Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.05.2019

Н.Нығматулин мал шаруашылығын дамыту туралы: мүмкіндік бар, бірақ өсім жоқ


 

 

Нұр-Сұлтан, Мәжіліс үйі, 24 мамыр. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ет және сүт өнеркәсібінің даму перспективалары туралы парламенттік тыңдау барысында бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда ет 33 пайызды, сүт 31 пайызды ғана құрап отыр. Қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс салмағы 60% деңгейінде қалып отыр.

Ресейде және Беларусияда бүгінгі күні кәсіпорындардың жұмыс істеу қуаттылығы 80%-дан асады. Нәтижесінде, бүгінгі күні Қазақстанға Ресейден және Белорустан ет және сүт өнімдері импортталады.

-Біз жыл сайын 6 мың тоннадан астам май, шамамен 22 мың тонна ірімшік пен сүзбе, 6 мың тоннадан астам консервіленген еттіжалпы құны 45 миллиард теңгеге импорттаймыз.Осы өнімдерді біздің өңдеу зауыттарымызды шығара алады. Ал бізде қалай? Мүмкіндік бар, бірақ өсім жоқ, - деді Нұрлан Нығматулин.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы шағын өндірушілерді қайта өңдеуші кәсіпорындармен байланыстыратын сатып алу ұйымдарының желісін құруды барынша қолдау қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме сауда орталықтарының құрылуын қамтамасыз ететін ережелер енгізіліп жатқаны аталып өтті.

Н.Нығматулиннің айтуынша, сатып алу ұйымдары үшін қосымша салықты субсидиялаудың толық механизмі бар.Қазіргі уақытта Мәжілістің қарауындағы «Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері туралы» заң жобасы шеңберінде субсидиялау механизміне өзгерістер енгізіліп, «жыл сайыннан» «тоқсан сайынға» ауыстырылады.

Сондай-ақ, ет және ет өнімдерінің импортының өсуіне алаңдаушылық бар.

Құс етінің импортының үлесі 51%-дан асады. Өткен жылы ол 191 мың тоннадан астамды құраса, ал үш жыл бұрын ол 165 мыңнан ғана асқан болатын.

Өзекті мәселелердің қатарында ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері де бар.

Мәжіліс Төрағасы бұл мәселені шешу үшін отандық фермерлердің қабылдаған шараларының жетіспеушілігін атап өтті.

Мәжіліс спикері атап өткендей, депутаттар АӨК мәселелері бойынша заң жобасында ветеринарлық бақылау және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін заңнамалық нормаларды әзірледі.

Осы ретте жайылым жерлердің тозуы мен құрғауы азық-түлік ресурстарының дамымауына тікелей әсер етінін маңызды факторлардың бірі болып қала бермек.Осыған байланысты, Мәжіліс Төрағасының айтуы бойынша, ауыл шаруашылық субъектілеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан мал шаруашылығының осы түріне қатысқысы келетін адамдар үшін жайылымдық инфрақұрылымды жетілдіру және әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша қолдау көрсету қажет.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредиттік саясаттың төмен тиімділігі де алаңдаушылық тудырады.Н.Нығматулин атап өткендей, банктер мұндай бизнесті жүргізудің қаупі мен өтімді қамтамасыз етудің болмауына байланысты ауыл шаруашылығындағы жобаларға кредит беруді қаламайды.Кредиттердің 96% ірі агроөнеркәсіптік нысандарға, ал шағын және орта шаруа қожалықтарына 4% ғана беріледі.

                - Ауыл шаруашылығының өндірісі негізінен шағын және орта бизнес екенін ескерсек, ең алдымен бизнестің бұл санаттары үшін қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар Аграрлық ғылымды ауыл шаруашылығы өндірісінен оқшаулау маңызды мәселе болып қала береді.

Палата Спикері атап өткендей, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ауылшаруашылық университеттерімен және ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтасуға тиіс.

Н.Нығматулин мысал ретінде Ақмола облысындағы «Родина» агроөнеркәсіптік кешенінің, Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік холдингінің инновациялық тәсілмен танымал, отандық аграрлық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін енгізу арқылы рекордтық кірісі мен индикаторлардың көрсеткіштерін атап өтті.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білікті кадрлар жетіспеушілігі мәселесі де өзекті болып отыр.

                Н.Нығматулин осыған байланысты қабылданған шараларға назар аударды.

                Бұл Елбасымыздың бастамасымен 2009 жылдан бері іске асырылып жатқан «Дипломмен ауылға!» ауқымды жобасы. Сонымен қатар «Ауыл ел бесігі» атты арнайы жобасы аясында жастарды тарту үшін ауылдық инфрақұрылымды қолдау және дамыту үшін жыл сайын 90 млрд. теңге бөлінетін болады.

         Парламенттік тыңдауға Сенат және Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық қоғамдық ұйым мүшелері, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шетелдік және отандық сарапшылар қатысуда.

Талқылаудың басты тақырыбы - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және экспорттау, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау, контрафактілік өнімдерді импорттаудан ішкі нарықты қорғау және т.б.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі