Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2021

Парламентте Мәжіліс Спикерінің кандидатурасы бойынша жасырын дауыс беру басталды


Нұр-Сұлтан, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжілісте осы уақытта VII шақырылым депутаттары Палатаның Төрағасын сайлауда.

Рәсім жасырын дауыс беру арқылы өтуде. Ол үшін Мәжіліс холында арнайы кабиналар жабдықталып, сайлау жәшігі орнатылған. Дауыстарды санау үшін Есеп комиссиясы жасақталып, оның төрағасы - Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман, хатшысы - Айгүл Нұркина болды.

Мәжіліс Спикері қызметіне сайлану үшін бюллетеньге «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары ұсынған Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы енгізілді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі