Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2021

Мәжілісте VII шақырылым депутаттарының алғашқы жалпы отырысы басталды


Нұр-Сұлтан, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде VII сайланған Парламенттің алғашқы жалпы отырысы өтуде.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, жалпы отырысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты.

Төрағалық етуші Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен Мәжілістің VII шақырылым депутаттарының аты-жөндері жария етті.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының ант беруі, Мәжіліс Төрағасын және оның екі орынбасарларын сайлау мәселелері қаралуда.  Сонымен қатар, депутаттар жиында Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлап, олардың құрамын бекітеді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі