Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.05.2023

Мәжілісте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет туралы заң жобасы қаралады


Астана, 12 мамыр, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында 15 мамырдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болды. Оның негізінде 2 кодекс пен 11 заңға өзгеріс енгізу көзделуде. Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет тәртібін жетілдіруге бағытталған нормалар қарастырылған. Сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын жекешелендірілгеннен кейін де мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін түзетулер бар.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-04. Фото Ж. Жұмабеков


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі