Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.04.2020

Мәжіліс депутаттары бейбіт жиындарды өткізу туралы хабарламаларды беру және қарау мерзімдерін қысқартуға ниетті


 

Нұр-Сұлтан, 2 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің видеоконференция форматында отырысы өтті. Жиында Мәжіліс депутаттары бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарламалар мен өтініш беру мерзімдерін, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдардың қарау мерзімдерін қысқарту жайын талқылап, оны заңдастыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Тиісті түзетулер қазір Палата қарауында жатқан заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында пысықталды.

Жиында депутаттар, заң жобасын әзірлеушілер, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты мәселелерді, бейбіт жиындарды өткізу туралы хабарламалар мен мәлімдемелерді, оларды қарау тәртібін, ұйымдастырушылар, қатысушылар мен журналисттер туралы ережелерді талқылады.

Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында арнайы орындардың тізімін орналастыру ұсынылды.

Сонымен қатар заң жобасының Үкіметтік нұсқасында бейбіт жиналыстар, митинг, пикеттерді өткізу туралы 10-15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде деп көрсетілген болатын. Осыған  сәйкес, Мәжіліс депутаттары бейбіт жиындарды өткізу туралы хабарламаларды беру және қарау мерзімдерін 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынды.

Пікірталасқа қатысушылар жергілікті атқарушы органдар үшін 3 жұмыс күнін белгілеу маңызды деп санады, ол кезде әкімшілік хабарламаға жауап бере алады және егер сұралған жер бос емес болса, ұйымдастырушыларға бейбіт жиналыс өткізудің басқа орнын немесе уақытын ұсына алады. Егер 3 жұмыс күні ішінде ұйымдастырушылар билік тарапынан ешқандай жауап болмаса, онда шара әдепкі көрсетілген уақыт бойынша өткізеді.

Отырыс барысында депутаттар Үкіметтік нұсқадағы демонстрация, шеру өткізілетін жағдайда – ол өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күні деген мерзімді он және жеті күнге қысқаруды ұсынды. Себебі, мұндай оқиғалардың көшелерді оқшаулау қажеттілігімен, осы оқиғаларға қатысы жоқ азаматтар мен бизнес үшін белгілі бір қолайсыздықтар тудыратындығын ескере отырып, оларды үйлестіру көп уақытты қажет ететіндігін ескерді.

Бұл ұсыныстар жұмыс тобының отырысында қолдау тауып, сонымен қатар ұйымдастырушылар, қатысушылар мен журналистерге қатысты  мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, бейбіт жиындарды жариялауға ұйымдастырушылар шақырған журналистердің тізімін ұсыну қажеттілігін жою ұсынылды. Сондай-ақ, депутаттар ұйымдастырушылардың, қатысушылар мен журналистердің мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының өтініші бойынша бейбіт жиналыстардың фотосуреттері мен бейне жазбаларын ұсыну жөніндегі нормаларды артық деп есептейді.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

 

(74-63-01,Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі