Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.09.2019

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады


Нұр-Сұлтан, 16 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Украинамен экстрадициялау туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобасын талқылайтын болады. Онда уағдаласушы мемлекеттер Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы Тарап іздестіріп жатқан, өзінің аумағындағы адамдарды екінші тарапқа ұстап беруге міндеттенеді.

Сондай-ақ, Палата дене шынықтыру және спорт мәселелері түзетулерді екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

                 Алдағы жалпы отырыста газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.

                                    

      

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

               

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі