Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы қызметіне сайланды


Нұр-Сұлтан, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. VII шақырылымдағы Мәжіліс Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулин сайланды. 

Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы Мәжілістің Қаулысы қабылданғаннан кейін Нұрлан Нығматулин:

-Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, Мәжіліс Төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан, әрқашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімдерін ақтау үшін мен барлық жинаған білімімді, жинаған тәжірибемді  жұмсайтын боламын, - деді Нұрлан Нығматулин.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі