Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.11.2019

Н.Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы шараларына қатысады


 

                Нұр-Сұлтан, 4 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады.

                Мәжіліс Спикерінің бағдарламасында  Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, сондай-ақ, Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесу жоспарланған.

                Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің, ҰҚШҰ ПА пленарлық отырыстарына қатыспақ.  

ҰҚШҰ ПА қатысушы – парламентшілер күзгі сессия аясында ұжымдық бейбітсүйгіш күштерді қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, ұжымдық гуманитарлық көмек көрсету басқа да өзекті сұрақтар бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелерін талқылайды деп күтілуде. 

               

                ( Мәжілістің Баспасөз-қызметі, 74-63-02)   

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі