Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.11.2019

Н. Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді


 

Нұр-Сұлтан, 1 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болады. Ол заңнамалық жаңалықтар жергілікті бюджет кірістерін арттыруға бағытталады деп күтілуде.

Ал, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мен оған ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.  

Осы күні депутаттар талқысына 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс жұмысқа алатын заң жобалары  қатарында бірқатар ратификациялық құжаттар бар. Олар: 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы, 2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан мен Қырғыз арасындағы Қазақстан азаматтарының Қырғыз аумағында және Қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды, сонымен қатар,  2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан мен Армения уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы.

Сондай-ақ, жалпы отырыста теміржол көлігі мәселелеріне қатысты түзетулерге орай қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілетін болады.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі