01.05.2020

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады


Нұр-Сұлтан, 1 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі жеке парақшасында: «Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік пен келісім біздің негізгі байлығымыз. Күш бірлікте. Біздің халқымыз берекесі мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты жеңетіні сөзсіз. Баршаңызға денсаулық, бақыт, ырыс-құт тілеймін!» деп жазды. https://twitter.com/NigmatulinKZ/

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бұл мерекенің еліміздің мәдениетінен ерекше орын алатындығын, өйткені ол үлкен жасампаз құндылыққа ие екендігін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан халқына тән қоғамдық келісім мен патриотизм тұрғылықты елдің даналығы мен нағыз құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған мемлекеттің ерекше ықыласын білдіреді.

«Біздің елімізде тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Қазақстанның табысты дамуының кепілі», - деді Нұрлан Нығматулин.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі