Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
14.02.2018

Н. Нығматулин тұрғындар қауіпсіздігіне теріс ықпал ететін түзетулерге қарсы екендігін жеткізді

Астана, 14 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, онда еліміздегі кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

09.02.2018

Депутаттар техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерін талқылады

Астана, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Астана қаласындағы «Кәсіптік-техникалық колледжі» базасында «Ұлттық біліктілік жүйесі – білім беру стандарттары үшін бағдар» атты тақырыпқа конференция өткізді.

08.02.2018

Ақмолада Аграрлық ғылымды дамыту туралы Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтті

8 ақпан, Астана, Мәжіліс үйі. Бүгін Ақмола облысының Шортанды ауданында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті.

08.02.2018

Мәжілісте Табиғи монополиялар туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Вице-спикер Владимир Божконың қатысуымен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы шеңберінде табиғи монополиялар туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті.

08.02.2018

Астанадағы кәсіптік-техникалық колледже ұлттық біліктілік жүйесіне қатысты конференция өтеді

Астана, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Жұма, 9 ақпанда «Ұлттық біліктілік жүйесі – білім стандарттары үшін бағдар» деген тақырыпта Астанадағы кәсіптік-техникалық колледже конференция өтеді.

07.02.2018

Ақмола облысында депутаттардың көшпелі отырысы өтеді

Астана, 7 ақпан, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 8 ақпан күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілік етуімен Ақмола облысының Шортанды ауданында көшпелі отырыс өтеді.

07.02.2018

Мәжіліске Франциядан аграрлық саланың ғалымы келді

Астана, 7 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісіне француздың аграрлық ғалымы Ги Риба келді. Францияның ауылшаруашылық зерттеулер институтының бұрынғы президентін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко қабылдады.

07.02.2018

Мәжілісте гендерлік теңдікті ілгерлету мәселесі талқыланды

Астана. 7-ақпан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жаилғанова «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевичпен кездесті.

07.02.2018

Мәжілісте ратификациялық Заң жобалары мақұлданды

Астана, 7 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен жалпы отырыста бірқатар ратификациялық Заң жобалары мақұлданды.

05.02.2018

Мәжілісте валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заң жобасы таныстырылды

Астана, 5 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылды.

02.02.2018

Мәжіліске Ұлттық банк валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заң жобасын таныстырады

Астана, 2 ақпан, Мәжіліс үйі. 5 ақпан, дүйсенбі күні Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады (сағат 15-00, конференц-зал, 2-қабат).

02.02.2018

«Нұр Отан» - Мәжіліс комитеті: сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы

Астана, 2 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірлескен отырысы өтті.

01.02.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»: Жұмыс тобының отырысы

Астана, 1 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте депутат Қанат Мусиннің төрағалығымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын қарау бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті.

01.02.2018

Мемлекеттік статистика туралы Мәжілістегі таныстырылым

Астана, 1 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің басшысы Нұртай Сабильяновтың төрағалық етуімен мемлекеттік статистика мәселелері туралы Үкіметтік Заң жобасының таныстырылымы өтті.

01.02.2018

Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы таныстырылды

Астана, 1 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен екі жаңа заң жобаның таныстырылымы өтті.