Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2021

Мәжілісте комитет төрағалары сайланды


Нұр-Сұлтан, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін VII шақырылған Мәжіліс депутаттары алғашқы жалпы отырыста Палата комитеттерінің төрағаларын сайлады.

VII шақырылған Мәжілістің жаңашылдығы - заңнамаға сәйкес, парламенттік оппозицияның депутаттарына Палатаның тұрақты комитетінің төрағасы, сондай-ақ екі комитеттің хатшылары лауазымына сайлану құқығы кепілдендірілген.

Осыған сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата депутаттарына фракция басшыларының парламенттік оппозиция өкілдері Палатаның екі комитетін басқаратындығы туралы бірлескен шешімі туралы хабарлады. Олар: Аграрлық мәселелер комитеті мен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеттері.

Оған «Ақ жол» партиясынан Ерлан Барлыбаев және Қазақстан халық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Александр Милютин ұсынылды.

Тұрақты комитеттердің төрағалары ашық дауыс беру арқылы: Аграрлық мәселелер комитетіне - Ерлан Барлыбаев («Ақ жол»),  Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне  – Жәмилә Нұрманбетова («Nur Otan»), Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне - Қанат Мусин («Nur Otan»), Қаржы және бюджет комитетіне - Марат Құсайынов («Nur Otan»), Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне - Айгүл Құспан («Nur Otan»), Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне – Александр Милютин (ҚХП), Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне - Альберт Рау («Nur Otan») сайланды.

Төрағалардың баяндамаларынан кейін Палата Мәжіліс комитеттерінің құрамын бекітті.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі