Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.06.2020

Мәжіліс Денсаулық сақтау министрінің кандидатурасын келісті


 

Нұр-Сұлтан, 25 маусым, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Владимирович Цойдың кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылдады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі