Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
11.04.2017

Мәжілісте: «Балаға мейірімді Қазақстан!» кездесуі өтті

Астана,11 сәуір, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның төрайымдығымен бала құқығын қорғау белсенділерінің басқосуы өтті.

11.04.2017

Мәжілісте: «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалу барысы

Астана, 11 сәуір. Мәжіліс Үйі. Мәжілісте Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жетекшілігінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалу барысындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 1 – 15, 28, 29 қадамдарын орындау шеңберінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы»,- деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

11.04.2017

Мәжілісте адам құқықтары жайында халықаралық кездесу болды

Астана, 11 сәуір. Мәжіліс Үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Комитетінің бұрынғы мүшесі Коте Варджелашвили және Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі орталықтың директоры Патрик Матзенбергпен кездесті.

10.04.2017

Мәжіліс: «Нұрлы Жол» 2015 – 2019- бағдарламасының жүзеге асырылу барысы

Астана, 10 сәуір, Мәжіліс Үйі. Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Владимир Божконың жетекшілігінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы (көлік-логистикалық инфрақұрылымы)»,-деген тақырыппен Үкімет сағаты болды.

07.04.2017

Мәжілісте Үкімет сағаты

Астана, 7 сәуір. Мәжіліс Үйі. Дүйсенбі, 10 сәуір күні сағат 10.00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы (көлік-логистикалық инфрақұрылымы)» тақырыбында «үкімет сағаты» өтеді.

07.04.2017

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін белгіледі

Астана. 7-сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

07.04.2017

«Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытудың перспективалары: дөңгелек үстел

Астана, 7 сәуір, Мәжіліс Үйі. «Astana Marriott» қонақ үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ мен өзге де халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытудың перспективалары: Стратегиялық экологиялық бағалау» тақырыбында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.Щегельский және депутаттар Қ.Каракен және И.Унжакованың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.

07.04.2017

Мәжіліс депутаттары «Ашық әлем» бағдарламасында

Астана, 7 сәуір. Мәжіліс Үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров пен Әлия Сапарова 3-12 сәуір аралығында «Ашық әлем» бағдарламасы шеңберінде Америка Құрама Штаттарында кәсіби алмасудан өтуде.

06.04.2017

Мәжілісте мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы талқыланды.

Астана, 6 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанованың қатысуымен «Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы» атты тақырыпта дөңгелек үстел болды. Оның жұмысын депутат Наталья Жұмаділдаева жүргізді.

06.04.2017

Н.Нығматулин Германияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Астана, 6 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Өкілетті елшісі Рольф Мафаэльді қабылдады.

06.04.2017

Мәжілістің комитет отырысында жол жүрісі мәселелері бойынша түзетулер талқыланды

Астана, 6 сәуір.Мәжіліс Үйі. Бүгін Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтың жетекшілігенде кеңейтілген отырыста «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заң жобасы талқыланды.

05.04.2017

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жол жүрісі мәселелері бойынша түзетулерді қарайды

6 сәуірде, бейсенбі күні, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заң жобасын қарайды.

05.04.2017

Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы: дөңгелек үстел

Астана, 5 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі күні, 6 сәуірде сағат 11-00-де Мәжілісте Конференц-залда «Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіледі.

05.04.2017

Мәжіліс депутаты ЕҚДБ өкілімен кездесті

Астана, 5 сәуір.Мәжіліс Үйі. Бүгін Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің саяси мәселелер бойынша аға кеңесшісі Джонатан Джэймс Эйвс Парламентке келді. Мейманды Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Ерман кездесті.

05.04.2017

Мәжіліс электр энергетикасы мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана, 5 сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті.

05.04.2017

Мәжіліс депутаты адам саудасымен күрес Альянсының конференциясына қатысуда

Астана, 5 сәуір. Мәжіліс Үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиеваның 3-4 сәуір аралығында Вена қаласында (Аустрия Республикасы) өткен Адам саудасына қарсы күрес альянсының «Бала саудасы және баланың басты мүдделері» тақырыбындағы 17-конференциясына қатысты.

04.04.2017

Мәжілісте БҰҰ еліміздегі Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасарымен кездесу болды

Астана, 4 сәуір. Мәжіліс Үй. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханыммен жүздесті.