Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.01.2021

VII шақырылымның Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін алды


Нұр-Сұлтан, 14 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді.

Іс-шарада жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша «Nur Otan» партиясынан 76 депутат,   «Ақ жол» партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі