Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.01.2021

Н.Нығматулин: Мәжілістің жаңа сессиясы маңызды әлеуметтік заң жобаларын қарайды


Нұр-Сұлтан, 20 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне кіріспес бұрын VII шақырылымдағы I сессияның ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың депутаттық корпусқа жүктеген нақты міндеттері туралы айтты.  

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, VII шақырылым  Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл, Парламенттің құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде  өз жұмысын бастап отыр.

Осыған байланысты, Мемлекет Басшысы  сессияның ашылуында бүгінгі жеткен жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, саяси бағыттарға баса  назар аударылатынын жеткізген Мәжіліс Төрағасы: 

-Олардың барлығын тиісті заңдармен қамтамасыз ететін ол, әрине, біздің Парламент. Сол үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдар  талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар, ең алдымен, халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес, өз уақытында, халыққа қажетті, пайдалы заңдар қабылдау, - деді Нұрлан Нығматулин.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі