Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.06.2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті


 

Нұр-Сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті.

Мәжіліс Төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмады.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырды. 

Ағымдағы жылдың 9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын.

Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты, 16 маусымда Мәжіліс Төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке орай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды.

Осыған орай, Нұрлан Нығматулин бекітілген хаттаманы ұстана отырып, өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Мәжіліс Төрағасы қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.

17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде.

                  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)    

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі