Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.03.2020

Мәжілісте митингілер өткізу туралы заң жобасын талқылау жалғасуда


 

 

Нұр-Сұлтан, 25 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте бейнеконференцбайланыс арқылы Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

                Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына енгізілген төтенше жағдайлар мен карантин режимі заң жобаларын талқылаудың қарқыны мен сапасына кедергі келтірмей, заң жобасын қараудағы формасына түзетулерін енгізді.

Видеоконференция форматында өткізілген жиын Мәжіліс депутаттарын, заң жобасын әзірлеушілер мен азаматтық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын қосты.

Талқылауда бейбіт жиындарды ұйымдастырудың және өткізудің мамандандырылған орындарындағы ережелер, хабарламалар мен мәлімдемелерді ұсыну және қарау мерзімдері, хабарлама мен өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, талқылауға қатысушылар бейбіт жиналыстарды тоқтатудың негіздері туралы ережелерге, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы заңдарды бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілікке назар аударды.

Жиын барысында «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының» директоры Евгений Жовтис, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, саясаттанушы Ерлан Саиров, ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов және басқалар өз ойларын ортаға салды.

Айта кету керек, заң жобасын талқылау заманауи ақпараттық коммуникация құралдары арқылы Мәжіліс комитеттерінің, жұмыс топтарының және дөңгелек үстелдердің отырыстары аясында жалғасатын болады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі