Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.07.2019

Мәжіліс депутаты Түркістандағы жиһаз цехының ұжымымен кездесті


Нұр-Сұлтан, 17 шілде, Мәжіліс үйі. Бүгін Түркістан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев Төлеби ауданында болды.

Іс-сапар барысында Төлеби ауданындағы жеке кәсіпкер жиһаз өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты.

«Меруерт» жиһаз өндіріс орны 2018 жылдың тамыз айында іске қосылған. Негізгі өндіретін өнімдері ақ қайың мен қара ағаштан үстел және орындықтар секілді жиһаз түрлерін жасап шығарады. Мәселен, ай сайын 200 орындықты тұтынушыға ұсынады. Кәсіпорында 25 адам жұмыс жасаса, олардың орташа жалақы көлемі - 66 809 теңгені көрсетеді.

Кәсіпорын ұжымымен кездесуде аудан әкімі Б. Омарбеков аудандағы кәсіпкерлік саланы қарқынды дамытып келе жатқан «Ленгір машина жасау зауыты» ЖШС-нің «ЖК Меруерт» жиһаз шығаратын цехы күн сайын дамып, тапсырыс көбейіп, жұмыспен қамтылғандардың санын артып келе жатқанына айтты.

- Осындай кәсіпкерлеріміздің арқасында ауданымыздың ілгері жылжитыны айқын. Биыл ауданда кәсіпкерлік саласын біршама дамыту қолға алынуда. Қазір мемлекеттік бағдарламалар аясында халықтың өз кәсібін ашуы үшін қолдау көрсетудеміз, - деді аудан басшысы.   

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ф. Қаратаев:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев шағын және орта бизнесті дамыту еліміздегі өркендеудің өте маңызды талаптарының бірі екендігін айтқан болатын. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасын жандандыруға және халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеруіне өз септігін тигізеді. Биыл мамыр айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзінде кәсіпкерлікке тиімді қолдау көрсету мәселесін көтерген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен қолжетімді несиелеуге 600 миллиард теңге бөлінген. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұны «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын өндіруге таптырмас мүмкіндік деп атап өтті. Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көптеген бағдарламалар ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көптеп ашылатынына сенімдіміз. Барлықтарыңызға тәжірбие жинап, дамытып, өз кәсіптеріңізді ашуға кеңес беремін. Бәріміз бірге ауданды көркейтейік. Сіздердің кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз алға жетелейтінініе мен сенімдімін, - деп, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

 

(«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ақпараты бойынша.

Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі