалатын көрінеді.

Жаңа шамдардың артықшылықтары жай­лы көп айтылып, сатып алушылар саны көбейгенімен, залалсыздандыру мәселесінің шешілмеуі себепті өңір экологтары оны пайдалануға уақытша тыйым салуға ұсы­ныс­тар жасауда. Жақында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаевтың қатысуымен энергетикалық қуаттарды үнемдеуге байланысты өткен жиында осы жайт қозғалып, қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Үнемдеуші шамдарды қол­да­ныс­қа ене бастаған кезде жарыса сатып алған тұрғындардың оларды бүгінге дейін кез келген жерге лақтырып тастағаны күмән тудырмайды. Өкінішке қарай, олардың қауіпті заттарды қашан, қайда тастағанын ендігі жерде анықтау мүмкін де емес.

 

«Жасыл экономикаға көшу» келешегі талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 20.11.2012./ -  «Нұр Отан» партиясы «Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы» шеңберінде «Жасыл экономикаға көшу» стратегиясын жасақтауды ұсынады.

Қазақстан «Жасыл экономикаға көшу» стратегиясын қазіргі экономикалық қуатын сақтай отырып жүзеге асыруға мүдделі. Бұл үшін елімізде баламалы қуат көздерін пайдалану, энергия үнемдеу және өндірістің қоршаған ортаға келтірер залалын азайту көзделген. Елбасы тапсырмасына сәйкес қазір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кешенді жоспарлар әзірлеп, тың жобаларды қолға алуға кірісті. Соның негізінде 2015-2020 жылдар аралығында жалпы ішкі өнім өндіруде энергия шығынын 25 пайыздан 10 пайызға азайту жоспарда. Сараптама көрсеткендей елімізде жаңартылған баламалы энергия көздерінен қуат алу мүмкіндігі зор. Сағатына 1 триллион киловатт қуат алуға болады. Мәселен, жел энергетикасының өзінен бір жылда 920 миллиард киловат сағат қуат өндіретіндей қауқарымыз бар. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша экономиканы индустрияландыру мен жаңғырту көптеген ресурстарды топтастырып жұмылдыруды қажет етеді. Оған қоса «жасыл экномикаға көшу» экономикалық қарқынды бәсеңдетпей одан әрі жалғастырудың бірден-бір жолы болмақ.

Бақытжан Сағынтаев, «НұрОтан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары:
-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің 2-ші сессиясында елімізде таза экологиялық технологияға негізделген «жасыл экономикаға» көшу үшін құқықтық шарттар жасауды тапсырған. Бұл міндеттің ел келешегі үшін стратегиялық мәні зор.

Мейрам Пішембаев, Мәжіліс депутаты, «НұрОтан» ХДП фракциясының мүшесі:
-Энергетика өндіру, қоқыстарды жою туралы заңдар Парламентте қабылданды. Ұсыныстарымыз Үкіметке осы салаға көңіл аударып, болашақта салынатын біздің өндірістеріміз, зауыттарымыз бәрі «Жасыл экономикаға» сәйкес келетіндей болуы керек.

 

Азаматтық қоғамның үлесі айтарлықтай

 

/«Егемен Қазақстан». 20.11.2012. Фарида Бықай./ - Облыс орталығында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың Х форумы болып өтті. Жиынға облыс әкімі Ерлан Арын, Мәжіліс депутаты, Қазақстан азаматтық альянсының президенті Айгүл Соловьева қатысты.

Жиналғандар еліміздің әлеуметтік бағыттағы жаңғыр­тылуына үкіметтік емес ұйымдардың атқарар қызметі, қосар үлесі қандай деген тақырыпты ортаға салды. Сондықтан, жалпы еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жаңаша бағыттау қолға алынбақшы. Енді азаматтық қоғам да барлық күш-қуатын мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, еліміздің әлеуметтік бағыттағы жаңғыртылу саясатын қолдауға қатысады.

Елімізде азаматтық қоғам қалыптасты. Бұл – Елбасы сая­саты. Бұрын бұл ұйымдар «мемлекет тарапынан қолдау өз деңгейінде емес, қаржы аз» дейтін. Бұл күндері көптеген үкіметтік емес ұйымдар табысты қызмет жасауда. Олар белсенді. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда азаматтық қоғамның да күш-жігер танытулары қажет екені айтылды Сондықтан облыстық басқармаларға ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бойынша жұмысты белсенді жүргізу, мемлекеттік тапсы­рыстардың орындалуы үшін қоғамдық ұйымдарды тарту, азаматтардың өзін өзі ұйымдастыруы бойынша халық­аралық тәжірибені қолдану керек, деген міндеттер жүктелді.

 

 

Қазақстан студенттерінің І Ұлттық слеті өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 20.11.2012./ -  Бүгін Қазақстан студенттерінің І Ұлттық слеті өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 1000-нан астам студент келді.

Сонымен бірге жастар ұйымдарының көшбасшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Іс-шара Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде өтті. Слет барысында ел тарихында тұңғыш рет Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылып, өз жұмысын бастады. Осылайша, студенттердің өзекті проблемаларын кең ауқымда талқылап, көптеген түйткілдерді шешуге мүмкіндік тумақ дейді жастар. Оған қоса кеңес жұмысы жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталатын болады. Жалпы слет барысында 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты туралы Тұжырымдаманың жобасы, Ұлттық студенттік Кеңестің ережесі сияқты маңызды мәселелер ортаға салынды.

Мұрат Әбенов, ҚР Білім және Ғылым вице-министрі:

-Мұндай ұйымдар әсіресе жастардың студенттік ұйымдары бізге осы жастардың пікірін нақты білуге, идеяларымен танысуға, берген ұсыныстарын іске асыруға көп пайдасын тигізеді ғой деп ойлаймын. Мысалы қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес біз жаңа заң жасауымыз керек, келесі жылдың жартысына дейін. Бірақ ол заң сапалы болуы үшін біз студенттердің пікірін білуіміз керек.

 

 

Білім беру саласындағы оқулықтар мәселесі талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 20.11.2012./ -  Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мектеп оқулықтарын басып шығару мен білім беру мекемелерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиын барысында Білім және ғылым ғылым министрлігінің 2010-2012 жылдарға арналған оқулық басылымының сапасын жетілдіру мәселесі талқыланды. Вице-министр Мұрат Әбенов кітап басып шығару ісінің сапасы мен талаптары жайында баяндама жасап, жаңа ереженің жұмысымен таныстырды. Жаңа жүйе бойынша, енді жаңа шыққан кітаптар сараптамадан өткеннен кейін ғана таратылады. Оқулықтар да төрт жылда бір рет қайта сараптамадан өтіп, өзгертіліп отырмақ. Сонымен қатар, барлық кітаптар биылдан бастап тегін таратылады деді, вице-министр Мұрат Әбенов.

Мұрат Әбенов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Тағы да бір өзгеріс, бұрын тек кітапты шығарып қоятын едік, енді барлық оқулықтар маниторингтен, сараптамадан өтеді. Егер бұрын шығарылған кітап, сапасы төмен боп, оған наразылық көп туындатып, білім сапасын жақсартуға мүмкіншілік бермейтін болса, онда ол кітап тізімнен алынып тасталады шешіммен және ары қарай таратуға болмайтын болады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Жұмыс қарымы үлкен, айтпағым оқулық шығару барысында үлкен көлемде қаржы айналымға түседі. Және бұл жүйенің әр деңгейінде әрбір тиын біреудің немесе бірнеше қалтаға түсіп кетіп жатыр. Соңында осының бәрінен біздің балаларымыз зардап шегеді. Сондықтан ұүрметті әріптестер, егер мені қолдасаңыздар оқулықтарды бәсекелестер ортасында жасалуына тосқауыл қою керек. Оқулықтардың құрастырылуын мемлекет қадағалап, сараптама жасап, «Міне, мынау оқулықтар тізімін біз бекітеміз» десе, міне, сонда баспаханалар оқулықтарды шығаруға таласа берсін.

 


«Жасыл экономикаға» көшудің келешегі кемел

 

/«Егемен Қазақстан». 21.11.2012./ -  Бүгінгі таңда «жасыл тех­нологияны» қолдану жайы ең бір өзекті мәселеге айналып отыр. Еліміз «жасыл эконо­ми­каға» көшудің алдағы ұзақ мерзімді жоспары барысында Қа­зақ­­стан­ның экономикалық тұ­рақтылық қуатын барынша сақ­тай отырып, экономиканың өр­кендей түсуіне мүдделі. Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың баста­масымен қолға алынған «жасыл экономика» – халықаралық «Жа­сыл көпір» серіктестік бағ­дар­ламасын іске асыруға негіз боларлық құқық­тық, эконо­ми­ка­лық және ғылы­ми-негіздік шарттарды жақсар­татын, сондай-ақ табиғатты керегімізге қарай игеріп, оны тиімді тұтыну тә­жірибесін жетілдіруге ынталан­ды­ратын игі бастама.

Кеше «Нұр Отан» ХДП Ор­та­лық аппаратында өткен жи­ында «жасыл технологияның» артық­шылықтары және Ин­дус­триялық-инновациялық дамуды жеделдету мемлекеттік бағдар­ла­масы негізінде энергетикалық тиімділік мәселелері кеңінен сөз болды.

Басқосуға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Ба­қытжан Сағынтаев, Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Мәжілі­сіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Экономи­калық саясат кеңесінің төр­ағасы Мейрам Пішен­баев, Парламент депутаттары, минис­трліктер мен ве­дом­ство­лардың басшылары қатыс­ты.

Әңгіме барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар түптің түбінде абыройлы әрі табысты орындалатынына көбірек сенім білдірілді. Үстіміздегі жылдың шілде айында «Энергетикалық тиімділікті арттыру және энергияны үнемдеу туралы» Заң күшіне енді. Соған орай, Индус­трия­лық-инновациялық бағдарлама негі­зінде 2015 жыл мен 2020 жылдар ішінде ІЖӨ энергия шығынын тиі­сінше 25%-дан 10%-ға азайту мінде­тіне қол жеткізу мүмкіндіктері сөз болды. Оның үстіне, елімізде «жасыл технологияға» негізделген жарық сәуле шашатын ашық түсті диодты энергиялық қуат көздері мен энергияны үнемдейтін құрылыс материалдарын шығаратын өндірістеріміз бар.
Б.Сағынтаев осы мәселенің ма­ңызына тоқтала келіп, «Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің екінші сессиясын ашу кезінде сөз сөйлеп, Қазақстанда таза экологиялық технологияға және жаң­ғыртылған энергетикаға негізделген «жасыл экономикаға» көшуге қол жеткізу үшін құқықтық шарттар жа­сақтауды тапсырған. Елбасы қойған осынау міндетке сай, бүгінгі күні «жасыл экономика» тұжырым­дама­сын егжей-тегжейлі талқылап отыр­ғаны­мыз – еліміздегі келешегі мол бағыт­тың стратегиялық маңызы зор екенінің айғағы», деп атап өтті.
Отырыс барысында құзырлы өкіл­дер мен мамандар Индустриялық-инновациялық даму бағдарлама­сы­ның болашағы және осы жылғы маусым айында БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі РИО+20 конференциясы­ның энергетика тұрақтылығын сақтау туралы тұжырым­да­масы аясындағы мә­селелер, сондай-ақ Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жаһандық энер­гоэкологиялық страте­гия­сы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдар­ламасын талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Үкі­меті қолға алған еліміздегі эколо­гиялық таза технология мен энергетиканы жаңғыртуға негізделген «жасыл экономикаға» көшуге арналған құқықтық шарттар туралы шараларды да талқыға салды.

Жиынның қорытындысында Ин­дустриялық-инновациялық бағдарла­маны іске асыруды ескере отырып, еліміздің «жасыл экономикаға» көшу стратегиясын жасақтау жөнінде ұсыныстар қабылданды.

 

 

Соңғы күнге сеніп қалмаңыз...

 

/«Айқын». 21.11.2012. Бейсен Дәулетұлы./ -  Парламент депутаттары да акция сатып алуға көшті. 6 қарашада басталып, 5 желтоқсанда аяқталатын «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «Қазтрансойл» АҚ-ның акцияларын сату бел ортаға жеткенде халық қалаулылары да қарап қалмай, айтулы компанияның акционері атанды.

Сайлаушыларын сырттан бақылап қана қоймай, елімізде басталған жаңа істің басы-қасында бірге болуды қалаған Алдан Смайыл, Ізбақ Өмірзақов, Зухра Саяпова, Серік Оспанов, Шавхат Өтемісов кеше «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Астанадағы пошта бөлімшесінде болды.

Үміті мен күдігі астасып жатқан қызықты бастама қазақстандықтардың қаншалықты қызығушылығын оятты? Бұл турасында «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Аркен Арыстанов әңгімеледі. «Күніне орта есеппен әрбір бөлімшеге 50-60 адам келеді, өтініш беруші әрбір тұлғаға қызметкерлеріміз жарты сағат көлемінде қызмет көрсетеді. Қазір ел тұрғындарының белсенділігі жоғары. Белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тағы да көбейе түседі деген сенімдемін». Иә, бүгінге дейін акция сатып алуға өтініш берген 2500 адамның құжаттары рәсімделген. Сонымен бірге брокерлік компаниялардың шоттарында 20 мыңнан астам адамның өтінімдері жатыр.

- Брокерлік шоттарда қыруар өтінімдердің сақталып тұрғанына қарағанда, біздің болашақ инвесторлар соңғы күндерді күтіп отырған сияқты. Бұл дұрыс емес. «Қазпошта» бөлімшелері де, брокерлер саны да шектеулі. Сондықтан инвесторларды соңғы күндерді күтпестен, қазір рәсімдеуге шақырар едім», - дейді Ұлттық қордың жетекшісі Өмірзақ Шөкеев.

«Қазтрансойлдың» акцияларын екі апталық сату аралығында 3 миллиард теңгеден астам қаржы түскен. «Қазпошта» мекемесі «Халықтық IPO»-ға брокер және трансфер-агент ретінде қатысуда. Оның барлық бөлімшелеріндегі жауапты мамандар арнайы дайындықтан өтіп, материалдық-техникалық құралдармен толық жарақтандырылған. Бағдарламаға қатысушылармен сөйлескен топ өкілдері, жүргізілген жұмыстарға көңілдері толатындықтарын жеткізді.

 

 

Сенаторлар халықпен кездесті


         /«Айқын». 21.11.2012. Тұрсын Қалимова./ -  Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында болды.

Аудан жұртшылығымен жүздесуде Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баян етті. Мәлім болғандай, ауданда 9 айда 60 млрд 973 млн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндіріліп, аудан мұнайшылары 492,6 мың мұнай мен 12,6 млн текше метр газ алған.

Төрт түлік малымен халқының тұрмы­сы жақсарып келе жатқан ауданда шағын және орта бизнесте ілгері қадамдар жасалып, аудан тұрғындары кәсіп ашып, нәсібін көре бастаған. Ірі қара мал басы өсіріп отырған ауданда ауылшаруашылығы саласында ет пен сүт өнімдерін өндіру де еселеп өсіп келеді. Бұдан басқа, ауызсу, газ және өзге де әлеуметтік маңызы бар салалардағы жетістіктерді саралап жеткізген аудан әкімі М.Мұқанов ауданда шешімін күтіп тұрған мәселелерді де сенаторлар алдында баян етті.
Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов аудан жұртшылығымен жүздесуде соңғы он жылда ел экономикасы 16 есе өсіп, еліміздің әлеуметтік әлеуеті жақсарып келе жатқанын айтты.

Оның айтуынша, Елбасымыздың сындарлы саясаты бағытында жүзеге асып жатқан мембағдарлама мен заңдылықтар халықтың мүддесі үшін орындалуымен маңызды.
Атырау аймағынан сайланған Сенат депутаттары халықтың алдында берген уәделеріне сай, облыстың проблема­ла­рын оңтайлы шешуде қол жеткен жетістік­те­рін айтты. Айталық, келер жылы респуб­ликалық бюджеттен Қызылқоға ауда­нындағы бүгінде аяқталған Сағыз - Мия­лы тас жолынан жалғасатын Қарабау - Индер тас жолына 2,2 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Сайып келгенде, бұл аудан халқы үшін ғана емес, жалпы об­лыстың әр тұрғыны қуанарлық жағдай.

Сенат төрағасының орынбасары Қай­рат Ищановтың айтуынша, бұдан басқа, ауданға республикалық бюджет есебі­нен аудандағы топтық су құбыр­лары құ­рылысына, бірнеше әлеуметтік ны­санға күрделі жөндеу жүргізуге қомақты қара­­жат қаралған. Сенаторлар аудандағы 62 шақырымдық «КезАуыз - Қарабау» каналын көріп, ондағы жасалған жұ­мыстарды толық аяқтау үшін қосымша қаражат қарастыры­латынын айтты.
Ауданда өткен жүздесуде ҚР Парла­менті Сенатының экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшы­сы Сәрсенбай Еңсегенов Парламент қабырғасында Қызылқоға ауданына қатысты көтерілген мәселелерге тоқ­талып өтті. Алдымен Тайсой­ған по­лигоны аумағын елге қайтару жө­нін­дегі Ресей елімен арадағы келіссөздер ту­ра­сында айтқан Сенатор С.Еңсегенов
бұл өзекті проблема Үкіметтің наза­рын­да тұрған басты мәселе екенін айтты.

Сенаторлармен кездесуде аудан тұрғындары ондаған жылдар бойы
арман еткен газ келіп, ірі қара мал басын көбейтіп, мұнайын өндіріп, суы мен жарығы бар аудан тұрғындары үшін Тайсойған полигоны халық игілігіне берілсе, Қызылқоға ауданының бүгін­гі әлеуметтік жағдайы әлдеқалай дамуды бастан өткерерін айтып, осы мәселені шешуді аманаттады.

 

 

Мектепте су жоқ, «шу» көп


        /«Алаш айнасы». 21.11.2012. Сандуғаш Әлімжанова./ -  Осыдан екі жыл бұрын Елбасымыз «Қазақстан Респуб­ликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту тура­лы» Жарлыққа қол қойғанда, мынадай мәлімет­терді естіп таңырқаған едік. Аталған құжатта былай делінген:

«Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жаб­дықтары мен мүкәммалының ескіруі 80%-ды құрайды. Мектептердің 26,4% -ында спортзалы жоқ. Мем­ле­кет қар­­жыланды­ратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ, тағысын тағы». Алайда «жоқтың» орнын толтыру мақсатында бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға республикалық бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемі 461,1 млрд теңгені құрады. Бірақ біз буфеттер мен спортзалдарды түгендеп жүргенде, 2012-2013 оқу жылы бастала салысымен, Бі­лім және ғылым министрлігінің қызметкерлері одан да маңыздырақ мәселелердің бар екенін айтып бас көтерді.

Мамандардың сөзіне сенсек, Қазақстанда 2 мыңнан астам мектепте әлі күнге таза су жоқ. Сонымен қатар бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндердің 50%-ы мен табысы төмен отбасынан шыққан балалардың 9%-ы мектепте берілетін тегін ыстық тамақтан құр қалып отыр. Республика бойынша мек­теп­тердің барлығын асханалармен қамта­масыз ету жұмыстары да толық орындалмаған. Мектептердегі осы аталған проблемаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру басқармасының басшысы Бағымкүл Көптілеуова ханым басып айтты.

Оның мәлімдеуінше, табиғи су мен тегін тамақтан тоқырау көрген мектеп­тердің көшбасында Ақтөбе облысының білім ошақтары тұр. 300-ден аса мектепті табиғи сумен қамти алмай отырған Ақтөбеден өзге бұл тізімге Оңтүстік пен Батыс Қазақ­стан және Алматы облыстары да іліккен. «Республика бойынша 2066 мектептің табиғи суға қолы жетпей отыр», – дейді Б.Көп­тілеуова. Демек, таза суы жоқ мек­теп­тер оқушыларын ыстық тамақ­пен де тамақтандыра алмай отыр деген сөз. Ал үш ауысыммен оқитын мектептерде бұл жағ­дай қаншалықты қиын деңгейде екені айтпаса да белгілі. Қазіргі таңда Қазақстан­ның түкпір-түкпірінде әлі де үш ауысыммен оқитын мектептердің бар екені де жасы­рын емес. Бірақ бұл мәселе­нің барлығына жауапты Білім және ғылым министрлігінің мамандары қойылған сұ­рақтарға жауап беруден бас тартты. Әде­тінше «хат жазы­ңызбен» шектелген жауап­тың астарында не жатқанын депутат Май­ра Айсина ха­ным былайша түсіндірді:

– Шынымен-ақ еліміздегі мектеп­терде бар проблемалардың шешімін іздеген сайын көбейіп барады. Жылма-жыл қаншама мектеп тұрғызылып, пай­далануға беріліп жатыр. Бірақ үш ауы­сым мәселесі әлі 100 пайызға шешілген жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 49-дан ас­тамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Оның ішінде білім саласына қыруар ақ­ша бөлініп отыр. Білім және ғылым ми­нис­тр­лігі неліктен бұл сұрақтарға жауап бергісі келмейді? Себебі олар мем­ле­кеттен ақша сұраудан жалыққан. Жергі­лікті органдар мектептегі таза суға, ыс­тық тамаққа деп бөлінген ақшаның бар­лығын дұрыс пайдаланбай, «ақша жоқ» деп екі қолды қусырғанды жөн көре­ді. Тағы да сол «Ақбұлақ» бағдарла­ма­сына үміт артып отырған жайымыз бар. Биыл да қыруар қаржы бөлінді, егер су мәсе­лесі бұл жолы да шешілмесе, жергілікті әкімдерді «кінәлі» деп тауып, қатаң жа­уапқа тарту керек.

Осылайша, мектептердегі су мен тегін ыстық тамаққа бөлінген мемлекеттің қар­жысы жергілікті жерлерде мақсатсыз пай­даланылып жатқанда, төтенше оқиғаның алдын алушы мамандар «мектептеріміз жер сілкінісінің күшіне төтеп бере ал­май­ды» деп мәлімдеп отыр. Дәлірек айтсақ, қазан айының басында ҚР Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің мамандары, Қазақ­стандағы мектептердің 763-інің сейсм­о­тұрақ­тылығын арттыру керек деп жар сал­ды. Яғни елімізде жер сілкінісі ең жиі тіркелетін Алматы қаласы, Алматы, Шы­ғыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақ­стан мен Қызылорда облыстарындағы бір­қатар мектептер қауіпті жағдайда деген сөз. Демек, 2009 жылы 22 желтоқсанда қабылданған Үкіметтің «2010 – 2012 жыл­дарға арналған республикалық бюд­жет туралы» қаулысында көрсетілген білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге 27 963 120 мың теңге бөлу жө­ніндегі жоспары үш жылда оңтайлы нәти­же көрсете қоймаған сыңайлы. Болмаса, әдеттегідей бөлінген ақша талан-таражға түсіп, тағы да «жоқ» болды ма, кім білсін?! Мектептердің жер дүмпуіне төтеп беруі үшін қайта жарақтандыру жөнінде мәселе қозғала бастағанда, сейсмология институ­тының мамандары да мәселенің бірден шешілмейтінін айтқан еді. Алматының әкім­дігі де ондаған мектептің сейсмотұрақ­тылығын арттырамыз деп Білім және ғы­лым министрлігінен 6 миллионнан аса АҚШ долларын сұрап өтініш жасады. Ал сейсмологтер «Алматының өзінде 300-ден аса мектеп болса, біз бір жылдың ішін­де әрі кетсе үш-төрт мектепті ғана жабдық­тай аламыз, ол деген сөз бір Алматының мектептеріндегі сейсмотұрақтылықты кү­шей­ту үшін бір ғасыр уақыт керек» деп ат­тондарын ала қашқан болатын.

«Айтылған проблеманың барлығы енді қай уақытта шешілмек?» деген са­уал­дың жауабын депутаттар қаржылық дағ­да­рыспен байланыстыра жауап берді. Айтуларынша, әлемдік қаржы-экономи­калық дағдарыс бар мәселені шешуге қол­байлау болып отырған көрінеді.

 

 

 

Жастар депутатқа күл салғыш «тарту етті»

 

/«Қазақстан ТРК». 21.11.2012./ -  «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстанды темекі түтінінен азат етуге қарсы. Осылай, деп айыптаған бір топ белсенді жас, бүгін депутатқа лас күл салғышты «тарту етті». Мәжіліс залынан шыққан бойда ұсынылған тосын сыйды депутат Перуашев алмай қойды. Белсенділердің пікірінше, темекі акциздерін үш есеге көбейтсе, бюджеттің бүйірі 130 миллиард теңгеге томпайып, шылым шегетіндердің қарасы 20 пайызға азаяр еді. «Ақжол» партиясы осы ұсынысқа үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, темекі түнінінен азат Қазақстан ұлттық коалициясының бұл қадамын белгілі бір топтың мүддесін қолдау, дейді.

 Азат Перуашев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы:

Сіздер білесіздер, елімізде тоқыма-тігін өнеркәсібі мен қант өндірісі тоқтады. Алкогольдік бизнес те құлдырап барады. Өз басым, темекі тарпаймын. Халықтың да денсаулығын ойлаймын. Бірақ, мен үшін елдің экономикалық дамуы маңызды. Сондықтан, шылым шығарушыларды қолдау керек. 

«Ақжолдықтардың» бұл пікірімен «нұротандықтар» келіспейді. «Салық туралы» Заң жобасын талқылау барысында темекі акцизін кемінде екі есеге өсіруді ұсынды. Егер, бір қорап шылымның бағасы 500-600 теңгеге барса, бұған жұрт ақшасын қия қоймас. Қалай десек те, жер бетіндегі 7 миллиардтай адамның 1 миллиарды темекі тартады. Бұл, жалпы тірі жанның 18 пайызын құрайды. Отандастарымыздың 27 пайызы шылым шегеді. Темекінің зиянынан жыл сайын елімізде 25 мың адам қайтыс болады.

Ерген Дошаев, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Біз осы Заң жобасына 2014 жылдан бастап, 125 пайызға көтереміз бе, деген ұсыныс жасадық. Бірақ министрлік біздің ұсынысымызды тек қана 90 пайызға орындап отыр. Мына Заң жобасында қабылданып жатқан акциздің мөлшері 100 пайызға көтеріледі. Бірақ, біз бұл жұмысты аяқтамаймыз. Әлемде осындай темекі магнаттарының лоббиі бар, заңды қабылдатпау үшін әрекет етеді.

 

 

Сенат Төрағасы Шри-Ланка Президентімен кездесті

 

/«Қазақстан ТРК». 21.11.2012./ -  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесті. Сенат Төрағасы шетелдік мейманға Қазақстан Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы рөлі мен орны туралы хабардар етті. Пікір алмасу барысында, тараптар екі елдің жоғарғы заң шығару органдарында ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтарды құру, сондай-ақ, парламентшілердің сапар алмасуы мәселелерін пысықтауға уағдаласты.

 

 

Қарағандыда ІІІ халықаралық инвестициялық форум өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 21.11.2012./ -  Алқалы жиынға әлемнің 32 мемлекетінен жүздеген ірі компания өкілдері қатысты.

Шетелдік бизнесмендер ел экономикасына қаржы құюға құлықты, себебі Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жоғары,-дейді олар. Енді алдағы жылдары кенді аймақта бірнеше жаңа кәсіпорын cалынбақ. Бұл күні форум қорытындысы бойынша құны 330 млрд теңгеден асатын 20-ға жуық келісімшартқа қол қойылды. Әлемдік сарапшылар өткен жылы Қарағанды облысын Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан аймағы деп тауып, аса беделді халықаралық «Инвестициялық періште» сыйлығын тапсырған болатын. Өндірісті өңір биыл да өзінің даму қарқынынан жаңылған жоқ, жыл басынан бері 9 инновациялық жоба жүзеге асты. Таяу жылдары кенді аймақта тағы да жүздеген кәсіпорын іске қосылмақ. Құрылысқа қаржы құюға құлықты инвесторлар саны жетіп артылады, - дейді облыс әкімі.

Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Үлкен электростанция салынады, Бұқар Жырау ауданында, қуаты 900 мегаватт, құны 150 млрд теңге. Екінші бір үлкен жоба, немістің компаниясымен бірігіп, Қарағанды облысындағы арнайы аймақта вагон шығаратын зауыт саламыз. Құны 38 млрд теңге.

Бұл алдағы 3 жылда жүзеге асатын ең ірі жобалардың бірі. Ал жалпы индустриалды аймаққа шетелдік компаниялар 330 млрд теңге көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қарағандыда өткен инвестициялық форумда айтылды. Шетелдік қалталылар өнеркәсіп, металлургия, машина құрылысы салаларымен бірге, ауылшаруашылығы, туризм, энергетика салаларын дамытуға қызуғышылық танытуда.

Иве БРАУНСДОРФ, ИНВЕСТОР:

-Біз қапталған құбырлар шығаратын зауыт саламыз. Бұл құбырларды мұнай тасымалдауға, жылу жүйесіне пайдалануға болады. Өнім экологиялық жағынан өте таза. Қапталған құбарлар жылуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба құны 5 миллиард теңгеге жуық. Құрылыс 3 кезең бойынша жүргізілмек, қазір алғашқы кезеңі басталды.

Серік АҚЫЛБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

-Жаңа технология өзінің сапасы жағынан жақсы тауар әкеледі. Ол үшін шетелдің инвесторлары біздің инвестициялық климатымызбен танысу керек. Қандай жағдайлар бар, қандай құқықтық кепілдіктер бар? Соның барлығын көрсету үшін, әсіресе, шикізат емес, кен байыту саласын көтеру үшін, шағын және орта бизнесті дамыту үшін форумның маңызы өте зор.

Форум соңында шетелдік компаниялармен 20-ға жуық келісім-шартқа қол қойылды. Олар алдағы уақытта «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында өз кәсіпорындарын ашпақ. Экономикалық аймақта қазіргі күні инвесторларға барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде мұнда 53 компания өз кәсібін ашуға өтініш берген. Олардан келетін инвестиция көлемі 344 миллион теңге, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Барлық кәсіпорын іске қосылған күнде жылына 246 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек.

 

Халық қалаулылары аймақтарда

 

/«Хабар» агенттігі. 21.11.2012./ - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары аймақтарды аралауда.Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын, Темирязев және Ғабит Мүсірепов аудандарда болған халық қалаулылары бүгін Петропавл қаласының активімен кездесті.

Елбасының тапсырмаларын аймақтарға жеткізумен бірге, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалап олардың іске асуымен танысқан Парламент Сенатының депутаттары әлеуметтік мәслелерді де назардан тыс қалдырмады. Халық қалаулылары шалғай жатқан елді мекендердің ауыз су, жол секілді мәселелердің шешілуіне ат салысты. Ал Петропавл қалысы активімен өткен кездесуде жергілікті басқару жүйесін дамыту төңірегінде әңгіме қозғалды.

Самат ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

-Ең басты мәселелер көтерілетін ол біздің тұрғындармен әлеуметтік мәселелерді әрі қарай дамыту мәселелері. Сол туралы бюджет арқылы ұсыныстар кіргізіп жатыр біздің сайлаушылар.

 

 

Әйелдер қауымы елді әлеуметтік жаңғыртудың ортасында жүруі керек – Д.Назарбаева

 

BNews.kz». 21.11.2012./ - Әйелдер қауымы елді әлеуметтік жаңғыртудың ортасында жүруі керек. Бұл туралы бүгін ІІІ Еуразиялық әйелдер саммитінде Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

Оның айтуынша, азаматтардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың рөлі зор. Ал отбасы сол әлеуметтік саясаттың басты нысаны болу керек.

«Бәріміз білетіндей, әйел заты отбасы, бал-шағаның қамын ойлайды. Сондықтан әйел әлеуметтік жаңғыртудағы міндеттерді әзірлеген кезде де, оларды жүзеге асырған кезде де басы-қасында жүруі керек», - деді Д.Назарбаева.

 

 

БАҚ мәселесі талқыланды

 

/«Айқын». 21.11.2012. Қайыржан Төрежан./ - Кеше Алматы қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдар нарығының даму мәселелерін талқылауға бағытталған V Медиа Құрылтай өтті. Жыл сайын өткізілетін конференцияға бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен иелері, бизнес құрылым өкілдері, баспа үйлері, Қазақстанның барлық аймағынан келген теле, интернет және радиокомпаниялар, тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 250-ден аса делегат қатысты. Медиа құрылтайдың ұйымдастырушысы мен бастамашысы - Қазақстан Баспасөз клубы.

Жыл сайын өтетін медиафорумда қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының даму мәселесі талқыланады. Биылғы «БАҚ нарығы: тиімді басқару және өсу шегі» деген тақырыпта өткізілген салалық конференцияның пікірталасына қатысу үшін Мәжіліс депутаты Светлана Романовская, Тәуекелділікті бағалау тобының директоры Досым Сәтбаев, «31 арна» телеарнасының бас директоры Бағдат Қожахметов, «Эксклюзив» журналының бас редакторы Қарлығаш Еженова, Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Өкремова, тағы басқалар шақырылыпты.
Құрылтай медиа басшылары мен сарапшылардың медиа-бизнесті дамытудағы үздік стратегиялар тәжірибесімен бөлісуіне, БАҚ саласындағы мәселелерді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін тұрақты кәсіби пікірталастар жасауға, одан тиісті нәтиже шығаруға мүмкіндік жасайды.

- Барлық Медиа құрылтайдың негізгі мақсаты - медиа саласындағы проблемаларды талқылау болып табылады. Біз мұнда өткен бір жылдың ішінде болған өзгерістерді, мемлекеттік тапсырыстарды бөлуде не өзгергенін, олардың даму барысын, оқырман және көрермен аудиторияларымен жұмыстар туралы айтамыз. Бүгінгі әңгіме бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа технологияны пайдалану төңірегінде әңгімелер айтылды. Бұл - аса қымбат емес және жеткілікті әлеуметтік желілер мен мультимедиалар, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға осылар көмектеседі, - дейді Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова.

Медиа құрылтай өз жұмысын Қазақстан Журналистика академиясының жалпыұлттық жоғары сыйлығын тапсыру рәсімінен бастады. Қазақстан Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев «Алтын Жұлдыз» сыйлығын Чехияның тұрғыны Сұлтан Аққұлұлына тапсырды. Чехиялық қазақ ұлтымыздың рухани көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың журналистік мұрасы туралы жеті томдық еңбегі үшін осы сыйлыққа ие болды. Журналистика академиясының екінші «Алтын Жұлдыз» статуэткасын Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған публицистикалық шығармалары және насихаттағаны үшін Виктор Заботкин иеленді. «Отандық журналистикаға қосқан елеулі еңбегі үшін» деген аталым бойынша Журналистика академиясы президентінің «Алтын Самұрық» сыйлығын белгілі публицист Сейдахмет Құттықадам алды.

Конференцияда талқылан­ған проблемалар журналистер қауы­­мы іс жүзінде күнде кездесетін мә­селелер. Медиа құрылтайда сөз алғандар бұл жолы да қазақ тілді баспасөзді дамыту мәселесіне көңіл бөлу керек екендігін баса айтты. Құрылтайда қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары­ның даму үрдісін зерттеу нәтижесі­­нің тұсаукесері болды. Мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мәселесі де құрылтайда қатты талқыланды. «Мемлекеттік тапсырыстар қалай бөлінеді, қандай бұқаралық ақпарат құралдарына беріледі» деген мәселеге қатысты пікір айтушылар өте көп болды. Құ­рылтайға қатысып отырған сарап­шылардың біразы «бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет­тік тапсырыс деген мүлде қажеті жоқ» деген пікір айтты. Өйткені ол на­рықтық жағдайда бәсекелестік­ке тежеу болады. Медиа Құрыл­тай өткізілгеннен бері мұнда­ғы пі­кірталастар мен қабылданған шешімдердің журналистер қауымына тиімді екендігі бай­қалады.

 

 

Cенаторлар Батыс Қазақстан облысында болды

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Республика аймақтарына дәстүрлі сапары барысында Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Рашит Ахметов, Оралбай Әбдікәрімов, Ерболат Мұқаев өкілді және атқарушы билік активімен, құқық қорғау органдары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен, кәсіпкерлер мен жұртшылық өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз алған Сенат депутаттары даму бағдарламаларын, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мен шілде айындағы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында, бесінші сайланымдағы сессияның ашылуында Президент Н.Назарбаевтың сөзінде жария етілген міндеттерді құқықтық қолдау жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы айтты.

Сенаторлар сондай-ақ еліміздің Бюджет кодексіне, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген кейінгі өзгерістер мен 2013-2015 жылдар бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы хабардар етті.

Депутаттар сондай-ақ Жаңақала және Зеленов аудандарында да болды.

 

 

Атырау, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД қызметкерлерінің арасында жемқорлық қылмыстар жиі кездесуде

 

/«ҚазАқпарат». 21.11.2012. Марлан Жиембай./ - Атырау, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің арасында жемқорлық қылмыстар жиі кездесуде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Светлана Романовская айтты.

«Құқықтық статистика  органдарының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде 44 жемқорлық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге дейін жоғары. Әсіресе, Атырау, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында министрлік қызметкерлерінің арасында жемқорлық қылмыстар жиі кездесуде», - деді ол.

Халық қалаулысының атап өтуінше, жемқорлық әрекеттерге қатысы бар тұлғалар қатарында Ақмола облыстық департаментінің басшысы да бар.

«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі ҒЗО ЕМК-ның алғашқы үш басшысы жемқорлық әрекеттерімен әшкереленді», - деді С.Романовская.

 

ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысы

 

/«Егемен Қазақстан». 22.11.2012./ -  Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысы болады.

ЕурАзЭҚ елдерінің парламентшілері ықпалдастық үдерістеріне қатысушы мемлекеттердің заң­на­ма­сын жақындастыру мен үйлес­тірудің өзекті мәселелерін тал­қылайды.

Қ.Мәми сондай-ақ ҰҚШҰ ПА Ке­ңесіне қатысып, бірқатар екі­жақ­ты кездесулер өткізеді, деп ха­бар­ла­ды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 

Мәжіліс депутаттары өңірлерге аттанады

 

/«Егемен Қазақстан». 22.11.2012./ -  Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін қараша айының 22-сінен желтоқсанның 1-іне дейін еліміздің барлық өңірлеріне барады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Парламент өкілдері еліміз аза­маттарына бесінші шақы­рылым­ның екінші сессиясында атқа­рыл­ған депутаттық қызмет жайында толық ақпараттар береді. Со­ны­мен бірге, мәжілісмендер Елба­сы­мыздың 2012 жылдың 27 қаң­тар­ын­дағы «Әлеуметтік-экономи­ка­лық жаңғырту – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағ­дар­ламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды заңнамалық қам­та­масыз ету жағдайы жөнінде баян­дайды.

Сапар барысында өндірістік жә­не әлеуметтік-мәдени нысан­дар­­ға бару, еңбек ұжымдарымен, халықпен, облыс активтерімен кез­­­десу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жоспарланған.

Мәжіліс құрамында «Нұр Отан» ХДП, «Ақ Жол» ҚДП, ҚХКП фракцияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар бар.

 

 

Сапар маңызы аталды

 

/«Егемен Қазақстан». 22.11.2012./ -  Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Респуб­ли­ка­сының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесті, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Шри-Ланка ара­сын­дағы дипломатиялық қаты­нас­тар орнағанына 20 жыл тол­ған кезеңде өтіп жатқан сапар­дың маңыздылығын атап өтті.

Сенат Төрағасы Қазақстан Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы рөлі мен орны туралы хабардар етті.
Пікір алмасу барысында тараптар Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы екіжақты қа­тынастарды дамыту мәселелері туралы пікір алмасып, екі ел парламенттерінің арасындағы бай­ланыстарды қалыптастыру жай­ына тоқталды. Атап айт­қан­да, екі елдің жоғарғы заң шығару органдарында  ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтарды құру, сондай-ақ парламентші­лер­дің сапар алмасуы мәселелерін пысықтауға уағдаласты.

 

 

 

 

Шекара қауіпсіздігі – уақыт талабы

 

/«Егемен Қазақстан». 22.11.2012. Асқар Тұрапбайұлы./ -  Мәжіліс Төрағасының оры­н­­­ба­сары Сергей Дья­чен­коның жетекшілігімен палатаның де­пу­тат­тардың ағымдағы жылдың 22 қа­рашасынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта сай­лау­шы­лар­мен ке­з­­десу үшін өңір­лер­ге барар ал­дын­дағы жалпы отырысы болып өтті. Күн тәртібіне 12 мә­селе шығарылса, шекараға қа­тыс­ты заң жобасы қызу тал­қы­ланды.

Депутаттар «Қазақстан Рес­публи­ка­сының Мемлекеттік ше­ка­расы ту­ра­лы» және оған ілеспе заң жоба­ла­рын бірінші оқы­лым­да талқыға сал­ды. Ол бой­ынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі дирек­то­ры­ның міндетін уақытша ат­қа­ру­шы Тұрғанбек Стамбеков баян­дап берді. Оның айтуынша, қол­даныстағы шекара заңында Арал теңізіндегі мемлекеттік ше­карадан өту режімі ай­қын­далмаған. Сондай-ақ, уәкілетті ор­ган тарапынан мемлекеттік шека­раны қорғау кезінде ар­найы техникалар мен қару-жа­рақ­тарды және үй­ретілген жа­нуарларды қолдану ба­рысы заң­дық негізде реттелмеген.
Мәселен, әскери қызмет­кер­дің өмі­ріне нақты қауіп төн­ген­де болмаса, Каспий теңізінде бра­коньерлерге оқ атуына жол беріле бермейді. Ал олар өз кезектерінде жүрдек катерлермен іздерін суытып үлгереді екен.  Т.Стамбеков мемлекеттік шека­ра­­да­ғы демаркация тек Қы­тай­мен арада ғана жасал­ған­ды­ғы­нан, қалған ба­ғыт­та қазір дала жұмыстары жүр­гі­зі­ліп жатқан­ды­ғынан хабардар ете кетті. Оның айтуына қарағанда, қа­зір­гі таңда террористік әрекеттер мен діни экстремизм жанданып, шекаралас мем­лекеттерде көші-қон процесі белең алған. Оның үстіне, Қазақстан аумағы ар­қы­лы Еуропа – Қытай, Ресей – Орталық Азия бағыттарындағы тасымалдар ұлғайып, «Қорғас» ха­лық­аралық шекаралық ын­ты­мақ­тас­тық орталығының жұмыс істей бас­тауымен барыс-келіс те артуда екен.

Осыған орай, Мемлекеттік ше­ка­раны санаттарға бөлу көзделген. Тар­қатып айтқанда, мемлекеттік ор­ган­дардың, оның ішінде жергілікті ат­қарушы ор­ган­дар­дың құзіреті жан-жақты айқындалып, аражігі ажы­ра­ты­лып отыр. Бұдан басқа Үкімет жанынан Мемлекеттік шекара ко­мис­сиясын құру және оның жұмыс істеуі туралы норма да заң жо­ба­сы­нан көрініс тауыпты. Сонымен қатар, ел азаматтарының Мемлекеттік ше­ка­раны қорғауға (күзетуге) қатыс­ты­лығы тәртібі нақ­ты­ланып, олардың құқықтары мен міндеттері де регла­мент­теліпті.

Осы орайда, баяндамашы шекара қызметіне әс­кер­ге шақырылғандар­ды таңдау барысына да бірқатар өз­ге­рістер енгізілгенімен де бөлісе кетті. Оның сөзіне қарағанда, енді әс­кер­ге шақырылғандар арасында мониторинг жүргізіліп, олар туралы ақ­парат жан-жақты тексерулерден өте­тін болады. Тіпті бұған полигра­фия­лық тексеріс те қолданылуы мүм­кін­дігі де тілге тиек етілді.

Талқылау барысында депутаттар көптеген түйт­кіл­ді проблемаларға назар аудартты. Атап айтқанда, қа­зір­гі кезде шекарашыларда әбден ескірген құрал-жаб­дықтар мен қару-жарақтар ғана бар. Сонымен қатар, ше­кара қызметіне қажетті құ­ры­лыс­тар 60-жыл­да­ры салынған болса, олардың техникалық жарақтанды­ры­луы да сын көтермейді. Бұл жөнінде депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Темірхан Досмұхамбетов жан-жақты ашып көрсетті.
Ал ҰҚК Шекара қызметі ди­рек­торының міндетін уақытша атқа­ру­шы бұл кемшіліктердің барлығы да 2020 жылға дейінгі салалық бағ­дар­ламада көрініс тапқандығын, енді жүзеге асатынын айтып ақталумен болды. Осылайша талқыдан өткен шекаралық заңдық құжаттар  бірінші оқылымда мақұлданды.

Сонымен қатар, кешегі отырыста мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі, терроризмге қарсы іс-қимыл, әлеу­мет­тік маңызы бар мемлекеттік қыз­меттер және салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды көз­дейтін заң жобалары екінші оқы­лымда қолдау тапты.

 

 

 

Лаңкестік әрекет бойынша сотталғандардың 95 пайызы жұмыссыздар

 

/«Қазақстан ТРК». 22.11.2012. Сәуле Алдамұратқызы./ -  Лаңкестік іс-әрекеті үшін сотталғандардың 60 пайызы 30-ға толмаған жастар, 95 пайызы жұмыссыздар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз бойынша соңғы 5 жылда лаңкестік қылмыс жасаған 148 және эстремистік жолда жүрген 160 адам сотталған. Бұл статистика Мәжіліс депутаттарын алаңдатты. Халық қалаулылары енді, заңды күшейту керек, деп отыр. Терроризмге қарсы тұру үшін, алдымен жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету қажет. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Отан» жастар қанатының 2-ші съезінде де айтқан болатын.

 Майра Айсина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Қолданыстағы Заңды дұрыс қарау керек. Лаңкестік әрекеттің бізде болып жатуына не себеп? Жастарға насихат жұмыстарын жүргізу керек. Және жастарды жұмыспен қамту керек.

 

 

Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысы өтті

 

BNews.kz». 22.11.2012./ - Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысы аясында Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қ.Мәми әріптесін Беларусь Парламенті Республика Кеңесінің Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Тараптар Қазақстан-Беларусь әріптестігінің стратегиялық сипатын, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ықпалдастықты дамытудағы екі елдің маңызды рөлін атап өтті.

Беларусь Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі екенін атап өткен Қ.Мәми экономикалық, аймақаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бірлескен бағдарламаларын іске асыруға назар аударды.

Тұтас алғанда, жүздесушілер парламентаралық байланыстар маңызды бөлігі болып табылатын екіжақты қатынастарды одан әрі үдету жайында айтты. Қазақстандық төраға біздің депутаттар ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ТМД-ның парламентаралық құрылымдары аясында өзара белсенді іс-қимылды жүзеге асырып келе жатқанын, ал екіжақты қатынастар негізінде ұлттық заңнамалар саласында тәжірибе алмасатынын атап өтті.

 

Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 60 діни бірлестік жабылды – ІІМ

 

/«ҚазАқпарат». 22.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда  тіркелмей заңсыз жұмыс істеген 60 діни бірлестік пен арандатқыш сайттар жабылды. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген ІІМ Криминалдық полиция комитетінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Еркін Қалиев осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған мерзім аралығында экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 25 іс қозғалды.

«Діни қатынастар саласында 230 әкімшілік заң бұзушылық анықталып, тіркелмеген 60 діни бірлестіктің жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, көші-қон заңын бұза отырып, тіркеусіз жұмыс істеп жүрген 67 миссионер, соның ішінде 13 шетел азаматы елден аластатылды», - деді ол.

Дін істері агенттігі салафиттік бағыттағы әдебиеттерге, аудио-видео өнімдеріне эксперттік сараптаманы күшейтуі керек- Қ. Мінуаров

 

/«ҚазАқпарат». 22.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Дін істері агенттігі тарапынан салафиттік бағытындағы әдебиеттерге, аудио-видео өнімдеріне деген эксперттік сараптаманы күшейту керек. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы Қуат Мінуаров осындай ұсыныс айтты.

«Екіншіден, араб елдерінде білім алып жатқан студент жастарды қадағалап, қажылық парыз өтеушілерге де осы бағытта дұрыс түсіндіру-семинар жұмыстарын жүргізген жөн. Үшіншіден, Ханафиттік бағытта оқыған білімді кадрларды көбейтіп, ханафиттің жүйемен жұмыс істеп отырған республикамыздағы барлық мешіт имамдарына кең қолдау көрсете білген дұрыс. Бұған себеп, бүгінгі күні деструктивті ағым өкілдерінің бір бас сұғатын жері - мешіттер, бетпе-бет келетіні -имамдар. Өкініштісі, олар мешіттерде талас-тартыс туғызып, көп жағдайда имамдарға бағынбайды. Тіпті қоқан-лоққы жасап, күш көрсететіндері де жоқ емес. Бұндай әсіре ағым өкілдерімен күрес нәтижелі болу үшін біржақты ғана емес, жан-жақты іс-шаралар жүзеге асуы тиіс. Сондықтан деструктивті ағым өкілдерімен жұмыс жүргізудің қиындығына сай мешіт қызметкерлеріне де қажетті мемлекеттік қолдау мұқтаждығы тууда», - деді Қ. Мінуаров.

Осы ретте дінтанушы лаңкестік пен діни экстремизмнің қай түрі де біздің қоғамға жат екенін, шынайы мұсылман адам ешқашан лаңкестікке бармайтынын, мойнына жазықсыз адамдардың қанын жүктемейтінін алға тартты.

«Қазақ елі сунниттік әрі ханафиттік мәзһаб негізінде, Матуруди ақидасына сай сан ғасырлардан бері салтын сақтап, дінін ұстанып келген. Тәуелсіздіктің тұғырын бекітіп, болашаққа қадам басқан алдағы уақытта да еліміз саяси тұрақтылығын шайқалтпай, діни келісім жарастығын құраған, әлем қауымдастығының алдында беделді, бейбітсүйгіш қалпынан танбақ емес», - деді Қ. Мінуаров.

 

 

Қазақстанды зайырлы мемлекет десек те, дінді қоғамнан ысырып тастауға келмейді - Қ. Мінуаров

 

/«ҚазАқпарат». 22.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Біраз жылдан бері қаузалғанмен, мемлекет пен діннің арақатынасы қандай деңгейде болу керек деген мәселе әлі де зерттей беруді қажет ететін тәрізді. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен конференция барысында сөз сөйлеген «Әзірет Сұлтан»  мешітінің найб имамы Қуат Мінуаров осылай мәлім етті.

«Себебі, діни бірлестіктердің мемлекет алдындағы міндеттері һәм қоғамдық рөлі әлі толықтай нақтыланған жоқ. Осының әсерінен базбір діни бірлестіктер үй ішінен үй тігіп, бейне өзін тәуелсіз субъекті сезінуде. Сондықтан Қазақстанды зайырлы мемлекет десек те, дінді қоғамнан ысырып тастауға яки  бөле-жарып қарастыруға келмейді. Өйткені дін - қоғамдық сананың бір көрінісі», - деді Қ.Мінуаров.

Оның айтуынша, бүгінгі күні идеологиялық саладағы өзгерістер, социо-мәдени және саяси дамудың жаңа жағдайларының  қалыптасуы, ұлттық сана сезімнің өсуі және рухани, ұлттық құндылықтардың артуы қоғамдық-саяси өмірдегі діннің рөлін күшейтіп келеді. Ал діннің күшеюімен діни наным-сенім иелерінің өз сеніміне деген көзқарастары мен ұстанымдары да беки түсуде.

«Мемлекетті басқарудағы зайырлы жүйе - дінді мойындамайтын, дінге қарсы жұмыс істейтін жүйе емес. Өкінішке қарай, елдегі кейбір радикалды ұстанымдағы адамдар арасында зайырлы жүйені дінге қарсы етіп көрсету әрекеттері байқалуда. Осыдан келіп билікке немесе биліктің күштік құрылымдарына (құқық қорғау органы өкілдеріне т.б.) өшігу фактілері туындауда. Сондықтан қазіргі дін мәселесіндегі өзекті тұстардың бірі - зайырлы жүйе анықтамасын дұрыс түсіндіру болып отырғаны шындық. Демократиялық бағытты ұстанған зайырлы сипаттағы мемлекет бола отырып біз бүгін мемлекеттің дінге оң көзқараспен қарайтынына куә болудамыз. Мешіт қызметкері ретінде айтар болсам, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығымыз, көпвекторлы саясатымызда мұсылман елдерімен жақындастығымыз, республикадағы соңғы жылдардағы өзгерістер: дінтану негіздерін элективті пән ретінде мектептерге (қазір жоғарғы оқу орындарына да енгізіп жатыр) енгізу, отандық телеарналардан «Иман айнасы», «Я верю кз» секілді бірқатар мазмұнды діни бағдарламалардың ұйымдастырылуы, Ислам білімі мен мәдениетін қолдау қорының жұмыс істеп отырғаны, діни әдебиеттердің мол тиражбен көптеп жарық көруі, Астана қаламыздағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» секілді күмбезін күн сүйген көркем мешіттердің көптеп бой көтеруі, дінтанушы мамандарды даярлауға гранттардың көп бөлінуі, тағысын тағылар - барлығы да мемлекеттің дінді өрістетуге жол ашып отырғандығын білдіруде. «Көрмес, түйені де көрмес». Сондықтан бұның барлығын көре білу керек дегім келеді», - деді Қ. Мінуаров.

 

 

Бас прокуратура қазақстандық террористі суреттеп берді

 

/«ҚазАқпарат». 22.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Қазақстандағы лаңкестің портретін суреттеп берді.

«Бүгінгі таңдағы қазақстандық террорист деген кім? Бұған жауап беру үшін біздің статистикамызға сілтеме жасауды жөн көрдім. Мәселен, сотты болған лаңкестердің 60 пайызға жуығының жасы 29-ға толмағандар. Яғни, басқаша айтқанда бұлар кіл жастар. Сосын барлығы дерлік, нақтылап айтсам 95 пайызы - жұмыссыздар. Осылайша, Қазақстандағы террористің жинақталған портретін суреттеуге болады - бұл өмірде өз орнын тапқысы келетін және білімі жоқ, болашақтағы перспективалары да белгісіз жастар», - дейді Иоган Меркель.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда террористік қылмыс бойынша 148 адам сотталған, ал экстремистік белгілері бойынша қылмыстылар саны 160 адамды құраған.

 

 

Ақтөбелік мәжілісмендер сайлаушылармен кездесулер өткізуде

 

/«ҚазАқпарат». 22.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары келді.

«Нұр Отан» ХДП-ның ғимаратында депутат Ерген Дошаев қоғамдық қабылдау өткізді. Мәжілісмендермен кездесуге ақтөбеліктер негізінен өздерінің жеке мәселелері бойынша келді: жұмысқа орналасу, баспанаға ие болу, науқас баланың еміне көмек көрсету және басқасы.  

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Байғанин ауданында Қарауылкелді және Темір ауданында Шұбарқұдық ауылдарында сайлаушылармен кездесулер өткізуде.  

Сапар барысында депутаттар ауданның бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарында болады.

 

 

Мәжіліс депутаты сайлаушылармен кездесті

 

/«ҚазАқпарат». 23.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты  «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков Қызылорда облысындағы сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

 «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауда азаматтардың жеке өтініштерін қарады. Қоғамдық қабылдау барысында 12 адам өтініш білдірген болса, олардың 7-нің мәселесі  сол мезетте шешімін тапты, қалған 5 мәселе бойынша тиісті министрліктерге хабарланып, жергілікті жерде қордаланған мәселелерді шешуге ықпал етілетіні  ойластырылды.

Депутат Ұласбек Сәдібековтың одан кейін Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандар құрылыстарын көрді. Сонымен бірге депутат Шиелі ауданы аумағында орналасқан «MKS COMPANY» ЖШС зауыты жұмысымен де танысып қайтты. Қышқыл сұйықтығын сақтау мен тасымалдау жұмыстарымен айналысатын зауыт ұжымымен кездесу өткізді. Зауытта 80-ге тарта жұмысшылар еңбек етеді, барлығы сол ауылдың тұрғындары.

Депутат жұмысшылардың еңбек жағдайын, тамақтануын, жалақыларының уақытында алуы мәселелері тұрғысында мамандармен әңгімелесті. Өз кезегінде жұмысшылар қолжетімді баспана, жастар саясаты туралы заң жобасы барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрақтарына депутаттан тұшымды жауаптар алды.

 

 

ЕХРО-2017 – жеңіс Қазақстандікі

 

/«Хабар» агенттігі. 23.11.2012./ - ЕХРО-2017 көрмесін Қазақстанда өткізу туралы шешім - Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономика» бағытындағы жүргізіп келе жатқан саясатының жеңісі.

Қазір энергия үнемдеу ұстанымы әлем алдында өткір қойылып отырған мәселе. Ал Қазақстанның бұл бағыттағы жүргізіп келе жатқан жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл Мәжіліс депутаты Шалатай Мырзахметовтың пікірі.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Ол енді Қазақстанға деген Еуропа елдерінің барлығының сенімі. Мұның жан-жақты пайдасы бар. Экономикаға да, саяси-әлеуметтік жағдайға да. Өзге елдермен терезесі тең, көсегесінің көгеріп, бойының биіктеп бара жатқанының көрінісі. Елдің бір қадам алға жылжуға мүмкіндік жасайтын іс-шара.

 

 

ЕурАзЭҚ паа бюросының отырысы

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012./ - Кеше Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Парламентаралық Ассамблеясының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысы болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Шараға ЕурАзЭҚ-қа мүше мем­ле­кет­тер пар­ла­менттерінің бас­шылары бас­та­ған делегациялар, бай­қаушы ретінде Ук­раина парламенттік деле­га­циясы, сон­дай-ақ Еу­ра­зиялық экономикалық комиссия Алқа­сы­ның мүшелері, Қо­ғам­дас­тық хат­шылы­ғы­ның, Еур­АзЭҚ жа­нын­дағы Тұрақты өкіл­дер комис­сия­сы­ның өкілдері және басқа да ша­қы­рыл­ғандар қатысты.

Бюрода ықпалдастық үдеріс­терін да­мытуға қа­тыс­ты маңызды мәселелер топ­та­масы қаралды. 2012 және одан кейінгі жыл­дарға арналған Заң шығару қызметінің бағ­дарламасына ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және Біртұтас эконо­ми­ка­лық кеңістік аясындағы ықпал­дастық үдерістерін үйлестіру жө­нін­дегі Ассам­блея Тұрақты ко­мис­сия­ла­ры­ның ұсы­ныс­тары қо­сылды.

Қ.Мәми атап өткендей, Еура­зия­лық эко­но­ми­ка­лық қоғам­дас­тықтың Парла­мент­ара­лық Ассам­блеясы өз міндетін іске асыруды және Еуразия кеңес­тігіндегі бүкіл ықпал­дастық үде­ріс­терін толық көлемде құ­қық­тық қам­тамасыз ету­ді бел­сен­ді түрде жал­ғас­ты­ру­да.

«Біздің Ассамблеяның ресурс­тары тау­сыл­­ма­ға­нына сенемін, жи­нақталған тәжі­рибе біздің ал­дымызда тұрған мә­се­лелерді шешуге мүмкіндік береді. Сіздер бас­тап келген парламенттік делегациялар осы биік мақсатты жү­зеге асы­ру­ға өз үлесін қосады деп ойлаймын», деп атап өтті Қ.Мәми.

Сол күні Қазақстан Парламенті Се­на­тының Төрағасы Ұжым­дық қауіп­сіз­дік шар­ты ұйымы Пар­ламенттік Ас­сам­блея­сының Ке­ңесіне қатысты. Іс-шара ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер қауіп­сіздік ке­ңестері хатшыла­ры­ның қаты­суы­мен өтті.

Қайрат Мами ЕурАзЭҚ ПАА Бю­ро­сы отырысының аясында Санкт-Пе­тер­бургте Армения Ұлттық Жиналысының Төрағасы Овик Абраамянмен және Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті.
Кездесуде тараптар екіжақты қаты­нас­­тардың маңызды бөлігі – пар­ла­мент­аралық байланыстарды одан әрі нығайту жайы, сауда-эко­номи­ка­лық және мә­де­ни-гума­ни­тар­лық ын­тымақтастықты өріс­тету қажет­тігі, сондай-ақ, парла­мент­аралық байла­ныс­тардың маң­ыз­ды бөлігі болып та­былатын екі­жақты қа­ты­настарды одан әрі үдету жайында әңгіме қозғады.

Қазақстандық тө­ра­ға біздің депутаттар ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ТМД-ның пар­ла­мент­ара­лық құ­ры­лымдары ая­сын­да өза­ра белсенді іс-қимылды жүзеге асы­рып келе жатқанын, ал екіжақты қа­тынастар негізінде ұлттық заң­на­ма­лар саласында тәжірибе алма­са­тынын атап өтті.

 

 

Еліміз өңірлеріндегі жүздесулер

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012./ - Бұл күндері Қостанай облысында жүрген Парламент Сенаты Төр­ағасының орынбасары Александр Судьин, палата депутаттары Ху­сайн Валиев пен Жеңіс Нұрғалиев жергілікті өкілді және атқа­­­ру­­шы билік активімен, еңбек ұжымдарымен және жұртшылықпен кездесті.

Сенат депутаттары облыстың Алтынсарин, Қостанай, Қараба­лық аудандарында және облыс орталығы – Қостанайда болып, өндіріс орындары мен әлеуметтік саланың нысандарында, тұрғын үй-коммуналдық секторда болды.

Кездесулерде экономиканы индустрияландыру, әлеуметтік жаң­ғыр­ту бағдарламаларын құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқы­ланды. Шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, аймақтық инфрақұрылымдарды нығайту мәселе­леріне ерекше назар аударылды.

*   *   *

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төр­аға­сы Ақан Бижановтың Алматыда «Сана-Ой Инвест» корпо­рация­сы­ның еңбек ұжымымен кездесуінде экономиканы индус­трияландыру, әлеу­мет­тік саланы нығайту, мемлекеттік бағ­дар­ламаларды іске асыру, мамандар даярлау, еңбекке тарту мәсе­лелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде А.Бижанов ал­да­ғы уақытта бюджет қаржысының әлеуметтік салаға бағытта­луы жа­йын­да айта келіп, Алматыны дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы әңгімеледі.

Алматыда болған кезінде Сенат депутаты, сонымен бірге, қала­лық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелерімен кездесті.

*   *   *

Парламент Сенатының депутаты Иран Әміров Ақ­тө­бе об­лы­­сын­­дағы Қобда, Ойыл, Байғанин, Темір аудандарында болды.

Аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы биліктің, құ­­­­­­қық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулерде Мемлекет бас­­­шысының биылғы Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаң­­ғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағ­дар­­ла­ма­лық мақаласында белгіленген міндеттер аясында аймақ­ты әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сенатор сондай-ақ облыстың судьялар корпусымен кездесіп, нақты сектордың нысандарында, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінде болды.

*   *   *

Бұл күндері Ақмола облысында жүрген Сенат депутаты Жабал Ер­ғалиев Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқы­ту­шы-профессорлар құрамымен және студент жастарымен кездесу өткізді.

Сенатор кездесу барысында Парламенттің осы сессиядағы заң қабылдау қызметі туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттары, кадр стратегиясы, білім және ғылымды дамыту туралы хабардар етілді.

Ж.Ерғалиев сондай-ақ индустрияландыру және агроөнеркәсіп ке­ше­нінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдар­ламаларды іске асыру мәселелеріне назар аударды.

*   *   *

Парламент Сенатының депутаттары Рашит Ахметов, Оралбай Әбдікәрімов, Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысына сапарлары барысында өкілді және атқарушы билік активімен, құқық қор­ғау органдары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қыз­мет­кер­лерімен, кәсіпкерлермен және жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз алған Сенат депутаттары даму бағдарламаларын, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мен шілде айындағы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында, бесінші сайланымдағы сессияның ашылуында Президент Н.Назарбаевтың сөзінде жария етілген міндеттерді құқық­тық қолдау жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы айтты.

Депутаттар сондай-ақ Жаңақала және Зеленов аудандарында да болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

*   *   *

Ақмола облысындағы Ақкөл ауданының орталығында Мә­жіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП аудан­дық филиалының өкілдері, бірқатар мемлекеттік ұйым қыз­мет­керлері және аудан жұртшылығы қатысты.

Жиналғандар депутаттық қызметтің басым бағыттары, палатаның заң шығармашылық жұмысы жайында баяндаған халық қалаулысының сөзін ықыласпен тыңдады. Әсіресе, шағын тауар өндірушілерді қол­дауға арналған «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» және «Жайылым туралы» заң жобалары ақкөлдіктердің ерекше қолдауына ие болды.

Өз кезегінде жергілікті халық депутатқа өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Аудан активімен болған жиналыстан кейін Парламент өкілі аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

 

 

Қазақстан рөлі жоғары

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012./ -  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов Чех Республикасының Прага қаласында өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы күзгі 58-ші сессиясына қатысып қайтты. Шараға НАТО-ға мүше 28 мемлекет­тен 350 парламентарий, сондай-ақ әріптес-елдерден делегаттар қатысты.

Ассамблеяның күзгі сессиясының ал­ғашқы күнінде әлемнің түкпір-түкпі­рін­де бейбітшілікті қолдауға бағытталған ша­ралармен қоса, аумақтық және жаһан­дық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты, көктем айларындағы араб елдерінде ор­ын алған қақтығыстар мен Еуроодақ елде­рін­дегі қаржылық дағдарыс, соның ішінде, 2014 жылы Ауғанстаннан әскер­лерді шығар­ғаннан кейінгі бірлесіп атқа­ратын жұ­мыстарға байланысты бірлесіп өткі­зілген шаралар жиынтығы басты мәселе ретінде қаралды. Парламенттік Ассам­блеяның күзгі сессиясында қарал­ған күн тәртібіндегі мәселелер арнайы жарыссөз пішінінде талқыланды. Тұрақ­ты коми­тет­тердің күн тәртібінде қарал­ған әрбір мәселелер бойынша баяндамалар тың­да­лып, дауыс беру арқылы қарар­лар қа­былданды және құжаттар толтырылды.

Люксембург қаласының өкілі М.Анже­ла жетекшілік еткен отырыста көктем ай­ла­рындағы араб елдерінде орын алған қақ­­­­тығыстардың Еуроатлантикалық қа­уым­­дастыққа тигізген залалына қатысты Египет ғалымы Х.Самад баяндама жасады. Баяндамада араб елдеріндегі жалпы­ха­лық­тық көтерілістерге бір мезгілде ха­лықтың жаппай шығуын жұмыссыз жүр­ген жас­тардың интернет желісіндегі Фэйс­­­бук ар­қылы байланыс орнатқаны ушықтыра түскенін атап өтті. Осы болып жатқан оқи­ғаларға радикалды исламды кінәлі деп ашық айыптаулар аймақтағы жағдайды одан әрі шиеленістіруге әкеліп соқтырды.
Сонымен қоса, шараға қатысушы Пор­­­тугалия өкілі жаңа Египет басшы­лығы­ның өкілеттіліктерін асыра пайдалануларына алаңдаушылығын білдірді. Ал Си­рия­дағы жағдайлар бойынша баяндамашы халықаралық қауымдастық тарапынан осы істерге араласу аумақтағы тұрып жатқан елдерге кері әсерін тигі­зетінін атап өтті.
Саяси комитет жарыссөзінің екінші бөлімінде Ауғанстандағы өтпелі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және 2014 жылы НАТО жасақтары осы аймақтан шығарылғаннан кейін оның елдегі ахуал­дың тұрақтылығына қалай әсер ететін­дігіне ерекше көңіл бөлінді.
Саяси комитеттің отырысында Ауған­стандағы қауіпсіздікті сақтауда Орталық Азияның рөлі жөніндегі мәселелер де қа­­ралды. Чехиядан қатысқан өкіл Ян Сэр өз баяндамасында біздің еліміздегі саяси және экономикалық үдерістерге оң баға бере отырып, Азаматтық қоғамды дамыту мен қалыптастыруда Орталық Азияда Қа­­­­­­­­зақ­­­стан Республикасының рөлі артқа­нын және халықаралық аренада белсенді іс-қи­­мыл танытып келе жатқанын атап көрсетті.

Шара қорытындысы бойынша НАТО Парламенттік Ассамблеясының прези­ден­ті Карл Ламерстің орнына Ұлыбри­­та­нияның өкілі Х.Бэйли президент болып қайта сайланды.

 

Балаларды қорғау – басты міндет

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012./ -  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалма­­ғам­­бетова Софияда (Болгария) ашылған «Үш жасқа дейінгі балаларды интернат мекеме­­­леріне беруді тоқтату: жас балалары бар отбасыларды оқытуға қолдау көрсету» атты жоғары деңгейдегі конференцияға қатысуда.

Конференция Еуропа парламентінде 2011 жылғы шілдеде басталған ЮНИСЕФ/БҰҰ АҚЖКБ-ның (БҰҰ-­ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы) бастамаларын дәйекті түрде іске асырудың жалғасы болып табылады.
Еуропа Одағы қолдап отырған бастама балаларды күту жүйесін реформалауға, құқықтық реттеуді енгі­зуге, жергілікті қауымдар негізіндегі балалар мен отбасылар үшін көрсетілетін қызмет ауқымына арнал­ған қаржы және адам ресурстарын ұсынуға бағытталған.

Форумға қатысушылар үш жасқа дейінгі балаларды интернатқа беруді доғару жөнінде тәжірибе алмас­ты. Шығыс, Орталық Еуропа және ТМД-ның он бес елі балаларды тастап кетуді болдырмау және ата-ана­­сының қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау­ды жақсарту жөніндегі өз бастамаларын ұсын­­ды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Се­на­тының баспасөз қызметі.

Терроризм жаһандық сипатқа ие

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012. Асқар Тұрапбайұлы./ - Бұрнағы күні Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірлесіп, «Қазіргі кезеңдегі терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында жыл сайынғы болып тұратын халықаралық конференция өткізді.

Басқосуда палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Қазақстанның заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Рахмет Мұқашев, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Жарасов, елші, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудная, Ғ. Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ҒЗИ бас директоры, Елеген Қайыржанұлы атындағы Қазақстанның криминологтары одағының төрағасы Николай Турецкий кіріспе сөз сөйледі. Конференцияда Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркель, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Үсер Мизанбаев және Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Асқар Тынысбеков баяндама жасады.

Комитет төрағасы Р.Мұқашев өз сөзінде әр жыл сайын халықаралық терроризм бүкіл адамзатқа жаһандық қауіп төндіре бастағандығына назар аудартты. Депутат осы ретте көптеген шетелдердің антитеррорлық заңдары ХХ ғасырдың ортасында қабылданғанын айта келіп, халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы күрес жаһандық, аймақтық және екіжақты деңгейде жүргізілуде дегенді алға тартты. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан БҰҰ, НАТО, Еуропа Одағы, ШЫҰ және ҰҚШҰ-мен белсенді ынтымақтасып келеді.

ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының штаб бастығы Кенжебай Адамбековтің мәліметіне қарағанда, 2004 жылдан бері елімізде 15 террористік және 2 экстремистік ұйымның қызметі жабылған. Одан басқа, 550-ге тарта сайт жұмысы тоқтаты­лып­ты. Оның айтуынша, терроризм мен экстремизм бағытындағы материалдар орналастырғаны үшін жүзден аса іс сотта жатыр. Биыл болуы ықтимал 24 террористік актілердің алды алынған.
Жалпы, еліміз терроризмді оның барлық нысанында және көрінісінде батыл айыптап келеді. Терроризмге қарсы іс қимыл еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыт­тардың бірі болып табылады. Бұл жайт конференция барысында ерекше аталды. Тіпті, Қазақстанның терроризммен күресудің он төрт халықаралық әмбебап құралдарына қосылғаны да назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, ядролық терроризм актілерімен күрес бойынша ауқымды бастамаға алғашқылардың бірі болып қосылған. Бұл бағытта Ресей, АҚШ және басқа да елдермен бірге алғашқы әріптестер қатарына кіріп отыр.

Соңынан конференция қатысушылары терроризммен және экстремизммен күрес бойынша жоғары нәтижелерге жету үшін олардың алдын алу мен ескертуді күшейту қажет екеніне ден қойды. Бұл үшін материалдар жинақтау, мемлекеттік органдар мен қалың бұқараға ақпарат құралдары арқылы жеткізу ұсынылды.

 

 

Сайлаушылар ортасында

 

/«Дала мен қала». 24.11.2012. М.Әдіханұлы./ - Елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары бас­талды.

Атап айтар болсақ, «нұротандық» депутат Ерген Дошаев Ақтөбе қаласында «Нұр Отан» ХДП ғимаратында азаматтарды қа­былдау өткізді. Ақтөбеліктер Мәжіліс де­пу­татының қабылдауына негізінен жеке сұрақтарымен келді. Мәселен, еңбекке орналасу, баспана алу, ауру баланы емдеуге көмек көрсету тағы басқалар. Өз кезегінде халық қалаулысы «Кез келген сұрақ қарау­сыз қалмайды, заң аясында өз шешімін табады», – деді. Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты Байғанин ауданындағы Қа­рауыл­келді елді мекенінде және Темір ауданы, Шұ­барқұдық ауылында сайлаушылармен кездесті.

Ал, Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүй­себаев Ақмола облысының Ақкөл ауданы­ның, Ақкөл – аудан орталығында сайлаушылармен кездесу өткізді. Жиналғандар де­пу­таттық қызметтің басым бағыттары, Палатаның заң шығарма­шылық жұмысы жайында баяндаған халық қалаулысының сөзін ықыласпен тыңдады. Әсіресе, шағын тауар өндірушілерді қол­дауға арналған «Жеке қосалқы шаруашы­лық туралы» және «Жайылым туралы» заң жобалары ақ­көлдіктердің ерекше қол­дауына ие болды.

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Тал­дықорған қаласында «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының 12-ші есептік сайлау конференциясына қатысты. Заң шығармашылық қызмет жайында ақпарат айта келіп, Мәжіліс өкілі Елбасы тапсырма­ларының заң жағынан қамтамасыз етілу жағдайларын баяндады. Бүгінгі саясатқа тоқталған халық қалаулысы Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың «Әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы төмендегі бағдарламалық құжаттарда жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

 

Мәжіліс депутаттары ел аралап жүр

 

/«Хабар» агенттігі. 24.11.2012./ - Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен бір топ Мәжіліс депутаттары барды. Олар бір апта бойы өңірдің өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап халықпен бетпе-бет жүздеспек.

Жамбыл өңірі химия саласы бойынша экспортқа өнім шығарушы бірден-бір аймақ. 6 мың адамды жұмыспен қамтып отырған «ҚазФосфат» серіктестігі қазір жаңару үстінде. Биылдың өзінде екі бірдей жаңа цех іске қосылып, өндіріске ендірілген. Соның бірі «Гегсаметафосфат» цехы. Жаңа цех тәулігіне 12 тонна өнімді 100 пайыз экспортқа шығарып отыр. Депутаттар зауыттың экономикалық қуаттылығымен бірге экологиялық тазалығы туралы да сөз қозғады. Кәсіпорындағы қарапайым жұмысшылармен жүздесіп, олардың әлеуметтік жағдайларымен танысты. Химия саласына жас мамандар даярлау жұмысын да назардан тыс қалдырмады. Халық қалаулыларының айтуынша, мұндай іргелі кәсіпорындар толықтай жаңалану үрдісіне көшу керек. Сонда ғана әлемдік рынокта бәсекелестікке қабілеттілік орнайды. «Нұр Отан» мен Коммунистік партия депутаттары тағы да бірнеше нысандарды аралап көрді. Олардың басым бөлігі үдемелі индустриялды-инновациялық жобалар. Мәжілісмендердің Жамбыл өңіріндегі сапарлары бір аптаға жалғаспақ. Осы уақыт аралығында шалғайдағы аудан-ауылдардың ахуалымен де танысу жоспарланып отыр.

Уәлихан БИШІМБАЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ХДП ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Әрине, бұл өңірге жаңа инвесторлар керек. Елбасы уақытысында осы жерде үлкен жиналыс өткізген. Мысалы, «Еурахим» осы жерге қаржысын салса мінекей, азот кислотасы, амияк, хлор қышқылы, азот қышқылы соның негізінде мінекей калли, фосфор азот тыңайтқыштарын шығаруға барлық мүмкіндіктер бар. Бірақ оның бәрін бір жерге жинақтаса, мен ойлаймын бұл Қаратау Жамбылдың өңірінің үлкен экономиканы алға тартатын өндірістер болады. Біздің Қазақстанның экономикасын алға тартатын өндірістер болады.

 

 

«Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының 12-ші конференциясы өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 24.11.2012./ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының 12-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Ұйымның кейінгі екі жылда атқарған жұмыстары сараланып, алдағы міндеттері белгіленді.

«Нұр Отан» партиясы бүгінде үлкен саяси күшке айналды. Ол – жақсылыққа жаршы, кертартпа көріністерге ымырасыз. Қоғамның дамуына тілекші, ал, адамдар тұрмысының жақсара түсуіне ынталы,-деді есепті баяндама жасаған облыстық филиал төрағасы, аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов. Қазір нұротандықтардың облыстағы қатары 100 мың адамға жуық. Екі конференция аралығында бастауыш партия ұйымдарын ірілендіру жұмыстары нәтижелі жүргізіліп, олардың саны 363-ке жетті. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында 2017 жылға дейінгі ұлттық іс-қимыл жоспары айқындалып, негізі міндеттер белгіленген. Алматы облыстық филиалы мен оның саяси кеңесі осы құжатты басшылыққа ала отырып, мемлекеттік бағдарламалардың аймақтағы орындалу барысына партиялық қадағалау жасағаны конференцияда жан-жақты сөз болды. Қазір облыста 19 партиялық бақылау комиссиясы мен 393 партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейді. Нұротандықтардың ұйтқы болуымен өткен жылы облыс көлемінде 3918 қоғамдық-саяси іс-шара өткізілсе, биыл көпшілікке арналған 3,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 513 мыңнан астам адам қатысқан. Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдауына биылдың өзінде 3 мыңға жуық өтініш хаттар түскен. Әрбір өтініш иесіне істің мән-жайына сәйкес заңды кеңес беріліп, көптеген мәселелердің шешім табуына жәрдем берілген. Облыстық партия ұйымы республикада бірінші болып «Нұр Отан» журналын шығарған. Бұл жұртшылықпен байланысты тереңдетуге кең жол ашып отыр.

Зағипа БАЛИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Оң баға беріліп жатыр. Оған қосылам. Себебі, аймақта өте көп мәселе жасалып жатыр. Елбасының тапсырмасымен қаншама бағдарлама, «Балапан» - бағдарлама ретінде балабақша ашылып жатыр, мектеп ашылып жатыр. Жастарға көңіл бөлініп жатыр. Тағы да бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Оған да көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан оң бағаға мен де қосылам.

Людмила ХОТЧИЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
- «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының алдағы жоспарлары үлкен.
Болашақта егеменді елімізді гүлдендіреміз деген Елбасының қойған мақсаттарын жүзеге асырып жеткізуде бүкіл партия мүшелері білекке-білек, жүрекке-жүрек боп жұмыс істейміз.

 

 

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген халықпен кездесті

 

/«КТК». 26.11.2012. Ербол Сейілхан./ - Жиі дауға қалатын тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының орындалу барысын Парламенттегі Мәдени және әлеуметтік даму комитеті қатаң бақылауға алмақ. Жарнамасы жер жарған  жоба аясында күрделі жөндеу жүргізілген Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жай-күйімен танысу үшін бүгін бір топ депутат көшпелі жиын өткізді.

Салынғанына 25 жыл болған бұл тұрғын үй құлаудың аз-ақ алдында тұрған-ды. Қабырғалары қақырап, жылу құбырлары шіріп, шатыры тесілген. Қарапайым халық алғашында биліктің көмегінен бас тартып, біраз шу шығарыпты. Түсіндіру жұмыстарынан соң райларынан қайтып келісімшартқа отырған. Кейін бюджеттен 73 млн теңге бөлініп жарты жылдың ішінде бесқабатты үйге күрделі жөндеу жасалды. Сырты әрленіп, төбесі жаңартылып, жылу жүйелері толықтай ауыстырылған. Бүгін Дариға Назарбаева бастаған бір топ Мәжіліс депутаты мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген халықпен кездесті. Жөндеуге қазынадан несие ретінде бөлінген қаржыны пәтер иелері 15 жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Әр шаршы метр үшін елу теңгеден. Ол әрі асқанда айына мың теңгеден аспайды. Бұл өте тиімді деген Дариға Назарбаева осы жобаға белсене қатысқан зейнеткердің пәтеріне де бас сұқты.

Мәриям Насибуллина, Астана қаласының тұрғыны:

- Үй басқа ғой.Үйлерің қайда кеткен деп таң қалады? Таныстарым, құрбыларым  келеді ғой. Маша  сенің үйлерің қайда кеткен деп әлі күнге дейін сұрап жүр.

 

 

Перуашевке күлсалғыш келіншектің не ойы бар?

 

/«Халық сөзі». 26.11.2012. Заңғар Таудай./ - «Ақжол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевті сәрсенбіде Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан сәтте «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін»  ұлттық коалициясының жетекшісі Жәмила Садықова шағын сыйлығымен қуантпақ болып еді. Алайда депутат сыйлықтан бас тартты. Ол қандай сыйлық дейсіздер ғой? Қып-қызыл көйлек киген белсенді Жәмила Садықова  темекі тұқылдары салынған күлсалғыш ұсынды. Мұндай мазаққа бергігіз әжуаға ақжолдық депутат: «темекі тартпаймын», – деп, азар да-безер болды. 

Жәмила Садықова ханымның мұндай қадамға баруының бір сыры бар. Өзінің айтуынша, А.Перушевтің бұдан сәл ертеректе темекі акциздерін көтеруге қарсылық танытуы тегін емес көрінеді. Өйткені ол өзінің лауазымын пайдалана отырып, темекі өндіруші компаниялардың сойылын соғып жүр-міс. Осылайша сыйлық бермекке Ж.Садықова депутатқа жақындай бергені сол еді, Азат Перуашев журналистер алдында ақталып бақты. Ақжолдық депутат «акциздерді көтерсек, контрафактілік өнімдер толып кетеді. Мен сол үшін қарсы шыққанмын»,– дейді. Бірақ Мәжіліс депутатының әңгімесінің басы Ж.Садықовамен айтысқа бергісіз қақтығыспен басталғанын айтуымыз керек.
 «Мен темекі шекпеймін. Есесіне үнемі спортпен шұғылданамын. Темекі өнімдеріне қос қолымды көтеріп қарсы болатындардың да бірі менмін. Отбасымызда темекіге әуес ешкім жоқ. Және бұл анық. Салауатты өмір салтын ұстану үшін қолжетімді спорт залдары мен техникалық және зияткерлік үйірмелерін әр қаладан ашып қана қоймай, ауылдағы балалар спортпен тегін айналысатындай жағдай жасалуы керек. Қазір спорт залдарында жаттығу бағасы 5 мың теңгені құрайды. Спорт үйірмелері темекі бағасынан арзан болуы керек. Мемлекеттік саясат осымен айналысуы қажет. Осындай экономикалық мәселелерге ерекше назар аударуға тиіспіз. Қазіргі уақытта темекі акциздерінің өсімі жыл сайын 25 пайызды құрайды. Біз онсыз да бұл салаға көп салмақ салып отырмыз. Оны 2-3 есе көбейту бұл салаға қиын болып кетуі мүмкін», – деп қайырды Азат Перуашев.

 «Нұр Отан» партиясының сәл ертеректе ортаға тастаған «темекі бағасын қымбаттату арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» туралы идеясы бар-тын. Соны желеу етті ме, әлде депутатты акциздерді қымбаттатуға қатысты ойынан айнытам деді ме, әйтеуір Ж.Садықова ханым Мәжіліс дәлізінде депутатқа күлсалғышты алуын өтініп бақты. Ал А.Перуашев болса, қайта-қайта: «темекі шекпеймін», – дегенді қайталаумен болды. Айта кететін бір мәселе кімнің темекі шегетінінде емес, акциз бағасын көтеруде болып отыр. Алайда кіші Палата депутатының акциздерді көтеруге табанды қарсылық танытқаны жұрт үшін қызықты болып тұр қазір...

 

 

Астанада мәжіліс ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай конференция өткізеді

 

Kazakhstan Today». 26.11.2012./ - 28 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы парламентаризмінің қалыптасуындағы рөлі" атты конференция өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

"Форум жұмысына белгілі саясаткерлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысады. Осы үнқатысу алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміздің заңнамалық органының қалыптасуы мен дамуындағы айрықша рөлі талқыланады",-деді ресми өкіл.

Бұдан басқа, алдағы аптада Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында және Мемлекет Басшысының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты бағдарламалық мақаласында белгіленген негізгі міндеттердің орындалуы барысын түсіндіру мақсатындағы сайлаушылармен дәстүрлі кездесулерін еліміздің түрлі аймақтарында жалғастырады.

 

 

Сергей Дьяченко Алматы көпір конструкциялары зауытының еңбек ұжымымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі. 26.11.2012./ - Мәжіліс депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бүгін Алматы көпір конструкциялары зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Бүгінде бұл кәсіпорында 500-ден аса адам еңбек етеді. Мұнда негізінен авкөлік, теміржол, ұшу алаңдары үшін қажетті темірбетон конструкциялар шығарылады. Қазіргі таңда зауыт «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының құрылысын көпір қондырғыларымен қамтамасыз етуде. Биыл кәсіпорын бюджетке 600 млн. теңге салық түсірмек. Сергей Дьяченконың еңбек ұжымымен кездесуінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары сөз болды.

Сергей Дьяченко, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары:

– Бұл кездесулердің ерекшелігі – елімізде тұңғыш рет аталып өткелі отырған Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтіп жатқандығы. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келеді. Әлем қауымдастығы тарапынан үлкен беделге ие. Осының бәрі Елбасымыз, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі кездесуде зауыт жұмысшылары да осыны ерекше атап өтті.

 

 

Кереку өңірі 75 жылдығына арналған мерекелік шеруді жалғастыруда

 

/«Хабар» агенттігі. 26.11.2012./ - Павлодар облысының мақтан тұтар жетістігі көп. Соңғы жылдары айтарлықтай табысқа қол жеткізіп, отандық өндірістің жүрегі деген мәртебеге лайық екендігін тағы бір дәлелдеді.

Енді бұл аймақ жаңа бір белесті бағындыруға кірісті. «ЕХРО-2017» көрмесіне өздерінің ғылыми-техникалық әлеуетін ұсынбақ. Павлодар ауылынан ардагерлер хор ұжымы да халықтық ән шашуын ала бармақ.

Ауыл шаруашылығындағы науқан артта қалды. Еткен еңбектің жемісін көрер уақыт келді. Павлодар ауылынан ардагерлер хор ұжымы облыс орталығына осындай көңіл-күймен келді. Үлгілі ұжымның өнерпаздары стахановшылар қозғалысы мен өндірісшілердің ізбасарлары.

Мария СОРОКИНА, ПАВЛОДАР АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОР ҰЖЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ:

-2017 жылы біз де айтулы көрмеге барып, қолдау көрсеткіміз келеді. Біздің Астанаға баруымызға мүмкіншілік жасап жатқаны және сыйақы бергені үшін әкімшілігімізге ризамыз.

Павлодарда бір айдан астам уақыттан бері әр жексенбіде жәрмеңке өтіп келеді. Мұнда тұрғындарға бал, көкөністер мен шұжықтың барлық түрі, сүт өнімдерін ұсынылады.Ең бастысы сапалы өнімді арзан бағаға сатып алуға болады. Фермер Самат Анафин жәрмеңкеге өз шаруашылығында өсірген қаз етін ала келіпті. Бағасын төрт есе арзан сатып жатыр.

Самат АНАФИН, ЖАҢАБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Жақсы өтіп жатыр, қаз акелдік, таза қаз. Халық қалай алып жатыр? Жақсы алып жатыр.

Раушан МҮБАРАКҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

-Облысымыздың 75 жылдығымен бүкіл облыс жұртын құттықтаймын. Және алдымызда үлкен той келе жатыр. Тұңғыш Президент күні болады. Бүкіл Қазақстан жұртын, бүкіл елімізді, бүкіл Отанымызды құттықтаймын. Өте ризамын біздің Президентке.

Өндірісті аймақ ел энергетикасының жартысын қамтиды. 60 пайыз жанар майдың ашық түсті түрін, 100 пайыз алюминий өнімін шығаратын өңір республика өндірісінің жүрегі саналады. Ендігі биік белес-«ЕХРО-2017» көрмесіне қатысу.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, «НҰРОТАН» ХДП ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

-Біздің кәсіпкерлерімізге қатысуына, өздерінің өнімдерін, технологияларын, жаңалықтарын көрсетуге мүмкіншіліктері болады. Әлемдік касіпкерлермен араласып, олардың тәжірибесін біліп қалуға да сондай мүмкіншілік зор. Және де осы біздіңеліміздің ерекше сол Орталық Азияда, ТМД мемлекеттерінің ішіндегі үлкен жетістіктерін соны бүкіл алемге пашетіп, дәлелдеуге мүмкіншілік береді.

Владимир БОБРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

-Қазақстанда өтетін бұл көрме дәлірек айтқанда «Болашықтың энергиясы» мен «Жасыл экономика» қазіргі адамзаттың күтіп отырған арнаулы шарасы.

Әлемдік көрмені біздің ел лайықты әрі жоғары деңгейде өткізетіндігіне павлодарлықтар сенімді. Кереку өңірі тұрғындары қазірден бастап оған қатысу үшін дайындық жасауға кірісті.

 

Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңғыртылған тұрғын үйді көріп қайтты

 

/«Хабар» агенттігі. 26.11.2012./ - 2020 жылға дейін Кеңес заманы кезінде салынып, әбден тозығы жетіп тұрған 11 624 тұрғын үй жөндеуден өтеді.

Бұл үлкен жұмыс Астанадан басталды. Бүгін бір топ Парламент Мәжілісінің депутаттары Күйші Дина көшесіндегі жаңартылған ғимаратты барып көрді. Терможаңғырту тәсілін қолданудың арқасында жылу маусымындағы шығын бірнеше есеге кеміген. Мына ғимарат сексенінші жылдары салынған деп қазір ешкім айтпайды. Алты ай жаз бойы күрделі жөндеу көріп, іші-сырты түгел жаңартылған үйде тұратын адамдардың қуанышында шек жоқ. Арын Тоқшарыновтың бұл жерден баспана алғанына екі жылдай уақыт болды. Көшіп келген кезде ескі кіреберіс пен сылағы түскен қабырғаны көріп тосырқағаны әлі есінде. Биыл мемлекеттің қолдауымен үйді жөндеуден өткізу уақытында терможаңғырту тәсілі қолданылды. Осылайша жылыту маусымындағы шығын бірнеше есеге кеміді.

Арын Тоқшарынов, Астана тұрғыны:

-Ақшасын көбірек төлейтінбіз, 2-3 еседей, бірінші айда квитанция келгенде біз былтырғыдан 3 еседен артық кемірек төлейтін болдық. Азайды, жылуға төлейтін ақшамыз.
2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген ғимаратты мәжіліс депутаттары барып көрді. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражатты тұрғындар 15 жыл бойы бөліп төлейді. Мәселен, 86,5 шаршы метрлік 4 бөлмелі пәтерге ай 4200 теңге деп белгіленсе, оның үштен бір бөлігін мемлекет көмек ретінде, қалғанын пәтер иелері өздері өтейді.

2020 жылға дейін Кеңес заманы кезінде салынып, әбден тозығы жетіп тұрған 11 624 тұрғын үй жөндеуден өтеді. Бұл үлкен жұмыс Астанадан басталып отыр.

Төлеутай Рахымбеков, «ТКШ Қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:
- 2012 жылы Астанада бір моделдік проект болды.
Келесі жылы 4-5 қалада бұл жұмысты жалғастырмақпыз. Мысалы, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында және Қарағандыда. Ал, 2015 жылдан бастап бүкіл қалаларға осы жобаны таратпақшымыз.

Бір топ депутаттар Күйші Дина көшесінің бойында орналасқан үйдің тұрғындарымен жолығып, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады. Келесі айдың басында халықты баспанамен қамту мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өтіп, өзекті жайттар талқыланатын болады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Кезінде КСК арқылы көптеген адамдар алданып кетті. Әрине қазір енді КСК немесе басқарушы компания дейміз, ұйымдарға сенімді қайтару қиын шығар деп ойлаймын. Оған да уақыт керек. Ал осындай әдемі салынған әдемі жасалынған үйлерді басқа азаматтар көріп, өздерімізге осындай жасайық деген сенім туғызса, меніңше ол үлкен мәселе.

 

 

СҚО-ға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады


      
 ҚазАқпарат». 26.11.2012./ - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Роман Ким және Тұрсынбек Өмірзақов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Петропавл қаласы мен Мағжан Жұмабаев ауданының бірқатар нысандарында болды.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, мәжілісмендер өңірдің ірі өңдеу кәсіпорны - «Сүтөнімі» ЖШС-нің жұмысымен таныс болды.

Олар №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешеніне барды.

Мәжіліс депутаттары білім мекемесінің жұмысын жоғары бағалады.

Мәжілісмендер СҚО-ға жасаған жұмыс сапары барысында «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасының іске асырылуымен танысты.

Күннің екінші жартысында ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралады.

 

 

Депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы парламентаризмінің қалыптасуындағы рөлін талқылайды

 

      ҚазАқпарат». 26.11.2012. Руслан Ғаббасов./ - 28 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы парламентаризмінің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өткізеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Форум жұмысына белгілі саясаткерлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысады. Осы үнқатысу алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміздің заңнамалық органының қалыптасуы мен дамуындағы айрықша рөлі талқыланады»,-деді ресми өкіл.

Бұдан басқа, алдағы аптада Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында және Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген негізгі міндеттердің орындалуы барысын түсіндіру мақсатындағы сайлаушылармен дәстүрлі кездесулерін  еліміздің түрлі аймақтарында жалғастырады.

 

 

Астанадағы күрделі жөндеуден өткен тұрғын үй кешенінде коммуналдық төлемдер жағынан елеулі өзгерістер бар

 

      ҚазАқпарат». 26.11.2012. Әбу-Асқар Мекешұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутат Күйші Дина көшесіндегі 37-көппәтерлі тұрғын үйде болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің арнайы уақытша комиссиясының бұл көшпелі отырысы 2012 жылы 7 желтоқсанда өтетін «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі және перспективалары туралы» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымға дайындық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Комиссия мүшелері пәтер иелерінің басқарушы және сервистік компаниялармен, Тұрғындар кеңесі институтымен өзара іс-қимылы моделімен танысты.

Күйші Дина көшесі 37-үй мекен-жайындағы көп пәтерлі тұрғын үйге терможаңғырту арқылы күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі ілкімді жобаны Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес модельдік «Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы іске асырды. «Жоба үйге күрделі жөндеу жүргізу кезінде энергетикалық тиімді және ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланудың пайдалы екендігін көрсету, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен оларға мониторинг жүргізу жүйесін құру, кондоминиум объектісін тиімді басқару механизмін құру, тиімді меншік иесін қалыптастыру құралдарын әзірлеу мақсатында қолға алынған болатын», - дейді компания өкілдері.

Күрделі жөндеуден өткен тұрғын үйге есептегіштерден деректерді қашықтықтан алу қамтамасыз етілетін диспетчерлеу жүйесі енгізілген, үйге ортақ жылуды есепке алу аспабы мен автоматтандырылған жылу пункті орнатылған және осыған байланысты тұрғындар осы жылыту маусымының басынан бастап жылу тұтынуды 25%-ға дейін үнемдей алады.

Ең маңыздысы, жобаның арқасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді кәсіби басқару және сапалы күтіп ұстау алгоритмі іс жүзінде қалыптасты. Қалың бұқара халыққа тарату үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара іс-қимылы моделі» оқу құралы әзірленді.

Тұрғындар үйді жөндеу жұмыстары үшін 15 жыл (Бағдарлама бойынша 1 шаршы метрге - 48 теңге 54 тиын) төлем жүргізетін болады. Мысалы, көлемі 86,5 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтерге ай сайын 4200 теңге төленеді. Шығындардың шамамен үштен бірін тұрғын үй көмегі ретінде мемлекет төлейді. 2012 жылы Күйші Дина көшесіндегі 37-үйдің тұрғындары 20,5 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегін алды.

«Заманауи энергия үнемдеу технологияларының арқасында жөнделген үйде коммуналдық төлемдер және жылу тұтыну бойынша үнем 70%-ға дейін жетеді. Тіпті, қазір-ақ пәтер иелері жылу үшін ақы төлеу туралы түбіртектеріне қарап, үйге жүргізілген жөндеудің тиімділігін сезіне бастады», - дейді Модельдік «Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы өкілдері.

Мәселен, терможаңғырту жүргізілмеген үйлердің тұрғындары алаңы 35,7 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтер үшін жылуға 1343 теңге төлеулеріне тура келсе, Күйші Дина көшесіндегі 37-үйдің пәтер иелері алаңы 58,8 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтер үшін жылуға айына небәрі 559 теңге ғана төлейтін көрінеді.

Модельдік «Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы бұдан әрі де үйдің жай-күйін қадағалап, оған ортаға ешқандай делдал салмастан, тікелей қызмет көрсететін болады.

Сенат бюросының отырысы

 

/«Егемен Қазақстан». 27.11.2012./ - Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды. Онда Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына берілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және заңнамаға Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көз­дейтін заң жобаларын одан әрі пысықтау үшін бас комитет бо­лып белгіленді.

Экономикалық даму және кә­сіп­керлік комитеті кейбір заңна­ма­лық актілерге әлеуметтік ма­ңы­зы бар мемлекеттік қызмет­тер­ді оңтайландыру және авто­мат­тан­дыру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы бойынша бас комитет болды.

Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Қаржы және бюджет комитетіне «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» және «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне салық мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары берілді.

Бюрода 2012 жылғы 29 қа­ра­шада болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі талқы­лан­ды.

 

 

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында «Ұлт тірегі – Елбасы» атты форум өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 27.11.2012./ - Маңғыстау жұрты тұңғыш Президент күнін мерекелеуді бастап кетті. Ақтау және Жаңаөзен қалаларында «Ұлт тірегі – Елбасы» атты форум өтті.

Саяси-қоғамдық шараға аймаққа арнайы келген бір топ сенат және мәжіліс депутаттары қатысты. Халық қалаулылары сапары аясында Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, жұмысшылар жайымен танысты. Саяси маңызы зор шара «Біздің Елбасы» фотокөрмесінен басталды. Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолдарын ашып көрсететін суреттер қойылған. Форумға жиналғандар көшбасшының мемлекетті қалыптастыру мен оны нығайтудағы еңбегі жайлы келелі әңгіме өрбітті. «Бүгінде Елбасының орасан жетістіктері халық тарапынан зор қолдауға ие. Сондықтан Тұңғыш Президент күнін атап өту арқылы – жастардың бойындағы отаншылдық қасиеттерді арттырып, елін сүйетін патриоттарды тәрбиелейміз», дейді мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Сөз бастайтын шешен қажет, қазақтың өзінің дәстүрі сол, көш бастайтын ер қажет, көсем қажет деген. Міне, сондай көсем дәл кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Ол өзіне тарихтың жүктеген миссиясын абыроймен сол кезеңнің өзінде, ең сындарлы кезеңде атқара білді.

Бүгінде қазыналы түбек экономикасы қарыштап дамып, тұрмыстық жағдайы арта түсуде. Облыстағы бір Жаңаөзен қаласының өзіне ел қазынасынан 15 млрд теңге бөлініп, қаланың дамуына жұмсалып жатыр. Биылдың өзінде 17 әлеуметтік нысан бой көтерген. Шаһарға ат басын бұрған халық қалаулылары Жаңаөзен келбетінің заман талабына сай жаңарғанын байқады.

Гүлнәр СЕЙТМАҒАМБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Қала көріктенген, ажарланған. Жаңадан әлеуметтік нысандар салынып жатыр, жаңадан қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер салынып жатыр. Жолдар жөнделуде, абаттандырылуда. Мұның бәрі де Елбасының тікелей жасап отырған жұмысы.

Елбасы қамқорлығын сезінген Жаңаөзен жұрты сәйкесінше адал еңбек етіп, қаланың дамуына өз үлестерін қосуда. Парламент депутаттары бас сұққан «Жанарыс» тігін фабрикасында 400 қыз-келіншек 2 ауысым бойынша жұмыс істеуде. Шеберлер тек Жаңаөзен емес, көрші Атырау, Ақтөбе, қызылордалық мұнайшылар үшін арнайы киімдер тігуде.

Депутаттар қала жастарымен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайымен танысты.

Гүлнәр АҒАТАЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Біздің кішкентай қалада күшті-күшті мектептер, жаңадан 6-шағын ауданда үйлер салынып жатыр. Соның бәрі біз ойлаймыз біздің Елбасының арқасында. Ол халықпен жақсы тіл табысады. Мен мұғалім ретінде көп-көп рахмет айтқым келеді. Мына 1-желтоқсанда біз Елбасы күнін атап өтеміз. Сол мерекемен барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын.

 

 

Қазақстанда парламентаризмді қалыптастырудағы Елбасының рөлі арнайы конференцияда талқыланады

 

/«ҚазАқпарат». 27.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - 28 қарашада Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өтеді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған шара Тұңғыш Президент күніне орайластырылып отыр. Осынау өкілетті форумға белгілі саясаткерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысады. Осы үнқатысу алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің заң шығару органының қалыптасуы мен жетілуі жолындағы ерекше еңбегі жайында талқыланады, пікірлер айтылады.

 

 

Мәжіліс депутаттары БҚО денсаулық сақтау саласының басшы-мамандарымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат». 27.11.2012. Елжан Ералы./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Виктор Киянский, Елена Тарасенко, Шафхат Өтемісов және Самиғолла Оразов бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасында болып, осы сала басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет қатысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов депутаттарға облыстың денсаулық саласында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен халықтың денсаулығын қорғаудағы түйткіл мәселелерді сөз етті. Депутаттар облыста науқастарға арнаулы медициналық көмек көрсетуде, адамдардың өмірін ұзарту бағытында қандай жұмыстар қолға алынып жатқанына ерекше назар аударды. Облыста қатерлі ісік дертіне шалдығу жиілегенімен, осы фактордың кесірінен өлім-жітім азайды. Демек, бұл - аталмыш диагнозға қатысты ем-дом сапасы артқандығының айғағы. Өйткені ауруды ерте анықтаса, тез сауығуға мүмкіндік болады. Бұл - дәрігерлердің аурудың алдын алу бағытында жүргізген нақты жұмыстарының нәтижесі.

«Біздің бұл жолғы келгендегі басты мақсатымыз - «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жергілікті жерлерде қалай жүзеге асып жатқанын өз көзімізбен көріп, кемшін жақтары болса көмек беру»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шафхат Әнесұлы.

Депутаттар бұдан кейін облыстық клиникалық ауруханасында, облыстық онкологиялық диспансерінде, облыстық кардиология орталығы және №1 қалалық емханада болып, дәрігерлермен, науқастармен әңгімелесіп, қазіргі заманғы жаңа медициналық жабдықтардың жұмысымен танысты. Бүгін депутаттар Бөрлі ауданында болмақ.

 

Жылуды үнемдеудің жолы бар

 

/«Айқын». 27.11.2012. Бейсенбай Дәулетұлы./ - Кеше Мәжілістің Әлеуметтік-мәде­ни даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутаттар Ас­тана қаласы, Күйші Дина көшесіндегі №37 көпқабатты үйге арнайы келді. Ха­лық қалаулылары «Тұрғындарды баспанамен қамтудың жай-күйі және келешегі» тақы­рыбындағы Парламенттік тыңдауға қа­тысты көшпелі отырысын осылайша ел­дің ортасында өткізуді жөн санапты. Мұ­ның да өзіндік себебі бар. Таяуда ғана терможаңғырту арқылы күрделі жөндеу­ден өткен ғимарат мүлде жаңа кейіпке енді.

Соңғы кездері қолға алынған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң­ғыр­тудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Астана-Қызмет» компаниясы алғашқы пилоттық жоба ре­тінде тоз-тозы шыққан №37 үйді таңдап алыпты. Қабырғалары жарылып, шатырынан су сорғалап, жертөлесі толған бас­панада тұрғындар лажсыздан тұрып жат­қан.

Жобаға сәйкес 73 миллион теңге бө­лін­ген соң құрылысшылар бір жаз бойы ты­нымсыз еңбек етіп, қазіргі қалпына кел­тір­ген. Депутаттардың қызығушы­лы­ғын тудырғандай бұл көпқабатты үйдің қан­дай ерекшелігі бар? Соған тоқта­лайық.
Біріншіден, жөндеу жұмыстары барысында пәтер иелерін толықтай ортақ іске жұмылдыру үшін Тұрғындар кеңесі институты енгізілген. Өйткенi кейбір отбасылар басталған істі түсінбей, кері тар­татындығы белгілі. Жалпы, баспанаға қа­тыс­ты барлық мәселелер Тұрғындар кеңесінде ашық түрде талқыланып, өз шешiмін табуға тиіс. Кеңес басым дауыспен қабылдаған шешімге барлығы бағынуы керек. Екіншіден, есептегіштердегі мәліметтерді қашықтықтан алуды қамтамасыз ететін диспетчерлеу жүйесі қолданысқа түсті. Мұнда тұтынушының есептегішіндегі деректерді бұрынғыдай әрбір есікті қағып, жекелеп сұрамайды. Диспетчерлік жүйе арқылы қалаған уақы­­тында біле алады. Үшіншіден, үйге ортақ жылуды есепке алу құрылғысы мен автоматтандырылған жылу пункті орнатылып, тұрғындар дәл қазіргі кезде жы­луға кететін шығынды 70 пайызға үнем­деп отыр. Мәселен, 35 шаршы метрді құ­рай­тын пәтеріне астаналықтар 1343 теңге төлесе, Күйші Дина көшесіндегі бұл ғима­ратта 58 шаршы метрді қамтитын 3 бөл­мелі пәтердің иесі 560 теңге төлеуге кө­шіпті. Бұл кісі айтса нанғысыз жеңілдік емес пе? Төртіншіден, пәтер иелерінің бас­қарушы және сервистік компаниялармен өзара оңтайлы іс-қимылы сынақтан өткізілді. Соның нәтижесінде жоғарыда­ғыдай жетістікке жетті.
Ескі үйде есі шығып отырғандарды ес­терінен танғанша қуантқан кім? Оларға қаржыны қайдан бөлді. Тарқатып көрейік. Жалпы, еліміздегі тұрғын үйлердің 32 па­йызы әбден тозғандықтан күрделі жөн­деуді қажет етеді. Тоғыз жылға жалға­са­тын мұндай жұмысты жүзеге асыру үшін қазынадан 300 миллиард теңге жобаланып, әлгі жөндеуді керек ететін 32 па­йыз­ды, 10 пайызға дейін төмендету көзделуде. Алғашқы жылы еліміз бойынша 554 көп­қа­батты нысан таңдалып алынып, жертө­лесінен бастап шатырына дейін жаңар­тылған. Биыл тізімге 486-ы ілініп, құлауға шақ қалған ғимараттарды көздің жауын алатындай етіп, қайта жасауға 13 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның ішінде 8-і Астана қаласында. Мемлекеттің қа­зынасынан қаралған 73 миллион теңгені №37 үйдің тұрғындары 15 жылда қайта­руы тиіс. Бірақ қорқатындай ештеңе жоқ. Бағдарламаға сәйкес бір шаршы метрге 48 теңге 54 тиыннан есептелген. Мысалы, 86 шаршы метр болатын 4 бөлмелі баспана қожайыны ай сайын 4200 теңге төлеуге міндетті. Ал әлеуметтік жағынан аз қам­тылған, табысы төмен отбасыларға бюджеттен тұрғын үй көмегі берілгендіктен, кейбір отбасылардың төлемақысы мұның жартысына да жетпейді. Мемлекеттен 20 миллион 500 мың теңге тұрғын үй кө­мегі таратылғандықтан, қалған қарызды қайтару қиындық тудырмайтын шығар деп санайды жауапты мамандар. Өйткені жаңаланған коммуналдық жүйелерден үнемделетін ақшамен-ақ жөндеу жұ­мысына берілген қарызды төлеуге болады. «Жертөлеге түспек түгілі, иісі сырт­тағы адамға сезілетін. Әбден жаңбыр мен қар суы толып, апатты жағдайға жете бастаған еді. Сатсаң ешкім алмайды, еш­қай­да қаша алмайсың... Міне енді, танымастай болып өзгерді. Тиісті төлемақы­мыз­ды төлейміз, барлығыңызға рақ
мет», - дейді қуанған тұрғын үй кеңесінің мүшесі Ольга Кекк.
Шыны керек, кейінгі кездері көппәтерлі тұрғын үйлерді қалыпты ұстап тұруда талай қиындықтар мен кедергілер адымымызды аштырмай жүр. Аталған жоба арқасында бірқатар тың бастамалар сы­нақтан сәтті өтіп, тіптен «Тұрғын үй - ком­муналдық шаруашылық субъектіле­рінің өзара іс-қимылы» оқу құралы да әзірленіпті. Егер өзге де баспана иелері ор­тақ шешімге келіп, 8 8000800012 (ақы­сыз) телефонына хабарласса «ҚазЦентр ЖКХ» мекемесі ақпараттық-кеңес беруден қашпайды. Үкіметтік бағдарламаға сәйкес жаңадан жүргізіле бастаған жобаны Мәжіліс депутаттары да қызыға тамашалап, толығымен қолдап отыр. Мұндағы тәжірибелер алда Парламенттік тыңдау­ларда да талқыланады.

 

Қазақстанның елшіліктерінің ғимараттары лайықты жоғары деңгейде болуы керек - Ғани Қасымов

 

/«ҚазАқпарат». 27.11.2012. Руслан Ғаббасов./ - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутат Ғани Қасымов алдыңғы қатарлы елдерде Қазақстанның елшіліктерінің лайықты жерде орналасуы мен бұл ғимараттардың сәулеттік жағынан және көлемі бойынша еліміздің мәртебесіне сай салынуы тиіс екенін атап өтті.

Оның пайымдауынша, әлемнің кейбір дамыған елдерінде Қазақстанның елшіліктерінің ғимараты лайықты емес. «Мәселен, осы нысандардың кейбірінің алдында автокөлік қоятын жер жоқ. Кейіннен автотұрақ мәселесі бойынша айыппұл салынғаны үшін еліміздің дипломаттарын жұмыстан босатып жатасыздар. Бұл жерде шын мәнінде дипломаттардың кінәсі жоқ қой. Атап айтқанда, машина қоятын жерлер қарастырылмаған»,-деді депутат ҚР Сыртқы істер вице-министрі Амангелді Жұмабаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде осы мәселе бойынша депутаттың сауалына вице-министр жауап қайтарды. «Мен сізбен толық келісемін. Себебі, кезінде, яғни 10-15 жыл бұрын аталған елдерде ғимарат алғанымызды қанағат тұтытып, осындай қадам жасағанбыз. Қазіргі кезде бұндай мәселелерді көтеруге уақыт жетті. Осындай ескертулер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруға дайынбыз»,-деді А. Жұмабаев.

Сенатор Ғани Қасымов Қазақстан көптеген халықаралық институттарда көшбасшы болып отырғанын, сондай-ақ еліміздің әлемдегі мәртебесі мен Елбасының беделі арқылы қол жеткізілген имиджді қолдап отыру керектігін атады.

Осы орайда Үлкен саяси шешімдер жасалатын елдердің астаналарында Қазақстанның елшіліктерінің ғимараттары лайықты жоғары деңгейде  болуы керектігін қадап айтты.

Айта кетейік, бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

 

Бүгінгі басқосу бұрынғыдан өзгерек

 

/«Алаш айнасы». 28.11.2012. Ахмет Кәрім./ - Бүгінгі басқосу бұрынғыдан өзгерек. Оны көпшілік бірден байқады. «Стандарт» жиынға ұқсамады. Емен-жарқын әңгіме түрінде өрбіді. Айтып отырған алқалы басқосуымыз – Ақтауда өткен «Ұлт тірегі – Елбасы» форумы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен форумды Маңғыстау облыстық әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушылар ашық алаңда пікір қазанын қыздырды.

Мемлекет қайраткері Есетжан Қосы­баев: «Мен Ақтауға келер алдында форум қай форматта өтеді екен деп ойланған едім. Өте риясыз әңгімені көріп, ресми баян­дамамды оқуды жөн көрмей отыр­мын. Пікірімді боямасыз бер­гім келеді», – де­ді. Ал облыстың зия­лы қауымы мәрте­бе­лі меймандарға өз­дері қызықтырған сауал­дарды қойып, фо­румды нағыз пікір­талас алаңына ай­нал­дырды.

Ащы тамырдың тәтті жемісі

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпыхалық­тық сайлауы өтті. Ол сайлауда ел Нұр­сұл­т­ан Әбішұлы Назарбаевты таңдады. Ара­да небәрі жарты ай өткенде Қазақстанның Тәуел­сіздігі жарияланды, яғни тарихы­мыз­дың жаңа дәуірі басталды. «Бұл  біз­дің өз тағдырымызды өзіміз айқындауы­мызға алғашқы нақты қадам жасаған күні­міз еді», – дейді Конституциялық Ке­ңес­тің төр­аға­сы Игорь Рогов.

Ал 90-жылдары экономикалық дағ­дарыс кезеңінде парламент қабырға­сын­да түнеп, тер төккен тұстарын еске түсірді. «Азат­тық таңы атқанда қалың қазақ жұр­ты қуан­ды. Бірақ Тәуелсіздіктің тұғырын ны­ғай­ту оңайға соқпады. «Сөз бастайтын шешен керек, көш бастайтын көсем ке­рек» деген. Сол қиын-қыстау кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы елді тығырықтан алып шығып, кемел келешекке бастайтын батыл қадам­дар жасады. Сындарлы сәтте сарабдал саясат жүргізді. Біз де Елбасыға қолғанат бола білдік. 90-жылдары халық жұмыссыз болды, зейнетақы, жәрдемақы берілмеді, митингтер жиі болды. Сол кезде Елбасы халық­пен сөйлесті, үмітін оятты. Біз де қа­рап жатпадық, таңның атысы, күннің ба­тысы заң жаздық, заң қабыл­дадық. Оның бәріне Тұңғыш Пре­зидент қатысты. Міне, сондай қиын кезеңді бастан өткер­дік», – деді Қуаныш Сұл­танов.

Маңғыстау облысының әкімі Бауыр­жан Мұхаметжанов сол жылдары Елба­сы­ның әрбір заңды мұқият, егжей-тег­жейлі саралап, қабылдағанын жеткізді. «Бір мысал келтіре кетейін, Қылмыстық кодексті жазып, Нұрсұлтан Әбішұлына апарып бердік. Ол кісі кабинетінде қалың құжаттың әр сөзін оқып, кем-кетігін түзеп берген еді», – деді облыс басшысы. Бауыр­жан Әлім­ұлы Тұңғыш Президенттің сезім­тал­ды­ғына, сергек­тігіне таңғалға­нын айтты. «Өзі заңгерлік білім алмаса да, бізге, яғни заңгерлерге заңдағы қа­ра­ма-қайшылық­тар мен нәзік нәрселерді дәл көрсете біле­тін», – деп атап өтті.

Елбасының кісілік келбеті пен қажыр-қайраты, көреген саясаты бүгінде нәтиже берді. «Түн ұйықтамадым, күндіз отырма­дым түркі баласы үшін» деп түркі қаған­да­ры айтқандай, Елбасы үшін де, ел азамат­та­ры үшін де, халық үшін де Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдары ауыр да, сындарлы кезең болды. Соның арқасы шығар бүгінде шүкіршілік етушілер көп. Иә, ащы тамырдың тәтті жемісі деген осы шығар...

«Елбасының үлкен жеңісі – Қазақстанның қазіргі шекарасын көрші елдерге мойындатуы және оны бекітуі»

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов: «Елбасының ерлігі көп, оның ішінде ерек­ше бөліп айтарлығы – Қазақстанның ше­ка­­расын заңдастыруы», – деді. «Кейбір ғалым­дар бізде шекара бұрыннан болған деп айтады. Иә, дұрыс, бізде шекара бұ­рын­нан болған. Бірақ ешқандай құжатпен заң­дастырылмаған, көрші елдер мойын­дамаған. Керек десеңіз, Қытай елі Шу өңірін өз жері етіп көрсетіпті оқулықта­рын­­да. Сол кезде Қытайда елші едім, құзы­­ретім­ді пайдаланып, Қытай үкіметіне нота да жазғанмын. Қытай Қазақстан ұсынған құжатты мойындады. Шекара туралы құжатқа қол қойдыру оңай шаруа болған жоқ. Оның өзі – Нұрсұлтан Назар­баевтың үл­кен жеңісі», – деді Қуаныш Сұлтанов. Ресей де, Өзбекстан да, Қыр­ғыз­стан да, Түрік­менстан да мемлекеттік шекарамызды мойындады. Бұл – тарихи шындық, тарихи оқиға.

Елбасының көрші елдердің басшы­ларымен кездесуі кезіндегі қызықтары туралы айтып беруді сұрады қатысушы­лардың бірі. Қуаныш Сұлтанов Б.Ельцин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың шекараны бекіту туралы келіссөзі үстінде айтылған астарлы қалжыңды баяндап берді: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Қашағанды Ресейге бересіз бе?» – деді Борис Николаевич. Сон­да Н.Назарбаев: «Жарайды, олай бол­са, Орынборды қайтарып бересіз бе?» – деген екен». Осы әңгімені іле-шала Бауыржан Әлімұлы жалғастырып әкетті: «Қашаған кен орнына қатысты сөйлесіп жатқанда біз қасында болып едік. Нұрсұл­тан Әбішұлы Каспийдің картасын қолмен сызып, көрсете бастады. «Нурсултан Абишевич, будем по-братски делить?» – деді Борис Николаевич. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы: «По-братски 70 лет делили. Давай­те, по-справедливости делить», – деді. Қашаған кен орны Аты­рау­дың ғана емес, Қазақстанның эконо­микасының да­муы­на қуатты серпін бере­ді», –  деді Бауыр­жан Әлімұлы.

Ал Қуаныш Сұлтанов тағы бір қызық жайтты айтты. Түрікменстан Президенті Сапар­мұрат Ниязов Нұрсұлтан Әбішұлы­на: «Маңғыстау жері – түрікмендердің жері. Бәлкім, өзімізге қайтарарсыз», – депті. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев: «Адай­лардың Ашхабадты жаулап алма­ғанына қайта рақмет айтыңыз», – деп қалжыңдапты. «Мемлекеттік мәселелер кейде осылай шешіледі», – деді Қуаныш Сұл­танов.  

Тұңғыш Президенттің Астананы Ал­ма­тыдан көшіріп, Сарыарқа өңіріне әкелуі де көрегендік екен. Бүгінде бағам­дап отырсақ, Елбасының көкейіндегі ой – Тәуелсіздік тұғырын нығайту, жаңа қоғам құру ісі екен. Астананың көшіп келуімен Қазақстанның солтүстік аймағы, шекарасы нығайтылды. «Қазақтың бес облы­сы – Ресей жері» деген түсінік жо­йыл­ды. Оны­мен тоқтамай, солтүстік ай­мақ­тағы этно-демографиялық жағдайды рет­тестірді.

Халық жазушысы Шерхан Мұртаза: «Солженицын, Жириновский дегендер­дің осы солтүстік бес облыс Ресейдікі деп сан­далғаны қайда?! Тағынан таярда Горбачев та осындай бір сандырақты ай­тып қалған. Арқа тыныш болса, орталық­ты Алматыдан Ақмолаға көшіріп неміз бар?! Президенттің осы көрегендігін кей­біреулер әлі күнге дейін түсінбейді. Тәуел­сіздікті сақтап қалудың ең дана жолы осы еді ғой. Сол жолды тапқан тұң­ғыш Президентке мың алғыс айтпаймыз ба?!» – деген болатын.

Л.Н.Гумилев адамзат өркениеті тари­хы­ның қозғаушы күші, батыл ойларды жүзеге асыруға қабілетті күш – пассио­нар­лық күш түсінігін айқындап берді. Пассионар тұлға деп қоршаған орта мен өзін-өзі өзгертуге күш-қуаты бар қабілетті адамдарды атаған. Ол – адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Кемел келешекті көре білген жә­не соған бұқараны бастаған Нұрсұлтан Назар­баев – нағыз пассионар тұлға.

 

 

Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесті

 

/«Қазақстан ТРК». 28.11.2012./ - Елімізде кітапханашы мамандар жоқтың қасы. Осы саладағы қызметкерлердің тең жартысынан көбі - елу жастан асқандар. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесуінде сөз болды. Халық қалаулылары Қуаныш Сұлтанов, Мәулен Әшімбаев пен Гүлнар Ықсанова әлеуметтік сала мамандарының тілегіне назар салды. Кітапханашыларды даярлайтын бізде 6 жоғары және 15 орта арнаулы оқу орны бар. Бірақ, жыл сайын түлектердің тек 12 пайызы ғана өз мамандығы бойынша қызметті таңдайтын көрінеді. Бұдан өзге Ұлттық кітапхана ұжымын кітап қорының сиреп бара жатқандығы мазалайды. Жеке баспалардан шығатын әдебиеттер ел кітапханаларына түспейді, ал, мемлекеттік тапсырыспен басылатын кітаптардың өзі - жеткіліксіз. Рухани сала мамандарының базынасын депутаттар Парламент қабырғасында көтеруге уәде етті.

  Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі: 

Жұмыс істеп жатқан бірнеше үлкен Заң жобамыз бар. Елдің тікелей қауіпсіздігіне қатысты Заң жобалары. Терроризмге қарсы бағытталған, екіншісі, мемлекеттік шекараға қатысты. Негізгі  мақсаты - шекараны қорғау, әртүрлі жағдайларды болдырмауға байланысты баптарды кіргізу сынды жобалармен жұмыс істеп отырмыз.

 

 

Биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 20 жыл толды

 

/«Хабар» агенттігі. 28.11.2012./ - Семейде осы мерейлі датаға орай салтанатты жиын өтіп, оған Қорғаныс министрлігінің өкілдері,осы әскери құрылымды әр жылдары басқарған генералдар, соғыс, еңбек ардагерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Бүгінде жауынгерлік дайындығы жағынан құрлық әскерлерінің үздігі саналатын қолбасшылық өткенге көз жіберіп, алдағы міндеттерді саралады.

Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тарихы еліміз Қарулы күштерінің құрылуымен тығыз байланысты. 1992-жылы қараша айында Түркістан әскери округіне қарасты әскери бөлімдер негізінде Армия корпусы құрылып, штаб Семей қаласына орын тепті. Кейінірек Елбасы жарлығына сәйкес корпус «Шығыс» әскери округі болып қайта құрылды.Осы округте 2 мәрте қолбасшы болған генерал-лейтенант, халық қаһарманы Бақытжан ЕртаевОдақ тарап, жас мемлекет өз әскерін жасақтап жатқан жылдары қиындықтар аз болмағанын айтады.

Бақытжан ЕРТАЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

-Шам жоқ, жанармай жоқ, тамақтың өзі қиындау болды. Сарбаздарымыз, ол кезде армия үлкен еді. Соған қарамай, біздің Президентіміз еліміздің экономикасын көтерсе де, бізді ұмытқан жоқ. Бізге қолын беріп, әскери саланы ойлап көтере бастады. Міне, біз 20 жылдан астық. Елмен бірге өсті. Әрине ол қиыншылықты ұмытпау керек, сол қиыншылықты жеңе білдік.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 20 жылдың ішінде бірнеше халықаралық оқу-жаттығуларда өздерінің ширақтығын, әскери дайындығының жоғарылығын дәлелдеп еліміздегі құрлық әскерлерінің үздігіне айналды.Семейдегі сапер бригадасының сарбаздары Иракта да минадан тазарту жұмыстарын абыроймен атқарып қайтты. «Шығыс» әскерлеріжауынгерлік дайындық бойынша еліміздеөткен республикалық сайыста да топ жарды.

Мұрат МАЙКЕЕВ, ҚР ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

-Бірінші орын алғаны ол осы біздің сайыста ол үлкен үлкен офицерлердің, солдаттар мен сержанттардың ерен еңбегінің нәтижесі. Мен қорғаныс министрінің атынан, қарулы күштер атынан шын жүректен құттықтаймын «Шығыс» әскери аймақты тек қана денсаулық пен бақыт. Біз Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға дайынбыз.

Елбасының тікелей қамқорлығы арқасында бүгінде Шығыс өңіріндеқорғаныс-өнеркәсіптік кешені құрылды. Енді жаяу әскерлерге арналған әскери техника мен танктерді өзімізде жөндеп, уақыт талабына сай жаңғыртуға болады. Әскери құрылымның 20 жылдығына арналған салтанатты жиын соңы өнерпаз әскерилер мен жергілікті ұжымдардың концертіне ұласты. Патриоттық жырлар мен Абай әндері шырқалып, ұлттық би орындалды.

 

Тұңғыш Президент күні - маңызды мереке

 

/«Хабар» агенттігі. 28.11.2012./ - Тұңғыш президент күні тарихи мерекеге айналуы тиіс. Себебі, Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі айрықша дейді қоғам қайраткерлері.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың айтуынша, бүгінгі жастар елбасының тарихи ерліктерін біле түсуі керек. Сондықтан егеменді елдің жүріп өткен жолын тану үшін тұңғыш президент күні мен «Назарбаев оқуларының» маңызы зор.

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Президент сіз бен біз секілді қарапайым адам. Оның да жүрегі дархан, көңілі кең, романтик. Дегенмен, ол дара тұлға. Қазақтың маңдайына бұйырған бірегей көшбасшы. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қазір Қазақстанды әлем таныды, мойндады. Елбасының көрегендігі мен келешекке деген нық сенімі бүгінгі жетістіктеріміздің жемісі. Талай қиын-қыстау кезеңдерді халқымен бірге өткерді. Сондықтан бұл мерекенің тарихи мәні зор деп білем.

 

 

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризмді

 қалыптастырудағы рөлі талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 28.11.2012./ - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі парламентаризмді қалыптастырудағы рөлі зор. Бүгін бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Астанада өткен конференцияда жан-жақты талқыланды.

Сонау қиын кезең саналған 90-шы жылдары Қазақстанның кәсіби парламентінің тарихы басталса, қазіргі таңда ол елбасының әлеуметтік, экономикалық, саяси бастамаларын сапалы заңмен бекіткен іргелі заң шығарушы орган саналады. Осы уақыт аралығында Парламент 2 мыңнан астам заң қабылдады. Әр шақырылым сайын 500-ге жуық заң жобасын талқыланады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті жаңғырту мен демократияландыру саясатының негізгі бағытының бірі – осы парламентаризмді дамыту болды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәуелсіздік алған күннің алғашқы сағатынан бастап елбасы Н.Назарбаев парламентаризмге айрықша көңіл бөлді. Елімізде парламенттің рөлін атқару, елімізде құқықтық кеңістігін қалыптастыруда парламенттің шешуші рөл атқаратындығын белгілеген Н. Назарбаев.

Қуаныш Омашев, ардагер металлург:

- Ата заңымызда айтылғандай Қазақстан зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Ішкі және сыртқы саясатын айқындады. Бұл 100 астам ұлттың басын біріктіріп, бірлігін жарастырған, көш басшы бола білген Н. Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі.

 

 

Оралда «Менің отаным – Қазақстан» туристік экпедициясының

 кеңейтілген кеңесі өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 28.11.2012./ - Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында мәжіліс депутаттарының қатысуымен «Менің отаным – Қазақстан» туристік экпедициясының кеңейтілген кеңесі өтті.

Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қалдам» атты бағдарламалық мақаласында білім беру мекемелерінде «Өлкетану» курсын енгізу туралы тапсырма берген болатын. Туристік-өлкетану жұмысы арқылы балалардың отансүйгіштік сезімі, азаматтық көзқарасы қалыптасады. Оқушылардың туған өлке туралы білімін толықтырып, туған жерді сүюге тәрбиелейді. Батыс Қазақстан облысында бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экологиялық орталықтардың саны 21 болса, соның 14-і осы Батыс Қазақстан облысында жұмыс істеуде. Кеңеске қатысушылар еліміздің білім министрлігіне оқу мекемелерінде «Өлкетану» курсы енгізілуіне байланысты іс-шаралар жоспарын жасап, аймақтық балалар туризмі орталықтарын ашуды және олардың материалдық техникалық базасын нығайтуды, педагог-туристік кадрлардың біліктігін көтеру жүйесін жетілдіруды ұсынды. Енді облыстағы барлық аудандарда балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2013-2015-жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге аса бастайды. Бұл жұмыстар үлкен нәтиже береді деген сенімдеміз,- дейді кеңеске қатысушылар.

Самал ӘБІЛОВА, ОҚУШЫ:

-Негізі өлкетану дегеніміз біздің табиғатымызды, қоршаған ортаны қорғау, оны ешқашан бөтен нәрселермен салыстырмай, арқашан да қадір тұту, құрметтеу болып табылады. Өлкетану сабағы өтеді бізде. Зерттеу жұмыстары болады.

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-Осындай орталықтар менің ойымша сол жұмыстың негізін құрайды деп ойлаймын. Осындай шаралар мен осындай орталықтардың жұмыстары арқылы біз жас ұрпақты өз тарихын білуге, өз туған жерін сүюге ынталандырамыз деп ойлаймын.

 


Сенат комитеті жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын талқылады

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда сенаторлар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасын талқылады.

Еске салсақ, заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу. Құжат еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқық­тық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куә­лігі, шетелдіктің тұруға құқық бе­ретін және республикада тұрақты тұ­ратын азаматтығы жоқ азаматтың же­ке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжат­тар­дың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құ­зыр­лы орындары берген бұл құ­жаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру жә­не жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелген.

Сенатта талқылау барысында заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, заң жобасына Қазақстанның Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде қарастырылған жағдайларда жүргізуші куәлігі мен әскери билетті жеке басты куәландыратын құжаттар ретінде тану туралы толықтыру енгізу көзделіп отыр. Құжат палатаның қарауына жіберіледі.

 

 

Мемлекеттіліктің тарихи күнін Тұңғыш Президентпен байланыстырып атап өтудің еш әбестігі жоқ

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Мемлекеттіліктің тарихи күнін Тұңғыш Президентпен байланыстырып атап өтудің еш әбестігі жоқ. Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында сөз сөйлеген заңгер, профессор Мақсұт Нәрікбаев осылай мәлім етті.

«Әлемдегі біраз мемлекеттерде Президент сайлау арқылы, не болмаса сол мемлекеттегі заң тұрғыдағы шешім арқылы өз лауазымына отырған күні елмен еленеді. Тіпті кейбір мемлекеттердегі жұртшылық өзінің сүйген басшысының туған күнін атап өту дәстүрін мерекеге ұластырады. Бұл неге жат болсын? Елбасы өзі көптеген марапаттаудан бас тартып келгені белгілі. Дегенмен, 20 жыл өткеннен соң мемлекетіміздің тарихи датасын атап өту, оны тойға айналдырудың еш әбестігі жоқ. Президент сонау кеңес одағының қаңқасында қолымызға тиген егемендіктің туын көкке көтеріп, елдік іргетасты сапалы қалауға күш-жігерін паш еткен тұлға», - деді М. Нәрікбаев.

Оның айтуынша, кез келген мемлекеттің тұңғыш басшысы секілді біздің Президенттің мойнына да ауыр әрі жауапты үлес тиді. Н. Назарбаев басқарушы ретінде партияның, мемлекеттің, басқарудың көпжылдық мектебінен өтті, мемлекеттік менеджмент жолын 1991 жылға дейін-ақ еңсерді. Сол жылдардың өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы жоғары санатты басқарушы ретінде мойындалған тұлға еді. Қайта құру кезеңінде Н.Назарбаевтың кандидатурасы Одақтас Республикалардың, ХХ ғасырдағы алып державаның Үкімет басшысы лауазымы деңгейінде талқыланғаны да кездейсоқтық емес», - деді ол.

 

 

Академик К. Сағадиев Бірінші Назарбаев оқуларының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атауына қарсы шықты

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында сөз сөйлеген академик Кенжеғали Сағадиев Бірінші Назарбаев оқуларының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атауына қарсы пікір білдірді.

Сөз арасында академик К. Сағадиев ертең елордада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Бірінші Назарбаев оқулары өтетінін айта келе, бұның әлемдік қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, Ұлт Көшбасшысының өзіне тиісті тарихи еңбегін паш етудегі аса қажетті форум екеніне тоқталды.

«Дегенмен, маған оның атауы, яғни «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бренді соншалықты ұнамай тұр. Тарихтың логикасы мен кезеңі қоғамның ұдайы жаңғыруын талап етеді. Қазақстан өз тарихындағы кезеңдерде белгілі бір жаңғыруды бастан кешірді, әлі де кешіріп келеді. Ол 20 ғасырда жаңа тәлімгер болатын, ендігі жылдары да, алдағы онжылдықта да жаңара бермек. Ал бұндай жаңара беретін дәуір ырғағында біздің тарихымыздың күрт өзгерістерге толы кезеңін, оның дамуына Назарбаев қосқан елеулі үлестерді келешек ұрпақ соншалықты байқай алмауы ғажап емес. Әсіресе, бұндай атауды форум сайын қайталай берсек тіпті түсініксіз болар еді», - деді К. Сағадиев.

Осыған орай, академиктің пікірінше, жыл сайынғы дәстүрге айналатын Назарбаев оқуларына, халықаралық форумға жаңа атау, жаңа бренд керек.

«Нақтылап айтқанда, мұны «Назарбаев шыңдары» деген орынды. Қазақ халқының жадында ертеден сақталып келе жатқан «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» бар. Ал осылар секілді «Назарбаев шыңдары» да келешек ұрпаққа Н. Назарбаев басшылығындағы нақты өзгерістерге толы кезеңдегі ұлттың жасампаз істерін есінде қалдыратын еді», - деді Кенжеғали Әбенұлы.

 

 

Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге алып шықты - К. Сағадиев

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге алып шықты. Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында сөз сөйлеген академик Кенжеғали Сағадиев  осылай мәлім етті.

«Қазақстанның тарихы нені алға тартады? Оған үңілсек, Алтын орда мен Дешті Қыпшақтан кейінгі көптеген ғасырлар бойы қазақтар да, Қазақстан да  өз өмірінде осыншалықты терең әрі түбегейлі өмір өзгерістерін, мемлекеттігінің өзгерістерін, халықаралық қауымдастық тарапынан осыншама жоғары мойындаушылықты  бастан кешкен емес. Бұл Н. Назарбаевтың басшылығы кезеңінде ғана құрылған жаңа мемлекеттің арқасында орын алды. Мемлекеттік құрылым толығымен өзгерді, экономикалық модель ауысты, әлеуметтік саясат жаңғырды. Соңғы 9-10 ғасырда қазақтың ешбір билеушісі де, ханы да халықаралық қауымдастықтың сыртында қалған Қазақстанды әлемнен аластатылған күйден алып шыға алмаған еді. Тұңғыш Президент Н. Назарбаев Қазақстанды бірінші әлемнен екінші әлемге, жоғары - орташа даму деңгейіндегі елдер қатарына алып шықты», - деді К. Сағадиев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына ену үшін еліміздің бір немесе бірнеше қадам жасауы ғана қалып отыр. «Жаңа Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Н. Назарбаев біздің тарихымыздағы қазіргі заманда Қазақстанды алғаш рет әлемдік алдыңғы қатарлы позицияға алып шыққан лидер болып табылады. Ендеше Елбасы біздің тарихымызда да осындай тарихи ерен ерлігімен, қайта өрлеу дәуірінің тұлғасы ретінде қалуы керек», - деді К. Сағадиев.

 

 

Қазақстандағы парламентаризм Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылық, саяси үйлесімділік пен төрелік арқасында жүзеге асты –

И. Рогов

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің қалыптасуы және оның дамуы барысы Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылық, саяси үйлесімділік пен төрелік арқасында жүзеге асты. Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасы Игорь Рогов осылай мәлім етті.

«Тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш Конституция да оңайдан қалыптаса қалған жоқ. Ол бойынша  арнайы жұмыс тобы құрылып, кейіннен ол конституциялық комиссияға жобаны тапсырды. Ондағы пікірталастар қызу, қатал өрбіп, оның көптеген мүшелері, соның арасында Жоғарғы Кеңес басшылығы кеңестік кезеңдегі вертикаль биліктен бас тартуға көндіккісі келмеді. Мемлекет, қоғам қайраткерлері арасында кәсіби парламентке қатысты ортақ ұстаным да жоқ болатын. Біреусі қос палаталы парламент идеясын қолдаса, енді бірі дәл сол Жоғары Кеңесті біршама өкілеттік өзгерістерімен сақтауды құптады. Бұндай жағдайда 1993 жылы Жоғарғы Кеңес тұңғыш рет Қазақстанның компромистік Конституциясын қабылдаған болатын, онда қос палаталы парламент идеясы қабылданбаған еді», - деп есіне ала сөйледі төраға И. Рогов. Оның айтуынша, Жоғарғы Кеңес ілгерідегі таптаурынмен жұмысын жалғастырып, қоғамдық, мемелекеттік дамудың тежегішіне айналды. Бұны аз уақыттың ішінде депутаттардың өздері де түсіне бастаған еді. Дәл сондықтан да Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқаны тарихтан белгілі. Ал бұдан кейінгі сайланған Жоғарғы Кеңес те бұрынғы кеңестік жүйе қалдықтарымен қызмет еткендіктен ғұмыры көпке барған жоқ.

«Сондықтан да мемлекеттілікті нығайту, жаңа конституциялық құрылымды қалыптастыру, нарықтық экономикаға көшу, барлық бағытта кең ауқымды реформа өткізудің кезек күттірмес шаралары Елбасы Н. Назарбаевтың жаңа Конституцияны әзірлеу бастамасына негіз болды. Сол арқылы кәсіби қос палаталы Парламент дүниеге келді. Жалпы парламентаризм дәстүрі азаматтық қоғамы дамыған, халқының қалың жігінде жоғары саяси мәдениеттілік қалыптасқан, қоғамдық келісім орнаған жерде мығым болады. Ал әлемдегі тәжірибенің өзі парламентаризмнің демократияның ажырамас негізгі бөлігі екенін көрсетеді. Осы айтылғандарды түйіндей келсек, Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің қалыптасуы және оның дамуы барысы Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылық, саяси үйлесімділік пен төрелік арқасында жүзеге асты. Бұл үдерістің өзі қоғамның демократиялануымен тығыз байланысты дүние», - деді Конституциялық Кеңес төрағасы.

 

 

Қос палаталы кәсіби Парламент 2 мыңнан астам заң қабылдады

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Еліміздің қос палаталы кәсіби Парламенті өзі қызмет еткен осы уақыттар аралығында 2 мыңнан астам заң қабылдады.

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Спикердің айтуынша, орташа есеппен алғанда бір шақырылымда шамамен 500-ге тарта заң жобалары қаралған. «Әрине, қазақстандық парламентаризм үлгісін одан әрі дамытудың маңызды қыры оның көппартиялыққа қарай жаңғыруы болып табылады. Ал мұндай бағыттағы бірінші қадам 1998 жылы пропорциялы сайлау жүйесін енгізу арқылы жасалған болатын. Бұның өзі қоғамдағы саяси партиялардың рөлін арттырды», - деді өткен тәжірибелерді саралай келе спикер Н. Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, 2007 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен жаңғырған Конституциялық өзгерістер де Парламенттің дамуы жүрісін үдетті.

«Осы жылдардағы Конституциялық реформа Президенттік республикадан Президенттік-парламенттік басқаруға негізделгенін Елбасы да айтқан болатын. Ал сол жолғы реформаның басты маңызы Мәжіліс депутаттарын сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістерге қатысты болып табылады. Бұның өзі демократияландыруға қатысты маңызды қадам болатын. Өйткені, пропорциялы жүйе бойынша депутаттарды сайлау саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың қоғамдағы белсенділігін көтере түседі», - деді Н. Нығматулин.

 

 

Мәжіліс спикері: Өмірдің өзі Қазақстан Парламенті қызметінің тиімділігін танытып отыр

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Өмірдің өзі Қазақстан Парламенті қызметінің тиімділігін танытып отыр.

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Сөз арасында 1996 жылы алғаш рет кәсіби Парламент алдында Елбасының көтерген мәселелеріне тоқталған спикер Нұрлан Нығматулин, ондағы айтылғандардың әлі де өзекті екенін алға тартты.

«Біріншіден, тұтастай реформалардың заңнамалық топтамаларында нақты кешенділік, өзара келісімділік бар. Екіншіден, Парламенттің заң шығарушылық қызметі реформалар жүргізу мен оларды тереңдетудің жалпы мемлекеттік стратегиясынан туындайтын нысаналы бағдарға ие. Бұл тұрғыда заң шығарушылық жұмысының негізінде «Қазақстан -2030» стратегиясы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы секілді басқа да тұжырымдамалық құжаттар жатыр.  Үшіншіден, барлық заң шығару үдерісі тұтастай жаңартылып отырады. Төртіншіден, әрбір заң жобасы оны жүзеге асырудың жан-жақты, тиянақты  тетіктерімен қамтамсыз етіліп келеді. Осыларды ескерсек, өмірдің өзі Қазақстан Парламенті моделі қызметінің тиімділігін танытып отыр», - деді Н. Нығматулин.

 

 

Әлемде қос палаталы Парламент жүйесі белсенді тәжірибеге айналып барады - Н. Нығматулин

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Әлемде қос палаталы Парламент жүйесі белсенді тәжірибеге айналып барады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

«Өз таңдауы барысында Қазақстан бүкіл әлемдік үдеріс арнасынан ауытқыған жоқ. Соның айғағы қос палаталы Парламент жүйесі. Ал жалпы алғанда бір партиялы парламенттен екі палаталы жүйеге ауысу соңғы уақытта әлемдік қауымдастықта барынша белсенді тәжірибеге айналып барады. Мәселен, өткен ғасырдың 80-жылдарының басында екі палаталы Парламент тек 45 мемлекетте ғана болған еді. Ал қазірдің өзінде олардың саны кеміген жоқ, керісінше артып, әлем бойынша 70-тен асты. Сонымен бірге, тағы онға тарта мемлекет жақын аралықта өз Парламенттерін қос палаталы құрылымға ауыстыруға ұмтылып жатыр», - деді Мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, тәжірибе көрсеткеніндей, Қазақстанның қос палаталы жүйеге көшуі заң шығару үдерісінің тиімділігін, өнімділігін арттырып қана қоймай, еліміздегі демократиялық үдерістің қалыптасуына барынша ықпал етті.

 

 

Екі палаталы Парламент демократияны ынталандыруға қабілетті - Н. Нығматулин

 

/«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қос палаталы Парламент жүйесі демократияны ынталандыруға қабілетті.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

«Әрине, әлемдегі әмбебап моделдердің жолын ұстанатын Қазақстан парламентаризмінің де өзіне тән бірегей белгілерінің болмауы еш мүмкін емес. Бұл ретте еліміздегі өкілдік етуші билік институтының тамыры тым тереңде жатуы да мұнда айтарлықтай рөл атқарады. Мәселен, қазақстандық парламентаризмнің алғышарттарын дала демократиясының дәстүрлерінен, далалық құрылтай институттарынан, сондай-ақ Алаш қозғалысы лидерлерінің идеяларынан көруге болады. Ал қазақстандық парламентаризмді дамытудың маңызды оқиғасы 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциямен тікелей байланысты», - деді Мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, соңғы Ата заңды әзірлеу барысына Елбасы Н. Назарбаев тікелей атсалысып, кейіннен бұл құжат республикалық референдумда қабылданды.

«Ата заңның жаңа мәтінінде алғаш рет «Парламент» ұғымы бекітілді. Конституцияда Парламент заң шығару функциясын жүзеге асыратын еліміздің ең жоғарғы өкілді органы ретінде бекітілді. Ондағы басты жаңалық Парламент құрамын екі палатаға бөлуден тұрған еді. Осылайша, Қазақстан заң шығарушы органы бір палаталыдан екі палаталы жүйегі көшті. Бұл таңдау да аяқ астынан туындаған кездейсоқ жайт емес. Өйткені, түрлі әлеуметтік-саяси, түрлі экономикалық, этникалық мүдделерінің өкілдігі арқылы   екі палаталы Парламент жүйесі демократияны ынталандыруға қабілетті», -деді Н. Нығматулин.

 

 

Елбасы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заң жобасын Парламентке енгізуге соңғы мерзім - екі апта берді

 

 /«ҚазАқпарат.» 28.11.2012./ - Менің «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заң жобасын Парламентке енгізу туралы тапсырмам әлі күнге дейін орындалған жоқ.

Соңғы мерзім - екі апта беремін», - деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев бүгін Астанада барлық деңгейдегі әкімдермен өткізіп жатқан кеңейтілген мәжілісте.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.

 

Павлодар облысында Мәжіліс депутаттарының тұрғындармен кездесулері өтеді

 

 /«ҚазАқпарат.» 28.11.2012./ - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Светлана Романовская және Надежда Петухова бүгін Павлодар тұрғындары және еңбек ұжымдарымен кездесулерін өткізеді,

деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалынан.

Мәжіліс депутаттары облыстық жүкті әйелдер жататын орталық, перзентхана және № 1 ауруханаға барады. Олар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Әрекеттердің ұлттық жоспары» сайлауалды тұғырнамасын түсіндіреді.

Депутаттардың екікүндік сапарының бағдарламасында тарих-өлкетану мұражайына, А.Чехов атындағы драма театрына, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер институтына бару бар.

Мәжіліс депутаттары азаматтарды партияның Павлодар қалалық филиалындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдап, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен кездеседі.

 

 

Елбасы арқасында жүзеге асқан саяси оқиғаның бірі - Қазақстан парламентаризм институты - Мәжіліс спикері Н. Нығматулин

 

 /«ҚазАқпарат.» 28.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Елбасы арқасында жүзеге асқан саяси оқиғаның бірі - Қазақстанда парламентаризм институтын қалыптастыру.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

«Енді екі күннен кейін Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтіледі. Бұл мереке елім, жерім дейтін әрбір азамат үшін маңызы зор, мағынасы да терең мейрам. Себебі Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың тарихи ерен еңбегі арқасында әлемде жаңа ел - Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылды. Елбасының салиқалы саясатының, даналығы мен іскерлігінің нәтижесінде Қазақстанды бүгін әлем таниды», - деді Мәжіліс спикері.

Сонымен қатар, Н. Нығматулин Елбасының осы жылдар ішінде әлем назарын аударған түбегейлі реформаларды жүзеге асырғанын, үлкен жеңістері арқылы халықаралық саяси және тарихи тұлғаға айналғанын атап өтті.

 «Елбасымыз жасаған саяси оқиғаның бірі - Қазақстанда парламентаризм институтын қалыптастыру. Баршаға белгілі біздің кәсіби парламенттің тарихы басталған сонау 90-шы жылдары еліміз үшін ең ауыр, ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігін алып, одан әрі дербес мемлекет ретінде дамудың қиын белестерінен өтті. Тек Тұңғыш Президенттің батыл қадамдарының арқасында ғана әлеуметтік-экономикалық саяси бастамаларын сапалы  заңмен бекітетін Парламент өз жұмысын бастады», - деді Н. Нығматулин.

Сонымен қатар, спикер 1995 жылы тамызда елімізде жалпыхалықтық референдум өткенін, нәтижесінде Ата заң қабылданғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, тікелей Елбасының басшылығымен әзірленген Конституция Қазақстанның келбетін толықтай өзгерткен, азиялық қасиеттерді, еуропалық дәстүрлерді, батыстың демократиясын біріктірген заңды құжат болып табылады.

 «Біздің қос палаталы Парламент осы Конституция негізінде ашық пікірлер мен жария саясаттың биік мінбері ғана емес, мүмкіндігі мол, қуатты, мықты, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты»,  - деді Н. Нығматулин.

 

 

«Жоқ!» дегенмен, жұмыссыздық жоғалмайды

 

/«Нұр Астана.» 28.11.2012./ - «Мегаполис» газетінің таяудағы 26 қараша күнгі нөмірінде Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев жалпақ елге «Қазақстанда жұмыссыздық жоқ!» деп кесіп-пішіп жар салыпты. Оның пікірінше, бізде тек жалқаулар мен жатыпішерлер ғана жұмыссыз жүреді. О тоба! Екі қолға бір күрек таба алмай, дипломды сандықтың түбіне салып қойып, базар жағалап немесе ірі сауда маркеттерінде күнкөрістің қамымен жалданып жүрген жастарды, елуден асып, не жұмысы, не зейнетақысы жоқ сенделген ер-азаматтарды бұл кісі қалай көрмеді екен, ә?

Тәкең ҚР Статистикалық агенттігі келтірген жұмыссыздық туралы мәліметтерді де «өсіріп көрсетілген» деп қағып тастапты. «Құрғақ қасық ауыз жыртпасын», Ерғалиев мырзаның сұхбатынан үзінді келтірейік:

«Мен сізге айтып отыр-мын, жұмыссыздық жоқ. Қайталаймын, жұмыс істегісі келмейтін адамдар бар. Сіз білесіз бе, бүгінде дәнекерлеуші 250 мың теңге айлық алады. Тіпті, 400 мың теңгеге дейін барады – мұндай адамдар жеткіліксіз. Жастар неге дәнекерлеушінің оқуына бармайды. Өйткені, бұл істің беделі жоқ».

Енді түсінікті болды. «Көн етікті емес, көк етікті» болғысы келетін кейбір жастар туралы айтамын деп, депутат өзі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап, Қазақстанда жұмыссыздықты мүлде жоғалтып, мәселені түбегейлі шешіп тастапты.

Сап-сап, Тәке! Дүние жүзінің кез келген елінде бар жұмыссыздық проблемасынан соңғы жиырма жылда біз ешқайда қашып құтыла қойғанымыз жоқ. Қазақстанда жыл сайын жұмыссыздық деңгейі 5-6 пайыз деңгейінде тіркеліп жүр. Осыдан бір ай бұрын Үкімет мәжілісінде Экономика және сауда министрі Е. Досаев «жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз деп мәлім етті. Ендеше, Мәжілісте отырып, жөнсіз пікір айтып не керек?

 

 

 

Парламентаризм институтын қалыптастырудағы рөлі аталды

 

/«Егемен Қазақстан». 29.11.2012./ - Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өткізді.

Парламент депутаттары, елі­міз­дің белгілі саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері қатысқан форумда Парламент Мәжілісінің Төр­­ағасы Нұрлан Нығматулин атал­ған тақырыпқа орай сөз сөйледі. «Бұл мереке – елім, жерім дейтін әрбір азамат үшін маңызы зор, ма­ғынасы терең мейрам. Себебі, елі­міздің Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың тарихи ер­лік­терінің арқасында әлемде жаңа ел – Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құ­рылды. Елбасымыздың салиқа­лы саясатының, даналығының, іс­керлігінің нәтижесінде бүгін біз­дің еліміз дүние жүзі таныған абы­ройлы мемлекетке айналды. Ал Президентіміз барлық салада әлем назарын аударған рефор­ма­лық өзгерістер жасап, үлкен же­ңіс­терге жетіп, халықаралық саяси және тарихи тұлға болып та­нылды», деген Мәжіліс Төрағасы Елбасы жасаған саяси оқиғаның бірі Қазақстан парламентаризмі екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар, спикер       Н.На­зар­баевтың Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырып, ір­гесін қалаған тұлға екендігін таратып айтты. Ол Мемлекет бас­шысы болумен бірге, барлық де­мокра­тия­лық үдерістердің баста­ма­шысы, қа­зақстандық парламентаризм мо­де­лінің негізін салушы, деді Тө­раға.

Баршамызға белгілі, кәсіби Пар­ламенттің алғашқы тарихы басталған 90-шы жылдар еліміз үшін ең ауыр да ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта Қазақстан тәуелсіздігін алып, одан әрі жеке мемлекет ретінде дамудың қиын белестерінен өтті. Тек Прези­дент­тің батыл қадамдарының нәти­же­сінде Елбасының әлеуметтік, эко­номикалық, саяси бастамаларын сапалы заңмен бекітетін Парламент өз жұмысын бастады.

1995 жылы 30 тамызда Қа­зақ­станда республикалық референдум өтіп, мемлекетіміздің Ата   За­ңы қабылданды.

Тікелей Пре­зи­дент­тің басшы­лығымен әзірлен­ген Конституция Қазақстанның келбетін то­лық­тай өзгертіп, азия­лық қасиет­терді, еу­ро­палық дәстүрлерді, Ба­тыс демо­кратиясын біріктірген жоғары заң­дық құжат болып табылады.

Бүгінгі қос палаталы Парламент осы Конституция негізіндегі ашық пікірлер мен жария сая­сат­тың биік орны ғана емес, сонымен бірге, мүмкіндігі мол, қуаты мық­ты маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты.

2007 жылғы 21 мамырда Ко­нс­титуцияға өте маңызды өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізіліп, қос палаталы Парламенттің рөлін кү­шейтуге ерекше назар аударылған болатын. Осыдан бас­тау алған Қа­зақстан Парламенті – жоғары даму жолына түс­кен, халықаралық бай­ла­ныс­тар орнатқан, білікті депу­тат­тар­дан тұратын елдегі ең жо­ғарғы өкілді органға айналды.

Ал биылғы жылы Қазақстан пар­ламентаризмі дамудың тағы бір жаңа белесіне көтеріліп, көп партиялы Парламент болып құ­рылды. Сондықтан, бүгінгі Парламентке Президент «нағыз демократия мектебі» деп баға берді.

«Осының барлығы – қос па­ла­та­лы кәсіби Парламент пен пар­ла­ментаризмнің негізін қалап, за­ман­ға сай үлгісін жасаған Ел­ба­сы­мыз Н.Назарбаевтың ерен ең­бе­­гі­нің жемісі. Сонымен бірге, бұл Пре­зидентіміздің саясат са­ла­сын­дағы салиқалы жеңісі және тарихи рөлі екені сөзсіз», деді өз сөзінде палата Төрағасы.

Мәжіліс Төрағасы жан-жақты жа­саған баяндамасында Тұңғыш Пре­зидент күнінің халық жүре­гі­нен алатын орнын талдай келе: «Әри­не, бұл күн – әрбір қазақ­стан­дықтың жүрегінен орын алатын, еліміздің жеткен жетіс­тік­тері мен жарқын болашағын көрсететін, жастарымызға пат­риот­тық тәрбие беретін маңызы зор, тарихи мейрам. Сондықтан, баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттық­тай­мын! Алдағы уақытта да Ел­ба­сы­мыздың тапсырмаларын жүзеге асыру мен Қазақстанның одан әрі дамуы жолындағы жұ­мыс­та­ры­ңыз­ға табыстар мен сәтт­і­ліктер тілеймін», деді.

Үнқатысу алаңында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев­тың еліміздің заң шығару орга­ны­ның қалыптасуы мен жетілуі жо­лын­дағы алатын орны жан-жақты сөз болды. Депутаттар мен Елба­сы­ның үзеңгілестері, еңбек ардагерлері сөз сөйлеп, Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызын аша түсетін ойлар мен Елбасының жас­тық шағы және мемлекеттік қай­раткер ретінде өсу кезең­де­рі­нен естеліктер айт­ты.

 

 

Сенат мемлекеттік қызмет мәселелерін қамтыған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады

/«ҚазАқпарат.» 29.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобасы мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тетіктерін, бағалау және мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, басқарушылық корпусын құру секілді мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ, құжат кадр қызметтерінің рөлін арттырып, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мен ынталандыру шараларын, қызмет этикасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру арқылы мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен тиімділігін арттыруға бағытталады.

Сонымен бірге заң жобасында мемлекеттік органдардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету және жаңа қызметкерлердің бейімделуі үшін тәлімділік институтын енгізу нормалары да қамтылған. Бұдан бөлек облыстарда, қалалар мен аудандарда бірыңғай кадр қызметтерін конкурстық аттестаттау және тәртіптік комиссияларды құру ұсынылады. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері жөніндегі міндеттерін көздеу белгіленеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «командалық көшуге» барынша тосқауыл қою тетіктері қамтылып отыр.

 

 

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды – Сенат

 

/«ҚазАқпарат.» 29.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасын талқылады.

Құжатқа бірқатар түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

«Заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу», - деп атап өтті заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Оның айтуынша, заң жобасы еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық беретін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжаттардың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің  құзырлы орындары берген бұл құжаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелді.

Төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау мерзімі 30 күннен аспайтын болады.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар тарапынан бірқатар түзетулер жасалған болатын. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр.

 

 

Мәжіліс депутаттары «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012. Елжан Ералы./ - 29 қараша күні Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Виктор Киянский, Самиғолла Оразов, Елена Тарасенко, Шавхат Өтемісов «Жайық Пресс» ЖШС-ында болып, облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің тілшілерімен дөңгелек үстел басында әңгіме дүкен құрды.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің атап өткеніндей, алдағы жылы облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 95 жыл толмақ. Осының алдында бүгінгі облыстық басылымдардың атасы «Қазақстан» газетіне тура бір ғасыр толды. Мерейтойға байланысты мекемеде нақты шаралар қолға алынып, газет тарихы зерттеліп, көлемді кітаптар шыға бастады. Бұл шаруалар алдағы жылы да жалғаспақ.

Отырыста Мәжіліс депутаттары қойылған сауалдарға байланысты мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы, осы саладағы реформалар, Елбасы қойып отырған талаптар, Жайық өзенінің жай-күйі, облыс жолдарын жақсарту, мемлекеттік тіл, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына жас журналистерді енгізу және басқа өзекті мәселелер төңірегінде өз ой-пікірлерін білдірді.

 

 

Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әшімбаев Еуразия ұлттық университетінде «Елбасы және елдік мұраттар» тақырыбында дәріс оқиды

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012./ - 30 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу өтеді.

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз орталығынан хабарлады.

Депутат университеттің студенттері және профессор-оқытушылар құрамы алдында «Елбасы және елдік мұраттар» деген тақырыпта дәріс оқиды.  Бұл шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып отыр.

 

 

Сенатта жалпыға бірдей декларация енгізу жайы сөз болды

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Сенатында дөңгелек үстел өтіп, оның барысында Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізу, қазіргі жай-күйі мен перспективасына арналған мәселелер талқыланды. 

Жиынды ашып сөз сөйлеген палатаның вице-спикері Қайрат Ищанов талқыланып отырған тақырыптың өзектілігіне тоқтала келе, оның бірқатар артықшылықтарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, аталмыш шара жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін бақылаудың тиімді тетігін қалыптастырып, бюджетке түсетін жиындарды қамтамасыз етеді, сонымен бірге көлеңкелі экономикамен күресті күшейте түседі. «Жалпыға ортақ декларацияны енгізу жеке тұлғалардың салық төлемдерін әкімшілендіру бойынша қамтымдылықты жүз пайызға жеткізіп, осының өзі жеке тұлғалардың салық төлемдерінің толықтығын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жеке табыс салығы бойынша бюджет  түсімдері шамамен кем дегенде 10 пайыздық өсімге қол жеткізеді. Халықтың нақты табыстары бойынша салықтық бақылаудың құралы ретіндегі жалпыға ортақ декларациялау  көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ретінде де әлемнің көптеген елдерінде қолданылады», - дей келе Сенат Төрағасының орынбасары Қ.Ищанов бұл бағыттағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтудың өзектілігін алға тартты.

Жиын барысында жалпыға бірдей декларациялауға көшу кезеңдері, осындай үдерістің қарапайым әдістері жайында әңгіме өрбіді. Мемлекеттік саясатты ілкі жобалармен қамту, құқықтық тетіктер енгізу жайында да сөз болды.

 

 

Қырғызстандықтар Қазақстан халқы мен ел басшыларына қиын кездердегі бауырлық қолдауларына дән риза - Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің вице-спикері Б.Торобаев

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012./ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Парламентаралық Комиссияның теңтөрағасы Қабиболла Жақыпов екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай баяндама жасады. Онда Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты белсенді дипломатиялық қатынастардың жемісті болғаны айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары мен Мемлекетаралық Жоғары Кеңестің үшінші отырысы осы байланыстардың жемісі екендігіне тоқталды.

Қазақстан мен Қырғыз азаматтарының екі ел арасында жүріп- тұруларының тәртібі бойынша Келісім ратификацияланғаны және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қырғыз Республикасының оңтүстік және солтүстік облыстарында екі орта мектеп салынып беретіндігі мәлімделді.

Меймандар тарапынан Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші  Төрағасының орынбасары, Парламентаралық комиссияның теңтөрағасы Бақыт Торобаев сөз сөйледі.

- Біз сіздермен әр жүздесуімізді бабалар салған жолмен ғасырлардан келе жатқан туыстық қатынастың жалғасындай көреміз. Қырғызстандықтар Қазақстан халқы мен ел басшыларына қиын кездердегі бауырлық қолдауларына дән риза,- деген вице-спикер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің негізін қалаудағы айырықша рөліне баса баға берді.

Комиссия отырысына сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Ізбақ Өмірзақов, Виктор Рогалев, Оразкүл Асанғазы, Асқар Базарбаев, Егор Каппель, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер министрліктері мен Кеден және Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің өкілдері қатысты.

 

 

Н.Нығматулин мен Уэнди Шерман ҚР мен АҚШ-тың жоғары заң шығарушы органдары арасындағы байланысты нығайту мәселелерін талқылады

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары  Уэнди Шерманмен кездесті. 

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар көптеген бағыттар бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастың табысты дамуы -  өзара тиімді және теңқұқылы ынтымақтастыққа негізделіп отырғанын атап өтті. Осы ретте аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке баса назар аударылуда.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамалары біздің еліміздің халықаралық, соның ішінде Орталық Азиялық қауіпсіздік жүйесінің қалыпты дамуына белсене қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті.  

Екі жақ сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары заң органдары арасындағы  байланысты нығайту мәселелерін де талқылады.

Алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарды сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин мен Уэнди Шерман Қазақстан - АҚШ стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия, энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссиясы, сонымен бірге, «Қазақстан достары» клубы сияқты ынтымақтастықтың тиімді механизмдеріне ерекше тоқталды.  

Мәжіліс Төрағасы мен АҚШ Мемлекеттік Хатшысының орынбасары болашақта біздің елдеріміздің ықпалдастығын табысты дамытудың әлеуеті зор деген ортақ пікірлерін жеткізді.

 

 

 

 

Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысуда

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012. Елжан Ералы. / - Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары

Елена Тарасенко, Шавхат Өтемісов, Виктор Киянский, Самиғолла Оразов Зеленов ауданының Трекин, Дариян ауылдық округтерінде болып, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Халық қалаулылары алдымен Трекин ауылындағы азық-түлік және ет дүкендеріне бас сұқты. Сауда орындарындағы тұтынушыларға ұсынылатын күнделікті қолданыстағы азық-түлік түрлерінің бағалары халыққа қолжетімді деп бағаланды.

Мәжіліс депутаттары Дариян ауылындағы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделіп жатқан үйдің құрылыс жұмыстарын көріп, тұрғындармен пікірлесті.  Ауданда 29 үйді жөндеу жоспарланған, бүгінде соның 22-сінің құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлкеттік комиссиямен қабылданған. Ауылға кіреберіс көшедегі үш қабатты үйдің шатыры жаңаланып, терезе-есіктері қойылған. Жарық, газ, су, кәріз желілері жаңадан тартылды. Бұл үйді «Батысстройсервис» ЖШС жөндеуде. Үйдің тұрғындары  көпшілікке ортақ пайдалынымдағы орындардың жөндеу ақысы пәтерлердің жалпы аумағын ескере отырып есептеудің дұрыс еместігін айтып, заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. 

"Мұндай бағдарлама тіпті дамыған елдердің өзінде жоқ. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, тұрғындардың баспанасын жөндеп алғандары тиімді. Оның төлемін төлей алмаймыз, жұмыссызбыз дейтін азаматтарды жергілікті жерде жұмысқа орналастыру жағын қарастырған жөн", - деді Самиғолла Оразов.

Бұдан кейін олар М. Шолоховтың мұражайында болды. Осында «Арна» әйелдер қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, пікірлесті.

 

 

Оралда Мәжіліс депутаттарының қатысуымен тұрғын үй құрылысы мәселесі талқыланды

 

ҚазАқпарат». 29.11.2012. Елжан Ералы./ «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Шавхат Өтемісов, Самиғолла Оразов, Виктор Киянский, Елена Тарасенко «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты мекеме қызметкерлерімен кездесіп, аталмыш бағдарламаның орындалу барысын талқылады.

Жиын барысында сөйлеген облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Байкен Ишанбаевтың мәліметінше, биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен 6741,8 млн. теңге бөлініп, барлық қаржыландыру көздерінен 204,4 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізу тапсырылған. Жыл басынан бергі 10 ай ішінде қалада жалпы көлемі 16,6 мың шаршы метрді құрайтын 90 пәтерлік 3 үй салынып, барлығы 270 пәтер пайдалануға берілді. Сөйтіп, жоспарға сәйкес аталған мерзім ішінде 2500,3 млн. теңге игерілді. Жыл аяғына дейін тағы 567 пәтерлік 5 үй (көлемі 35,7 мың шаршы метр) тұрғызылмақ. Ал аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдағы жылы облыс бойынша 182,5 мың шаршы метрлік тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бұған 5425 млн. теңге бөлінген.

Кездесуде мәлім болғанындай, Оралда қазіргі таңда 13 санат бойынша 11,5 мың адам кезекте тұр. Қалаға қарасты Зашаған кентінде 7 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мұның ішінде 75 пәтерлік үш үй арнайы  санаттағыларға, ал қалған 90 пәтерлік төрт үй жас отбасыларға арналған. Алдыңғы үш үйдің құрылысы келер жазда аяқталмақ. Ал жастарға арналған 5 қабатты төрт үй жаңа жылдан кейін белгіленген тәртіп бойынша бөлінбек.

«Қазақстан тұрғын үй құрылысжинақ банкі» АҚ облыстық бөлімшесінің директоры Қуанышбек Хамзиннің баяндауынша, 9-шағынауданда 90 пәтерлік бір үй беріліп, оған 247 млн. теңге несие бөлінген. Бұдан басқа 5-шағынауданда 90 пәтерлік  бес қабатты үш үй банк салымшыларына бөлініп, бүгінгі таңда пәтерлерді құжаттау жұмысы басталды. Бұл үйлерге 710 млн. теңге мөлшерінде несие бөлінбек. Қазіргі уақытта 5-шағынауданда салынып жатқан барлығы 250 пәтерлік тағы үш үйге  банк салымшыларынан өтініштер қабылдануда.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоспар мен оның орындалу барысы жөніндегі баяндамаларды мұқият тыңдаған ҚР Парламенті депутаттары аталмыш бағдарламаның кемшін тұстары бар екенін айтты. Мысалы, депутат Шафхат Өтемісов тапсырылатын әр үйге бөлек-бөлек өтініш жинаудың дұрыс емес екенін айтса, Елена Тарасенко, Самиғолла Оразов және Виктор Киянский бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптардың қайсыбірін қайта қарау қажеттігі жөніндегі пікірлерін жеткізді. Халық қалаулыларының мәлімдеуінше, жиын барысында талқыланған мәселелер тиісті орындардың назарына ұсынылмақ.

 

 

Қос палаталы Парламент – Елбасының ерен еңбегі

 

/«Айқын». 29.11.2012. Еркін Қалдан./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Тұңғыш Президент күніне орай, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Назарбаевтың Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өткізді.

Парламент депутаттары, елі­міздің белгілі саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері қатыс­қан өкілетті форумда Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мә­жілісінің төрағасы Нұрлан Нығ­матулин аталған тақырыпқа орай баяндама жасады.

«Бұл мереке - елім, жерім дейтін әрбір азамат үшін маңызы зор, мағынасы да терең мейрам. Себебі еліміздің тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың тарихи ерліктерінің ар­қасында әлемде жаңа ел - тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылды. Елбасымыздың салиқалы сая­сатының, даналығының, іскер­лігінің нәтижесінде бүгін біздің еліміз дүниежүзі таныған абы­ройлы мемлекетке айналды.

Ал Президентіміз барлық салада әлем назарын аударған реформалық өзгерістер жасап, үлкен жеңістерге жетіп, халық­аралық саяси және тарихи тұлға болып танылды» деп сөз баста­-ған Мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасаған саяси оқиғаның бірі - Қазақстан парламентаризмі екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар спикер Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастырып, іргесін қалаған тұлға екендігін таратып айтты.
Ол - мемлекет басшысы болу­мен бірге барлық демократия­лық қалыптастырудың бастамашы­­сы, қазақстандық парламентаризм моделінің негізін салушы деп бағалады.
Баршамызға белгілі, кәсіби Парламенттің алғашқы тарихы басталған, 90- жылдар еліміз үшін ең ауыр да ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта, Қазақстан тәуелсіздігін алып, одан әрі жеке мемлекет ретінде дамудың қиын белестерінен өтті. Тек қана Президенттің батыл қадам­да­рының нәтижесіінде Елба­сы­ның әлеуметтік, экономикалық, саяси бастамаларын сапалы заң­мен бекітетін Парламент өз жұмы­сын бастады. ­

1995 жылы, 30 тамызда Қа­зақстанда республикалық ре­ферендум өтіп, мемлекетіміздің Ата Заңы қабылданды. Пре­зи­денттің тікелей басшылығы­мен әзірленген Конституция Қазақ­станның келбетін толықтай өз­гертіп, Азиялық қасиеттерді, еуропалық дәстүрлерді, Батыс демократиясын біріктірген жо­ғары Заңдық құжат болып та­былады. Бүгінгі қос Палаталы Пар­ламент осы Конституция­ның негізінде, ашық пікірлер мен жа­рия саясаттың биік орны ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігі мол, қуаты мықты маңызды мем­лекеттік институт ретінде қа­лыптасты.

2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өте маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қос Палаталы Пар­ламенттің рөлін күшейтуге ерекше назар аударылғаны белгілі. Осы­дан бастау алған Қазақстан Парламенті - жоғары даму жо­лына түскен, халықаралық бай­ланыстар орнатқан, білікті де­путаттардан тұратын елдегі ең жоғарғы өкілді органға айналды.

Ал биылғы жылы Қазақстан парламентаризмі дамудың тағы бір жаңа белесіне көтеріліп, көп партиялы парламент болып құрылды. Сондықтан бүгінгі Парламентке Президент «нағыз демократия мектебі» деп баға берді.

«Осының барлығы, қос пала­талы кәсіби Парламент пен пар­ламентаризмнің негізін қалап, заманға сай үлгісін жасаған Ел­басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағалы еңбегінің, ерен ерлігінің жемісі. Соны­мен бірге бұл Президентіміздің сая­­сат саласындағы салиқалы же­ңісі және тарихи рөлі екені сөзсіз» деді өз баяндамасында Палата спикері.
Мәжіліс төрағасы жан-жақты жасаған баяндамасында Тұңғыш Президент күнінің халық жү­регінен алатын орнын талдай келе:

«Әрине, бұл күн - әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатын, еліміздің жеткен жетіс­тіктері мен жарқын болашағын көрсететін, жастарымызға пат­риоттық тәрбие беретін маңызы зор, тарихи мейрам.

Сондықтан баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүрек­тен құттықтаймын! Алдағы уа­қытта да Елбасымыздың тапсыр­маларын жүзеге асыру мен Қа­зақстанның одан әрі дамуы жо­лындағы жұ­мыстарыңызға та­быстар мен сәттіліктер тілей­­мін!» деп аяқтады сөзін.

Үнқатысу алаңында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің заң шы­ғару органының қалыптасуы мен жетілуі жолындағы алатын орны жайында талқыланды. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов, Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов, Парламент Мәжі­лісінің 3-4 шақырылымдары­ның депутаты Кенжеғали Саға­диев, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова, Сенат депутаты Ана­толий Башмаков, Елбасының үзеңгілестері, еңбек ардагерлері Мақсұт Нәрікбаев пен Қуаныш Омашевтар сөз сөйлеп, Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызын аша түсетін ойлар мен Елбасының жастық шағы және мемлекеттік қайраткер ретінде өсу ке­зең­дерінен естеліктер айтты.

 

 

Ядролық қарусыздануға жол ашқан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті


         /«Айқын». 29.11.2012. Әсем Жылқышева./ - Шығыс Қазақстан облысында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, қомақты іс-шаралар атқарылып жатыр.
Қалалармен қоса, шалғайдағы елді мекендерде де жұртшылық аталмыш мерекені бір адамдай атап өтуде. Әлеуметтік нысандар ашылып, интеллектуалдық жарыстар, ғылыми басқосулар, спорттық жарыстар өткізіліп, дүйім жұрттың көңілінен шығуда.

Алғаш рет өткізіліп отырған мереке шығысқазақстандықтар үшін маңызы зор екенін айтып өту керек. Облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Нұрғалиевтің айтуы бойынша, 1 желтоқсан мерекесіне орай, облыста 300-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның алды басталып, жалғасы әлі өткізілуде.

Осыған орай, Семей қала­сындағы Шәкәрім атындағы Се­мей мемлекеттік универси­тетінде «Қазақстан Көшбас­шы­сы - ядролық қарусыз әлем жаһандық саясатының Көш­бас­­шысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өт­кізілді. Қазақстан халқының жа­нына жара салған атомның үнін өшірген Елбасының еңбегі өлшеусіз. Мұндай тарихи теңдесі жоқ қадамға бару әлем алдында ел абыройын асқақтатып, өнеге болғандығы сөзсіз. Әсіресе, сы­нақтың тікелей зардабын көрген Семей жұртшылығы Ел Прези­дентінің бұл қадамын ерекше қолдайды. Ядролық қарусыз­да­нуға әлемді мойындатқан Тұң­ғыш Президентіміздің есімі бейбітшілік пен ядролық қару­сызданудың нышаны іспеттес. Бұл жөнінде конференцияға қа­тысушы Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Ба­қытжан Ертаев өз ойын білдірді. - Бүгінгі таңда еліміздің ядро­лық саясатқа қатысты ұстанған бағыты айқын. Семей жерінде жылдар бойы сыналған атом үні біртіндеп ұмыт болып барады. Ядролық қарусыз әлем атанған Қазақстан бүгінде барша әлемді осыған үндейді - деді Б.Ер­таев.

Ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренцияға шетелдік ғалымдар да онлайн режимінде қатысып отырды. Жиында студент жастар мен оқытушылар ел Президен­ті­нің бастамасымен қолға алын­ған «Атом» жобасын қолдап, онлайн-петицияға қол қойды. Сонымен қатар университет та­рихына арналған мәдени-ру­ха­ни мұражай ашылды.


Азат Перуашев: Алаш идеялары, ең алдымен, практикалық

 мән-маңызы бар дүние

 

/«Ел» газеті. 29.11.2012. Берік Алашкелді./ - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» атты ұлттық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Биылғы жыл – Алаш қозғалысының 95 жылдығы. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің – Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыс- тарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті. Бұл туралы жақында Астанада Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп өткізген «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» атты ұлттық ғылыми-практикалық конференцияда егжей-тегжейлі әңгіме болды. Конференцияның жұмысына жетекші алаштанушылар, белгілі ғалымдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, алашордалықтардың ұрпақтары қатысты.

«Алаш Орда» көшбасшыларының заңдық тұрғыда ақталғанына қарамастан, әлі күнге дейін «Алаш» қозғалысына толық баға бермей жүрміз», – деді конференцияны кіріспе сөз сөйлеп ашқан «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Партияның Парламенттегі фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, – «Біз Алаш идеяларының әлеуетін әлі толық аша алғанымыз жоқ. Конференцияның мақсаты – Алаш қозғалысының, Алаштың көшбасшыларының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұлттық-мәдени салаларға қатысты көзқарастарына берілген бағалар мен пайымдауларды, ғылыми тұжырымдарды жаңа заманның талаптарына, сұраныстарына сай зерделеуге тырысу. Алаштың аманатына адалдық танытып, Алаш идеяларының іске асырылуының тәуелсіздігімізді нығайта түсуге қызмет ететіне қоғамдық пікір туғызу. Яғни, бұл біз үшін теориялық ғана емес, бұл ең алдымен, қоғамымыздың жаңғыруына, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық мәселе».

Конференция үш сессиялық бағытта жұмыс істеді. Оның біріншісі: «Алаш» көшбасшыларының мемлекеттілікке, ұлттық құндылықтарға көзқарастары» бойынша баяндамалар жиынтығын құрады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, ҚР ҰҒА-ның академигі Өмірзақ Айтбаев, ЕҰУ «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов, саясаттану ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір өздерінің баяндамаларында Алаш идеясының өзегі ұлттық мемлекеттік дербестік болғанын, бүгінгі Қазақстан Республикасы – Алаштың бұл арманының іске асуының көрінісі екенін, Алаш көшбасшыларының қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеуді өздерінің анық та айқын мақсаты тұтқанын тілге тиек етті.

Екінші, «Алашордалықтардың» экономикалық тұжырымдамалары туралы» өтетін сессияның да жүктемесі жауапты болды. «Алаш» партиясының бағдарламасы, біріншіден, қазақ елін өзінің бөлінбейтін территориясы бар, отарлық тәуелділіктен азат елге айналдыруды, екіншіден, қазақ халқының өмірін жаңа сапаға көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пәрменді реформалық шараларды іске асырғылары келді. Кез келген мемлекеттің тұрақты және тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері жете түсінді. Оны ұлттық басымдылықтардың бірі ретінде қарастырды. Алашордалықтардың көбісі ұлттық буржуазияның өкілдері болғандықтан да жер мәселесін, кәсіпкерлік, жеке меншік мәселелерін ел экономикасынан бөліп қарамаған, оны экономикалық өсудің негізі деп санаған. Осы тақырыпта баяндамалар жасаушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Шәріп Амантай, ЕҰУ университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ Алашордалықтардың экономикалық тұжырымдамасына жаңа қырынан келе алды. «Алаш» қайраткерлерін саясаткер ретінде ғана емес, олардың әрқайсысының білікті мамандар болғанын нақты деректермен көрсетті.

«Алаш» көшбасшыларының әлеуметтік жаңғыртуға көзқарастары» үшінші сессия аясындағы баяндамаларда мұқият талданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздегі әлеуметтік, сондай-ақ глобальды экономикалық және саяси үдерістер үшін тұжырымдамалық маңызы аса зор Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын ұсынып, ол халқымыздың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің Пленумы бұл мәселені арнайы қарап, Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламаны еліміздің бұдан әрі дамуының стратегиялық бағыты ретінде толық қолдайтынын, оны іске асыру үшін белсенді түрде атсалысатынын мәлімдеген болатын. Шын мәнінде, бұл бағдарлама мемлекетіміздің дамуына жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырып отыр. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат еткен «Алаштың» асыл мұраттары біздің еліміздің қазіргі жедел жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес келеді. Мұны, «Ақ жол» партиясының белсенді өкілдері: Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтің, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасарлары Анарбек Орманның, Людмилла Жуланованың, Қазбек Исаның, Партияның Ақылдастар алқасының төрағасы Аманкелді Айталының, Ақылдастар алқасының мүшесі, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызының, Партияның жастар қанатының жетекшілерінің бірі, саясаттанушы Мақсат Жақаудың, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Омар Жәлелдің, Семей қаласынан арнайы келген алаштанушы ғалым Ерлан Сайлаубайдың баяндамалары мен сөздеріндегі дәйектер дәлелдей түсті.

Конференцияға қатысушылар Алаш идеясын біржолата ысырып тастауды көздеген кеңестік жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол кездегі психологиялық пиғылдан тұтастай арылуға, ұлттық сананы биікке көтеруге күш жұмсаудың қажеттілігін айтты. Осы кезге дейін Алаш дегенде басқа ұлттың өкілдері осы қозғалысты ұлтшылдық бағытта деп қана ойлап, оған күдікпен қараушылар бар. Конференцияда осы күдіктер жоққа шығарылды. Орыс тілінде де бірнеше баяндамалар жасауға мүмкіндіктер берілді. Алаш идеясын әрбір қазақстандық үшін елді ажырататын емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек. Конференцияға қатысушылардың көптеген қадау-қадау пікір-ұсыныстары «Ақ жол» партиясы Парламенттік фракциясының осы мәселе бойынша жария етілген Үкімет басшысына жіберілген депутаттық сауалымен үндесіп жатты. Сонымен қоса тың ұсыныстар да айтылмай қалған жоқ. Жинақтай келгенде олар мынаған саяды: Тұңғыш Ұлт кеңесі – Алашорда үкіметі құрылған тарихи күн: 1917 жылдың 13 желтоқсаны құрметіне жыл сайынғы 13 желтоқсанды ресми түрде «Алашорда» күні деп атау; Жыл сайын қараша мен желтоқсан айларында оқу орындарында, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімшелерде, мұрағаттар мен кітапханаларда «Алаш тағылымдары» тақырыбына Алаш оқуларын: бұқаралық лекциялар, сабақтар, дәрістер, конференциялар, жиналыстар, көрмелер т.б. шаралар өткізу; Астанада Алаш қайраткерлерінің ескерткіштері орнатылған «Алашорда» аллеясын ашу. Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін Алматыда, барлық облыс орталықтарында орнату; Алаш қозғалысына тікелей қатысы бар Ресейдің Петербор, Омбы, Орынбор, Өзбекстанның Ташкент, Қоқан қалаларында, еліміздегі Семей, Торғай, Жымпиты т.б. қала-кенттерінде Алаш қайраткерлерінің тарихи істеріне байланысты белгі, ескерткіш тақталар орнату, мұражайлар ашу жұмысын ұйымдастыру; Тілдік бағыттарына қарамай мектептерде Алаш ұғымын, Алаш идеясын, Алаш қозғалысын және Алаш қайраткерлерінің өмір жолын отаншылдық аясында кеңінен ұғындыру. «Қазақстан тарихы» оқулығына жеткілікті көлем беру. Жоғары оқу орындарында Алаш идеяларын оқытудың тиімді жүйесін құру; Алаш мұрасы мен тарихы, Алаш қайраткерлері туралы ғылыми-зерттеу монографияларын, әдебиет пен өнер шығармаларын, деректі және көркем фильмдер және теледидар туындыларын мемлекеттік тапсырыспен шығару; Алаш қозғалысының тарихын терең және жан-жақты зерттеу үшін Қазақстанның ғана емес, Ресей, Түркияның, Қытайдың, Францияның, Германияның, Өзбекстан, Қырғыз, Түркмен және басқа мемлекеттердің мұрағаттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттар бөлу мәселесін қарастыру; Тарихи әділеттілік пен ақиқатқа қамтамасыз ету үшін Алашордалықтардың сот процесінің материалдарын қолжетімді ету шараларын жүзеге асыру; Қазақ елінде отарсыздану саясатын жүргізу. Әрине, бұл ұсыныстардың қай-қайсысы болсын маңызды. Мәселеге терең, кешенді келуді талап етеді. Сондықтан да «Алаш» қозғалысының 100 жылдығының (2017ж) дайындығына қазірден тиянақты да жүйелі кірісу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдағаны жөн болар еді.
«Ақ жол» партиясы өз тарапынан баспасөз беттеріне шыққан Алаш тақырыбындағы ғылыми еңбектерге, тарихи, журналистік зерттеулерге студенттер, жас ғалымдар және журналистер арасында бәйге жариялап, оның қорытындысын жыл сайын шығарып тұруды жоспарлауда. Оның бас бәйгесіне миллион теңге қойылатын болды. Бұл туралы конференцияда Азат Перуашев өзінің қорытынды сөзінде мәлім етті. Орыс тілді аудиторияларды Алаштың бай мұрасына тарту, үрей мен күдіктен арылту мақсатында орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан жұмыстар үшін байқаудың жеке номинациясы белгіленетін болды. Байқау жеңімпаздары атанғандар осы жұмыстарын негізге ала отырып, келешекте өткізілетін конференцияларда баяндамалар жасайтын болады. Сондай-ақ «Ақ жол» Партияның Ақылдастар алқасының мүшесі, елімізге танымал ақын Ханбибі Есенқарақызының тікелей бастамасымен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Сұлтанбек Қожановтың басқаруымен 1920-1926 жылдарында Ташкент қаласында шығып тұрған, Алаш ардақтыларының мінбері болған «Ақ жол» газетінің сандарындағы төтенше араб тілінде жарияланған материалдарды қазіргі қазақ әрпіне көшіріп, жазылған 2 томдық зерттеу кітаптарын жарыққа шығармақшы болып отыр. «Бұл ортақ іске қосылған азғантай болса да үлесіміз болмақ»,– деді Азат Перуашев, – «Қазақстан Тәуелсіздігінің бастауында тұрған Алаш арыстарына қандай құрмет көрсетсек те артық емес».

Тұтастай алғанда, «Алаш» көшбасшылары ұстанымдарының ұлтпен бірге өмір сүретін концепциялық мағынасы бар екендігін конференцияға қатысқандардың әрқайсысыда да сезінген сияқты. Әрине, идеялар да заманның өзгеруіне қарай дамып отыратыны түсінікті. Дегенмен де Алаш идеясы сол кезеңдегі тамырын тереңнен алған ұлтымыздың құндылықтар жиынтығы – экономикалық, саяси, философиялық ойлаудың кемелденген үлгісі болғандығы анық. Алаш рухы өшпепті, оны осы конференция да көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында тура ойлағанымыздай болмағанмен, бәрібір Алаш рухы бойымызға сіңіп жатыр. Сонымен қатар Алаш қозғалысының бостандық пен тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын одан әрі зерттеуді жаңа серпінмен жалғастырудың қажеттілігі күмән тудырмайды. Конференцияны ұйымдастырушылар мен оның жұмысына қатысушылар «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи заманалық маңызы бар оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақырды.

 

Мұнайлы өлкеде өркендеу бар

 

/«Ел» газеті. 29.11.2012. Ақмарал Жанғалиева./ - Мұнайлы өңірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері ат басын тіреді

Елордадан іс сапармен келген делегация мүшелерінің басты мақсаты – қаланың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ауқымды жұмыстардың арғымағымен танысу болатын. Шағын ғана шаһардағы орта және шағын бизнестің үйлесімділігі де айтарлықтай. Кәсіпкерлікті дамытуда жаңаөзендік жұртшылық көштен қалып отырған жоқ. Оған дәлел Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласындағы жағдайды тұрақтандыру және кәсіпкерлік секторды дамыту мақсатында 2012 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған Арнайы жоспары бекітілген еді. Осы мақсатта біраз жоспарлы шаралар да өзіндік ретін тауып отыр. Аталмыш Жоспарда белгіленгендей Жаңаөзен қаласында жұмыс істеп жатқан және жаңадан жұмысын бастаған кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қарастырылған.

2011 жылдың 16 желтоқсанында жаппай тәртіпсіздіктің орнағанын еске түсіре беру ынғайсыздау болғанымен, тарих қойнауында мәңгі қаралы іздермен қалатыны шындық. Осы мақсатта Үкімет тарапынан «Самұрық Қазына» «Даму қорының» қолдауымен субсидиялау арқылы несие алған азаматтарға жеңілдіктердің жасалып жатқанын Жаңаөзен әкімі Серікбай Тұрымов тілге тиек етуді әсте естен шығармақ емес. Тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мәселесі бойынша оларға айналымдағы капиталдарын толықтыру мақсатында 3 жылға жеңілдетілген несеиелер берілуде. Бұл не- сиенің жылдық пайыздық үстемеақысы заңды тұлғалар үшін 0,1 пайызды, ал жеке кәсіпкерлер үшін – 3% құрамақ. Займдардың бір кәсіпкерге берілетін ең үлкен мөлшері 5 млн. теңге болса, ал қосымша қамтамасыз етумен – 10 млн. теңгеге дейін болмақ. Негізгі борышты өтеудің жеңілдік мерзімі 6 айға дейін, ал несиенің мерзімі – 36 айға дейінгі аралықты қамтымақ.

Осындай игілікті жобамен жұмыс жасап жатқан кәсіпкерліктің бірі «Жанарыс» тігін фабрикасы. Нәтиже де жоқ емес. Бұл тігін цехы Мәжіліс депутаттары мен ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері үшін еңбекпен біте қайнасқан орданың жай күйін білмекке кірген нысандарының алды болды. Депутаттар өңірдегі жеңіл өнеркәсіпті одан әрі дамыту қажеттігін сөз ете отырып, отандық өнімдерге өз бағаларын берді. Жалпы қалада «Өзенмұнайгаз» өндірістік мекемесінен басқа ауыз толтырып айтарлық жұмыс күші көп шоғырланған ошақтар жоқтың қасы. Бірақ «Жанарыс» тігін фабрикасы жергілікті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған атына заты сай өндіріс орталығның бірі болып табылады. Мұнда 400-ге жуық тігінші қызмет етеді. Фабриканың негізгі атқарар жұмысы мұнайшыларды арнайы киіммен жабдықтау. Дегенмен тігіншілер бір бағытты ұстанып қалмақ емес. Олар алуан түрлі өнімдерге тапсырыс алады. Күніне 100-ге жуық сапалы матадан жауын-шашын мен күйдіргіш заттар- ға төтеп беретін киім тігіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мемлекет тарапынан игілікті жобалардың іске асырылып жатқанын, осының аясында қаланы көріктендіру мақсатында нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргізу мен көшелерге көрік келтіруде 15 млрд. шамасында қаржы бөлінгенін айтты. Сондай-ақ ел ағалары жаңаөзендіктермен кездесу өткізіп, тұрғындардың көкейлеріндегі қордаланған сұрақтарына жауап бере отырып, отанымыздың берекелі өмірі кешуіне, әлеуметті-экономикалық өрлеуге үлес қосуға үндеу салды.

Бұл маталармен жұмыс істейтін техникалардың өзі бүгінгі озық заманауи құрыл- ғылар. Он қолынан өнер тамған ұжым мүшелері әуелі санынан бұрын, сапасына мән бергенді кәсіби парыз санайды. Өнімнің өндіріле шығарылуына Жапония, Германия, Ресейден келген техникалардың арқалар жүгі ауыр. Бүгінгі күні 50 жылдық тарихы бар фабриканың өнімдеріне қызығушылық пен сұраныс жоғары.

 

 

Қалаулылар халықпен бірге

 

/«Ел» газеті. 29.11.2012. Маржан Рақай./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серікбай Нұрғисаев, Уәлихан Бишімбаев, Владислав Косарев, Надежда Нестерова қызметтік іссапармен Жамбыл облысының өндіріс ошақтарын, оқу орындары мен елді мекендерін аралап, жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен, проблемасымен етене танысуда.

Халық қалаулылары алдымен Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан, медициналық жабдықтар шығаратын «Суперфарм» ЖШС-нда болып, серіктестік жұмысшыларының жағдайымен танысты. Нақтылы кезеңде жүзден аса азаматты жұмыспен қамтып отырған мекеменің тауарларын болашақта кедендік одақ негізінде шетелдер рыногына шығару мәселесі де талқыланды. «Біздің өнім еуропалық стандартпен шығарылады және сапасы жөнінде Ресей және Беларусь өнімдерімен нық бәсекелесе алады. Мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, аталған мемлекеттердің медицина нысандарын да біз өндіретін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге әбден болады», – дейді «Суперфарм» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары Ерлан Биболов.
Мәжіліс депутаттары келесі кезекте «Казфосфат» ЖШС филиалы – Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болды. Филиал директоры Леонид Франгулиди гексаметафосфат шығаратын балқыту пештері мен дайын өнімдер қоймасымен, өзге де өндіріс үдерісімен таныстырды. Халық қалаулылары зауыт қызметкерлерімен кездесу өткізіп, олардың базынасын тыңдады. №12 цехтың аппаратшысы Нұржамал Бастаубаева химия саласында еңбек ететін әйелдерді 50 жастан зейнетке шығару мәселесі қаралса деген тілегін жеткізді. Өйткені, олар қырық жастан соң жұмысқа жарамсыз болып табылады екен. Ал, кәсіподақ комитетінің төрағасы Шахтыбай Байғанов жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Жас маман Нұрбол Тұрсынбетов бүгінде техникалық мамандықтарға деген сұраныстың жоғары екендігін және өзі білім алу барысында мамандығына толық машықтанғанын жеткізді.

Депутаттардың жастармен кездесуі М. Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өтті. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков қонақтарды қарсы алып, студенттерге таныстырды. Мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан жағдай мен елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани, мәдени дамуы барысын сөз еткен халық қалаулылары студенттердің ұсыныс-тілектерін тыңдады.

ТарМУ-да мұнай-газ саласы бойынша білім алып жатқан студент Жанат Ерғалиев бүгінде мамандық бойынша машықтану үшін өндірістік тәжірибеден өту студенттерге қиындық туғызып тұрғанын жеткізді. Өйткені, көптеген мекемелер студенттерді қабылдауға құлық танытпайды екен. Депутаттар барлық мекемелерді осы мәселеге міндеттейтін заң шығаруға ықпал етсе деген ұсынысын білдірді. Депутаттар мен жастар өзара пікір алмасып, жастар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Мәжіліс депутаттарының сапары жалғасуда.

 

Кәсіби парламентті қалыптастырушы

 

/«Ана тілі». 29.11.2012. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы./ - Кеше ҚР Парламенті Мәжілісі Тұң­ғыш Президент күніне орай «Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанда пар­ламентаризмнің қалыптасуындағы рөлі» атты конференция өткізді. Алқалы жиынға белгілі саясаткерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияда Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі халқымыздың бірлігі мен мемлекеттің тұтастығын бекемдеуде маңызы зор болатыны жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өз сөзінде бұл ме­рекенің елім, жерім дейтін әрбір азамат үшін мән-мағынасы терең екенін, Мемлекет басшысы жасаған саяси оқиғаның бірі – Қазақстанда парламентаризм инс­титутын қалыптастыру болғанын ерекше атап көрсетті. «Баршаға белгілі біздің кәсіби Парламенттің тарихы басталған сонау 90-шы жылдары еліміз үшін ең ауыр, ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта Қазақстан Тәуелсіздігін алып, одан әрі дербес мемлекет ретінде даму­дың қиын белестерінен өтті. Тек Тұңғыш Президенттің батыл қадамдарының ар­қасында ғана әлеуметтік-экономикалық саяси бастамаларды заңмен бекітетін Парламент өз жұмысын бастады» деді Н.Нығматулин.

Тікелей Елбасының басшылығымен әзірленген Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент ашық пікірлер мен жария саясаттың биік мінбері ғана емес, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты.

Қазақстандағы кәсіби парламен­таризмнің қалыптасуы және оның даму барысы Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылықтың нәтижесі екенін ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов баян етті.

 

Тарихты тұлғалар өзгертеді

 

/«Алаш айнасы». 29.11.2012. Қанат Қазы./ - Биыл алғаш рет ата­лып өтілетін ҚР Тұңғыш Пре­зиденті күні қарсаңында Ұлт көшбасшысымен бай­ланысты шаралар ауқымы да кеңейе түс­кен тәрізді. Осындай жиынның бірі кеше Астанада «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назар­­баев­тың Қазақстанда пар­ламентаризмнің қа­лып­тасуындағы рөлі» атты тақырыпта өтті.

Жалпы, ұлт тарихындағы заң шығару үр­дісінің, парламентаризмінің қалып­та­суына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» негіз болғандығын жоққа шы­ға­ра алмаспыз. Одан кейінгі ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының, Алаш көсемдерінің ұлы қазақ даласында конституциялизмнің қағидаттарын енгізуге ұмтылған идея­ла­ры­ның өзі бір төбе. Яғни еліміздегі заң билігі өз кезегінде хандық жиындарда халық өкілдерін (билерді, ру басылары мен беделді ақсақалдарды, көсемдер мен батырларды) қатыстырудан бастау алған­нан бергі Тәуелсіз Қазақстанның бүгін­гі жағдайына дейін күрделі жолдарды бастан өткерді. Соның арқасында қос палаталы кәсіби Парламент елдік дамудың тиімді тетігін қамтамасыз ететін басты өкілді ор­ган­ға айналды.

Мемлекеттегі демократиялық құбы­лыс­тың аса маңызды қырларының бірі – парламентаризм институты. Ал Қазақ елі өзінің жоғары өкілді органы саналатын кәсіби Парламентке қалай қол жеткізді? Әри­не, Тәуелсіздік болмаса, тәуелсіз елдің заң шығарушы органының болмасы да анық. Ал Тәуелсіздіктің бастапқы жылда­рын­дағы жағдай қалай еді? Мемлекеттік құры­лым­ды түбегейлі ауыстырған 1995 жылғы Ата Заңға дейінгі өтпелі кезеңнен, одан кейінгі конституциялық өзгерістерден не ұттық? Конференцияға қатысушылар, ең алдымен, осы сұрақ төңірегіндегі мәсе­ле­лерге терең талдау жасап, парламен­та­риз­мнің қалып­­та­суын­дағы Тұңғыш Пре­зи­денттің тұлғалық қа­сиеттерін ашуға тырыс­қан болатын. Сондықтан да алқалы жиында алдымен сөз алған Мәжіліс спи­кері Нұрлан Нығ­ма­ту­лин кіріспе сөзін Тұңғыш Прези­дент кү­ніне қатысты пікірі­мен бастады. «Енді екі күннен кейін Қазақ­станда алғаш рет Тұңғыш Президент мерекесі аталып өтіле­ді. Бұл мереке – елім, жерім дейтін әрбір аза­мат үшін маңызы зор, мағынасы терең мейрам. Себебі Тұңғыш Прези­дент – Елбасы Н.Назар­баев­тың тарихи ерен еңбегі арқасында әлемде жаңа ел – Тәуел­сіз Қазақстан мемлекеті құрылды. Елба­­сы­ның салиқалы саяса­ты­ның, даналығы мен іскерлігінің нәти­же­сінде Қазақстанды бүгін әлем таниды», – деді Мәжіліс спикері. Со­ны­мен қатар Нұрлан Зайроллаұлы Елба­сы­ның осы жылдар ішінде әлем назарын аударған түбегейлі реформаларды жүзеге асыр­ға­нын, үлкен жеңістері арқылы халық­аралық саяси және тарихи тұлғаға айнал­ғанына ерекше тоқталды. Оның пайымынша, Нұр­сұлтан Әбішұлы жасаған саяси маңызды оқиғаның бірі – Қазақ­стан­да парламен­та­ризм институтын қа­лып­тастыру. «Баршаға белгілі біздің кәсіби Пар­ламенттің тарихы басталған сонау 90-жылдары еліміз үшін ең ауыр, ең жауапты кезең болатын. Осы уақытта Қазақ­стан Тәуелсіздігін алып, одан әрі дербес мемлекет ретінде дамудың қиын белестерінен өтті. Тек Тұңғыш Прези­денттің батыл қадамдарының арқасында ғана әлеу­меттік-экономикалық саяси баста­ма­ла­рын сапалы заңмен бекітетін Парламент өз жұмысын бастады», – деді Мәжіліс төр­аға­сы. Бұл ретте спикер 1995 жылы тамыз­да елімізде жалпыхалықтық референдум өткенін, нәтижесінде қазақтың жаңа Ата Заңы қабылданғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, тікелей Елба­сының жетек­ші­лі­гі­мен әзірленген Конс­титуция Қазақ­стан­ның келбетін толықтай өзгерткен, азиялық қасиеттерді, еуропалық дәстүрлерді, Батыс­тың демо­кратиясын біріктірген заңды құжат болып табылады. Ендеше, қазіргі қос палаталы Парламент те сол Конс­титуция негізінде ашық пікірлер мен жария саясаттың биік мінбері ғана емес, мүм­кіндігі мол мемлекеттік институт ретін­де қалыптасты.

Тоқтала кететін жайт, екі палаталы кәсіби Парламент өзінің қызметі бары­сын­да 2 мыңнан астам заң қабылдапты. Яғни орташа есеппен алғанда, бір ша­қы­ры­лым­да шамамен 500-ге тарта заң жобасы қа­ралған. Мәжіліс спикері тиімділіктің тағы бір нұсқасы ретінде әлемдік тәжі­ри­бе­ні алға тартады. «Жалпы алғанда, бір партиялы парламенттен екі палаталы жүйе­ге ауысу соңғы уақытта әлемдік қауым­дастықта барынша белсенді тәжі­ри­беге айналып барады. Мәселен, өткен ғасырдың 80-жылдарының басында екі палаталы парламент тек 45 мемлекетте ғана болған еді. Ал қазірдің өзінде олар­дың саны кеміген жоқ, керісінше, артып, әлем бойынша 70-тен асты. Сонымен бірге тағы онға тарта мемлекет жақын аралықта өз парламенттерін қос палаталы құры­лым­ға ауыстыруға ұмтылып жатыр», – деді Мәжіліс спикері.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

– Әрине, әлемдегі әмбебап модель­дер­дің жолын ұстанған Қазақ­стан пар­ла­мен­таризмінің де өзіне тән бірегей белгі­ле­рінің болмауы еш мүмкін емес. Бұл рет­те, еліміздегі өкілдік етуші билік инс­ти­ту­ты тамы­ры­ның тым тереңде жатуы да  айтарлықтай рөл атқарады. Мәсе­лен, қазақстандық пар­ла­мен­та­ризм­нің алғы­шарттарын дала демократиясының дәстүрлерінен, далалық құрылтай инс­ти­тут­тарынан, сондай-ақ Алаш қозғалысы лидер­лерінің идеяларынан көруге болады. Ал қазақстандық парламентаризмді дамы­тудың маңыз­ды оқиғасы 1995 жылы қа­был­данған жаңа Конс­ти­туциямен тікелей бай­ланысты. Ата Заңды әзірлеу барысына Елбасы Н.Назарбаев тікелей атсалысып, кейіннен бұл құжат республикалық рефе­рен­думда қабыл­данды. Осы­лайша Конс­ти­туцияның жаңа мәтінінде алғаш рет «парламент» ұғымы беріліп, Парламент заң шығару функциясын жүзеге асыратын еліміздің ең жоғарғы өкілді органы ретінде бекітілді. Ондағы басты жаңалық Пар­ла­мент құрамын екі палатаға бөлуден тұрған еді.

Игорь РОГОВ, ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасы:

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылда­рын­да­ғы Жоғарғы Кеңес қос палаталы кәсіби пар­ламентті құп көрмей, жаңаруды жақ­та­мады. Керісінше, кеңестік таптаурын қағи­даттармен жүріп, вертикаль биліктен бас тартуға көндіккісі келмеді. Сондықтан да қоғам дамуын тежеген Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратып тынды. Сондықтан да мемлекеттілікті нығайту, жаңа конс­ти­ту­ция­лық құрылымды қалыптастыру, нарық­тық экономикаға көшу, барлық бағытта кең ауқымды реформа өткізу­дің кезек күттір­мес шаралары Елбасы Н.Назар­баев­тың жаңа Конституцияны әзірлеу бастамасына негіз болды. Жалпы, парламентаризм дәс­түрі аза­мат­тық қоғамы дамыған, халқының қалың жігінде жоғары саяси мә­де­ниет­тілік қалыптасқан, қоғамдық келісім орнаған жерде мығым болады. Ал әлемдегі тәжі­ри­бенің өзі парла­мен­та­ризмнің демо­кра­тияның ажырамас негізгі бөлігі екенін көрсетеді. Осы айтылғандарды түйіндей келсек, Қазақ­стандағы кәсіби парла­мен­та­ризмнің қалыптасуы және оның дамуы барысы Тұңғыш Президент тарапынан жасалған стратегиялық басшылық саяси үйлесімділік пен төрелік арқа­сында жүзеге асты.

Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик:

– Қазақстанның тарихы не дейді? Оған үңілсек, Алтын орда мен Дешті Қыпшақтан кейінгі көптеген ғасыр бойы қазақтар да, Қазақстан да өз өмірінде осыншалықты терең әрі түбегейлі өмір өзгерістерін, ха­лық­аралық қауымдастық тарапынан осын­шама жоғары мойындаушылықты бастан кешкен емес. Бұл Н.Назар­баев­тың бас­шы­лы­ғымен құрылған жаңа мемлекеттің арқа­сында орын алды. Мем­лекеттік құры­лым толығымен өзгер­ді, экономикалық мо­дель ауысты, әлеу­меттік саясат жаң­ғыр­ды.

 

 

Мәжілісте халықты баспанамен қамтудың жай-күйіне арналған парламенттік тыңдау өтеді

 

/«ҚазАқпарат». 30.11.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Мәжілісте 7 желтоқсан күні «Халықты баспанамен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта парламенттік тыңдау өтеді деп жоспарлануда.

 Осынау өзекті тақырыпқа қатыста Мәжілістегі тыңдауға мемлекеттік органдар мен ведомстволардың кең ауқымды өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі.

 Атап айтқанда, парламенттік тыңдауға депутаттар, Үкімет өкілдері, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің басшылары, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері қатыспақ. Бұдан бөлек, шараға Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Ұлттық палатасының, бірқатар құрылыс компаниялар қауымдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де шақырылып отыр.

 

 

Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстанның кәсіпкерлерімен кездесті

 

/«ҚазАқпарат». 30.11.2012. Елжан Ералы./ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында Мәжіліс депутаттары Виктор Киянский, Шавхат Өтемісов, Самиғолла Оразов, Елена Тарасенконың қатысуымен «Кәсіпкерлікті қолдау және тұтынушылардың құқығын қорғау» тақырыбында жиын өткізілді.

Онда өңірдегі шағын және орта бизнестің даму барысы сөз болып, нақты ұсыныс-пікірлер айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, бүгінгі таңда облыста 90 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында қызмет етуде. Олардың үштен бірі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Статистикалық мәлімет бойынша6 олар жыл басынан бері 260 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл өткен жылғыдан бес пайызға көп.

Өз кезегінде сөз алған «Даму» қоры облыстық филиалының директоры Әлия Сәлиева, «Василец» ЖШС-ның директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Алексей Василец, облыстық кәсіпкерлік қауымдастығының президенті Әнес Ізтілеуов және өзге де кәсіпкерлер бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттің көмегіне, бұл бағыттағы Парламент депуттарының ықпалына өз ризашылықтарын білдірді. Мәжіліс депутаттары құнды ұсыныс-тілектердің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

«Біз осы жолы елге келген сапарымызда қала ғана емес, бірнеше ауданға ат басын бұрдық. Сайлаушыларымызбен, сан саланың мамандарымен кездесіп, пікірлестік. Біраз ой түйдік. Енді осыны іске асыру бағытында жұмыстанатын боламыз», - деді С.Оразов.

 

 

Шекара шебін нығайту керек

 

/«Айқын». 30.11.2012. Гүлбаршын Айтжанбай./ - Шығыс Қазақстан облысы активінің кеңейтілген отырысында Қытаймен шектесіп жатқан елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, сол арқылы елді қоныстандыру үшін бюджет есебінен 30 млрд теңге жұмсалатындығы айтылды.

Бұл жерде әңгіме Қытаймен шектесіп жатқан 30 елді мекен ғана болып тұрған жоқ. Мысалы, бұрынғы Марқакөл ауда­нында халық саны Күршімге қосылмай тұрғанында 23 мыңның үстінде болған. Қазір соның 10 мыңы ғана туған жерде тү­тін түтетіп отыр. Алматыға қоныс аудар­ған 1 мың отбасының әрқайсысында орташа есеппен 5 адамнан бар десек, онда алып шаһарда 5 мыңға жуық мар­қа­көлдік ағайын тұрып жатыр. Тарбағатай ауданы Ақсуатқа қосылды да атауы қалғанмен, басқарушы органдар Ақсуатқа орналастырылды. 2009 жылғы халық санағы бойынша ауданда 47 100 адам болса, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 44 745-ке жуық тұрғын өмір сүріп жатыр. Демек, айналдырған 3 жылдың ішінде 2 мыңнан артық адам басқа жаққа қоныс аударған. Шекаралық аудандар тараған кезде Тарбағатай ауданының бір өзінен 28 мың адам атамекенін тастап кеткен.
1997 жылы Үржар ауданының құра­мына Мақаншы және Таскескен аудан­дарының жері енген. Жалпы аумағы - 23,4 мың шаршы шақырым. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда 95 350 адам тұрған. Ал 2006 жылғы санақ бойынша 85,1 мың адам. Аудандағы 58 елді мекен 27 ауылдық округке біріктірілген. Шығыстағы 30 елді мекеннің аманаты артылған жоба Аста­наға, Экономикалық даму және сауда министрлігіне жөнелтілді. Егер, Үкімет құп көрсе, облыс басшылығы алдағы 8 жылда инфрақұрылымды қайта қалыпқа келтіріп, үдере көшіп кеткен тұрғындарды елге қайтару, жұмыс орындарын ашу жұмыстарымен айналысады.

Мәжіліс депутаты Төлеген Ибраевтың ай­туынша, шекаралық аудандардың өзекті мәселесін шешу ұзақ жылдарға со­зылып келеді. Жүргізілген оңтайлан­ды­рудың нәтижесі екі жақты болды. Мә­селен, бұрынғы аудан орталықтарынан ха­лық көшіп кете бастады. Себебі көп­шілік мекемелер ауданның жаңа ор­талықтарына көшірілді, мамандар қалаға ауысуға мәжбүр болды.

- Сол ауыр жылдары бұрынғы аудан орталықтарын сақтап қалу оңай болмады. Кейбір жерлерде денсаулық сақтау орын­дары, мектеп, балабақшалар сақталғаны­мен, барлығында ол мүмкін болмады. Жыл сайын шекаралық аудандарда сегіз мектепке дейін жабылған кез болды. Қал­ғандарында бес-алты бала ғана оқы­ды. Осы жылдары шамамен 80 елді мекен толық жойылды. Тек Тарбағатай ауда­ны­нан ғана 28 мың адам басқа жаққа көшіп кетті, - деді Төлеген Тоқта­сынұлы.

Шекара бойында қалып қойған елді мекендердің жағдайына алаңдаған тағы бір Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл шекаралы өңірден халықтың жаппай көшуінің бірден-бір себебі, ауылдық жер­лерде күнкөрістің төмендігі, зей­нетақы мен бірді-екілі бюджеттік меке­мелердегі қызмет орындарынан басқала­рындағы табыс көзінің жоқ болуынан дейді. Мәселен, 1997 жылы Алматы облы­сының Нарынқол елді мекенінде 12 мың адам болса, бүгінгі күні 8,5 мыңға жуығы ғана қалған. Шекараға жақын орналасқан Сүмбе, Қызылшекара елді мекендеріндегі жағдай да осындай. Мем­лекеттік шекараның түбіндегі Ұзақ ауылында осыдан 15 жыл бұрын 5,1 мың адам болса, бүгінде 3 мыңдай ғана адам тұрады.

- Республика аумағындағы шекара бойында орналасқан халықтың жаппай көшуіне жол бермей, керісінше, оларға жағдай жасап, әлеуметтік тұрғыдан көтергеніміз абзал. Ол үшін жергілікті халыққа Үкімет тарапынан жоспарлы-экономикалық қолдау қажет. Бүгінгі дамыған мемлекеттердің стратегиясында шекара аумағындағы халық үшін әлеу­меттік инфрақұрылымды қамтамасыз ету басты мақсат деп есептелінеді. Осыған байланысты, шекараға іргелес елді мекендерді көркейтудің жолын іздестіріп, жастарды жұмыспен қамтуға, бұзылған мәдени-әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлу керек. Сөздің тоқетер түйіні моноқалаларды дамытудан еш кем түспейтін оңтүстік, батыс, шығыс шекара­лардағы ауылдардың эконо­микасын тұрақтандырып, әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтитын салалық бағдарламалар қабылдануы керек деп есептейміз, - дейді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.
Шекаралық аудандар жөнінде бағ­дар­лама немесе арнайы заң қажет екендігі ұлт зияткерлері тарапынан бұған дейін де сөз болған. 2006 жылғы 26 тамыздағы «Қа­зақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының стра­тегиясы» атты Елбасы Жарлығында да айтылды. Сол жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің осы бағыттағы қаулысы шықты. Бірақ солай болса да шекаралық аудандар мәселесі көп уақытқа дейін бел­гісіз күйінде қалды. Шекара қызметіндегі әскердің санын арттырып, сапасын жақсарту өз алдына, олардың арқасүйер халқын қайтадан өз орнына қондыру, яғни шекаралық аудандарды қалпына келтіру ісі әбден пісіп-жетілгендей. Мек­тептер, балабақшалар, мәдени меке­ме­лерін қалпына келтіріп, халықтың әлеу­меттік қажеттіліктерін өтеуге жағдай жасап, жабылып қалған мекемелерді қайта ашу, шекаралық аудандардағы өз кәсібін ашамын деуші азаматтардың кәсіпорындарын үш жылға дейін салық төлеуден босату, шекаралық аймақтағы сауда мен кәсіпкерлікті дамыту бағдар­ламалары секілді шараларды қолға алу қажет. Мұндай тәжірибе бірқатар шетел­дерде табыспен қолданылып жүр.

Шекара мәселесіндегі Шығыстан қоз­ғалған сеңнің екпіні Парламентке де се­зілді. Мемлекеттік шекара туралы Тәуел­­сіздіктің алғашқы жылдарында қа­был­­данған заңдағы нормаларды маман­дар бүгінгі заманның ағымына жарамайды деп отыр. Бұл тұрғыдан келгенде шекараға қойылатын бүгінгі талап та, бүгінгі қа­тер­дің де жөні мүлдем бөлек екені айтпаса да түсінікті. Осыған орай Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің Шекара қызметі жаңа заң әзірлеп, құжатты кеше Мәжіліс бі­рінші оқылымда мақұлдады. Егер, қолдау табар болса, шекара бойында ұмыт қалып қойған елді мекендерге деген көз­қарас та өзгереді деген үміт бар.

 

 

Терроризммен күреске кешенді қадам

 

/«Дала мен қала». 30.11.2012./ - Соңғы жылдары «терроризм», «діни экстремизм» деген сөздер елімізде жиі айтылатын болды. Қазақ елінің тарихында бұрын болмаған терроризмнің пайда болуына, оның елімізде таралуына не себеп? Олар зерделеніп, келешекте террористік іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында, қажетті нормалар заңда қарастырылуда ма? Терроризмнің алдын алуға, оның жолын кесуге қол жеткізе аламыз ба? Көпшіліктің көкейінде жүрген осындай сұрақтар Мәжі­лістің жалпы отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетi төрағасының орынбасары Қабдулкәрім Әбдіқазымовқа қойылды. Ретімен баяндасақ.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығмату­лин­нің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын мақұлдады. Алдымен депутаттар М.Әбеновтің және Д.Клебанованың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарады. Мұрат Әбенов Білім және ғылым министрінің вице-министрі болып тағайындалса, Мә-жілісте 8 жыл отырған Дарья Клебанова ОСК-ге «орнынан түсу туралы өтініш» беріпті.

Бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал объектілердің атауларын нақтылау, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру бөлігінде Ұлттық қауіп­сіздік органдарының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін айқындауда нақтылаушы сипаттағы және басқа да бірқатар өзгерістер қарастырылған. Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттік­тері нақтыланады. Сонымен қатар, заң жобасында терроризм актілерінің жолын кесу үшін қарулы күштерді қолданудың тәртібі бекітіліп, халықты терроризмге қарсы операция режімін енгізу туралы хабарландырудың тәртібі айқындалған. Заң жобасы бойынша түсініктеме берген ҰҚК өкіліне талқылау барысында депутаттар тарапынан «осы заң қабылданғаннан кейін елде терракті болмайды деп елді сендіре аласыздар ма?» деген де сұрақ қойылды. Бұл орайда, ҰҚК өкілі кепілдік бере алмайтындарын ашық айтты. «Елі­міздің ішіндегі мәселелер қо­ғамның ары қарайғы радикалдануына, соның салдарындай террорлық актілердің белең алу­ына ықпал етуде. Біз осы факторларды зерттедік, мұқият қарадық. Тек қана күш қолдана отырып, біз бұл зұлымдықты жеңе алмаймыз, деген ба­й­ламға келдік. Сондықтан, заң жобасы­ның негізгі мақ­саты, негізгі тұжырымда­масы, бірінші кезекте, барлық орталық ведомс­тволардың және жергілікті атқару­шы органдардың өзара іс-қимылын үйлес­тіре отырып, еліміз тарихында тұңғыш рет терроризмнің алдын алу шараларын ұйым­дастыруды қарастырады. Яғни, күш-жігер біздің азаматтардың, әсіресе, ең алдымен, жас­тардың қылмыс жолына тұ­руының, тер­рористік актілер жасауының алдын алуға бағдарланады. Осы орайда атап өткім келеді: әлемде бірде-бір ел террористік актілерді болдырмайтын­ды­ғына кепілдік бере алмайды.

Бірақ оның көріністерін азайтуға, егер лайықты жұмыс жүргізілер болса, жаңа заң ықпал етеді деп сенімді айтуға болады», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қ. Әбдіқазымов. Ал, депутат Бақытбек Сма­ғұл терроризм идеологиялық жарнама түрінде азаматтары­мыздың санасын жаулауда, – деп есептейді. «Соңғы екі-үш жылда елімізде орын алған терроризммен қатысты бірқатар қылмыстар бұрын бол­ма­ған қайғылы оқиғалармен ұласқаны белгілі. Ол қылмыстық одақтар, ақшаға табынушылар – асыл дініміз исламның атын жамылып, исламға жат саналып, қатып қалған қатыгез қағидасымен қаруланған адастырушы ағымдардың жетегі. Өкініш­тісі бұл жетектегілердің басым көпшілігі – ел жастары. Демек, терроризм қарудың ғана емес, идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда», – деді Б. Смағұл. Ғаламтор арқылы терроризм идеяларын кең ауқым­ды насихаттау жүруде екенін ҰҚК төраға­сының орынбасары да айтып өтті. Интернетте қолдан жа­салған жарылғыш құ­рыл­ғыларды құ­растырудың, шабуыл жасау тактикаларын жүргізудің, терракті­лерді ұйымдас­ты­рудың нұсқаулықтары орналастырылуда, жанкешті-террористер дәріптелуде. «Біз басқа ведомстволармен ынтымақтаса отырып, мұндай тораптарға мониторинг жүргізудеміз.

Былтырғы жылы және биылғы жылдың басынан бері қарай сот арқылы терроризмді, зорлық-зомбы­лықты, экстремизмді насихаттайтын 950-ге дейінгі сайт елімізде жабылды. Бү­гінгі таңда соттарда Бас прокуратураның тағы 150-ден астам осындай ұйғарымы қара­луда», – деді Қ.Әбдіқазымов. Алайда, елі­мізде тосқауылданғанымен, тіпті, қазақ­стандық пайдаланушылар да шетел­дік серверлердегі осындай ресурстарға айналма жолдармен шыға алады екен. ҰҚК өкілінің айтуынша, ол сайттардың, сервер­лердің барлығы Қазақстан аумағынан тыс жерлерде, «еуропалық зонада» орын тепкен. «Сол себепті біз оларға қол жеткізу мүм­кіндіктерін тегіс жауып тастай алмаймыз. Өйткені, бүгінде тиісті технологиялар бар, оларды пайдалануға арнайы оқытады: іздеген адам әртүрлі прокси-серверлер, бағдарламалар көмегімен ондай ресурс­тар­ға шығады. Сондықтан біз Сенат арқы­лы осы жұмысты жүргізуде бүкіл әлемдік қоғамдастықпен, өзге елдердегі парламентарийлермен өзара ықпалдасу туралы өз ұсыныстарымызды жолдадық. Сонда ғана терроризммен күресте базаның кеңеюіне жол берілмейді», – деді Қ.Әбдіқазымов. Қазақстандық түзеу мекемелерінде қазіргі кезде терроризм мен экстремизмге қатыс­тылығы үшін бас бостандығынан айырыл­ған 370-тен астам адам ұсталуда екен. «Қал­ған контингентке теріс ықпал ететін және жүргізілетін жұмысқа илікпейтін қылмыскерлер Арқалықта, Жезқазғанда, Алматының, Оңтүстік Қазақстан облысы­ның бірқатар изоляторларында камерада жеке ұсталады», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Күн тәртібінде қаралған «Дербес деректер» және оған ілеспе заң жобалары да қызу талқыланды. Аталған құжатты әзір­леу дербес деректерді жинауды, жүйелен­діруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді, пайдалануды, жоюды қоса ал­ғанда дербес деректермен жұмыс істеу тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту қа­жеттігіне байланысты туындаған. Заң жобасында азаматтың дербес деректерін өңдеген кезде оның құқықтары мен бос­тан­дықтарын, жеке өмірі мен отбасы құпия­сына қол сұғылмаушылық құқық­тарын қорғауды қамтамасыз ету қаралған. Талқы­лау барысында заң жобасының атауын «Дербес деректер туралы» дегеннің орнына «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» етіп өзгерту ұсынылды. Көптен бері талқылап келген «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқы­лымда мақұл­данды. Сонымен қатар, депутаттар «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Әзір­байжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкіл­­діктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы ке­лісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Қазақ­стан Әзірбайжан елшiлiгiнiң ғи­­ма­раттарын салу үшiн Астана қаласы­нан жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесiн жылына 1 теңге мөлшерiндегi жалға алу ақысымен 49 жыл мерзiмге, өз кезегінде Әзірбайжан Қазақстан елшiлiгi­нiң ғима­раттарын салу үшiн Баку қаласы­нан 0,5 гектар жер учаскесiн жылына 1 манат мөлшерiндегi жалға алу ақысымен 49 жыл мерзiмге пайдалануға береді.

Сондай-ақ, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады. Парламент Сенаты бюджетті қарау барысында 74 түзету енгізген. Оның ішінде 58 түзету 2013 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жалпы сомасы 40 млрд. 853 млн. теңгеге қайта бөлуді көздеген. Осыған орай сенаторлар Үкімет резервінің қара­жатын 40 млрд. 807 млн. теңгеге қысқарт­қан. Бұдан бөлек Парламенттің шаруашы­лық басқармасының шығыстары 13 млн. теңгеге, Жоғарғы сот шығысы 33 млн. 281 мың теңгеге қысқартылған болатын. Мәжі­ліс депутаттары сенаторлар енгізген өз­герістерге келісім беріп, құжатты қа­был­дады.

 

 

Халық қалаулысы ауыл халқымен кездесті

 

/«Қазақстан ТРК». 30.11.2012. Ержан Жақып./ - Елімізде тікелей Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылдарды дамыту кәсіпкерлік пен мал шаруашылығын қолдауға қатысты жобалар іске асып жатыр. Ауыл халқының жай-күйімен танысу үшін, Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты елді мекендерді аралап, халықпен кездесті.

 Бүгінде ауылды дамыту үшін, Үкімет түрлі жобаларды іске асырып жатыр. Оның ішінде мал шаруашылығын өркендету басты назарда. Соңғы жылдары жүдеу тартқан елді мекендердің инфроқұрылымы жөнге келтірілуде. Ерінбей еңбек етемін, деген ауылдықтарға арналған бағдарламалар  көп.  

Амантай Мұқатаев, Қасқабұлақ ауылының тұрғыны:

Үкімет тарапынан беріліп жатқан әртүрлі несиелік көмектер, жеңілдетілген несиелер, сонымен қатар, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарға берілетін субсидиялар. Үлкен көмек осының барлығы. Тек қана біз осыны дұрыс пайдалануымыз керек.

Көпшілікпен кездесу кезінде де «Нұр Отан» партиясы тарапынан атқарылып жатқан шаралар, халық игілігі үшін қабылданған заң жобаларындағы өзгерістер жайы сөз болды. Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам идеясы» мен  жастар саясатын жетілдіруге қатысты пікірлер айтылды.  

Нұртай Сабильянов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің бюро мүшесі:

 Ауылдың инфрақұрылымын, жолдарын, көшелерін, мектептерін жақсылап тұрып күрделі жөндеуден өткізіп, халықтың игілігіне жаратсақ. Осы бағытта жұмысты бірлесіп, бірігіп атқаруымыз керек.

Тұрғындар бұрынғы Семей сынақ полигоны орналасқан өңір халқын әлеуметтік қорғау, медициналық көмекті жетілдіруге қатысты  ұсыныстарын жеткізді. Қазір бұл аймақта сынақтың зардаптарын жою кешенді түрде қолға алынған.

 

 

Мәжіліс депутаты Орал Мұхамеджанов сайлаушыларымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі. 30.11.2012./ - Парламент Мәжілісінің депутаты Орал Мұхамеджанов бүгін қостанайлық студенттерді «Қолжетімді баспана», «Дипломмен ауылға» сияқты мемлекеттік бағдарламалармен жан-жақты таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Кездесу Қостанай мемлекеттік университетінің қабырғасында өтті. Оның барысында бірқатар маңызды мәселелер әңгімеге арқау болды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен кездесуде студент жастар Елбасының қызметі, Тәуелсіз елдің құрылуы, қалыптасу тарихы сияқты мәліметтерге ерекше назар салды, осы деректер төңірегінде сауалдарын жолдады. Кеңес үкіметі тараған кездегі қиыншылықтар жайында да айтылды. Елбасының ұстанған сындарлы саясатының арқасында Қазақ елі мойымай, дамуға бастады делінді кездесу барысында.

Орал МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Біз жан-жақты дамып келе жатқан елміз. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесінде 2020 жылы Қазақстанды үлкен жетістіктер күтіп тұр. Осының арқасында ішкі жалпы өнім 1,5 есеге дейін ұлғайып, жан басына шаққанда 17 мың АҚШ долларын құрайтын болады.

 

 

Тұңғыш Президент күніне орай ант берді

 

/«Егемен Қазақстан». 01.12.2012./ - Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының бір топ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті.

1991 жылдың 1 желтоқсаны күні  ел тарихында бірінші рет қазақстандықтар жалпы халық болып, ынтымақ пен бірлік танытып Қазақстан Президентін сайлаған болатын.

Содан бергі өткен 21 жылда тұңғыш Президентіміз – Ел­ба­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың көреген саясатының арқасында біздің еліміз Ор­та­лық Азия өңірінде де, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында да алдыңғы қа­тардағы мақтануға тұратын орын­ды иеленді.  Халық­ара­лық аренада да  Қазақстанның мәртебесі өсіп, еліміз  ерекше мойындалды. Осының нағыз айғағы ретінде жақында ғана Астанамыздың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткі­зуді айқын басымдықпен жеңіп алғанын айтсақ болады.

Мә­жіліс Аппаратының бас­шысы Үсен Жетенов мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасушыларға «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жүргізіп отыр­ған ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасында әлеу­меттік-бағдарлы экономикасы бар, заман талабына сай өр­кен­деген, қарқынды дамушы мемлекет құру қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтаралық қаты­нас­тардың тұ­рақ­тылығы, қоғам­дағы келісім­нің қалыптасуы үшін қажет жағдайлардың бар­лығы жасал­ды. Сонымен бірге, Елбасы­ның мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру және мемлекеттік қызмет­ші­лерді ха­лық­қа қызмет етуге бейімдеуге ба­ғытталған қазақ­стандық мемлекеттік қызмет жүйесін қа­лып­тастырғанын атап өтті.

Ант қабылдау салтанатына Мәжіліс Аппаратының 22 мемлекеттік қызметкері қатысты.  Салтанатты рәсім соңында ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметкерлер  Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевқа жасап жатқан қамқорлығына ризашы­лықтарын білдіріп, білікті, адал істерімен еліміздің өсіп-өр­кендеуіне бар күш-жі­гер­ле­рін жұмсайтындықтарын жеткізді.

 

 

Күн тәртібі белгіленді

 

/«Егемен Қазақстан». 01.12.2012./ - Кеше  Мәжілістегі  палата бюросында   алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитеті палата жалпы отырысы күн тәртібінің жобасына  «Қазақстан  Респуб­ликасының  кейбір   заңна­ма­лық   актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әре­кеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлт­тық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң  жобасын  бірінші оқы­лымға ұсынды.

Халықаралық істер, қорға­ныс және  қауіпсіздік комитеті депутаттардың талқылауына  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әс­кер­лері туралы» Заңға өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын шыға­ра­тын болды.

Парламент Мәжілісінің Тө­рағасы Нұрлан Нығматулин аталған мәселелерді салалық комитеттерде пысықтау жа­йын­да тапсырма берді.

 

 

Ант қабылдады

 

 

 

/«Айқын». 01.12.2012. Ершай Әзірет./ - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының бір топ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті.

1991 жылдың 1 желтоқсаны күні Ел та­рихында бірінші рет қазақстандық­тар жалпы халық болып, ынтымақ пен бір­лік танытып Қазақстан Президентін сай­лаған болатын.
Содан бергі өткен 21 жылда - айтуға аз болғанымен, тарихта ғасырға тең кезеңде тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік саясатының ар­қасында біздің еліміз Орталық Азия өңі­рінде де, Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы елдері ара­сында да алдыңғы қатардағы орынды иеленді. Осының айғағы ретінде, жақында ғана Астанамыздың Халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесін өткізуді айқын ба­сым­­дылықпен жеңіп алғанын айтсақ болады.

Қазақстан мемлекеттік қызмет са­ласында да аймақтық көшбасшы бо­лып табылады. Мемлекеттік қызмет сала­сын одан әрі да­мытуға бағытталған «Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының мемлекеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жо­басын Мәжіліс жақында мақұлдады.
Аталған заң жобасының қабыл­да­нуы мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесін заманауи үрдістерді ескеретін озық ха­лықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған.

Мәжіліс аппаратының басшысы Үсен Жетенов мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасушыларға «Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасында әлеу­меттік-бағдарлы эко­номика­сы бар, заман талабына сай өр­кендеген, қарқынды дамушы мемлекет құру қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтара­лық қатынастардың тұрақтылығы, қоғам­дағы келісімнің қалыптасуы үшін қажет жағ­дайлардың барлығы жасалды. Со­нымен бірге, Елбасының мемлекеттік қызметтің кәсі­билігін арттыру және мемлекеттік қызмет­шілерді халыққа қызмет етуге бейімдеуге бағытталған қазақстандық мемлекеттік қызмет жүйесін қалып­тастырғанын атап өтті.

Ант қабылдау салтанатына Мәжіліс аппаратының 22 мемлекеттік қызмет­кері қатысты. Салтанатты рәсім соңында бүгін ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметкер­лер Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жасап жатқан қамқорлығына ризашылықтарын білдіріп, білікті, адал іс­терімен еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.

 

 

Парламентаралық комиссияның үшінші отырысы

 

/«Егемен Қазақстан». 02.12.2012./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Басқосуда Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісі Төра­ғасының орынбасары, Парламент­ара­лық комиссияның тең төрағасы Қабиболла Жақыпов екі ел ара­сындағы дипломатиялық қатынас­тардың 20 жылдығына орай баяндама жасады. Онда  Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты белсенді дипломатиялық қатынастардың жемісті болғаны айтылды.  Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың биылғы жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары мен Мем­ле­кеттераралық кеңестің үшінші отырысы осы байланыстардың жемісі екендігіне тоқталды.

Қазақстан мен Қырғыз аза­мат­тарының  екі ел арасында жүріп- тұруларының тәртібі бойынша келісім ратификацияланғаны және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қыр­ғыз Республикасының оңтүстік және солтүстік облыстарында екі орта мектеп салынып беретіндігі мәлімделді.

Меймандар тарапынан Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші  Төрағасының орынбасары, Парла­мент­аралық комиссияның тең тө­рағасы Бақыт Торобаев сөз сөй­леді.

– Біз сіздермен әр жүздесуімізді бабалар салған жолмен ғасыр­лар­дан келе жатқан туыстық қаты­нас­тың жалғасындай көреміз. Қыр­ғыз­стандықтар Қазақстан халқы мен ел басшыларына қиын кездердегі бауырлық қолдауларына дән риза, – деген вице-спикер, Қа­зақ­стан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың мемле­кет­­тіліктің негізін қа­лау­дағы ай­рықша рөліне жоғары баға берді.

Парламентаралық өзара қа­ты­нас­тар шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстан парламенттік делега­ция­ларының ресми сапарлары кезінде қол қойылған Екі ел пар­ла­менттерінің ынтымақтастығы ту­ра­лы меморандум іске асырылған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Рес­пуб­ликасы Жогорку Кенеші арасын­дағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссияның екінші отырысында жасалған келісімдерді жүзеге асыру мен жеткен жетістіктер жайынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Парла­мент­аралық комиссияның тең тө­рағасы Қабиболла Жақыпов пен Қыр­ғыз Республикасы Жогорку Ке­нешінің Әлеуметтік саясат ко­митетінің төрайымы Дамира Ниязалиева хабардар етті.

Комиссия мүшелері айтылған мәселелер жайын талқылап, ой-пі­кір алмасты.

 

 

Елбасы мақаласы жарық көрді

 

/«Қазақстан ТРК». 02.12.2012./ - «Мен әркез «сынасаң, оңтайлы жол ұсын!» қағидатын басшылыққа алдым. Мен қашан да «не істеу керек?» деген нақты және тақы­рып­тық сұрақтарға жауап бердім. Біз апаттық жағдайда Тәуел­сіздікті орнаттық». Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі. Жалпақ жұрт мерекені атап өтіп жатқан тұста еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» Елбасының мақаласы шықты, содан үзінді келтірдім, қажет деп тапсаңыз, алып оқыңыз. «Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақалада Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тарихи қалыптасу жолына шолу жасайды. Жиырма жылдан аса уақыт ішіндегі өзгерістер мен жетістіктерді жіліктеп, талдайды. Мемлекет басқарудың былайғы жұртқа байқала бермейтін сырлары мен қырларына тоқталады. «1993 жылдан бастап біздің экономика серпінді дамыды және 16 есеге өсті. Нақ осы экономика саласындағы ға­жайып табыстар арқылы Қазақстанның танымалдылығы артты. Қазақстан ХХІ ғасырда барлық континенттерде танымал болып және әлемнің аса ірі халықаралық ұйымдарын басқарып, өзінің бүкіл тарихында ең жоғары халықаралық мәртебеге ие болды», деп ойын тұжырады Президент. Сонымен қатар, Елбасы осы мақаласында Қазақстанның «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болуының да маңыздылығын түсіндіріп өтеді.

Камал Бұрханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Елбасымыздың мақаласын оқығанда үлкен ғылыми мақала ретінде, ғылыми құжат ретінде, тарихи дерек ретінде қарастырып отырмын. Өйткені, қазіргі замандағы мемлекетіміздің дүниеге келуі, тәуелсіздігімізге қол жеткізу туралы осы мақаласында осы тарихты өз қолымен жасаған азамат ретінде жазып отыр. 

 Валерий Рузин, Еуразиялық Телевидение және радио академиясының президенті:

Қазақстан бұл күндері саяси тұрақтылыққа, экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, мемлекеттілікті толық қалыптастырды. Сондықтан, сіздерге бұл күндері көрші мемлекеттер қызыға қарайды. Мен сырт көз ретінде айтар болсам, Тұңғыш Президенттің тұлғасы Қазақстанның дамуында негізгі рөл атқарғаны айқын көрінеді. Сондықтан мен Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын! Алдағы уақытта да Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен зор табыстарға жететіндеріңізге күмәнім жоқ.

 Хикмет Четин, Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі:

Нұрсұлтан Назарбаев - бүкіл түрік дүниесінің ақсақалы. Мен онымен алғаш рет 1992 жылы таныстым. Ол кісі сарабдал саясаткер. Назарбаевтың басты мақсаты - елді тұрақты дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Сіздер ЕҚЫҰ мен Ислам Ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттіңіздер. Енді міне, халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мүмкіндігіне ие болдыңыздар. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев бастаған қазақ халқының жетістігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР _____________________________________________________________________________

 

 

Біз Алаш идеяларының әлеуетін әлі толық аша алған жоқпыз

 

/«Егемен Қазақстан». 21.11.2012. Самат Мұса./ -  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен әңгіме. Алаш идеялары, ең алдымен, практикалық мән-маңызы бар дүние.  

– Бізге алдағы 23 қарашада «Ақ жол» партиясының «ХХІ ғасырда Қа­зақ­стан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қоз­ға­лысы идеяларының өзек­тілігі» атты ғылыми-прак­тика­лық конференция өт­кізетіні белгілі болып отыр. Азат Тұр­лыбекұлы, сіз­дерге мұндай шара өткі­зуге түрткі болған себеп не?

Иә, біз осы конференцияны өткі­зу­ге бастамашылық жасап отырмыз. Қа­зақ­станның «Ақ жол» демократиялық партиясы өзін «Алаш» қозғалысының ізбасарларының бірі деп жариялаған бо­латын. Бұл тұжырым сайлауалды тұ­ғыр­намамызда да, партияның өзге де құжаттарында көрінісін тапқан. Біз Алаш қозғалысының көрнекті қайрат­кер­лерінің идеялық мұраларын тарату мен оны бүгінгі күннің кәдесіне жа­ра­ту­дың маңызы зор деп санаймыз. Алаш мұ­расымен сан ұрпақ сусындап, халық­қа қызмет етудің, әлемдік бәсекеге тө­теп берудің үлгісін алуы керек. Өз­дерің­із­ге мәлім, биылғы жыл – Алаш қозға­лы­сының 95 жылдығы. Осы датаны анықтап тұрған фактор 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қала­сын­да өткен Екінші жалпықазақ съезінде құрылған Ұлттық кеңес болып табылады. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқсаны қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің – Алашорданың дүниеге келген күні.

Осыған орай, біз «ХХІ ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзек­тілігі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Соны Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия­лық Ұлттық университетінің қолдауы­мен жүзеге асырғалы отырмыз. Біздің конференцияның жұмысына қатысуға жетекші алаштанушыларды, белгілі ға­лым­дарды, қоғам қайраткерлерін, сарапшыларды, шығармашылық интеллигенция өкілдерін, жоғары оқу орын­дарының студенттерін, БАҚ өкілдерін шақырмақпыз. Аталған тақырыптағы конференцияның жұмысына ықылас та­нытқандар үшін есігіміз ашық. Мүм­кіндікті пайдаланып, конференцияның Астана қаласында, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18 үйде, «Тілеп Қобыз» сарайында қарашаның 23-інде сағат 10-да басталатынын айта кетейін.

– Ендеше, келесі сұрақ өзінен өзі туындайды. Осы конференцияның мақсат-міндеттері туралы кеңінен тарқатып айтып берсеңіз.

Жоғарыда айтқан Алашорда үкі­ме­ті құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық би­лік­тің жұмыс істеуі – ұлт-азаттық қоз­ға­лы­сы тарихындағы елеулі кезең. Алаш­орда көшбасшылары халықтың арманы болған өзін өзі билеу идеясын іске асыра алды. Ғұмыры ұзақ болмаса да қа­зақ­тың тұңғыш үкіметі – Алашорда үкі­ме­ті құрылып, қазақ халқының мем­ле­кеттілікке лайықты ел екені паш етілді. Оларға көздеген мақсаттарына эволю­ция­лық жолмен жетуге мүм­кіндік бе­рілмеді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олардың сол аласапыран және қиын уақыттарда толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Олар бар қазақтың қам­қо­ры­на, сүйенішіне айналу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Меніңше, «Алашорда» көшбасшы­ла­рының заңдық тұрғыда ақталғанына қарамастан, өкінішке қарай, әлі күнге дейін Алаш қозғалысына толық баға бермей жүрміз. Алаш қозғалысы – заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруды мақ­сат етті. «Алаш» партиясының саяси тұ­жырымдамасына, өмір жолы мен қыз­метіне қарап отырып, олардың саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселе­лер­ге, ұлттық құндылықтарға көзқарас­тарының ХХІ ғасырда Қазақстан қо­ға­мын жаңғырту кезеңінде де өзектілігін жоймағанын байқаймыз. Яғни, бұл – біз үшін теориялық қана емес, бұл, ең алдымен, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық мәселе. Конференцияның мақсаты – Алаш қозғалысының, Алаш­тың көшбасшы қайраткерлерінің мем­ле­кеттің құрылысына, әлеуметтік-эко­но­микалық, ұлттық салаларға қатысты көз­қарастарына берілген бағалар мен па­йым­­дауларды, ғылыми тұжырым­дар­ды жаңа заманның талаптарына, сұ­ра­ныс­тарына сай зерделеуге ұмтылу, Алаш­тың аманатына адалдық танытып, оның идея­ларының іске асырылуының тәуел­сіз­дігімізді бекемдеп, нығайта тү­суге қыз­мет ететініне қоғамдық пікір ту­ғызу.

Алаш идеясы – Қазақ елін Еуропа жолымен жаңғырту.

Оған басқа ұлт өкілдерінің күдікпен қарауына негіз жоқ екенін көрсету

– Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін. Кон­фе­ренцияны қандай пішінде өт­кіз­бек­шісіздер? Алаш мұрасы – тым ау­қым­ды мұра. Оны бір конференция шең­беріне сыйғызу да оңай емес қой…

Сондықтан да біз Алаш қайрат­кер­лерінің көзқарастарын жүйелеуге ұм­ты­лып, үш секциялық бағытта тақы­рып­тарға бөліп қарастыруды жөн деп таптық. Оның біріншісі: «Алаш» көш­бас­шыларының мемлекеттілікке, ұлт­тық құндылықтарға көзқарастары» бо­йынша баяндамалар жиынтығын құ­рай­ды. Кез келген ұлт үшін мем­ле­кет­тілік басты құндылық болып табылады. Әлихан Бөкейханов айтқандай, мем­ле­кет­тілігі жоқ халық – жетім халық. Алаш идеясының өзегі де ұлттық мем­лекеттілік дербестік. Бүгінгі Қазақстан Республикасы – Алаштың бұл арма­ны­ның іске асқанының көрінісі. Алаш көш­басшылары қазақ қоғамын біртін­деп Еуропа деңгейіндегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақ­ты жағдайларға бейімдеуді өзде­рі­нің анық та айқын мақсаты тұтты. Қазақтың белгілі тарихшысы Манаш Қозыбаевтың сөзімен айтсақ, «ХХ ға­сыр­да ұлт-азаттық қозғалысының жа­ңа сатысы басталды. Оның басы-қасында «Оян, қазақ» ұранымен шыққан, демо­кра­тиялық Ресейдің құрамында қазақ елін еуропалық жолмен дамытуды, жаң­ғыртуды көксеген реформаторлар (Әли­хан Бөкейханов, Ахмет Бай­тұр­сы­нов, Мір­жақып Дулатов, Мұстафа Шо­қай) бастаған ұрпақ жүрген еді» («Егемен Қазақстан», 1996 жылдың 6 жел­тоқсаны).

Түркістан автономиясын жария­ла­ған Алаш қайраткерлерінің жапон­дық­тар­ды үлгі тұтқан шығыстық (Мұстафа Шоқай) бағыттағы ұстанымдары да маңызды. Жапонияның өзі Еуропадан үйрене отырып, ілгері дамудың жолына шыққанын ескерсек, олардың ұста­ным­дарында алшақтықтардың көп емес­ті­гі­не де көз жеткізесің. Алаш көшбасшы­ла­рының ұлылығы да сонда, олардың таптық жіктелуге де, ұлтшылдық то­ма­ға-тұйықтыққа да ұрынбауында. Біз осы­ны да көрсете алуымыз керек. Олар қазақтың жоғын жабайы ұлтшылдық сарынмен жоқтамаған. Өзге азшы­лық­тағы ұлттардың өкілдерінің құқығын шектемейтін қазақ ұлтының елді бі­рік­тірушілік идеясын Алашорда үкіметін сайлаған съездің өзінде жария еткен. «Алашорда» Уақытша ұлттық кеңесінің құрамы 25 адам болып бекітіліп, 10 орын­ның қазақтар арасындағы орыс жә­не басқа ұлттардың өкілдеріне қал­ды­рылуының өзі көп жәйтті аңғартады. Осы кезге дейін Алаш дегенде басқа ұлт­тың өкілдері осы қозғалысты ұлт­шылдық бағытта деп қана пайымдап, оған күдікпен қарайды. Біз осы күдікті жоққа шығаруымыз қажет. Күдік қа­шанда білместіктен туады.

Ал бізде күні кешеге дейін алаш­ор­да­лықтарды тек ұлтшылдық тұр­ғы­сы­нан қарастыру белең алғаны рас. Алаш қозғалысының, оның қайраткерлерінің дәрежесін орыстарға, басқа ұлттардың өкілдеріне, өзім сияқты орыс тілінде білім алған қазақтарға да, бір сөзбен айтқанда, орыс тілді аудиторияларға да түсіндіру қажет. Сол себепті біз конференцияда орыс тілінде де баяндамалар жасауға мүмкіндік беріп отырмыз. Алда өткізілетін шараларда да осындай ұстанымда боламыз. Өйткені, Алашты өзіміз ғана біліп, сол білгенімізбен мақтану үшін емес, Алаш идеяларын түсініп, оны жүрегімен қабыл­дай­тын­дарды көбейту үшін осылайша істеу керек деп санаймын. Алаш идеясын біржолата ысырып тастауды көздеген кеңестік жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол кездегі пси­холо­гия­лық пиғылдан тұтастай арылуға күш жұмсағанымыз абзал. Алаш идеясын әрбір қазақстандық үшін елді ажырататын емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек.

Екінші – «Алашордалықтардың эко­но­микалық тұжырымдамалары туралы» өтетін секцияның да жүктемесі жауапты. Алаш партиясының, сол пар­тия­ның негізінде құрылған Алашорда үкі­метінің бағдарламасының интеллек­туал­дық-саяси деңгейінің жоғарылығы бұл мәселеге де бүгінгі күннің биігінен, ертеңгі алар асуларымыздың талаптары тұрғысынан келгенді қалайды. Ол сол кезеңдегі беделді саяси пар­тия­лардың бағдарламаларынан бірде кем емес. «Алаш» партиясының бағдар­ла­масы, бі­ріншіден, Қазақ елін өзінің бөлін­бей­тін территориясы бар, отар­лық тәуел­ді­ліктен азат елге айналдыруды, екін­ші­ден, қазақ халқының өмірін жаңа са­паға көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пәрменді реформалық шараларды іске асырғылары келді. Кез келген мем­ле­кет­тің тұрақты және тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің эко­но­ми­калық дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері жете тү­сін­ді. Оны ұлттық басым­дық­тардың бірі ретінде қарастырды. Алаш­ордалық­тар­дың көбі ұлттық буржуа­зияның өкіл­дері болғандықтан да жер мәселесін, кәсіпкерлік, жеке меншік мәселелерін ел экономикасынан бөліп қарамаған, оны экономикалық өсудің негізі деп санаған. Біз «Алаш» қай­рат­керлерін сая­саткер ретінде ғана білмей, олардың әрқайсысының білікті мамандар бол­ға­нын да көрсетуіміз керек. Бұл тақы­рыпқа жаңа қырынан келіп, ашып көрсетуді белгілі практик-экономист, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, үш қазақ баласының анасы Екатерина Сергеевна Никитинскаядан сұрап отырмыз. Еге­мендігіне ие болған ел үшін терри­ториясының тұтастығын қалыптастыру қандай маңызды болса, табиғи байлығы мен қоғамдық игілігін қорғап, экономиканы жаңғырту да сондай маңызға ие.

«Ақ жол» партиясы экономиканы әлеуметтік дамудың міндеттерін тиімді шешудің құралы ретінде қарастырады. Сол себепті де біз «Алаш» көш­бас­шы­ларының әлеуметтік жаңғыртуға көз­қа­растары» мәселесіне үшінші секция ая­сындағы баяндамаларда ерекше тоқ­тал­сақ деп отырмыз. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақ­сат еткен «Алаштың» асыл мұраттары біздің қазіргі жедел жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес келеді. Қа­зақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздегі әлеуметтік, сондай-ақ жаһандық экономикалық және саяси үдерістер үшін тұжы­рым­да­ма­лық маңызы аса зор Әлеуметтік жаң­ғырту бағдарламасын ұсынып, оның халқымыздың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумы бұл мәсе­лені арнайы қарап, онда Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламаны еліміздің бұдан әрі дамуының стратегиялық ба­ғыты ретінде толық қолдайтынымызды және оны іске асыру үшін белсенді түрде атсалысатынымызды мәлімдеген болатынбыз. Шын мәнінде, бұл бағ­дар­лама мемлекетіміздің дамуына жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүд­делеріне сай келетін жаңа құн­ды­лық­тар жүйесін қалыптастырып отыр.

 «Алаш» отандық өндірісшілерді қолдады

 – Алаш арыстарының да арман­да­ғаны осы ұлттық мүддеміздің үде­сі­нен шығатын құндылықтар ғой. Әри­не, конференцияларыңызда аса маңызды тақырыптарға ден қойып отыр екенсіздер. Оның мазмұнын күні бұрын тұтас ашып беріңіз деуден аулақпыз. Оның үстіне, бәрімізді  толғандыратын мәселені көте­ре­тін бұл шараларыңыздан біз де сырт қалмаспыз. Дегенмен, Алаш қайрат­керлерінің бүгінгі заман талабына сай келетін кейбір идеяларының ше­тін шығарсаңыз.

– Біз осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрынғы Алаш арманын бүгінгі Қа­зақ­стан бейнесінен көруге тиіспіз. Алаш­ор­да үкіметінің төрағасы Әлихан Бө­кей­ханов «қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс», деп сол заманның өзінде нарықтық экономикаға, ұлттық бизнестің дамуына үндеді. «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының бірі, сол кезеңдегі ұлт ұстазы болған Ахмет Байтұрсынов: «Біз бай, білімді hәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. «Алаш» идеяларына терең­і­рек үңіле бастағаннан бері көзім мы­на­ған жетті. Біз қазір ұлттық экономика мен ұлттық бизнестің мүддесін заң шығарушылық жұмыста болсын, әртүр­лі жиындарда болсын, барынша қорғап жүргенде Алаш идеяларынан бір сәтте де алшақ кеткеніміз жоқ. Бұл орайда, мен өткен ғасырда қазақ тарихын сом­да­ған Алаштың ардақты аза­мат­тары­ның бірі Санжар Аспандия­ров­тың келесі сөздеріне назар аударғым келеді: «Первый период подавления колонизаторских отрыжек прошлого, предоставления всех политических прав ранее угнетенным нациями решен и решен блестяще. …Но это еще полдела. Надо закрепить сделанное, ибо экономические взаимоотношения между нациями определяют все остальные отношения… Нужно изучать условия развития народного хозяйства каждой отдельной нации, живущей в Туркестане, ибо эти пути развития для каждой из них совершенно самобытны». Тіпті елімізді индустрияландыру бағытында дамы­ту­дың қажеттілігіне дейін Алаш білім­дар­лары айтып кетіпті. Олар отбасында материалдық мүмкіндіктері жет­кілікті және жеке бастарының интел­лек­туал­дық қабілет-қарымы мол бол­ған­дықтан, еуропалық деңгейде білім ала алған. Көпшілігі орыс тілін жетік меңгерген, мақалаларын орыс тілінде жазған.

Смағұл Сәдуақасов Қазақстанды же­дел дамыту ниетімен Голощекинмен оның ұлттық республикалардағы өтірік «индустрияландыру» деп аталған қи­тұрқы саясатына ашықтан-ашық батыл қарсы шыққан. «Почему Голощекин не может или, вернее, не хочет идти дальше шерстомоек, тогда как само собой напрашивается и организация суконных фабрик», дей келе, Сәдуақасов өзінің «О национальностях и националах» атты мақаласында мынадай өте орынды сұрақ қояды: «Не легче ли железной дороге сразу вывозить из Казахстана готовое сукно, чем два раза таскаться то с вымытой шерстью, то обратно с «московским» сукном из этой шерсти?» Сәдуақасовтың елдің ши­кі­зат базасы болып шектеліп қалуына сол кезеңде қарсы шыққаны көрініп тұрған жоқ па? Ал енді ол көтерген осы мәселенің қазіргі күн үшін маңызы жоқ деп кім айта алады? Өмір­ден қыршын кеткен Алаш азаматы См­а­ғұл Сәдуа­қа­совтың экономикалық тұжы­рымдама­сы­ның өзі бір баяндамаға арқау бо­лар­лықтай екен. Қазір еліміз үдемелі ин­дус­триялық-ин­новациялық даму бағ­дар­­ла­масын жүзеге асыруға бел шеше кіріскен кезде мұны конференциямызда жеке баяндама етіп шығарайық деп ұйғардық. Парламент Мәжілісінің екі шақырылымының депутаты болған қо­ғам қайраткері, экономика ғылым­да­ры­ның докторы, профессор Мырза­гел­ді Кемелдің бұл тақырыпты толық мең­геріп, қатысушылардың қы­зығушы­лы­ғын туғы­за алатынына шүбә­міз жоқ. Кеңес үкі­метінің құрамында жұмыс істеуге мәж­бүр бола жүріп, республика мүд­де­сін жанқиярлықпен қорғаған Алаштың аяулы ұлдарының өмірінен мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады…

Меніңше, біз әлі Алаш идеялары­ның әлеуетін толық аша алғанымыз жоқ. Өз басым, алдағы конференцияда жасалатын баяндамалардан біржақты емес, сан қырлы, жан-жақты мәлі­мет­тер аламыз деп үміттенетінімді жасырмаймын. Бос сөздің емес, нақты іс­тер­дің партиясы ретінде өмірде, күнделікті тәжірибеде қолданылатын құнды ойлар көп айтылғанын қалаймын. Бізге Алаш идеяларының тереңіне бойлай алмай, дилетанттық деңгейде «білгір» болып жүргендердің пікірлері керек емес. Тек дилетанттар ғана Алаш идеяларын елді артқа – ХІХ ғасырға тартатын «изоляционизм» идеологиясы деп тү­сі­не­ді. Ал біз Алаш идеяларын елімізді ХХІ ғасырда өркениетті мемле­кет­тер­дің қатарына енгізетін, қоғамымызды жаң­ғыртатын ұстаным ретінде қа­рас­тырып отырмыз. Сондықтан да бізге шынайы білімді, жүйелі көзқа­ра­сы бар мамандардың пікірлері қымбат. Сол себептен де біз «Алаш» ұлт-азат­тық қозғалысы туралы ұзақ жылдардан бері ғылыми-зерттеулер жүргізіп, осы қозғалыстың көрнекті қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі мен шығар­ма­шылық мұрасына ғылыми талдау жа­сау­мен айналысып келе жатқан алаштанушы ғалымдарды: Дихан Қамза­бек­ұлын, Амантай Шәріпті, Зиябек Қабыл­ди­нов­ті, Омар Жәлелді, Қайрат Сақты, Алматыдан Халықаралық «Қазақ» тілі қо­ға­мының президенті, академик Өмір­зақ Айтбаев ағамызды, Семейден алаш­та­ну­шы ғалым Тұрдықұл Шанбайды конференциямызға қатысып, баяндамалар жасау үшін шақырып отырмыз.

– Алаш арманы, қазақтың бүгінгі ең үлкен бағы да, ең үлкен байлығы да болып отырған – тәуелсіздігіміз. Ендеше, біз Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің бастауында тұрған Алаш арыстарына қандай құрмет көрсетсек те ар­тық емес. Қалай ойлайсыз, осы ба­ғыт­та біз тым кешеуілдеп жатқан жоқ­пыз ба?

Орынды сұрақ қойып отырсыз. «Ақ жол» партиясының парламенттік фрак­циясы Үкіметке Алаштың 95 жыл­дығын қалай атап өткелі отырғанын сұрап, депутаттық сауал жолдадық. Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін бұған мемлекет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс. «Алаш» мәселесі бойынша ортақ тұжы­рымдар қалыптастырып, бұл тақы­рып­ты зерттеудің ұстанымдарын айқындай түсу қажет. Ең алдымен, мектеп оқу­лықтарында жеткілікті көлем берілуі керек. Ал қазір «Қазақстан тарихы» оқу­лығында бар болғаны бір жарым бет қана. Жас ұрпақ тарихымызды жетік білмейді, осы кемшіліктің орнын тол­тыруға күш жұмсауымыз керек. Әрбір қалада Алаш қайраткерлеріне ескерт­кіштер орнатылуы тиіс. Мәселен, біз депутаттық сауалымызда Алаштың ордасы болып, Алаш­қала аталған қазіргі Семейдегі Ертіс өзенінің сол жаға­ла­уындағы Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатып, ол үйді мұражайға айналдыру кезек күттірмейтін мәні зор мәселе екенін атап өттік. Жоғары оқу орындарында Алаш идеясын оқыту жүйеге айналуы керек. Алаш мұрасы мен тарихы туралы кітаптар мемлекеттік тапсырыс­пен шығарылуы тиіс. Біз өз тарапымыздан партиямыздың Ақылдастар ал­қа­сының мүшесі, елімізге танымал ақын Ханбибі Есенқарақы­зының тіке­лей бас­тамасымен Алаштың көрнекті қай­рат­керлерінің бірі Сұлтанбек Қожа­новтың басқаруымен 1920-1926 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған, Алаш ардақтыларының мінбері болған «Ақ жол» газетінде төте жазу түрінде жарияланған материалдарды қа­зіргі әліп­биге көшіріп, жазылған 2 том­дық зерттеу кітаптарын жарыққа шыға­рып беруге көмектесетінімізді айттық. Уәде бердік, орындаймыз. Бұл да ортақ іске қосқан үлесіміз болмақ.

Бірақ тек кітап шығарумен ғана іс бітпейді, олар кітапханалар сөрелерінде шаң басып жататын болса, одан не пайда? Соны оқуға оқырмандардың қы­зы­ғушы­лығын тудыратын, Алаш идеяларын іске асыра алатын тетіктерді із­дес­тіре беруіміз керек. Біз бір конферен­ция­мен барлық мәселені шешіп тастаймыз деп отырған жоқпыз. Баспасөз бет­теріне шыққан Алаш тақырыбындағы ғылыми еңбектерге, тарихи, журна­лис­тік зерттеулерге студенттер, жас ға­лым­дар және журналистер арасында бәйге жариялап, оның қоры­тын­дысын жыл сайын шыға­рып тұруды жоспарлаудамыз. Орыс тілді аудиторияларды Алаш­тың бай мұрасына тарту, үрей мен күдіктен арылту мақса­тында орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында шық­қан жұмыстар үшін байқаудың жеке номинациясы бел­гіле­неді. Байқау жеңім­паздары атанған­дар осы жұмыстарын негізге ала отырып, біздің келешекте өткізетін конференцияларымызда баяндамалар жасайтын болады. Яғни, біз «Алаш» партия­сының жолын қуған партия ретінде дәстүр қалып­тастыру ниетіндеміз.

 Алдымызда – «Алаштың» 100 жылдығы

– Ниеттеріңіз жақсы екен. Бірақ мұндай жүктемелердің бәрін бір пар­тияның алып жүруі қиын ғой. Бұған бүкіл қоғам жұмылдырылуы керек шығар… Азат Тұрлыбекұлы, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет айта отырып, әңгімеңізді қысқаша түйіндеуіңізді сұраймын. Конференция қорытын­ды­сымен қандай да бір құжат қа­был­дана ма?

Біз қазірдің өзінде жеке-дара емес, Еуразия университетінің алаштанушы ғалымдарымен қоян-қолтық жұмыс жасап жатқанымыздан хабардар еттім. Ал­дағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Мен мынаны ашық айтқым келеді: «Алаш» жеке ұйымның, жеке партияның басыбайлы меншіктеп алатын «мүлкі» емес, біз Алаш жолымен жүреміз деп тірлік жасап, іс тындырамыз деп ниеттенгендердің не­ғұр­лым көп болға­нын қалаймыз. Былтыр­ғы жылы «Нұр Отан» партиясы Әлихан Бөкейхановтың 145 жылдығына орай ғылыми-прак­тика­лық конференция ұйым­дастырды, шетелдерден де ға­лым­дар шақырылды. Оған біраз ақжол­дықтар, мен де қатыстым. Басқа пар­тия­лар, қоғамдық ұйымдар үшін де, әсі­ресе, ғылыми қауым үшін бұл бағытта атқарылғаннан атқарылмаған істер көп. Енді 5 жылдан кейін, 2017 жылы Алаш қозғалысының – Алашорданың құрыл­ға­нына 100 жыл толады. «Ақ жол» – бір күннің партиясы емес, саяси ұйым ре­тінде еліне, мемлекетіне қызмет еткісі келетін, мемлекетшіл азаматтардың пар­тиясы. Біз ұзақ мерзімді стра­те­гия­лық бағ­дарларымызды белгілеп, пар­тия­ның бүгінгі ғана емес, ертеңгі іс­те­рін жүйе­леуіміз керек. Сондықтан да осы бағытта жұмыс істеп, Алаш қоз­ға­лы­сының 100 жылды­ғына дейінгі ара­лық­та қоғамдық санаға ой енгізіп, Алашорданы, Алаш қайраткерлерін лайық­ты ұлықтау қажет екендігіне Қазақ елі Үкіметінің, барша­ның көзін жеткізіп, табандылықпен түсіндіре береміз. Біз «Алаш» қозғалы­сының 100 жылдығын еліміздің өмірін­дегі аса маңызды ке­зең­дік оқиға ретінде бағалап, оның дайын­дығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемле­кеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақы­ра­мыз.

– Әңгімеңізге рахмет. Ойға алған істер үдесінен шыға беріңіздер

 

 

Мемлекет қазынасы халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс

 

/«Егемен Қазақстан». 24.11.2012. Ерген ДОШАЕВ, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы басшысының бірінші орынбасары./ - Кез келген елдің экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуы мемлекеттік бюджеттің жоспарлану және атқарылу сапасына тікелей байланысты. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Аталған мәселенің өзекті сипаты, әсіресе, тұрақсыздық пен әлемдік дағдарыс салқыны айқын сезіліп тұрған кезеңде байқала түсуде. Сондықтан еліміздің бюджет процесінде атқару тәртібінің қалай сақталып жатқаны жөнінде ой бөлісуді жөн көрдім.

Соңғы бес жылда Мәжілісте мемлекеттік бюджетті бекіту, атқару және нақтылау мәселелері бойынша Қаржы министрінің жи­­­ырмадан астам баяндамасы тың­­далыпты.
Алайда, бұл баяндамалар өз мазмұны жөнінен бір-бірінен он­шалықты ерекшеленбейді. Егер олардың негізгі тезистерін бөліп алып қарайтын болсақ, жыл са­йын қаржының игерілмеуі, мақ­сат­сыз жұмсалуы орын алып, осы­ған орай бюджеттік бағдар­­­лама әкімшілеріне қолданылған ша­ра­лардың санап тізбеленетінін бай­қаймыз. Өкінішке қарай, қан­ша күш салынып жатқанына қа­ра­­­мас­тан, қаржылық бұзушы­лық­тар са­ны ұдайы өсіп отыр, ал иге­ріл­меген қаражат сомасы ұлғай­ған үстіне ұлғая түсуде.
Сөзіміз жалаң болмауы үшін фактілерге жүгінейік. 2007 жыл­ғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 1 қаң­тарға дейінгі кезеңде мемле­кеттік бюджеттің 270 миллиард теңгесі әртүрлі себептермен иге­рілмей қалған. Бұл – Қырғызстан және Тәжікстан секілді елдердің бір жарым жылдық бюджетіне тең сома.

Оның үстіне, аталған кезеңде қазынаның 230 миллиард теңгесі қаржылық бұзушылықпен жұм­са­­лып, 1 миллиардқа жуық теңге мақ­­сатсыз пайдаланылған деп танылды.

Ең бастысы, миллиардтап иге­рілмеген бюджет қаржысы аспаннан алынған цифрлар емес. Оның артында дер кезінде салынбаған әлеуметтік сала объектілері – мектептер, ауруханалар, аз қам­­­тыл­ған отбасыларға арналған тұр­ғын үй­лер тұр. Бұл жобаларды өз уақы­тында іске асыру Қа­зақстан хал­­қының әл-ауқатын өсіруге айтар­лықтай әсер еткен болар еді.

Алайда, кемшілік мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Әлеу­меттік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау секілді маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бөлінген бюджет кредит­терін екінші деңгейдегі банктер­дің депозиттеріне сақтап қоятын келеңсіз тәжірибе жылдан-жылға жалғасып келеді.

Бір сөзбен айтқанда, жыл са­йын Қаржы министрлігі қаржы­­­ның игерілмей қалғанын айтады. Есеп комитеті бюджетті атқару барысында көптеген заң бұзушы­­­лық­қа жол берілгенін анықтайды. Депутаттар өз отырыстарында мұ­­ны сынап жатады. Өкінішке қа­­рай, мәселенің талқылануы осы­мен аяқталып, Үкіметтің ке­лесі жылғы есебін талқылағанға дейін «жабулы қазан жабулы кү­йінде» қалады.

Сондықтан да бұл бағытта жү­йелі шаралар қабылдаудың кезі жетті деп ойлаймын. Ең алдымен, шенеуніктердің бюджетті сапасыз жоспарлағаны, толық атқарма­ға­ны және қаржылық бұ­зушылық үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қа­жет. Осы орайда айта кететіні, әлемнің көптеген елдерінде бюджет заңнамасын бұз­­ғаны үшін жауапкершілікті заң­­намалық тұр­ғыдан бекітудің әртүрлі тәжірибесі бар.
Мәселен, бұл бойынша АҚШ, Англия және Францияда заң дең­гейіндегі нормативтік-құқықтық база табысты түрде қолданылып келеді. Оларда бюджет процесін жүзеге асырудың бүкіл тетігі нақты түрде жазылып, қаржылық бұзушылықтың түрлері бойынша жауапкершілік регламенттелген.

Боливияда жоғары аудит орга­нының басшысы шотты тоқтатып қою, қазынадан қаражаттың қоз­ға­лысын кідірту туралы бұйрық беріп, атқарушы органның басшысын қызметінен босату туралы ұсыныс енгізе алады. Бұл елде жоғары аудит органы бас­шы­сының сауалы берілген сәттен бас­тап, 24 сағат ішінде прокурор тиісті бұйрық шығаруға тиіс.

Ал Жапонияда, егер жоғары қаржылық бақылау органы мемлекетке елеулі залал келтірілді деген пікірге келсе, ол тексе­рі­ле­тін объектінің басшысынан шаралар қабылдауды талап ете алады. Жоғары аудит органы қабылдаған шешімнің күшін тек парламент қана жоя алады. Қылмыстық сипаты бар іс-әрекеттер жөніндегі материалдар бас прокуратураға жіберіледі.

Түркияда жоғары қаржылық бақылау органы шоттардың уақ­тылы тапсырылмағаны үшін тек­серілетін объектідегі кінәлі адам­дардың жалақысын 50 пайызға дейін қысқарту жөнінде өкім шығара алады. Ал егер одан үш ай өткеннен кейін шоттар бұ­рын­ғысынша тапсырылмай жатқан болса, кінәлі адамдар жұмыстан босатылуы немесе сот тәртібімен жазалануы мүмкін.

Ресей Федерациясының Бюджет кодексінде «Бюджет заңна­ма­сын бұзғаны үшін жауапкер­ші­лік» деп аталатын бөлім көздел­ген. Онда заң бұзушылықтың барлық түрлері үшін белгілі бір айыппұлдар белгіленген. Әкімші­лік құқық бұзушылық кодексіне сілтеме жасайтын нормалар қам­тылған. Оның үстіне, қазір Мем­лекеттік думада бюджет заңна­масын бұзғаны үшін санкцияларды қатаңдатуды көздейтін заң жобасы қарастырылып жатыр.

Біздің елімізде болса, қаржы­лық бұзушылық үшін мемле­кет­тік орган басшысы ең мықта­ған­да әкімшілік жаза алумен құты­лады не оған еңбек заңнамасында көзделген шаралар ғана қолда­нылады. Себебі, бізде бюджет заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар барынша либералды сипатта. Одан гөрі қатаң шаралар орта буын басшыларына ғана қолданылады.

Қолданыстағы Бюджет кодек­сінде көптеген ұғымдар нақты мәнге ие емес. Ал бюджет қар­жы­сын «мақсатсыз», «тиімсіз» пайдалану ұғымдарының анық­та­масы мүлдем жоқ. Жалпы, Бюджет кодексі қаржылық бұзу­шы­­лық түрлерін нақты регламенттеу тұрғысынан жетілдіруді қажет етеді. Бұл өз кезегінде бюджеттік құқық бұзушылықтар үшін Әкім­шілік және Қылмыстық кодекс­терде көзделген жазаларды қа­таң­датуға алып келеді.

Қазір бүкіл әлем жаһандық дағдарыстың екінші толқынының теріс салдарын сезініп отыр. Ке­зінде экономикасы дамыған елдер болып саналатын Грекия, Испания мен Португалия әлеуметтік бағдарламаларын қысқартып, мем­лекеттік аппарат саны мен жалақы мөлшерін азайтуға, зей­нетақыға шығу жасын өсіруге мәжбүр болып отыр.
Осындай ауыр кезеңде біздің елімізде Қазақстан Республика­сы­ның Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың тікелей күш салуы арқасында экономи­калық және әлеуметтік жобаларға миллиардтаған инвестициялар тар­тылып, қомақты қаржы бөлі­нуде. Бұл тұрғыда Үкіметтің мін­деті – осы қомақты қаражатты ел игілігі үшін сауатты әрі тиімді жұмсау. Өкінішке қарай, біз әліге дейін мұндай істі байқай алмай отырмыз.
Сондықтан Үкімет бюджеттің атқарылу тиімділігін бағалаудың айқын критерийлерін әзірлеуге тиіс деп ойлаймын. Бұл критерийлер объективті өлшенетін көр­сеткіштерге негізделуі қажет. Сонымен бірге,  Парламент қара­уына бюджет заңнамасын бұзға­ны үшін нақты жауапкершілік шараларын белгілейтін заң жобасы енгізілуге тиіс.
Осындай шаралар мемлекет бюджетті жоспарлау мен атқару кезінде бюджет процесіне барлық қатысушылардың атқарушылық тәртібін арттыруға көмегін тигі­зе­тіні сөзсіз. Ал бұл өз кезегінде экономика мен Қазақстан халқы әл-ауқатының сапалық тұрғыдан өсуіне ықпал етеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке

 

/«Егемен Қазақстан». 28.11.2012. Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы./ - Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 жел­тоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конс­титуциялық заңға және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасыр­лар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын бо­ла­шаққа батыл бас­тады.

Тәуелсіздікке ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде республика Президентінің жетекшілігімен ауқым­ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмыл­дыр­ды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сырт­қы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Міне, сондықтан да әлем­нің маңдайалды саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекет­ті­лі­гінің негізін қалаушы және бүкіл ха­лық­аралық қоғамдастықтың ри­за­шы­лы­ғы мен құрметіне ие болған жаһан­дық, өңірлік бейбіт бастама­лар­дың авторы ретінде таниды.

Қазақ жұрты еліміздің өтпелі ке­зе­ңіндегі қиындықтар мен сынақтарды ең­серіп, саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың ілгерілеу мен өркендеу жо­лына шығуына Мемлекет басшы­сының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің басты рөл атқарғанын жақсы біледі.

Ел егемендігін иеленген осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақ­стан мемлекеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген сандаған экономикалық, сая­си және әлеуметтік реформалар елі­мізді жаңа ғасырдағы бәсекеге қабі­лет­ті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы осы аз ғана уақыт ішінде өзін ха­лықаралық қоғамдастықтың құрме­тін туғызған жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлем­ге мойындатты, елімізді өзгелер ішкі-сыртқы саясатымен санасатындай биік абыройға жеткізді.

Міне, сондықтан да егемен Қазақ­станның негізін қалап, оны бекітудегі тарихи миссия Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың еншісінде екенін негізге алған Қазақстан Парламенті өткен жылы, ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерекесі қарсаңында 1 желтоқ­сан­ды Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке етіп бекітті. Бұл заңның қабыл­дануымен тәуелсіздіктің іргетасын қалап, дербес мемлекетімізді құру және дамытудағы, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделін нығайтудағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың тарихи рөлі бекітілді.

Еліміз егемендік алғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Елбасының басшы­лығымен ғасырлар бойы арман болған жетістіктерге қол жеткізгенін, ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдіс­те­рін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасағанын ескерсек, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін белгілейтін мемлекеттік мерекенің болуы заң­дылық.

Өйткені, халқымыз елді кеңестік жүйенің қирандысынан қиналтпай алып шығып, ең ауқымды экономи­ка­лық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра отырып, жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті ел дең­гейі­не жеткізуде Қазақстан мемле­кеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өлшеусіз еңбек сіңіргенін жақсы біледі.

Өткен күндерге көз жіберсек, ел егемендігін алғаннан берідегі уақыт ішінде Елбасының басшылығымен конс­титуциялық және құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау нәтижесінде мемлекеттік билік­тің теңгерімді де тиімді жүйесі қа­лып­тастырылды. Елдің Ата Заңында шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына қа­ра­мастан адам және азамат құқық­тары­ның теңдігіне кепілдік берілген. Президент – елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы, Консти­туцияның сенімді кепілі.

Елбасы мемлекетіміздің заман ағы­мы­на сай, өркениетті бағытта дамуын ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйе­лі­лікпен жүзеге асырып келеді. Мәсе­лен, Елбасының бастамасымен жасал­ған «Қазақстан-2030» Стратегиясы бар­лық қазақстандықтардың өсіп-өркен­деуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейді. Ал Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырады.

Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам. Бұл тұрғыда әлемнің көпұлтты кей мемлекеттері ұлтаралық, дінаралық жан­жалдарды бастан кешіп жатса, Ел­басының елімізді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде топтас­ты­ру­ға, қазақстандық жарасымдылықты, па­триотизді қалыптастыруға негізделген саясаты оларды ортақ мүддеге ұйыс­ты­рып, бұл ұстаным бүкіл әлем мойын­да­ған және үлгі санайтын үрдіске айналды.

Әрине, көп ұлтты, көп дінді Қа­зақ­стан халқының ынтымағы жарасқан елге айналуының басты себебі – бірін­шіден, Нұрсұлтан Әбішұлының этнос­тар­дың алуан түрлі мәдениеті мен тіл­дерінің сақталуына және дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған саясатының арқасы, екіншіден, Елба­сы­ның саяси, экономикалық тұрақты­лық­ты, халықтың әлеуметтік жағдайын жасауды басты назарға алуы болғаны анық. Әрине, кеңестік хаостан кейін экономикалық тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету оңай болған жоқ. Республика­ның көпұлтты халқының, мемлекет бо­лашағының, тәуелсіздікті баянды етудің тарих алдындағы жауапкершілігі Тұңғыш Президенттің мойнына түсті.

Бұрынғы кеңестік жүйеге тән эко­номикалық байланыстар күрт үзіліп, бар­лық зауыт-фабрикалар, өндіріс орын­дары, ауыл шаруашылығы дағда­рыс­қа тап болған тәуелсіздіктің алғаш­қы қиыншылыққа толы жылдарында Қазақстанға шетелдік күрделі қаржы­ларды тартуда және бірлескен эконо­ми­калық жобаларды іске асыруда да Елбасы өлшеусіз еңбек сіңірді.

Жиырма жыл ішінде Елбасы Қа­зақ­станды саяси байланыстары мен ішкі дамуы, ұлттың рухани жаңғыруы мен әлемдік беделге ие болуы тұрғысында еш заманда болмаған жаңа деңгейге көтерді.

Бүгінде Елбасы экономиканы әрта­раптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму жөніндегі мемле­кет­тік бағдарлама қарқын алып келеді. Мемлекет басшысының назарындағы еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту, осы заманғы ақпараттық-ком­му­никациялық технологияларды жер-жерде енгізу жөніндегі жобалар сәтті іске асырылып, аграрлық сектор қа­рыш­ты қадаммен даму үстінде. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақ­стан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр.

Тәуелсіздік жылдарында қол жет­кізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі – шека­ра­мыз­дың шегенделуі. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің және мемлекетіміздің халықаралық саясатын дұрыс бағытта жолға қоюының арқасында мүмкін болды. Осы тұғырлы саясат пен биік бедел бүгінде респуб­ли­камыздың қауіпсіздік пен ынтымақ­тас­тық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуына, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен үйлесімді стра­те­гия­лық әріптестік қарым-қатынас орнатуына да жол ашып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлем­дік аренадағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның соңғы жиырма жыл ішінде көтерген жаһандық саясатты қамтитын бастамалары әлемдік саясатқа ірі бетбұрыстар әкелді.

Алысты болжайтын кемеңгер саясаткер Н.Назарбаев ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан аб­страк­тілі геосаяси идеялар мен құрғақ ұрандардың емес, экономикалық мүд­де­лер мен интеграциялық үдерістердің басты қоз­ғаушысы болуы керек деген мақсат қойды.

Тәуелсіз мемлекетіміз тәй-тәй бас­қан алғашқы жылдарға көз жүгіртер болсақ, Одақ тарап, бұрынғы одақтас республикалар өзара байланыстардың бәрін шорт үзіп, тас бүркеніп жатқан кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғын құру туралы бастама көтерген Қазақстан Президенті екені белгілі.

Кеңес Одағы құлап, КСРО кеңістігін хаос жайлаған тұста Нұрсұлтан Әбіш­ұлының бастамасымен Алматыда қа­был­данған декларация посткеңестік кеңістіктегі ынтымақ пен қарым-қатынастардың негізін қалады. ТМД-ға енген елдердің арасында әр пішінде және әр деңгейде интеграциялық үрдіс­тер жалғасты.

Нәтижесінде ТМД әлемдегі халық­ара­лық ұйымдарға мүше болды. Бұрын­ғы Кеңес Одағы соғыссыз тарап, әр мү­шесі өзінің егемендігіне ие болды. ТМД аясында басқа одақтар құрыла бастады.

Саясатшылар арада жиырма жыл өткен соң Елбасының 1993 жылдың қыр­күйек айындағы  экономикалық одақ құру туралы  бастамасы халық­ара­лық саясатқа жаңа бетбұрыс әкелге­нін, бұл бастаманың саяси көрегендік болғанын айтуда.

Экономикалық одақ құрудағы мақ­сат еркін сауда  аймағын, кеден-төлем және валюта одағын құру сатыларынан бірізді­лік­пен өту және тауарлардың, қызметтер мен капиталдың ортақ ры­но­гын құру болатын. Бұл бастаманың  аясына  кіретін салалардың негізгілері: ұжым­дық қауіп­сіздік, энергетика, кө­лік, мәдени-гумани­тарлық салалар, транс­шекаралық қыл­мыс­пен және терроризммен күрес са­ла­сындағы  өзара  іс-қимылдар. Осы жылдар ішінде  ортақ тә­жірибелер шың­далды. Бұл өз кезегінде  өңірлік инте­грацияның түрлі пішіндегі  формаларына  көшуімізге  мүмкіндік тудырды.

Болашақты алыстан болжайтын саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының жиырма жылға жуық уақыт бұрын көтерген бас­тамасы өмір қажеттілігіне айналды, 2011 жылы ТМД шеңберінде еркін сауда аймағын құру туралы шартқа қол қойылды, Кеден одағы құрылды, Бір­тұтас экономикалық кеңістік дүниеге келді. БЭК-­тің қалыптасуы тауарлардың, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозға­лы­сына мүмкіндіктер туғызады. Бұл ин­вес­торлардың біздің елімізге елеулі қы­зы­ғушылығын күшейтеді. Қазақстан эко­номикасына қаржы салатын инвес­торлар 170 миллион адамдық рынокқа шығады.

Дәл осы күндері Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 1994 жылы көтерген Еуразиялық одақ құру  идеясы жиі сөз болуда.

Елбасы бұл бастамасына Еуразия­лық одақ мемлекеттердің тең­дік, бір-бірінің ішкі ісіне аралас­пау­шылық, еге­мендік пен мемлекеттік ше­каралардың қол сұғылмастығын құр­мет­теу қағидат­та­ры негізіндегі бірлестік ретінде құ­рылуы керектігін негіз еткен болатын. Әрбір мүше елдің мүдделерін еске­ре­тін, нақты да шынайы өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын экономикалық одақ құруды ұсынған Қазақстан Президентінің идея­сының қажеттілігі мен тиімділігіне саясатшылар мен мемлекет басшылары араға 18 жыл салып көздері жетті.

Осы тәрізді Қазақстан Президенті­нің бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің шақырылуын да әлемдік саясатшылар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған елеулі үлес деп бағалады.

Дербес ел атанғаннан бастап-ақ Елбасы қазақ елінің өзіндік сара жолы ретінде белгілеген көп векторлы сырт­қы саясаты тиімділігін дәлелдеді. Алыс-жақын шет мемлекеттермен, әлем­дік қаржы институттарымен тең құқықтық және өзара тиімді ынты­мақ­тастық жолға қойылды. Қазақстанның өңірлік және аймақаралық байланыстары тереңдеп келеді. Еліміз өркениеттер арасындағы келіссөздерге дәнекер буын бола отырып, Батыс пен Ислам әлемі арасындағы үнқатысуға игі ықпалын тигізуде.

Елбасының табанды саясатының нәтижесінде Қазақстан бүгінгі заман­ның аса ықпалды халықаралық ұйым­да­ры – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етті. Әсіресе, әлем саясатшылары ЕҚЫҰ Саммитінің ұзақ үзілістен кейін өткізілуін Қазақстанның осы ұйымға төрағалығының айтулы нәтижесі деп таныды.

Саммит қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясы әлем­дік саясатқа «еуразиялық қауіпсіз­дік» және «Астана рухы» ұғымдарында көрініс тапқан қауіпсіздік пен ынты­мақ­тастықтың жаңа түсінігін енгізді.

Мемлекет басшысы тәуелсіз еліміз­дің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бей­бітшіл саясатты ұстанатынын әлемге паш етті, Елбасының бастамасымен дүние жүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды.

Сұңғыла саясаткер Н.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін өзге мемлекеттерді ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

Өйткені, 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық әлеуетті ел бола тұра ерікті түрде жаппай қырып-жою қаруынан бас тартатынын бүкіл әлем алдында мәлімдеді. Лиссабон Хаттамасына қол қойып, бұл шешім АҚШ, Еуропаның беделді елде­рі мен БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Сондық­тан да Қазақстанның әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде мұндай бас­тама көтеруге моральдық құқы бар болатын.

1994 жылдың 5 желтоқсанында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания Қазақ­стан­ның Ядролық қаруды таратпау жө­нін­дегі шартқа қол қоюына және осы қарудан өз еркімен бас тартуына байланысты ел қауіпсіздігіне кепілдік бере­тіні туралы меморандумға қол қойды.

Елбасы сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына 29 тамызды, яғни Семей ядро­лық полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы халықара­лық іс-қимыл күні деп жариялау бастамасын да ұсынып, ол ұсыныс қа­был­данды.

Н.Назарбаев әлемдік қоғамдастық алдында ядролық қару бір елдің екінші елге қоқан-лоқы жасауына, күш қолда­нып үстемдік етуіне мүмкіндік береті­нін, ал егер ол қандай да бір елге қарсы қолданылар болса, бүкіл планетаның тағдыры тәлкекке түсу қаупі бар екенін алға тартты. Сондай-ақ, терроризм етек алып тұрған заманда ядролық материалдар контрабандасы мен бірқатар лаңкес­шіл топтардың өзінің ядролық қаруына ие болу әрекеттері қорқыныш­ты шын­дыққа айналғанын тілге тиек ете отырып, қарудан бас тарту және уранды бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі бүгінгі күндегі қазақ­стан­дық идеяның ғаламдық, адамзаттық мәні зор екеніне әлем назарын аудартты. Елбасының осы бастамалары арқа­сында Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшылары қатарына енді.

Биыл Оңтүстік Корея астанасы Сеулде болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық екінші саммитте АҚШ Президенті Барак Обаманың Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті Н.Ә.На­зар­баевқа арнап: «Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан ядролық қарудан бас тарту жөнінде батыл шешім қа­былдады. Бұл жағдай Қазақстанның гүлденуі мен дамуына ғана қызмет етіп қойған жоқ, сонымен қатар, ядролық материалдарды жою жөнінде бүкіл әлем бойынша күш-жігерді біріктіруге бағыттайтын өзіндік бір модельге айналды. Сондықтан мен осы саладағы Сіздің жетекшілік рөліңізді өте жоғары бағалаймын», дегені де сондықтан.

Жаһандану заманында ядролық қарудан немесе терроризм мен экстремизмнен төнетін қандай да бір қатер жеке елдің, дара мемлекет басшысы­ның құзыры жететін шеңберден әлде­қайда ауқымды болып келеді. Қатердің қоздырғышы сырттан қасақана ұйым­дас­тырылып жатса, оны түп-тамыры­мен жою бір елдің ғана қолынан келетін іс емес.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі жан­түр­шігерлік лаңкестік әрекет орын алып, бұл оқиға мүдделер мен көз­қа­растар текеті­ре­сінің адамзат болаша­ғы­на алапат апат әкеле жатқанын көр­сет­кен адамзат тари­хын­дағы осы бір сын сәтте Қазақстан Басшысы Н.Назарбаев Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ла­рының съезін шақырып, бір шаңы­рақ­тың ас­тында дін көсемдерінің басын қосты.

Дін лидерлері алдында сөйлеген сө­зінде Елбасы: «Барлық кезеңде мәрте­белі моральдық құндылықтардың сақ­тау­шы­ла­ры діни көшбасшылар – түрлі діндер­дің басшылары болған және болып отыр. Нақ сондықтан да осынау күрделі ке­зеңде дін қайраткерлеріне айрықша үміт артылады. Бүгінде қай кездегіге қара­ған­да діннің адамгершіл-гуманистік импер­атив­тері қажет болып отыр. Нақ сіздер, діни лидерлер, руха­ни­лықтың – дүниенің үйлесімді дамуы­ның басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар. Біз өз съезіміздің мәртебелі мақсатын осыдан көреміз», – деді.

Н.Назарбаев осы басқосуда бастаманы көтерген қазақ елі әлем елдері мен халықтарын адамзаттың ортақ бесігі – Жер бетінде бейбітшілікті сақ­тауға, діни конфессияларды ынтымақ­тас­тыққа, өзара келісім мен түсіністікке жетуге үндейтінін жеткізді. Қазақстан Президенті әлем құлақ түріп отырған съезде сөйлеген сөзінде лаңкестік әре­кеттерге діни реңк беру арандатушы­лар­дың әрекеті екенін, бірде-бір дін терроризмді қолдамайтынын, тер­роризм­ді қандай да болса діннің атымен байланыстыру сол дінді ұстанатын миллиондаған адамдарға қиянат болатынын ашық айтты. Кейінірек, осы бір қиын кезең туралы Катар мемлекетінің әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәни: «2001 жылдың қыркүйегіндегі АҚШ-та Бүкіләлемдік сауда үйі ғимараттарына шабуыл жасалғаннан кейін «ислам терроризмі»  деген термин әлемге таратылды. Сонда біздер, араб жұртының басшылары, үнсіз қалдық. Сондай сын сағатта бірінші болып Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл — жала! Мен «ислам экстремизмі», «ислам терроризмі» деген терминдерді қол­дануға үзілді-кесілді қарсымын. Әлемдегі соғыстар ешқашан исламнан бастау алмаған. Бізге исламды түрлі жаладан қорғайтын кез келді», – деп мә­лімдеді. Содан кейін ғана басқа­ла­ры­мыз батылданып, өз пікірімізді жария ете бастадық» деген пікірін білдірді.

Діни ахуалдан бөлек, бүгінгі әлемді тұ­рақ­сыздыққа жетелейтін негізгі себептер қатарында жұмыссыздық, қар­жы дағдарысы, түрлі қысқартулар мен қымбатшылық сияқты ауыртпалықтар жатқаны баршаға аян. Әлем саясатшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай проблемалардың алдын алуға негізделген G-global жобасы туралы «әр ел эконо­микалық тәуелділіктен құ­ты­лып қана қоймай, бейбіт түрде дамып, әлеуетін арттыру мақсатында орын­ды қолдана білсе – әлемдік даму­дың ең ғажап жобасы болып табылады» деген пікірін ортаға салып отыр.

Елбасының биылғы V Астана эко­но­микалық форумында ұсынған G-global жобасын құру туралы жаһандық бастамасы көңілінен шыққан ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары мен сая­саткерлер, экономистер келешекте бұл жоба әлемдік экономика жүйе­сінің тұ­рақтылығына үлес қоса алады деген батыл ой айтуда.

Олардың пікірінше, Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаев ұсынған G-global жүйелі жобасы жаһандық дағдарыспен күресу және экономикалық қа­терлердің алдын алу жоспарына тың серпін береді.

Қазақстан – әлемдік қоғамдастық­тың бір бөлшегі. Оқшауланып, бөлек­теніп даму жолына түсе алмайды. О баста осы ақиқатты санасында саралаған Елбасы Қазақ елінің мүддесін өзінің барлық жаһандық бастамаларына те­мір­қазық етіп келеді.

Біз жоғарыда атап өткен ғаламдық идеялардың бастауында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тұр­ды. Сондай-ақ Елбасы бастамаларының қай-қайсысының да жоғары деңгейде жүзеге асып, халықаралық қоғамдас­тық­тан қолдау тауып жатқаны халқы үшін қуаныш.

Күні кеше Парижде өткен EXPO Ха­лықаралық көрмелер бюросы Бас ассам­блеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешіліп, төрткүл дүние назарына Қазақстанның осы шараны өт­кізу құзырын жеңіп алуы еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты. Бұл – Елбасының тағы бір жеңісі.

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Прези­денті, халқымыздың тұғырлы, бақуат­ты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуына жол ашушы, заманымыздың аса көр­нек­ті мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ елінің өсіп-өркен­деуі мен игілігінің кепілі.

Қазақстан халқы өздерінің тағды­ры­на тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да күні ертеңгі 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке.

 

 

Елдің жайын да, жағдайын да Елбасыдай ойлайық

 

/«Ел» газеті. 29.11.2012. Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты./ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымы күрмеуі қиын заманалар тұсында кемел ақыл мен сананың түпсіз тереңінен ой тарта толғанған өз туған халқына деген тағы бір шынайы жанашырлығы еді. Мұны осылай деп ұғынғанымыз абзал! Өйткені, бұл – ел тағдыры!

Дүрмегі мен күрмеуі азаймай тұрған мына дүбірлі дәуірдің күн сайынғы адамзат баласы үшін сынағы қатайып бара жатқандығын аңдай білгенге мына бізге тәуелсіздік те, сол тәуелсіздіктің жеңістері мен жемістері де, жиырма жылғы уақыттың әргі-бергі кезеңдерінің үдерісіндегі әлем сүйініп те, сүйсініп те отырған табыстарымыздың бәрі-бәрі де бізге оңайға түспегендігі және әлі де оңай болмайтындығы бар. Түсіне білсек, Елбасы қалың еліне бұл жайды жаны шырылдап айта да білді және соңғы уақытта айтудан бір танбай да келеді. Бұған мына ел біз куәміз!

Ендігі арада әлемдік экономиканың құбылмалымалы болып тұрған жағдайына қарамастан, бүгінгі Қазақстанның жағдайында жоғары технологиялар қолдана отырып, инновацияны сенімді түрде енгізіп, заманауи кәсіпорындарды ашу арқылы сыртқы нарықтағы ел экономикасының оңтайлы өсімін қамтамасыз ету біздің басты бағытымыз болуы қажеттілігін Елбасының айтуы да, соны талап етуі де орынды деп санаймыз.
Өйткені, әлемнің дамыған деген елдерінің өздеріндегі қазіргі дағдарыс бізді жаңаша ойлап батыл қадамдар жасауды талап етері бар. Елімізді индустрияландыру бағдарламасы тағы да сол Президенттің тапсырмасымен 2009 жылы қабылданып, сол кезеңнен бері ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан индустриясы қарқынды даму жолына түсті. Мәселен, қазіргі есеп бойынша 2,5 жыл ішінде жалпы құны 12 миллиард теңгенің 443 жобасы іске қосылса, бұл дегеніңіз елімізде үдемелі индустрияландырудың іргетасын қалауға негіз салды. Елдегі үдемелі индустрияландыру бизнестің дамуына да жаңа серпін беріп, соның нәтижесіде «Doing business» халықаралық рейтингісінде Қазақстан 58-ші орыннан 47-ші орынға көтерілді. Қазақстанның бұл орайдағы жағдайының жақсарғаны осы игілікті жобалардың игілігі екендігін де айту керек.

Елбасының ел болашағын кеңінен пішіп, әріден ойлауының арқасында сол соңғы екі жарым жылдың ішінде өндіріс көлемі еліміз бойынша 300 миллиард теңгеден 500 миллиард теңгеге дейін өссе, жоғары технологиялық экспорт 58 пайызға ұлғайды. Тағы да сол екі жарым жыл ішінде машина жасау – 16,4, фармацевтика – 9,6 пайызға ұлғайды, ал жеңіл өнеркәсіп – 11,5 пайызға, өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі – 7,6 пайызға өскендігін айтар болсақ, кешегі «біз мал баққан елміз» деген халықтың бүгінгі жасап отырғаны, ал, алда әлі де ұйқы-күлкі көрмей атқаратын қыруар шаруа да бар.
Қазақстан қазір инвестициялық тартымдылық тұрғысында ТМД-дағы көшбасшы болып отыр. Елбасының индустрияландыру, өңірлердің теңгерімді дамуы, әлеуметтік жаңғырту мәселелері бойынша Үкіметтің алдына қойып отырған қазіргі басты үш міндеттері ел тағдырын анықтайтын да, болашағымызды нықтайтын да жайлар екендігі басқа ой тудырмауы керек.

Елбасы кәсіпкерлердің де проблемаларынан дереу белгі беруге мүмкіндіктері болуы керектігін, ал тап қазір бізде индустрияландырумен байланысты жобалардың жайын кәсіпкерлердің толықтай біле бермейтіндіктерін, сондықтан да олардың мемлекеттік қолдаудан тысқары қалып жатқандықтарын да шынайы жанашырлықпен айта білді.
Ел болашағы мен тағдыры үшін елімізде инвестициялық белсенділік резервін пайдаланудың бар мүмкіншіліктерін барынша тиімді пайдалану да маңызды мәселенің бірі болса керек-ті. Әсіресе, қаржы мәселесін шешу үшін Елбасының Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып, екінші деңгейдегі банктердің басы артық қаржыларын нақты экономикаға көмек ретінде ұсынудың жолдарын қарастыру жөнінде тапсырма бергендігі де бизнесті қолдауға жасалған тағы бір ұтымды қадам екендігін айту керек. «Бұл жерде мәселе тек несиелер беруге ғана тірелмейді. Басты мәселе болашағы үлкен бизнес идеяларды іздестіру және оларды толық жүзеге асырғанға дейін қолдап, қадағалап отыру»,-деген Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы да елдегі индустрияландыру саясатының ахуалын онан әрі жақсартудың жаңа тынысын аша түсеріне де кепілдік бергендей.

Мемлекет басшысы өңірлік саясат мәселесін де назардан тыс қалдырған емес. Өңірлік саясатты одан әрі екпінді ету үшін орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мемлекеттік холдингтер мен даму институттары іске қосылған жобаларды жүктемелермен қамтамасыз ету, облыстар мен аудандар арасындағы дамудың әркелкілігін төмендете отырып, өңірлер экономикасының резервтерін барынша тиімді пайдалану, өңірлер экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру, Қазақстандық үлесті едәуір арттыра отырып, отандық тауар өндірушілерді нақты қолдауды қамтамасыз ету бағыттары бойынша күн сайын жұмыс істеу қажеттілігіне де назар аударып келеді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектордағы жағдайларға байланысты ішкі бағаларды теңестіріп, бағаның дұрыс қалыптасуы үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші субъектілерге сауда рыноктарына тікелей шығу және ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіру мүмкіндігін беру керектігін де айтуы Елбасының елдің жайын да, жағдайын да ойлағандығы ғой!

Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде әлеуметтік жаңғырту мәселесін айқындағандығы да бар. Әлеуметтік мәселелерді шешіп отыру және қарапайым қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысына қатысты жайлардың барлығы да әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін алға тартқандығы бар. Бүгінгі күні индустриялық-инновациялық бағдарлама – біздің еліміздің болашағы үшін №1 мәселе.
Міне, халқы, елі үшін аянбай тер төгіп жүрген Елбасымыздың игілікті істерін болашаққа үлгі ететін, насихаттайтын «Тұңғыш президент күнін» тойлау халық тарапынан ел ағасына айтылған алғыс деп ұғу керек.

 

Биліктегілерден бастап қарапайым халыққа дейін суға қатысты мәдениетімізді көтерсек ұтамыз

 

/«Алаш айнасы». 30.11.2012. Андрей БЕГЕНЕЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:/

– Андрей Анатолиевич, бүгінгі әлем үшін тіршілік көзі саналатын су мәселесі уақыт озған сайын өзекті болып бара жатқаны рас. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда бұл мәселе онан сайын маңызды болып отырғаны айдан анық. Күні кеше Парламент сессиясын ашу барысында Мемлекет басшысы ең өзекті мәсе­ле­лер­дің қатарында суды тиімді пайдалану мәселесін алдыға тартуы да соны аңғартса керек. Осыған орай Сіздің пікіріңізді білсек деп едік?

– Жалпы, су мәселесі бүгінгі күні ғана өзектіге айналып отырған проблема емес. Мен бұл ретте мәселенің мәнісін Елбасының сонау «Қазақстан – 2030» стратегиясын белгілеген Жолдауынан бастағым келеді. Онда Нұрсұлтан Әбіш­ұлы кез келген мемлекеттің басты бай­лығы – адам екенін, сондықтан да халық денсаулығы әрқашан мемлекеттің басты шаруасы болуы керектігін айтты. Әлбетте, тек дені сау ұлт қана ұлы қадамдарға барып, керемет тамсанатын биіктерді бағындыра алады. Ендеше, шын мәнінде, Қазақстанның бүгін­гі һәм келешек қауіп­сіз­дігінде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету ерекше орын алады деп айтсам артық болмас. Өйткені халықтың денсаулығы оның пайда­ланатын суының сапасында жатыр. Сондықтан да, Қазақ­станда жұртшылықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәсе­лесін шешу аса маңызды әрі тұрақты міндет болып қала бермек.

Әңгімеге арқау ретінде мынадай мәліметті айтқым келеді, Қазақстандағы тұты­латын тұщы су қоры ТМД елдерімен салыстырғанда бар-жоғы 2,6 пайызды құрайды. Оның үстіне біз өзімізді айнала қоршаған Қытай, Қырғызстан, Өзбек­стан, Ресей секілді елдерден келетін транс­­ше­кара­лық өзен суларына көп жағдайда тәуелдіміз.

– Дегенмен су мәселесінде көр­ші­лес­терге тәуелділіктің белгілі бір деңгейі бар ма?

– Судан келетін тәуелділік туралы сөз болғанда, біз негізінен сырттан келетін ағын суларды, өзен салаларына қатысты мәсе­лелерді айтып отырмыз. Шынды­ғында, көп шаруа судың басында отыр­ғандарға байланысты екенін түсіндіріп жату­дың өзі артық. Су реттегіштерінің, дамбылар мен қоймаларының барлығы өзеннің бастауында алдымен салынады. Судың сағасында, төмен жағында отыр­ғандарға сосын тиеді. Ендеше мол суға басында отырғандар ғана қожайын. Ал олар­дан артылып, бізге келіп жатқан су­дың мөлшері де, сапасы да бізді еш қана­ғат­тан­дырмайтыны тағы айқын. Осындай проб­ле­маларды реттейтін, ресурстарды екі жаққа тиімді пайдалану жөніндегі келі­сім­дер, өкінішке қарай, бізде әлі күнге жоқ. Бұған өз тарапымыздан маман­дарды да еш кінәлай алмасымыз анық. Оның бірқатар объективті себеп­те­рі де баршылық. Ең бастысы, суға қатыс­ты екі жақтың да көңі­лінен шығатын келіссөздер қиынның қиы­ны болып отыр. Оның үстіне өндіріс дүр­кіреп дамып отырған мына заманда судың да сұрауы одан сайын қымбаттай түспек.

– Ендеше қайтпек керек? Мәселені шешу жолдары бар ма?

– Проблеманы шешу жолдары жоқ емес. Суға қатысты Қазақстан тұңғиыққа кетті деуге де болмайды. Дегенмен транс­­шекаралық су сипатындағы проб­ле­маларға келгенде, біз, ең алдымен, ішкі ресурс­та­рымызды тиімді шешіп алуға тиіспіз. Өйт­кені, менің айтпағым, Қазақстан суға сонша­лықты кедей де ел емес. Сол тұр­ғыдан алғанда шағын өзен­дер, көлдер, тоғандар арқылы су қор­ла­рын қажетімізге жаратудың ұтымды жолдарына үңілу керек. Мінеки, ме­нің­ше, еліміздің су проб­лемасында дәл осы мәселе кемшіл болып отыр. Көктемге салым қар еріндісінен пайда болатын жайылма сулар, нөсерден құйы­латын ағындар қаншама. Тіпті кейде шамадан тыс жауын-шашын бола қалса, соның өзі естен тандырады, ел-жұртты әбігерге салады. Соған орай кейде қызық жағ­дай­ларға да тап боламыз. Қазақс­тан­ның белгілі бір өңірінде, белгілі бір маусым­да су шамадан тыс тасқынға ұласса, дәл сол аймақта келесі бір маусымда су тапшы­лы­ғы белең алады. Бұл ненің кесірі? Әри­не, суды дұрыс жинамаудың, оны дұрыс пайдаланбаудың салдары. Сөйтіп, судан келетін екі қырсыққа бірдей тап болып отырмыз, оның бірі – су тапшылығы бол­са, екіншісі – судың көптігі. Бұған дейін Көк­сарай су реттегішін іске қосып, Сыр­да­­рияның суын дұрыс реттеуді үйрендік. Су тасудан туындайтын қатерден қойма сақтап келеді. Осындай мысалдарды орын­­ды көтерген жөн деп білеміз. Түйін­дей айтқанда, біз бір өңірлерде белгілі бір маусымда суға батып жатсақ, кері­сінше басқа өңірлер су тапшылығынан жапа шегеді. Ендеше осының бәрін адам­ның, кәсіби маманның, судың жайын білетін азаматтардың араласуымен ретке келтірсек игі.

Тоқтала кететін мәселе, Қазақстан аума­ғында 8 су шаруашылығының бас­сейні қалыптасқан. Бұлар Арал-Сыр­дария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Жайық-Каспий, Есіл, Нұра-Сарысу, Шу-Талас, Тобыл-Тор­ғай бассейндері. Ал енді өзен сулары­ның жалпы ресурстық ауқымы 101 текше шақы­рымды құрайды. Соның 57-сі Қазақ­стан аумағында қалыптасады екен. Яғни, Қазақстандағы су ресурсының жартысынан көбі өз ішімізде қалыптасып отыр. Қалған 8 текше шақырымы Ресей­ден, 19 текше шақырымы Қытайдан, 15-і Өзбек­станнан, үшеуі Қырғызстаннан келе­ді. Мінеки, осының өзі көпшілік жағдайда суды жөні­мен пайдалансақ, бәрін де өз қолымызбен реттей алатын­ды­ғымызды білдіреді. Әрине, шеттен келетін суға да басымдық керек, алайда пайдалану тұрғысынан ішкі ресурстардың тиімділігін арттырған абзал.

– Демек, суды тиімді пайдалану мәселесінде ішкі ресурстарға көбірек жүгінген жөн деп санайсыз ғой?

– Осындайда қазақтың «Бұлақ көр­сең, көзін аш» немесе «бір тал кессең, он тал ек» деген мақалын есіме аламын. Қазақстанға қауіп судан төнетінін естен шығармау үшін ел аумағындағы шағын өзен-көлдерге қамқорлықты ұмыт­пауы­мыз қажет-ақ. Оларға, меніңше, «тіршілік иесі» ретінде қамқорлықпен қарайтын кез баяғыда жеткен. Билік­тегілерден бастап қарапайым халыққа дейін суға қатысты мәдениетімізді көтерсек ұтамыз.

– Ал ішкі ресурстарды реттеудің механизмі қалай болуы керек?

– Бір мысал келтіре кетейін, бізде қазір үлкен сел тасқынынан қауіп аз. Өзен­дер жағасында орын алып жатқан кейбір жағдайларды да өзіміз туғызып отырмыз демеске амалым жоқ. Мәселен, Жайық тасып, су арнасынан асты, сел қаупі туды. Сосын біз көршіге жаутаңдап, одан су ағысын азайтуды, өтетін су мөл­шерін кемітуді сұрадық. Басында бұған көршілес мемлекет маңғазданып, илік­пей әрең ғана барып жүр еді, кейін­нен олар да жолын тауып, суды қысып жібе­руді біртіндеп әдетке айнал­дырды. Суды түр­лі мақсаттарға бұруды үйренді. Сөйтіп, келе-келе әлгі алып өзеніміздің тасқыны болмақ түгіл, оның деңгейі біртіндеп төмендеп, азая бастады. Мінеки, бұның өзі экологиялық катастрофаның бастамасы болатын.

Ал реттеу механизміне келетін болсақ, «көл тамшыдан құралатынын» яғни үлкен өзендер шағын өзендерден құра­ла­тынын еске алуға тиіспіз. Бұл тұрғыдан келгенде солтүстіктегі көршімізге қараған өзенге құйылатын шағын салалардың, су-тоғандарының басым бөлігі Қазақ­станның аумағынан ағып барып құйы­лады. Ендеше мінеки, келіңіз, көріңіз, сосын дәл осы тұстан мәселені бастайық. Яғни, шағын өзендер ауқымынан өзіміз компенсациялық тетікті таба аламыз. Көршінің өзендеріне барып құйылып жатқан шағын суларды өз ішімізде иіріп, тоғандап, шоғырландырып іс қылайық. Оны балық шаруашылығы, орман шаруа­шылығы секілді мақсаттарға бұрайық. Суды бекер ағатындай емес, көгал­дан­дыруға бұрып тастайық. Сөйтіп, суды шағын өзендерді пайдаланудан бастасақ, біз, шын мәнінде, көршілестерге көп мәселе бойынша алаңдамайтын да тәріздіміз. Қайта керісінше көршілеріміз бізден «шағын өзендерді неге қысты­ңыз­дар?» деп сұрауға да мәжбүр болуы мүмкін. Осыдан бастап суға қатысты иілмей келген көршілер келіссөз үстеліне амалсыз отыруы ықтимал. Ойлана білген адамға суды бұратын, оны тосып сақтай­тын орын да жеткілікті. Тек экологиялық астарға үлкен мән берсек болғаны. Сосын әлемдік тәжірибені де зерделеген ләзім.

Мәселен, Сингапурдың суармалы шаруашылыққа пайдаланылатын суының 70 пайызы – жауын-шашын сулары. Олар жауын суын жинап, кейіннен суа­ру­ға соны пайдаланады. Әрине, сағат сайын сіркіреп жауатын жаңбыр Қазақ­станда жоқ. Дегенмен, мен мысал ретін­де, суды тиімді пайдалану тұрғы­сы­нан әлемдік тәжірибеде құпталған тетік ретінде мәселе көтеріп отырмын. Біздің Президент Н. Назарбаев Сингапурды көп мысалға алатыны белгілі. Ендеше сол елден осындай озық дүниелерді игерген орынды.

– Жақсы. Енді таза ауызсу мәселесіне келсек. Президент «XXI ғасыр – ауызсу ғасыры болмақ. Әлемдік нарықта соғыс мұнай үшін емес, су үшін болады» дегені бар еді.

– Бұл рас. Қараңыз, бүгіннің өзінде ішуге пайдаланылатын таза ауызсу дүкен сөрелерінде басқа да тауарлармен қатар тұр. Онда да емдік сулар емес, кәдімгі күнделікті ішуге пайдаланатын сулар сөреден орын алып жатыр. Тіпті судың 1 литрлік бағасы бензин бағасынан да асып түседі. Бұдан кейінгі жағдайларда осындай үрдіс төмендемейді, керісінше қарқын ала түседі. Сондықтан да, «суға қатысты әлемдік тартыс» алдағы ғасырларда қыза түсуі бек мүмкін.

– Ендеше Қазақстанның таза ауызсуына қатысты жағдайы нешік пе?

– Қазақстандағы тұщы су қорлары бойынша статистикалық анықтамалыққа да көз жүгіртіп өтсек. Бұл шамамен 190 текше шақырымды құрайтын алаңды алып жатыр. Су қоймаларының ауқымы – 95, өзендер ағынын – 101, жерасты сулары – 95 текше шақырымды, мұз­дақ­тар – 58 текше шақырымды құрайды. Көр­сеткіштер осыншалық ауқымды болға­нымен, оның тиімділігі біз үшін мүлдем мардымсыз. Менің ойымша, су мәселесіне келгенде жоғарыда айтқа­ным­дай, адамдарды тәрбиелеуге де барынша мән берілгені ләзім. Суды үнем­шілдікпен пайдалануға азаматтарды үйреткен орынды. Мынадай мәліметтер де бар: егер пайдаланылатын су 100 пайыз есептеліп тұратын болса, яғни адам өзі ағызатын судың ақшаға есеп­те­ліп ағатынын, оның әр литрі үшін ақша төлеуі керектігін біліп жүрсе, онда суды үнемдеу мөлшері 40 пайызға дейін жетеді екен. Сондықтан да суды пай­да­ла­натын әрбір азаматтың үнемшілдікке қатысты мәдениетін көтеріп, заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды осындай игілікке үйреткен абзал.

– Дегенмен біз ауызсудың өзін дұрыс пайдаланбай отырғанымыз да рас қой. Мәселен, автожуу орындарын алыңыз? Онда сол ішуге жарамды су ағыл-тегіл. Ендеше бұл бағытта қайдағы үнемділік, қандай тәрбие туралы әңгіме айтуға болады?

– Біріншіден, біздің еліміздің барлық өңірлерінде дерлік пайдаланылатын суға сараланған тариф енгізілді. Ішуге жарамды ауызсуды сіз айтып отырғандай басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салатын тізімдер де бар. Ондай мақ­сат­тар­ға қолданылса, су міндетті түрде есеп­теуден өтуі шарт. Яғни, кім суды көп пай­даланса, сосын оны ластаса, сол көп төлем жасауы шарт. «Көп пайдаланған көп төлейді» деген қағидаттың орнағаны дұрыс. Елді осы тәртіпке үйретпесек, үнемдеудің пайдасын да көре алмасымыз анық. Шетелден үлгі алу қажет. Мәселен, немістер суды қатты үнемдейді. Неге? Өйткені үнемдеп, аз-маздан тұтынғанның өзінде еуропалықтар өз отбасы бюд­же­тінің 40 пайызын коммуналдық шығынға жұм­сайды екен. Бұл неге үйретеді? Әлде бізге бәрібір ме?

Расында, біздің көпшілігімізге әлі де әсер етпей тұрған екінші бір мәселе бар. Су – бұл адам өмірінің маңызды элементі ғана емес, бұл біздің елімізде шыға­ры­латын әрбір өнімнің бағасын қалып­тас­ты­руға мықты әсер ететін басты элемент. Кей жағдайда бұл олай еместей көрінеді, ал меніңше, бұл солай болуы да керек. Шындығында, өркениетті елдің бәрінде су бағасы баға қалыптастырушы эле­мент­тердің бір құрылымына жатады. Кез келген тауарды өндіретін болса, ондағы судың құны алдымен алынады. Мысал ретінде айтар болсақ, әлгі біз тамсанатын тамшылатып суару, суды аз мөлшерде пайдалану секілді технологияның бәрі су бағасының қымбаттауынан барып туын­даған дүниелер екендігінде дау жоқ. Есе­сіне сол тамшылатып суаруды ойлап тапқан Израильдің тауарлық өнімдері баға бәсекесінде аса қабілеттілік рөлін ойнайды. Неге? Тағы сол суарудан үнем­деудің арқасы.

Ал автожуу нысандарына келетін болсақ, оларға таза ауызсуды пайда­ла­нуға еш жол бермеу керек! Суы тапшы елдер бұны көрсе шалқасынан түсетін еді. Шынымен ұят нәрсе. Сондықтан да, еліміздің кез келген автожуу секілді нысан­дарында айналым циклдері қам­тылғаны абзал. Яғни, кез келген ондай нысанда шағын айналма циклдары орна­тылуы шарт. Ал таза ауызсуды бұған пайдалану барлық нормативтер бойын­ша тыйым салынады. Егер ондай мәсе­ле­лер орын алып жатса, онда бұған жер­гі­лікті билік көз жұма қарап отыр, не бол­маса шынымен оны тексермейді деген сөз.

Жалпы, осы тұрғыдан ойланатын мәсе­ле жетеді. Қазақстанның көрнекті ғалы­мы Бөрлібаев Мәлік Жолдасұлының айтқаны есімде сақталып қалыпты. Ол «Мал өсіруге қолайлы Қазақстанда күріш өсірудің қажеттілігі қанша еді?» деп мәселе көтерген болатын. Бір жағынан қарапайым мәселе секілді көрінеді. Алайда су үнемділігі жағынан келгенде бізге күріштен гөрі, мал өсірген әлде­қайда қолайлы еді.

– Андрей Анатольевич, елімізде индустриаландыру жүріп жатқаны белгілі. Ендеше өндірісте пайдаланылатын суға да маңыз берілуі керек секілді. Өнеркәсібі мықты дамыған кәсіпорындарда су мәселесі қалай жолға қойылған?

– Орынды мәселе. Бұл ретте мен «Арселор Миттал Стил Темиртау» комби­натын мысалға алғым келеді. Қазақстанда ғана емес, әлемдегі ірі комбинат сана­латын бұнда суды орынсыз пай­даланатын жайттар кездеседі. Кәсіпорында су көп. Орташа алғанда шамамен 8 миллиард текше. Сондықтан да, бұндай кәсіп­орын­дарда суды тиімді пайдалану техно­логияларын енгізбесе болмайды. Жаңа технологияның өзі су пайдалануды азай­туды білдіреді. Әлгіндей компа­ния­лар мем­лекет алдында барлық міндет­те­меле­рімізді орындадық дегенді алға тартып, суды ағыл-тегіл пайдаланып жат­са, ол дұрыс емес деген сөз. Мемлекет қандай мекеме болмасын суды үнемдеуге мәжбүрлеу тетігін пайдаланса игі. Өйткені әлемнің көптеген елдерінде суды үнемдеу технологияларын енгізуге көшіп жатыр. Ендеше жоғарыда айтқа­ны­мыз­дай, біз, ең алдымен, өзіміз ішкі ресурс­та­рымызды, ішкі кәсіпорындарымызды рет­теп алмай, сыртқа «судан тарылдық» деп айқай салғанымыз түк жараспайды.

 

 

Қазақ елі бағындырған бір шың

 

/«Егемен Қазақстан». 01.12.2012. Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ -  Ата бабамыздың азат­тық аңсаған сан ғасырлық арманына қол жеткізген Тәуелсіздік таңын тара­зы­ласақ, 1992 жылғы егемендігіміздің басында Елбасымыз жаппай қырып-жоятын ядролық қарудан бас тартып, «Лиссабон» хаттамасына қол қойылуы – бейбітшілікті тек қана қазақ жерінде ғана емес, бүкіл әлемде қалай­тын­дығының іс жүзіндегі дәлелі. Ал адам баласы қай уа­қыт­та қару мен күш қолданудан бас тарта алады? Әлбетте, ертеңгі күніне сенімі нығайып, өзінің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты бағамдай алған жағдайда ғана. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ынтымақ, бірлік, келі­сім – ең асыл бақыт ел үшін», деген бұл қадамы еліміздің болашақ бағытын да анықтап бергендей.

Бұл шешімді қабылдаған Елбасы қазіргі қоғамдағы ин­тел­лектуалдық деңгейі өте жо­ғары, әлем деңгейіндегі өзге­ріс­терге жедел бейімделе алатын іскер әрі бәсекеге қабі­лет­ті тұлға екендігін әлем жұрт­шы­лығы алдында паш етті.

Сондықтан да болар, сырт­қы саясаттағы прагматизм Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясатымызбен өлшенеді. Қазіргі таңда үлкен жауап­кер­ші­лікті қажет ететін тұрақ­ты­лық пен тыныштық мәселесі – мемлекетіміздің дамуының бір­­ден-бір кепілі. Сол сарабдал саясаттың арқасында әлемдегі дамыған өркениетті елдермен қатар дамуымыздың міндет­те­рі мен мақсаттары айқын­дал­ды.

Біз осы күнге дейін ішкі тұ­рақтылық пен халықаралық қа­тынастардағы ірі мем­лекет­тер­дің қауіпсіздік кепілдіктерін алуға тырыстық. Сыртқы шарт­тарымыз соның айғағы. Ай­мақтық деңгейдегі Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Шанхай ынтымақтастық ұй­ы­мы мен Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шарт ұйымы сынды халық­ара­лық бірлестіктерде же­текші мем­лекеттердің біріне айнал­дық. Ал сыртқы сая­сат­тың шыңы болған оқиға ЕҚЫҰ-ға ТМД аумағында алғашқы болып төрағалық жасап, елордамыз Астанада ұйым саммитін өткізу болды. Мұның барлығы Қазақ­станның әлем деңгейінде беде­лін арттыра түсті.

Ал әлем алдындағы тек да­мыған мемлекеттердің ен­ші­сіндегі EXPO – 2017 көрмесін өткізу жөніндегі жеңісіміз – бо­лашақ қарқынды даму дәуі­рінің бастауы болмақ. Бұл – бүкіл Қазақстан халқы, оның ішінде жалынды да қарымды жастарымыздың тер төгіп, ең­бек етер тыныс-тіршілігіне айналар кезеңі болмақ. Ендігі таңда бүкіл азаматтарымыздың күш-жігерлерін біріктіріп, на­ғыз іске әрекет ететін уақыт келді. Сол себепті әрбір жас маман тек өзінің дамуы ғана емес, сол арқылы Қазақ­стан­ның да дамуына үлес қосуы қажет. Ендеше, жастарға артылар жүк те ауыр болмақ.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1851 жылы ағылшындардың бас­тамасымен өмірге келген дүниежүзілік көрме жасам­паз­дығын жалғастыруда. 1889 EXPO-ға дайындалып құрыл­ған Эйфель мұнарасы бүгінде тек Францияның ғана емес, бүкіл Еуропадағы сол дәуірдің рәмізі болып саналады. Бұл көрме инновациялық түрлі жа­ңашылдықтардың бастамасы болған. Ендеше, елімізде жү­зе­ге асырылып отырған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да алғаш­қы нәтижелерін осы көрмеде бермек. Қазақстанда өткізіле­тін көрме келешек ғасырдың жаңа құндылықтары, адамзат­тың даму бағыттары, «жасыл» экономика жүйесін айқындай­ды. Астана павильоны келешекте адамзат мұрасында Лон­дондағы Хрусталь сарайы, Па­риждегі Эйфель мұнарасы сияқ­ты әлемдік жетістіктер ше­жіресінен ерекше орын алатынына сенім мол.

Қазақстанның арманы, біз­дің технологиялық және инно­ва­циялық саясатының мақсаты әлемді сақтап қалу болып отыр. Осындай тақырыптың таң­далуы себепті де Астанаға EXPО-2017 өткізу құқығы бе­ріл­ді. Өйткені, бүгінде әлемде экологияға зиян қалдықтардың мөлшерден тыс бөлінуінен жер бетінде түрлі-түрлі апаттар туындауда. Тіпті, кейбір сарапшылар адамзаттың өзіне де тікелей қауіп төнгенін айтады. Осы орайда Астана бастамасы толыққанды болмаса да, балама энергия көздерін пайдалану идеясы арқылы осы көкейкесті мәселелердің шешілуіне өзін­дік септігін тигізеді.

Бұл көрмеден еліміздің де алар пайдасы зор. Мә­се­лен, біржарым ғасырлық дәс­түрі бар бұл көрме біздің мем­ле­кеттің мынадай негізгі басым­дықтарын жүзеге асы­руға қуатты серпін береді:

1)    экономикалық және әлеу­меттік инфрақұрылымды (транспорт, құрылыс, жұмыс орындары) дамыту;

2) шағын – орта бизнесті да­мыту;

3) ұлттық мәдениетінің мәр­­тебесін көтеру, мемлекеттің беделін көтеру (насихаттау);

4) үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ла­масының алғашқы нәтижесін ЭКСПО 2017-де көрсету мүм­кіндігі;

5)    Қазақстан жастарының инновациялық дүние танымын қалыптастыру.

Олай болса, ЕXPO-2017-ні Елбасы армандаған Еңбек қо­ғамын қалыптастырудың ғала­мат ұлттық жобасы деп таны­ған жөн. Сондықтан осы көр­мені ұйымдастыру барысына жұмсалынатын қаражаттың та­лан-таражға ұшырамай, ысырап етілмей, орынды жұм­са­луын Парламент, қоғам, қада­ғалаушы мемлекеттік мекемелер қатаң бақылауға алуы қа­жет. Олай болмаған жағдайда көрменің пайдасынан зияны көп болары ақиқат. Сондықтан қазақ елінің абыройы мен бе­делі сынға түсетін осы көрмені ұйымдастыруда Үкімет өзінің бар шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

Қорыта келгенде, бұл көрме тәуелсіз Қазақ елінің бағын­дыр­ған жаңа шыңы. Жаңаша ойлай білетін мемлекетшіл жас ұрпақ барда мұндай шың­дар­дың болашақта көп болары анық. Ендеше, Астана – жасыл жобалар және таза технологиялар орталығы.

Астана – адамзаттың, әлем­нің болашақ даму шамшырағы.

 

 

 

 

 

 

 

Тұңғыш Президент сайлауы Қазақстанның Тәуелсіздігін тездеткен

айтулы оқиға болды

 

/«Алаш айнасы». 01.12.2012. Оңалсын ЖҰМАБЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:/- Оңалсын Исламұлы, былтыр Тұң­ғыш Президент күні ресми мемлекеттік мереке ретінде бекітіліп, биыл ел бо­лып бірінші жыл атап өткелі отырмыз. Мұндай мереке белгілеудің өзектілігі неде және оны атап өтудің ұлағаттық мән-маңызы қандай болуы тиіс?

– Ең алдымен мұндай мерекелеудің әлем­дік деңгейде, өркениетті елдерде де қарастырылатын үрдіс екенін еске салғым келеді. Ал біздің елімізге келетін болсақ, Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге, ең біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, халықтың бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конс­титуциясының мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтарының нышаны әрі кепілі ретіндегі рөлі негіз етіп алынғаны белгілі. 1991 жыл­дың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткен болатын. Бұрынғы Кеңестер елінің ыдырап кетер алдында болғанымен де, осы сайлаудың бұған дейінгі барлық сайлаулардан ерекшелігі айтпаса да түсі­нікті. Тәуелсіздігімізден сәл ғана бұрын өт­кен осындай ерекше сайлаудың нә­ти­же­сінде егемен елдің негізін қалаушы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев жалпы­ха­лық­тық сайлаудың қорытындысына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті болып бірауыздан сайланды.

Тоқтала кететін жайт – былтыр ел Парламенті «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атты декларацияны жариялады. Онда «Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жө­ніндегі тарихи аманаты Тұңғыш Пре­зи­дент Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен іске асты» деп айқын көрсетілді. Ал әлгін­дей жалпыхалықтық сайлаудың өткен күнін Тұңғыш Президент күні ретінде ұлық­тау­дың мән-маңызын осыдан-ақ ұғынуға әбден болады деп ойлаймын. Бұдан бөлек, Елбасының егемен елді дамытудағы еңбегі ұшан-теңіз екенін жұрт біледі. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды саяси-әлеуметтік, экономикалық рефор­ма­лар жүзеге асты. Қазақстанның негізін қалаушы, еліміздің Тұңғыш Президенті  Н.Назар­баев халықты жарқын істерге жұмыл­дыру, қоғамдағы татулық пен келі­сім­ді нығайту арқылы бүткіл халықаралық қоғам­дастықтың ризашылығы мен құрме­тіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде ел­дің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне жетекші рөл атқарды. Мемлекет бас­шы­сының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиын­дықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу және өркендеу даңғылына шықты. Осын­дай Елбасының ерендігін және мемлекеттік тарихтың мерейлі күнін айрықша қадір тұту мақсатында былтыр Парламент Тұңғыш Президент күнін белгілеп, 2011 жылғы 14 жел­тоқсанда заңға арнайы өзгерістер ен­гіз­ді.

– Оңалсын Исламұлы, «бұл сайлау бұ­рынғыдан өзгерек» деп айтып қал­дыңыз. Соған орай білгіміз келетіні, дәл сол сайлауда сіз қандай қызметте едіңіз? Осы сайлауды қалай қа­был­да­дыңыз? Әсеріңізбен бөліссеңіз.

– Мен 1991 жылдың 1 желтоқсанында, дәл сол Тұңғыш Президент сайлауы өткен тұста Маңғыстау облысының прокуроры қызметінде едім. Маңғыстауда сайлауда дауыс беруге Қазақстан азаматы ретінде қатыстым. Расында, президент сайлауы тарихымызда болған тұңғыш саяси үдеріс еді. Сол тұрғыдан мен Қазақстанның Тәуел­сіз­дігін тездеткен де, Тәуелсіздікті Қазақ­станға жақындатқан да Тұңғыш Пре­зи­денттің сайлауы еді деп білемін. Жалпы, Тәуелсіздік туралы әңгіме болғанда, менің көз алдыма 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға келеді. Онда қазақ жастары алаңға шығып, «Әр ұлттың өз көшбасшысы болуы керек!» деген ұран тастап, Қазақстанды қазақ басқарсын деген мәселені Кремльден қаймықпай айта алған еді. Сол арқылы жалындаған қазақ жастары Мәскеуде отыр­ған басқарушылардың алдына жа­ңа­ша дамуды сілтеген болатын. Міне, осы «әр ұлтты өзінің көсемі басқарсын, әр рес­пуб­лика халқы өз басшысын өзі сайласын» деген ұстаным Желтоқсан оқиғасынан 5 жыл өткен соң, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқ­сандағы сайлауда ғана толық іске асты. Елін сүйген, елі сүйген көшбасшымыз бар.

Дегенмен Желтоқсан жаңғырығы арқы­лы біз Тәуелсіздіктің не екенін, оның тәттілігін енді сезіне бастағанбыз. Алайда оған жетудің кедергілері де көп еді. Тіпті оның жақындағанын сезіп тұрсақ та, сыртқы-ішкі арандатушылықтар аяқ бас­тырмай тұрғаны байқалатын. Мінеки, осы тұста алдымен Президент сайлауын жүзеге асыру аса қат шара болып тұрды. Шын­ды­ғын айтқанда, өз ұлтымыздың басшысы, елдің көшбасшысын халықтың өзінің таң­дау құқығын жүзеге асыру Қазақстан үшін үлкен тарихи жеңіспен парапар шара болатын. Дәл осы Тұңғыш Президент сай­лауы арқылы қазақ халқы өз басшысының бұрынғыдай орталықтан әкелініп тағайын­дал­майтынын сезінді. Мемлекеттің тізгіні өз қолымызға көше бастағанын айқын аңғар­дық. Сондықтан болуы керек, республика азаматтары Тұңғыш Президент сайлауына ерекше ұмтылыспен барды. Сайлауға қатыс­қандардың 98,78%-ы Н.Назар­баев­ты жақтап дауыс берді. Осылайша, Қазақ­стан халқы өзінің дербес мемлекетін қа­лып­тастырудың өтпелі кезеңінде сенімді бас­шыны таңдап, ел тағдырын сеніп тап­сырды.

Желтоқсан айында Тұңғыш Президент­тің сайлануы, осының Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болуына тұспа-тұс келуін тарихи әділеттіктің салтанат құруы деп бағалауға болады деп есептеймін. Сол арқылы Қазақ елінің ата-баба арманы орындалғанына көзі жетті, халық болып соған қатысып отыр­ғанымызды тәрихи сәт деп түсіне баста­дық. Бір сөзбен айтқанда, осы сайлау бұдан былай елге өз басшысын сайлай алаты­нын сездірді. Алғашқы рет бүкіл­ха­лықтық сайлауда Президентімізді сайла­ған­нан кейінгі бірнеше сайлаулар өтті. Олардың нәтижелері халықтың Тұңғыш Президентке деген сенімі тек қана нығая бергенін айқын көрсетеді.

 – Сіз ел Тәуелсіздігі тарихында Тұң­ғыш Президенттің рөлін қалай бағалар едіңіз?

– Жалпы, адамзат дәуірінің қай кезеңін алып қарасаңыз да, тарих доңғалағын өзгертуде көшбасшылық қабілеті зор жеке тұлғалардың рөлі өте жоғары болып оты­ратынын аңғару қиын емес. Ондай жеке тұлғалар тарихтың жүрісін ғана емес, халық­тардың, мемлекеттердің тағдырын да өзгерте алады. Сондай ұлы тұлғалардың қатарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тұруы да тарихи әділдік деп санаймын. Өйткені Тәуелсіздіктің тағдырына қатысты мәселені Мемлекет басшысы түгелдей өз мойнына жүктеген тұлға болып табылады. Мен дәл сонау аласапыран жылдары қазақ халқын ешқандай дағдарыс пен күйзеліске ұшыратпай, елді егемендігінен айырмай алып өткенін Елбасының ең басты, ең үлкен ерлігі деп санаймын. Бұған ешкімнің де таласы болмас.

Тағы бір шындық – «Тәуелсіздік» пен «Тұң­ғыш Президент» сөздері бір-бірінен ажы­рағысыз ұғымға айналып бара жатқаны да соның айғағы деп білемін. Ал, жалпы, Тәуелсіздік тарихына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен байла­нысты «тұңғыш» деп басталатын дүниелер өте көп. Оның басым бөлігі тарихи оқиға­ларға ұласса, өз еліміздің ғана емес, халықаралық қауымдастықтың тарихымен қатта­лып жатса, енді біразы бүкіл адам­заттық деңгейдегі өзектілігі еш жоғал­май­тын бастамаларға ұласқаны да шындық. Сол «тұңғыштар» туралы мысал келтіре кетсем, ең алдымен, Қазақстанның бүгінгі аумағында жаңа мемлекет құру ісі. Біз әлемдік қауымдастық алдында өз дербестігімізді тұңғыш рет мойындаттық. Шекараға қатысты шешілмеген мәселе қалмады. Екіншіден, тұңғыш рет тұрақ­ты­лықты ту еткен Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінен құралған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мұндай бірегей институттан қазір әлем жұртшылығы үлгі алуға көшті десек артық айтқандық емес. Ассамблея өкілдері кәсіби Парламенттің құрамына кіруге мүмкіндік алды. Бұл – әлем елдерінің арасында кездеспейтін және нағыз демократиялық үдерістің бірі. ТМД кеңістігінде алғаш рет Қазақстанда бұрын­ғы саяси-қоғамдық құрылым күр­делі өзгеріп, өз дамуымызды айқын­дайтын «Қазақстан-2030» стратегиясы қабыл­данды. Расында, 1997 жылы қабылданған бұл стратегиялық құжат тек ТМД арасында ғана емес, басқа да елдерде кездесе бер­мейді. Ал мұндай стратегияның тиімділігі соңғы дағдарыс барысында айқын сезілді. Сонда барып әлемнің біршама мемлекеті дамудың қазақстандық үлгісіне үңіліп, мұны құптап, өздеріне сіңіруге тырысып бағуда.

Бұдан бөлек, Елбасының қазаққа әсем Астана салдыруы да – ерекше іс. Азғана жылдың ішінде Сарыарқада көркейген қаланы халық қана емес, шетелдіктер де «Тұңғыш Президенттің кереметі» деп атап кетті. Расында, көпшілік күмәнді болған істің бірі де осы еді. Дегенмен 1997 жылы қыркүйек айында Бас прокуратураның шағын бір топ қызметкерлерінің құрамында Астанаға алғашқылардың бірі болып келе қалдық. Әуежайда ұшып-қонатын алаң әлі жоқ болатын. «Ан-24» ұшағымен Ақмо­ланың даласына қалың топырақтың шаңын бұрқыратып барып бір-ақ қонған едік. Сол тұста бүгінгідей болашақ Астананы елестету мүмкін болды ма? Жоқ! Елестете алмадық. Елбасының ерлігі ғана бұған көз жеткізді.

Ал жаһандық деңгейдегі бастаманы алатын болсақ, тұңғыш рет Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, Нұрсұлтан Әбішұлының ерік-жігері ядролық қарусыз әлемге қарай жаһанның ұмтылыс-қозғалысына бастама болды. Бұл нағыз батыл түрде жүзеге асқан тарихи бастамалар болатын.

Бұдан басқа да ел ішіндегі, халықаралық деңгейдегі беделді бастамалар жеткілікті. Мысалы, Қазақстан ТМД елдерінің ара­сында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Ванкувер мен Владивосток арасындағы ұланғайыр мемлекеттердің басшыларының басын қосып, біраздан кідірістеп келген ұйым саммитін Астанада өткізді. Бұл да мемлекет мерейін, өскендігін көрсетеді. Жақында ғана Астана өз жеңісі арқылы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл да ТМД елдері мен Орталық Азия аймағында өтетін тұңғыш халықаралық шара болмақ. Осындай игі бастаманың барлығында Ұлт көшбасшысының ерлігі, оның халықаралық беделі тұр деп айта аламын. Әлемдік деңгей­дегі тұлғалардың басым көпшілігі де Қазақстан Президентін біледі, Елбасының қабілетін мойындайды, сол арқылы қазақ­стандық бастамамен санасады. Әлем­нің ықпалды саясаткерлерінің бірі, Ресей Прези­денті Владимир Путиннің өзі: «Бар­лық жаңа идеялар, тың бастамалар Нұр­сұлтан Әбішұлынан бастама алады» деп айт­қан көрінеді. Осының өзі біршама жайтты аңғартса керек.

Жалпы, Президент Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылында-ақ біздің жолымыз жеңіл болады деп айтқан емес. Дегенмен ұтымды ұстаным мен озық ойлы бастама арқасында еліміз көп кедергілерді сүрінбей өтіп, асуларды алды. «Алдымен – эконо­мика, содан кейін – саясат» атты Президент ұстанған қағидат та өз жемісін беріп келеді. Мәселен, Тәуелсіздік тұсында елдің ішкі жалпы өнімі 700 долларды ғана құраса, қазіргі таңда бұл 11 мың доллардан асты, 2015 жылға қарай 15 мың долларға жет­кізе­тін межеміз бар.

– Президент сайлауы арқылы елімізде президенттік басқару инс­ти­туты қалыптаса бастағаны да айқын болатын. Осы ретте басқарудың мұн­дай формасының негізгі басым­дық­та­рына тоқталып өтсеңіз.

– Президенттік билік институтының то­лық қалыптасуы да жеңіл болған жоқ. 1993 жылғы Конституция Президентті ел ішіндегі және халықаралық қатынастардағы республика өкілі ретінде белгілегеніне қарамастан, Жоғарғы Кеңесті Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілді органы деп жариялады. Осының салда­ры­нан елімізде «қосбиліктік» ахуалы көрініс тапқаны айқын еді. Бұған сол тұстағы бірқатар оқиғалар да дәлел бола алады.

1995 жылғы Конституцияның қабыл­да­нуы еліміздің құқықтық іргетасын қалауда да, мемлекеттіктің одан әрі дамып қалыптасуында да зор маңызға ие болды. Сөйтіп, Қазақстан 1995 жылға дейін өтпелі кезеңдегі саяси-экономикалық құрылымды толық бұзып, жаңа мемлекет құруға ұмты­лыс жасаған тарихи қадам болды. Тіпті осы араны ізденіс жылдары десе де болады. Кейіннен еліміздің даңғылы айқындалып, президенттік жаңа формацияға көшу 1995 жылғы Ата Заң арқылы өмірге келді. Жаңа Конституция президенттік билікті бекітіп, оны биліктің басқа тармақтарынан ажы­рат­ты. Президенттік билік – тек Республика Президенті халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге құқылы, мемлекет атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізетін тұлға деп танылғаны. Конституцияға сәй­кес, Президент біздің мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға болып табылады. Сол негізгі заңда биліктің басқа тармақтары да белгіленді. Сөйтіп, Президент үш билік тармағынан жоғары тұрған әділқазы іспетті әрі соған сай өкілеттіктерге ие бол­ды. Президент сол билік тармақтарына толық көлемде өздерінің өкілеттігін іске асыруға мүмкіндік беріп, қажеттілікке қа­рай төрелік те жасап, биліктің үш тар­ма­ғы­нан да жоғары тұрады.

Ал мұндай биліктің ерекшелігі не? Мұн­дай билік формасы әлемде қалыптасқан, тиімділігі өркениетті елдермен мойын­далған. Ең алдымен АҚШ-ты атауға болады. Алғаш рет Президент лауазымы сол Құрама Штаттарда белгіленіп, өмірге келген болатын. Ал президенттік-жартылай президенттік басқарудағы Францияның көптеген ережелері Қазақстанның саяси қалыбымен ұқсас. Енді президенттік басқарудың бүгінгі айырмашылығына тоқталайық. Соңғы уақытта биліктің дәл осы түрі мемлекеттің мықты болуы үшін ең қолайлысы ретінде танылып келеді. Мәселен, Еуропа мемлекеттерінің өзін алыңыз. Дағдарыстың дәл ортасында қан­дай мемлекет? Грекия. Сол Грекияның өзі – парламенттік республика. Елдің қиын-қыстау жағдайына қарамастан, Грекия парламенті де, үкіметі де бір-бірімен ортақ пікірге келе алмай отыр. Даму да осындай олқы биліктің салдарынан дағдарып қалды. Яғни парламенттік рес­пуб­ликаға қиын-қыстау кезінде көшбас­шылық қабілет таны­татын лидер жетпей тұрғандай. Әрине, Грекияда қабілетті, көшбас­шылық­қа лайық адамдар жоқ деп айтуға болмай­ды. Бар. Болғанымен, биліктік жүйенің өзі кейде ондайлардың тәуекел деп бел шешетін іске баруына кедер­гі болып отырғаны аңғарылады. Соның салдарынан бұл мемлекет аса қиын жағдайға тап болды. Мұндай тұста нақты шешім қабыл­дау үшін парламент үкіметке, үкімет, кері­сінше, жауапкершілікті пар­ла­ментке ысы­рады. Не болмаса бір-бірімен алтыбақан алауыз болып, тайталасқа түсіп жатыр. Сондықтан да мен қиын жағдайда шешім қабылдап, бекемдік танытатын, мемле­кет­тің өміршеңдігін қамтамасыз ететін прези­денттік билік қолайлы бола­тынын өмірдің өзі дәлелдеп келеді деп айта аламын.

– Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл – 21 жыл. Ендеше, осы жылдар ішіндегі ел­дің ең басты жетістігі деп нені айтар едіңіз?

– Жетістіктер жетеді. Соның ішінде елдің басты жетістігі – сол Тәуелсіздігінің өзі, мемлекет болып орнығып, егемен ел ретінде әлемдік қауымдастықта өз орны­мызды иеленгеніміз. Қазақстанның дербес дауысы салмақты, ұстанымы айқын болып та жүр. Мұндай жетістікке жетпеген, Тәуелсіздігі тек ұғыммен шектелген елдер қаншама?! Біздің экономикалық жетістігіміз де көптеген елді тәнті етіп жатыр. Даму қарқыны жағынан әлемнің үштігіне ендік. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында Елбасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы межені белгілеп еді. Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингіне сәйкес, біз бәсекелі елуліктің табалдырығына шығып, бұл межені де өзіміз болжаған мерзімінен бұрын еңсеріп келеміз. Дәл осындай даму адуынына ТМД кеңістігіндегі елдердің ешқайсысы қол жеткізген емес. Дегенмен осынау жетіс­тіктердің баршасы уақытша болмауы шарт. Оның ішінде елдің Тәуелсіздігі кез келген тұлғаның да, саясаткердің де ойынан еш шықпауы қажет. Тәуелсіздікті жариялап, орнықты ету оңай емес, ал оны мәңгілік баянды етіп ұстап тұру одан да қиын шаруа екенін Елбасы ұдайы еске салып та жүр.

– Ендеше, Қазақ елі өзінің Тәуел­сіз­дігін мығым ұстауы үшін неден қашып, неге ұмтылуы керек деп ойлайсыз?

– Беріктіктің ең басты негізі – бірлікте. «Бірлік болмай – тірлік болмас» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Жақында Мемлекет басшысы Статистика агенттігінің төрағасын қабылдаған кезде қазақтардың саны 11 млн адамға жеткені айтылған еді. Жаңағы сіз айтқан Тәуелсіздіктің жетістік­терінің бірі де – сол 11 млн-ға жеткен қазақ. Келесі жылдың сәуір айында жалпы республика халқының саны 17 млн адамға жетеді. Бұл да – үлкен жетістік. Осының өзі халықтың әлеуметтік жағдайы жақсар­ғанын, тұрмыс сапасының көтерілгенін көрсетеді. Елбасы қадап айтқандай, біздің басты байлығымыз, біздің басты ұлттық идеямыз – Қазақстанның Тәуелсіздігі. Ал оның баяндылығы – бірлікте. Өйткені алтыбақан алауыздықтан Тәуелсіздікке қауіп төнетіні жасырын емес. Мұны тарихтан білеміз. Ал ондай алауыздыққа ішкі де, сыртқы да күштер әсер етуі мүмкін. Ұлт­ара­лық келісім, конфессияаралық татулық мәселелері де мұның негізі болмақ. Сон­дықтан да алауыз болудан қашып, ірі әрі тірі болуымыз керек деп санаймын.

 

 

Әлеуметтік жаңғырту – ел өркендеуінің басты факторы

 

/«Егемен Қазақстан». 02.12.2012. Еркін ШПАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты./ - Соңғы уақытта әлемде және елде болып жатқан күрделі үдерістер жағдайында мем­ле­кет­тің және оның органдарының қыз­метінде әлеуметтік салаға басты назар ауда­руға республика басшылығының шешім жасауы заңды­лық. Бұл Қазақстан Республи­касының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қо­ғамына қарай 20 қа­дам» атты мақаласында және оның кейінгі сөз сөйлеулерінде анық көрінеді.

Бағдарламалық мақаланы ел азаматтары белсенді талқылауын жалғастыруда. Аталған бағдарламаның өзектілігі бірінші кезекте әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық мәртебесімен айқындалады, ол барлық негізгі бағыттар бойынша мемле­кеттік әлеуметтік саясатты тұрақты жетілдіру қажеттілігін шарттайды. Әлеуметтік жаңғыр­ту идеяларын ілгерілету және іске асыру мем­лекеттің түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға және еліміздің гүлденуіне бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық бағ­дарын сөзсіз айқындайды.

Аталған бағдарламаның қажеттілігі, сонымен қатар, барлық бастамалардың өзегінде адамдардың күнделікті қажеттіліктері мен перспектива­лық тыныс-тіршілік басымдық­тары: жұмыс, молшылық, тұрғын үй, денсау­лық сақтау, білім беру, бір сөзбен айтқанда, адамның әлеу­меттік көңіл-күйін, түптеп келгенде, мем­лекеттегі әлеуметтік тұрақтылықты анықтай­тын өлшемдері бар екендігімен түсіндіріледі.

Біздің әрқайсымыз үшін аталған бағдар­ламаның маңыздылығы оның уақты­лығынан, уақыт талабынан туындауынан, өйткені, тұ­рақ­ты туындайтын қаржы дағдарысы жағдай­ларында бірінші кезекте әлеуметтік мәселе­лерді шешу қажет. Бұл саяси тұрақтылықты өзгертуге қабілетті ықтимал әлеуетті қай­шылықтардың алдын алуға, жеңілдетуге және болдырмауға тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік жаңғырту ниеттер туралы тео­риялық қағида емес, нақты жағдай екенін ерекше атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің нұсқаулары мен тапсырмаларында атал­ған бағдарламаны толық орындау жөнінде мақсат­тар, міндеттер, ұйым­дастыру-құқықтық және қар­жылық шаралар нақты айтылған.

2013 – 2015 жылдарға арналған бюджеттің осы бағдарламаны іске асыруды есепке ала отырып жасалуы осыны айғақтайды. Мәсе­лен, 2013 жылға арналған әлеуметтік шығыс­тар үлесі жалпы шығыстарға шаққанда 39%-ды немесе 2,4 трлн. теңгені құрайды. Мысалы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы: оны іске асыруға бюджетте 293,6 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 94,3 млрд. теңге немесе 2012 жылға қарағанда 32 млрд. теңге көп жоспарланған. Білім және ғылым: 1 трлн. 252 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 411,6 млрд. теңге немесе 2012 жылға қараған­да 27,9 млрд. теңге көп бөлінетін болады.

Бұл әлеуметтік жаңғырту жоқ жерден басталмағанын, мемлекет қоғам өмірінің атал­ған саласында орасан зор жұмыс жасағанын есте сақтау қажет. Парламент Мә­жілісінің Атырау облысынан сайланған депутаты ретінде мұны көптеген әлеуметтік бағ­дарламалардың біреуін іске асыру үлгісінде айтып өтейін.

Мысалы, 2012 жылы Атырау облысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен 4,5 мыңнан астам адамды қамту және 2,0 млрд. теңгені игеру көзделді:

– кәсіптік оқытуға 400 адамды жіберу жос­парланды, ағымдағы жылғы 1 қыркүйек­тен бастап, облыстың кәсіптік колледж­де­рін­­де 400 түлекті оқыту толыққанды басталды;

– қайта даярлауға 500 адамды жіберу жос­парланды, оның ішінде, бүгінгі таңда қайта даярлауға 525 адам жіберілді. Оқығандар арасынан 426 адам оқуды аяқтады, оның 46-сы – жұмысқа орналасты және оқуын аяқтаған қал­ған азаматтарды жұмысқа орналастыру жө­нінде ұйымдастыру шаралары қолға алынуда;

– біліктілікті арттыруға 150 адамды жі­беру жоспарланды, қазіргі уақытта біліктілік­ті арттыруға 147 адам жіберілді, оның ішінде 147 адам оқуын аяқтады, оның 45-і жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 442 адам орналастырылды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Атырау облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді.

Еуропаның дамыған елдерінде, керісінше, дағдарыс салдарынан әлеуметтік шығыстар айтарлықтай қысқартылып жатыр. Ал біз негізделген оптимизмге қарамастан, осы бағ­дарламаны іске асыру – мемлекеттік органдардан да, сондай-ақ, әрбір азаматтан да қауырт қызметті талап ететін қиын және ұзақ үдеріс екенін түсінуіміз тиіс.

Президент өз мақаласында қойылған мақсатқа қол жеткізудің шарттарын айқын белгілеген, солардың кейбіреуін еске салғым келеді. Ең алдымен, бұл, әрине, жауапкер­шілік, кез келген міндетті шешудің басты факторы. Атап айтқанда, жауапкершілік осы бағдарламаны іске асыру үдерісін формализмге, декларациялауға, бір жолғы акциялар мен Президенттің белгілі бір нұсқамалары бойынша іс-шаралар өткізуге әкеліп соғуға мүмкіндік бермейді. Сонымен, әжептәуір қауіп-қатерлерге, әлеуметтік жаңғырту идея­сының абырой-беделін түсіруге жол бермейді.

Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм сияқты теріс көріністерді жою қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады. Мемлекеттік патернализм заманының өткенін біржола түсінген жөн.

Қазіргі уақытта мемлекет өздігімен кө­терілуге талпынатындарға және әртүрлі себептерге байланысты өздігімен көтеріле алмайтындарға: зейнеткерлерге, балаларға, мүгедектерге және т.б. қолұшын береді.

Осы бағдарламаны ойдағыдай іске асы­рудың сөзсіз факторы – бұл әлеуметтік жаңғырту бойынша Мемлекет басшысының тұтқалы нұсқамаларының әрқайсысына нор­мативтік-құқықтық аспектілерді егжей-тег­жейлі әзірлеу. Осыған байланысты әлеу­меттік стандарттар мен әлеуметтік құқықтар ке­пілдіктері туралы, әлеуметтік жұмыс орындары туралы, азаматтық қызмет туралы және т.б. заң жобаларын әзірлеу бірінші кезекте болуы тиіс.

Бұл ретте біздің Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында үлкен жұмыс күтіп тұр, оны белсенді орындау басталды.

Әлеуметтік жаңғырту – бұл елес емес, керісінше, әлеуметтік әділдік пен азаматтық татулық қағидаттарын баянды ету жолында еліміздің гүлденуі үшін толығымен нақты қол жеткізілетін мақсат.

 

 ____________________________________________________________________________

 

ҮКІМЕТ САҒАТЫ

 _____________________________________________________________________________

 

Полицейлерді кәсіби дайындау жүйесі өзгертіледі

 

/«Хабар» агенттігі. 19.11.2012./ -  Еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған қарулы қақтығыстардан кейін жеке құрамды дайындау жүйесін қайта құру жоспарлануда. Бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында Ішкі істер министрі осылай деп мәлімдеді.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, ішкі істер әскерін оңтайландыру келер жылдан қалмай қолға алынады. Дәлірек айтқанда, оларды басқару жүйесін мемлекеттің әскери доктринасына сәйкестендіру көзделіп отыр. Бұл орайда, салалық министрлік бригадалық құрылымнан өңірлік басқару жүйесіне өтуді жоспарлауда. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістер қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Жалпы, өз баяндамасында ведомства басшысы министрлік қызметінің көп қырлы болуына байланысты, елдегі криминогендік жағдай, аттестация қорытындылары, қылмыспен күрес секілді негізгі мәселелерге кеңінен тоқталып өтті. Солардың арасында министр, депутаттардың назарын елдегі тозығы жеткен түрмелер мәселесіне аудартты.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Түрмелердің басым бөлігі қарапайым санитарлық, техникалық талаптарға жауап бермейді. Сондықтан да, олардың халықаралық талаптарға сай келуі туралы айтудың өзі артық. Бұнымен қоса, түрме салу өте-мөте шығынды іс. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салуды ұсынамыз. Бұндай үлгімен түрме салуды қазір, Қарағанды облысының әкімімен келісіп жатырмыз.

 

Салаға заңнамалық қолдау қажет

 

/«Егемен Қазақстан». 20.11.2012. Асқар Тұрапбайұлы./ -  Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетек­шілі­гімен өткен Үкімет саға­тында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Құқық тәртібінің жай-күйі және ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыт­тары туралы»  деген та­қы­рыпта баяндама жасады.

Қ.Қасымовтың мәліметіне қа­ра­ғанда, қылмыстарды жасыру фак­тілері бойынша 1,9 мың қыз­меткер, оның ішінде 269 басшы жазаланған. Және де қызмет­кер­лер­ге қа­тыс­ты 25 қылмыстық іс қозғалыпты. Элек­трон­ды тіркеу жүйесі енгізіліп, олардың әрқай­сы­сы туралы мәліметтер «on-line» режімінде прокуратура орган­да­ры­на беріледі және де азаматтар «Call-орталық» және SMS-сервис арқылы арыздарының қаралу ба­рысын көре алады. Әрбір қабыл­данған өтініш бойынша полиция талон-хабарлама беріп, азамат­тар­дың 70 пайыз өтініштері 3 күндік мерзімде шешіледі, деді министр.

Ол осы ретте  ІІМ желісінде қыл­мыс 50 пайызға өскендігін, сөйтіп, оның көлемі 226,5 мыңға жеткендігін де тілге тиек ете кетті. Бұл бұрын жасырылған 75 мың­нан астам қыл­мыс­ты «көлең­ке­ден» шығару нә­ти­жесінде мүм­кін болыпты. Қылмыстардың 70 па­йы­зы­на жуығын (147,5 мың)  ұр­лық  құ­раса, олар­дың саны 59 пай­ызға өскен кө­рінеді. Онда да әрбір төртінші ұрлық пен әр­бір екінші тонау ұялы телефондарды ұр­лау­мен байланысты екен.

Министр бандитизм, ұйымдасқан қыл­мыс­тық топ құру және оған басшылық ету фактілері бойынша 36 қылмыстық іс қоз­ғал­ғандығын ерекше атады. Қылмыстық жауапкершілікке 50 қылмыстық «беделді» мен ҰҚТ-ның 230 қатысушысы тартылып, олардан 4 автомат, 51 тапанша, 69 шолақ мыл­тық, 23 граната, 2,3 тоннадан астам есірткі тәр­кіленіпті. Бұдан басқа, 6 «заңдағы ұры­ның» әрекетінің жолы кесілген. Сондай-ақ  экс­тре­мистік сипаттағы қылмыстар бойын­ша 23 қылмыстық іс қозғалғаны мәлім бол­ды.
Есірткі бизнесіне қатысты сөзінде министр екі проблеманың барын алға тартты. Біріншісі – ауған героинінің транзиті. Екіншісі – Жамбыл облысының Шу алқабында ши­кізат базасының болуы. Шамамен 3 мың­нан астам есірткі қылмысы, оның ішінде 1,9 мың есірткі сату фактісі анықталған.  Заң­сыз ай­на­лым­нан 23 тонна есірткі, оның ішін­де 101,7 кг. героин алынған.  Сонымен қатар, 60 есірткі қылмысын жасаған 9 ұйым­дасқан қыл­мыс­тық топ әшкереленсе, олардан 800 кг. есірткі, оның ішінде 32 кг. героин алынған.  Шу ал­қа­бынан есірткі жет­кі­зудің жолын кесу мақ­са­тында  жыл сайын маусымнан бастап қазанға дейін «Көкнәр» ауқымды операциясы өткі­зілуде.

Қ.Қасымовтың айтуынша, ІІМ сарап­шы­лар қызметінің деңгейі көтеріліп, геномдық, одорологиялық және басқа да қазіргі за­ман­ғы сараптама түрлері дамытылуда. Сонымен қа­тар, жылжымалы полиция пункттері (78) мен стационарлық полиция бе­кет­тері (160) сияқ­ты қызмет өткеру ны­сан­дары дамытылуда. Бейнебақылау құрыл­ғы­ла­ры­ның саны 2200-ден асады, олардың 513-і елор­дада жұмыс істейді. Тұрғын ша­ғын аудандарда және азаматтар көп жина­ла­тын аудандарда бейне­ба­қы­лау («Қауіпсіз аула») камераларын  орнату  бойынша  жұмыс жал­ғасуда. Олардың кө­ме­гімен 313 мыңнан астам құқық  бұзушылық  анықталып, 1 мың­нан астам қылмыс ашы­лып­ты.

Қазіргі уақытта елімізде құқық қорғау бағытында шамамен 32 мың адамды біріктіретін 4,5 мыңнан астам қоғамдық құрылым болса, олар қоғамдық тәртіпті сақтауға жұ­мылдырылыпты. Олардың қатысуымен 2 мыңға жуық қылмыс ашылып,  22 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталған.

Бас полицейдің мәліметінше, учаскелік қызметкерлер құқық бұзушылық жасауға бейім 18 мың адаммен профилактикалық жұ­мыс жүргізсе, олардың саны жеткіліксіз. Сон­дықтан да қосымша 733 бірлік учаскелік полиция және 2830 бірлік олардың кө­мек­ші­лерін қосымша енгізу қажет. Сондай-ақ тағы да 385 учаскелік полиция пунктін (қа­лаларда – 100, ауылдарда – 285) ашу қажет. Барлық ақ­параттық базаларға учаскелік полиция қыз­меткерлерінің кіруін қамтамасыз ету орынды болмақ. Ол үшін әрбір учаскелік полиция пунктін компьютерлендіру қажет. Бүгінгі таңда әкімдер қолдау білдірсе, олардың са­нын 1753 қызметкерге жеткізу көзделіп отыр.

Жолдардағы жағдай күрделі болып қа­луда, деген министр  11,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркелгендігін, онда 2,4 мың   адам қаза тауып, 13,7 мыңы жарақат алғандығын атап көрсетті. Жолдарда 1,6 миллион құқық бұзушылық анықталып, автокөлікті мас күй­де басқарған 39 мың адам ұсталыпты.  Осы­ған орай қазір «Жол жүрісі туралы» заң жо­басы әзірленіп,    Мәжіліске ағымдағы жыл­дың желтоқсанында өткізу көзделіп отыр­ға­ны белгілі болды. Жүргізуші куә­лік­терінің жаңа үлгілерін енгізу көзделуде. Бұл скутерлерді, мокиктерді (А1 – кіші санаты), трициклдерді (В1 – кіші санаты) және басқа да ша­ғын көліктерді пайдалануды реттеуге мүм­кін­дік береді. Көлік құралдары үшін жаңа мемлекеттік нөмірлік белгілер енгізілетін болады.

Биыл Қазақстанға 956,4 мыңнан астам шетелдік келсе, оның  823 мыңы ТМД елдерінен екені белгілі болды. Көші-қон заң­на­ма­сын бұзғаны үшін 80,7 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар­дың 2,5 мыңы елден шығарылды. Заңсыз кө­ші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша – 23, елден шығару туралы шешімді орын­дамағаны үшін 39 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 1,5 мыңнан астам фактісі анықталды. Жеке тұлғаларда жұмыс істейтін мигранттар үшін «еңбек патентін» енгізуді көздейтін (Ресей тәжірибесі бойынша) заң жобасы әзірленді, деді Қ.Қасымов. Ақтөбеде және Шымкентте «АӨО» РМК-нің қосымша 2 филиалын құру мақсатқа сай болған. Қызметкерлер 234 сыбайлас жемқорлық қылмыс, оның ішінде  пара алудың 86 фактісін  жасаған,  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс жасағаны үшін 29 қыз­меткер сотталған.

Министр сөз реті келгенде  жұртшылық тарапынан полицияға әділ де қатаң сындар ай­тылуы орынды екенін мойындағандай бол­ды.  Мекемелердің (44 колония және 6 тер­геу изоляторы) басым бөлігі тозған және апатты жағдайда екенін, олардың қара­пай­ым  сани­тарлық және техникалық талап­тар­ға сәйкес келмейтінін, пайдалану мерзімдері 40-тан 80 жылға дейін екенін  жасырмады. Бұл мекемелер халықаралық стандарт­тар­дың  талапта­ры­на мүлдем сәйкес келмейді. Ал колонияларды салу ауқымды  қаражатты  қажет етеді.
Ағымдағы жылдың өзінде 12 қызметкер қаза тауып, 69-ы жарақат алды. Кадрлардың тұрақтамауы, кәсіби өзектің жоғалуы және сыбайлас жемқорлық осындай факторлардан туындайды. Сондықтан әлеуметтік қор­ғау мәселелерін қазіргі уақытта  Үкіметтің қарауындағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңның жаңа редакциядағы жобасында қарастырылған.

Саладағы кейбір мәселелерге  палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа коми­тетінің төрағасы Рахмет Мұқашев қосымша баяндамасында тоқталды. Депутаттар өз тараптарынан министрге көптеген сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Ар­тынан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дья­ченко сөз алып, былай деді: «Ішкі істер ми­нистрлігі өзіне жүктелген міндеттерін то­лық атқарып жатқанын атап өткен жөн. Соң­ғы жылдары, бұл салада айтар­лық­тай құры­лым­дық өзгерістер болды. Реформа жүргі­зілді. Халықты құжаттандыру және тіркеу функ­циялары берілді, мемлекеттің көші-қон саласындағы көптеген функциялар жүктелді». Сондай-ақ ол Парламент Мәжі­лі­сі­нің депу­тат­тары бұл салаға ерекше көңіл бөліп, заңнамалық тұрғыдан қолдау көр­се­те­ді деген ойын жеткізді.  Отырыс бойынша депутаттар айт­қан ұсыныстар толық ескеріліп,  Үкіметке  ұсынымдар ретінде жолда­на­тын болды.

 

 

Полицейлер статистикаға бола қылмысты жасырмайды

 

 /«Алаш айнасы». 20.11.2012. Қанат Қазы./ -  «Қазақстан полицейінің бүгінгі жұмысы азаматтарымыздың көңілінен шықпайды». Кеше Мәжіліс алдына Үкімет сағаты аясында алғаш рет есеп бергелі келген министр Қалмұханбет Қасымов баяндамасын бастамас бұрын бірден осылай деп ашық мойындап алды. Сөйтсек, полицейлердің жұмысы министрдің өзіне де, тіпті полицейлердің өздерінің де көңілдерінен шықпайтын көрінеді. Министрдің Мәжіліске келіп, бұлай ашық мойындауының өзі – үлкен жаңалық. Дегенмен мойындамасқа көрсеткіштердің өзі жол бермейтіні байқалды.

Көрсеткіш демекші, бірер жыл бұрын Елбасы күш құрылымдарын бір қуырып алғалы бері Ішкі істер де, Прокуратура да көрсеткіш қууды қойып, азаматтардан түскен барлық өтінішті түгел тіркеуді қолға алған. Сөйтіп, елдің нақты крими­но­­гендік жағдайын жабуға, «жағдайымыз жақ­сы» деп жалған жауап қатуға жол қалмаған еді. Сол мақсатта әлгіндей жақсы көрсеткіш жасауға тырыс­қандарды қатаң жазалауға дейін шаралар қа­былданыпты. Нәтижесі нешік? Жасырылатын қыл­мыстар саны 75 пайызға артқан. «Енді ғана біз шынайы статистикаға қол жеткіздік деп ойлай­мын. Ендеше, өңірлердің қылмыстық ахуалы қа­дай екенін көз алдымызда толық қалыпқа кел­тіріп, жұмыс жасай аламыз», – дейді генерал Қал­­мұханбет Қасымов. Сонымен толық тіркеу нәти­жесіндегі шынайы статистикаға сүйенсек, елі­міз­дегі қылмыстар 50 пайызға дейін өршіп, жыл басы­нан бері 226 мыңға тақапты. «Алайда бұл – ста­тистика ғана. Еліміздің криминогендік жағ­дайы­ның нақты көрінісі еш нашарлаған жоқ. Біз тек жыл сайын «көлеңкеде» қалып қоятын қыл­мыс­тардың қатарын 75 пайызға арттырдық. Оның ішінде бұлардың басым бөлігі – ұрлық-қар­лық­қа, бұзақылыққа қатыстылар, ұсақ-түйек қыл­мыс­тар», – дейді полицейлер генералы. Ал қыл­мыc түрлерін жекелей сараптасақ, оның ба­сым бөлігі немесе 70 пайызы – ұрлықпен байла­ныс­ты. Ұрлықтың өзі 59 пайызға артқан. Оның ішін­де Қазақстандағы әрбір төртінші ұрлық пен әр­бір екінші тонау ұялы телефонға қатысты орын ала­ды екен. Дегенмен министр ұрлық-қарлық өр­шіге­німен, аса ауыр қылмыстар ауыздықтала бас­тағанын айтып сендіріп бақты. Мәселен, осын­дай ерекше ауыр қылмыстар көрсеткіші 18 па­йыз­ға төмендесе, оның ішінде кісі өлтіру – 10 пайыз­ға, денсаулыққа аса ауыр жарақат салу – 3 па­йызға, қа­рақшылық шабуыл 4 пайызға кеміген.

«Баукеспелік жасау, ұйымдас­қан қылмыстық топ құру фактілері бойынша жыл басынан бері 36 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс әлемінің 55-ке   тарта   серкесі   құ­рық­талып,   ұйымдасқан   қылмыс­т­ық   топтың   230 қатысушысы жа­уап­кершілікке тартылды. Сон­­дай-ақ алты «заңдағы ұрының» жолы кесіліп, біреуін соттап, қалғанын елімізден қуып шығар­дық», – деді бас полицей. Оның айтуынша, осындай көрсеткіштің өзі елі­міздегі, республика өңірлеріндегі кри­миногендік жағдайдың біршама жақ­саруына өз әсерін тигізген. Экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жеті террористік топтың жолы кесіліпті. Сондай-ақ экстре­мистік сипаттағы топтың 18 мүшесі құрық­талып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дегенмен полиция жұмысында әлі де олқылықтың бар екендігін министр жасыра алмады. Соның бірі – күн сайын кісі жалмап жатқан жол қауіпсіздігі жағдайы. Шынайы статистикаға тағы сүйенсек, жыл басынан бері 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2400 адам қаза болып, 13 700 адам жарақат алған. Осы кезең ішінде жолдарда 1 млн 600 мыңға тарта жол ережелерін бұзу анықталған. Автокөлікті мас күйінде басқарған 39 мың адам ұсталып, соттар арқылы 31 мың жүргізуші жүргізу құқы­ғынан айырылыпты. 4,5 мыңнан астамы әкім­шілік қамауға алынған.

Учаскелік полицейлер аздық етуде

Ал қылмыстардың алдын алу сапасына келсек, министр Қасымов бірқатар себептерді алға тартады. Оның бастысы – учаскелік полицейлердің жетіспеушілігі. «Полицияның учаскелік инспекторы – қылмыстың алдын алудағы басты тұлға. Учаскелік полицеймен көп нәрсе атқа­рылады. Олардың қатысуымен жүздеген қылмыстар ашылып, көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтарға тосқауылдар қо­йы­лады. Дегенмен осы қызметтің әлеуеті әлі де толық игеріліп жатқан жоқ», – дейді Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы. «Айтайын дегенім, бізде учаскелік полиция қызмет­керлері жеткіліксіз. Олардың қалыпты жұмысы үшін елімізде 733 учаскелік полиция, 2830 олардың көмекшілері қа­жет. Сонымен қатар қалалар мен елді ме­кен­дерде 385 учаскелік пункттер ашылуы керек», – дейді ол.

Дегенмен сапаны жақсарту мәселесі жыл бойы атқарылған аттестаттаудан кейін жақсаруын министр жоққа шы­ғармайды. Ал аттестаттаудың өзіне кел­сек, Ішкі істер министрлігінің жеке құра­мында 73 мың­нан астам қызметкер аттес­таттаудан өткен. Оның ішінде 2 мыңға тарта қызметкер әлгі шарадан бас тартып, күні бұрын органнан кетсе, шара нәтижесінде 10 700 адам өздерінің атқаратын қызметіне лайықты емес деп танылған. Оның ішінде 3900-і жұмыстан шығарылса, 2700 қыз­меткердің лауазы­мы төмендетілген. «Рас, біздің тарапы­мыздан шешілуге тиісті ең қиын міндеттің бірі – кадр. Әлі органдардан кадрлар кетуі бәсеңдеген жоқ. Мәселен, биыл ішкі істер ор­гандарына 5800 адам қыз­метке алын­са, есесіне 9400 адам жұмыстан шықты», – дейді министр.

Депутаттар қылмыстың жартысынан астамы ашылмай қалатынын айтады

Дегенмен министрдің мәліметтерге қатысты мәлімдемесіне депутаттар жы­ғыла қойған жоқ. Тіпті мәжілісмен­дердің біраз бөлігі «Ұры түрмеде отыруы керек» деген қағидаттың орындалмай отыр­ғанына налыды. Айталық, депутат Ерген Дошаев соңғы бес жылдағы Ішкі істер министр­лігінің қызметін сараптай келе, біздің полицейлердің қылмыс әлемімен күресте әзірше тек жеңіліп жатқандығын аңғарып­ты. Мәселен, егер 2007 жылы елімізде тіркелген қылмыстар 128 мыңнан сәл асса, ағымдағы жылдың қарашасында Қазақ­стан­да 237 мың қылмыстық әрекет жүзеге асқан. Соның ішінде қылмыстық жағ­дай­дың күрт өзгеруі 2011-2012 жылдар­дың еншісіне тиеді. Дегенмен осы кезең ішінде тонаудың айтарлықтай өске­нін, бұзақылық фактілерінің екі есеге арт­қанын, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішін­де пәтер ұрлығы күрт көбейгенін айтпай қалуға еш болмайды», – дейді Ерген До­шаев.

Бұдан бөлек, депутат Ерген Николайұлы ішкі істер тергеу органдарының жұмыс сапасын да сынға алды. Оның айтуынша, егер 2007 жылы құқыққа қайшы жасалған барлық әрекеттердің 63,64 пайызы ашылса, 2012 жылы қылмыстарды ашу көр­сеткіші 45,6 пайызға әрең жеткен. «Яғни бүгінгі таңда барлық қылмыстың жартысынан астамы сол қалпында ашыл­май қалып жатыр. Қарақшы да, баукеспе мен ұры да еркіндікте, сөйтіп, жасаған қылмысына орай бұлтартпай жазалау қағидаты тек қағаз жүзінде ғана қалды», – деді ол.

 

Құқық қорғаушыларда қолдауға зәру

 

        /«Заң газеті.» 21.11.2012. Айша Құрманғали./ - Бүгінде құқық қорғаушылар арасында өзі қылмыскер атанып жүрген адамдар аз емес. Бұл жөнінде сала басшысы да жасырып отырған жоқ. Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тек биылғы жылдың өзінде 244 қызметкердің жемқорлыққа қатыстылығы анықталғанын мәлімдеді.

Жалпы, 542 қызметкер жағымсыз фактілер бойынша жұмыстан босапты. Қылмысты болған аталмыш полицейлердің 86-сы пара алған екен. Олардың 29-ына бүгінде сот үкімі шығыпты.

Осы ретте, полиция қатарына адал, шыншыл азаматтарды тартудың маңызын айту артық. Ал, Ішкі істер министрлігінде өз кәсібіне лайықсыз азаматтарды бұл маңызды қызметтен аластау мақсатында біраз шаралардың жүргізіліп жат­қаны белгілі. Солардың алдыңғы қатарында бүгінде қоғам назарында ерекше  тұрған құқық қорғау қызметкерлерін аттестациялау ісі екені белгілі. Министр өз кезегінде осы шараның нәтижесін ортаға салған еді.  Оның айтуынша, еліміз бойынша 73 мыңнан астам қызметкер аттестациядан өтіпті. «Оның ішінде 2 мыңға тарта ішкі істер қызметкері аттестаттаудан бас тартып, өз еркімен жұмыстан шығып кетті. Жалпы, аттестация қорытындысы бойынша, 10 мың 700 адам өз қызметіне лайықты емес деп танылды. Оның 3 мың 900-і жұмыстан шығарылса, 2 мың 700 қызметкердің лауазымы төмендетілді», – деді министр бұл  ретте.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жалпы салада кадр мәселесі өзекті  болып тұр. Өйткені, аттестациядан тыс мамандардың, қызметкерлердің жұмыстан кетуі жиі орын алып отыр. Мұнда келіп жатқандардан гөрі кетіп жатқандар көп. Мәселен, биыл ішкі істер органдарына 5 мың 800 адам қызметке тұрса, 9 мың 400 адам жұмыстан шыққан. Министр мұны жұмыстың өмірге қауіптілігіне, жалақының аздығына, қызметкерлердің әлеу­меттік мәселелерінің толыққанды шешілмеуімен байланыстырды. Мұндағы, мәселен, ең жоғары жалақы тоқсан мың тенгеден аспау­да. Сондықтан, министрлік соңғы уақытта осы түйіндердің шешілуіне мүдделі болуда. Қасымов мырзаның айтуынша, полицейдің жалақы, қауіпсіздігімен қоса, оларды баспанамен қамтуды қарастырған арнайы заң жобасы жасалып, Үкіметке ұсынылыпты. Онда қолдау тапса, жаңа құжатты көп ұзамай  депутаттар өз қарауына алатын  болады.

Ал, елімізде жасалып жатқан қылмыс пен қылмыскердің жазалануына келсек, бұл тұр­ғыда оң нәтижелер баршылық. Министрдің айтуынша, бұған қылмыстың жасалғандығы жөніндегі өтініштердің барлығын тұрақты түрде тіркеу ісінің жолға қойылуы ықпал етіп отыр екен. Мәселен, 2007 жылы елімізде тіркелген қылмыстар 128 мыңнан сәл асса, осы жылдың қарашасында Қазақстанда 237 мың қылмыстық әрекет орын алыпты. Соның ішінде қылмыстардың көбі 2011-2012 жылдардың еншісіне тиеді. Министр мәлім еткендей, қылмыстардың арасында ең көп тіркеліп отырғаны – ұрлық. Олар барлық қылмыстың жетпіс пайызын құрайды. Тек биылдың өзінде ұрлық 59 пайызға өсіпті.

Олардың денін телефон ұрлығы құрайды екен. Мұндай қылмыс, әсіресе, білім беру мекемелерінде, емханаларда көп орын алатын көрінеді. Ал, жалпы елімізде Қасымов мырза келтірген деректерге сенер болсақ, аса ауыр қылмыс жасау әрекеттері едәуір азайған. Оның ішінде  ерекше ауыр қылмыстар көрсеткіші 18 пайызға төмендесе, оның ішінде кісі өлтіру 10 пайызға, денсаулыққа аса ірі жарақат салу 3 пайызға, қарақшылық шабуыл 4 пайызға кеміпті. Министрдің айтуынан ұққанымыз, бұған өз кезегінде қылмысты тергеу ісінде жүзеге асырылған шаралар да ық­пал етіп отыр екен. Мәселен, тергеу жұмыстарына сотқа дейінгі өндірістің жеңілдетілген түрі енгізілуі арқасында сотқа 13 мыңнан астам қылмыстық іс жолданыпты. Бұл да бұрнағы жылдармен салыстарғанда анағұрлым көп.

Ал, бандитизм, ұйымдасқан қыл­мыстық топ құру фактілеріне қатысты жыл басынан бері қозғалған 36 қыл­мыстық іс бойынша 55-ке тарта қылмыстық топ серкелері құрықталып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 230 қатысушысы жауапқа тартылған. Мұ­ның сыртында 6 «заңдағы ұрының» бірі сотталып, қалғаны елімізден алас­татылыпты. Министрдің айтуынша, мұндай жұмыс еліміздегі қылмыстың азаюына едәуір ықпал еткен. Сол секілді экстремистік бағыттағы 23 қылмыстық іс қозғалды. Онда жеті лаңкестік топтың жолы кесіліпті.

 Еліміздің ішкі жағындағы есірт­кімен күресте де тиісті пәрмен берілуі арқасында ойдағыдай нәтиже бар. Мәселен, биыл республикада 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліп, оның ішінде есірткі сатудың 1900 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 23 тонна есірткі алынды. Жалпы, жыл басынан бері 16 арнайы операция жүргізіліпті. Бұл есірткі бизнесімен айналысатын 9 ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтауға мүмкіндік берген. Олардан 800 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин тәркіленіпті.
Министрдің айтуынша, біздегі ең қиын жағдай жол қауіпсіздігіне байланысты орын алып отыр. Елімізде тек биылғы жыл ішінде болған 11 мыңнан астам жол-көлік оқиғасында 2 400 адам қаза болып, 13 мың 700 адам жарақат алыпты. Мұндай қайғылы оқиғалардың орын алуына негізінен көлікті мас болып жүргізу фактілері себеп. Елімізде өз тағдырына, өзгелер өміріне бейқам қарайтын жүргізушілер көп. Олардың отыз тоғыз мыңы ұсталыпты осы жылы. Соттар арқылы 31 мың жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылып, 4,5 мыңнан астамы әкімшілік қамауға алынған.

Министр былтыр Ішкі істер министрлігіне тізгіні қайта берілген қылмыстық атқару жүйесіне де тоқ­талып өтті. Айтуынша, бұл сала­дағы тәртіп біртіндеп жолға қойы­лып келе жатқан сияқты. Дегенмен, министрдің айтуынша, елдегі түрмелердің дені апатты жағдайда екен. «Олар, тіпті, қарапайым сани­тарлық, техникалық талаптарға жауап бермейді. Алды – сексен, соңына қы­рық жыл болған. Бұл түзеу орындары­ның халықаралық талаптарға сай келуі туралы айту артық. Ал, түрме салудың шығыны көп. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша салуды ұсынамыз. Бұндай үлгімен түрме салуды Қарағанды облысының әкімімен келісіп жатырмыз», – деді ол бұл ретте.

Кезек депутаттар сауалына келген тұста халық қалаулылары министр назарын салада орын алып отырған басты кемшіліктерге назар аударуға тырысты. Олар, мәселен, қылмыстың жасөспірімдер арасында көбейіп кеткенін, сондықтан, мектеп инспекторлары жұмысын жетілдіру қажеттігін, ауылда жиілеген мал ұрлығын тыю үшін учаскелік инспекторларға жағдай туғызу керектігін, полиция беделін көтеру мақсатында өз қызметін атқару барысында қаза болғандарды құрмет тұтуға назар аудару маңызын, тағы басқаларды атап көрсетті. Сонымен қатар, олар қоғамдағы қылмыстық әрекеттердің азаюының бірден-бір жолы – оның дер кезінде ашылуы болса, бүгінгі таңда осы жұмыстың талапқа сай еместігін сынады. Осы ретте депутат Ерген Дошаев мынандай сандарды ортаға салған еді. Оның айтуынша, 2007 жылы құқыққа қайшы жасалған барлық әрекеттердің 63,64 пайызы ашылса, биыл қылмыстарды ашу көрсеткіші 45,6 пайызға әрең жетіпті. Бұл бүгінде барлық қылмыстың жартысынан астамы сол қалпында ашыл­май қалып жатқанын көрсететінін айта келіп, ол «Қарақшылар, баукеспе мен ұрылар еркіндікте жүр, ал, жасаған қылмысы үшін бұлтартпай жазалау қағидаты тек қағаз жүзінде ғана» деген болатын. Бұған келіспеске шара қанша? Қысқасы, кадр мәселесі толыққанды шешілмей, мұндай проблемадан Ішкі істер минис­трлігі арыла алмас. Оған жарнамасы керемет болған аттестацияның себі қаншалықты болмақ? Оған, әрине, уақыт төреші.

 

Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?

 

 /«Халық сөзі.» 26.11.2012. Ескендір Ертай./ - Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың  жасаған баяндамасына ден қойсаңыз, қазақтың «Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?» деген риторикалық сұрағын осындай жағдайға тура келгенде қояды.  Ішкі істер органының 10 мың 700 қызметкері қызметіне лайықты емес деп танылды. Ішкі істер органының 244 қызметкері жемқорлық фактісімен ұсталды.

Қазіргі кезде қоғамдағы қылмыстың белең алғаны соншалықты, кейбір учаскелік инспекторлардың мал ұрлаушыларға «крышалық» ететінін де халық айтады.
   – Криминалды полиция, тергеу және учаскелік полиция арасындағы қызметкерлердің 60 пайыздан астамында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әрине біз бір ғана кәсібиліктің жеткіліксіз екенін түсінеміз. Ең бастысы, полиция қатарында адал, шыншыл азаматтардың болғаны керек. Біз осы төңіректегі проблемамен күресіп, өз қатарымызды жемқорлардан тазартудамыз, – дейді Қалмұханбет Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда полиция қызметкерлерінің барлығының бірдей ары таза, адал болуы міндетті емес секілді ойға жетелейді. Тек биылдың өзінде 542 қызметкер жағымсыз сипаттарға орай жұмыстан босаған. Полициялардың ішінен 244 сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаны анықталды. Оның ішінде 86 факті пара алуға байланысты орын алып, 29-ы сотталды. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамында биылғы еліміздегі кезектен тыс аттестаттау жұмыстары аяқталды.  «Ұрының арты қуыс»  дегендей, екі мыңға  тарта ішкі істер қызметкері аттестаттаудан бас тартып, жұмыстан шығып кеткен. Аттестаттау қорытындысы бойынша, 10 мың 700 адам өздерінің атқаратын қызметіне лайықты емес деп танылды. Оның ішінде 3 мың 900-і жұмыстан шығарылған. Осы салада біраздан бері қызмет етіп жүрген болса, олардың біліктілігін неге көтермеске? Қызметсіз қалғандар қайда барады? Жұмыссыздар армиясын толықтыра ма, әлде бұрын қылмыскерлермен  жасырын ауызжаласса,  енді еркін қимылдайтын бола ма? Күзет саласының өзінде де қазір талап жоғары. Оған да бойы екі метрге жақын, жекпе-жектің тәсілдерін мықты меңгерген, жасы отызға дейінгі,  атқан оғын дөп тигізетіндер таңдалады. Оққағарлар да солай іріктеледі. Ал жеке детектив болу үшін де жоғары құқықтық білім керек. Жеке нотариус болу үшін де талап жоғары.   Шет ел ақпараттарын көріп отырсаңыз, екі иығына екі кісі мінгендей, автомат асынған, автокөлігінің ішінде барлық ақпараттық техникамен жарақтандырылған. Әрекетіне риза боласыз.

Қала күні қарсаңында досым Дархан Хасенов екеуміз мінген автокөлікті  Республика даңғылының Иманов көшесімен қиылысында Жол полициясы тоқтатты. Алдымыздағы рульдегі қыз бала апаттық жағдай жасағандықтан, көз алдымызда жеті мың теңге айып төлеуге мәжбүр болды. Ешқандай жол тәртібін бұзбаса да,  мен мінген автокөліктің жүргізушісіне де екі мың теңге төлеуге мәжбүрледі. Сондағы айтқаны: «Ана қыз басымен жеті мың теңге   төлеп тұр ғой. Сіздер еркек емессіздер ме?», – деп, талтайып тұр. «Қала күні қарсаңында айыппұлды көбірек салып, қаржы жинау жөнінде басшылардан тапсырма берілді ме?», – деп сұрап едім, «иә», – деді.  Сонда бұлардың бастығының туған күніне де осылай, нақақ көзден жас тамызып,  ақша жинайтыны рас болып тұр ғой деген ойға қалдық. Полиция халықты қорғаушы емес, қорлаушы жазалаушы отрядқа айналғандай. Әлі де іріктеуді жалғастыру қажет. Елдің сенімінен айырылғандардың қайта абырой бедел жинауына  да біраз  уақыт кетері анық.

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі