Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.03.2020

Мәжіліс депутаттары мұнай-газ және энергетика саласының мәселелерін талқылады


Нұр-Сұлтан, 4 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «KAZENERGY» қауымдастығы алаңында тақырыптық отырысы өтті.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Пірімқұлов, Энергетика вице-министрі Ә.Мағауов, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Б. Ақшолақов және «ҚазМұнайГаз» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, «Тенгизшевройл», Shell Kazakhstan, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.

Қатысушылар жаңа Экологиялық кодекс жобасының қабылдануына байланысты мұнай-газ және энергетика саласына ерекше мән берді. Сонымен қатар бірінші санаттағы объектілерге міндетті кешенді экологиялық рұқсаттар, онлайн режимінде деректерді берудің автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу, сондай-ақ экологияны ластағаны үшін әкімшілік және салықтық жауапкершілікке тарту мәселелерін талқылады.

Тақырыптық отырыста Экологиялық кодекс жобасының табиғатты пайдаланушылардың мүдделерін қозғайтын нормаларын талқылау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен түзетулер жасалып, олар жұмыс тобында қаралатын болады.

 

(74-63-01. Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі