Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
09.11.2017

Нұротандық депутаттар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру бойынша кеңес өткізеді

Астана, 9 қараша, Мәжіліс үйі. Жұма, 10 қарашада, нұротандық депутаттар «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің кезекті отырысын өткізеді.

09.11.2017

Мәжілісте меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша Заң жобасы таныстырылды

Астана, 9 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтың жетекшілік етуімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті.

09.11.2017

Сауд Арабиясы мен Қазақстан: парламентаралық достық тобының кездесуі

Астана, 9 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің «Қазақстан Республикасы - Сауд Арабиясы Корольдігі» парламентаралық достық тобы Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік кеңесінің мүшелерімен кездесті.

09.11.2017

Мәжіліске Қытай елінен арнайы делегация келді.

Астана, 9-қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Ауылшаруашылығы және ауыл істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Го Гэнмаомен кездесті.

08.11.2017

Қостанай: Комитеттің көшпелі отырысы - «Қатты пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді реттеудің халықаралық стандарттарына көшу»

Астана, 8 қараша, Мәжіліс үйі. 9-10 қарашада Қостанайда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

08.11.2017

Әділет министрлігі Мәжіліске меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері туралы Заң жобасын таныстырады

Астана, 8 қараша, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 9 қарашада, Әділет министрлігі Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырады.

08.11.2017

Мәжілісте Жер қойнауы туралы Кодекс жобасы мен Ақпарат және коммуникациялар мәселелері туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Астана, 8 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Палата бірқатар Заң жобаларын жұмысқа алып, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын ілеспе түзетулерімен, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

07.11.2017

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру туралы заң жобасын таныстырды

Астана, 7 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Палата вице-спикері Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

07.11.2017

Қазақстан мен Сербия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды.

Астана, 7 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Г. Исимбаева біздің елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Сербия Республикасы Халықтық Скупщинасының төрайымы Майя Гойкович ханыммен кездесті.

06.11.2017

Депутаттарға мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша түзетулер таныстырылады

Астана, 6 қараша, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 6 қарашада Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

06.11.2017

Мәжілісте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жетілдіру мәселесі талқыланды

Астана, 6 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтті. Шараны ашқан вице-спикер депутаттар тарапынан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған заңдардың орындалуына жүйелі түрде мониторинг жүргізілетініне тоқталды.

03.11.2017

Мәжілісте Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша түзетулерді таныстырды

Астана, 3 қараша, Мәжіліс Үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды.

03.11.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Астана, 3 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

03.11.2017

Мәжіліс депутаты Ресейдегі мерекелік іс-шараларға қатысуда

Астана, 3 қараша, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Айқын Қоңыров қарашаның 3-7 аралығында Ұлы Октябрь социалистік революциясының 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысуда.

03.11.2017

Мәжілісте Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жетілдіру туралы үкіметтік сағат өтеді

Астана, 3 қараша, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 6 қарашада Мәжілісте үкіметтік сағат өтеді.

02.11.2017

Мәжілісте ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылармен кездесу өтті

Астана, 2 қараша, Мәжіліс үйі . Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау үшін халықаралық және ұлттық сарапшылармен кездесу өткізді.

02.11.2017

Мәжіліс кедендік реттеу туралы Кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана, 2 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс кеше жалпы отырыстың күн тәртібінде бекітілген мәселелерді қарауды одан әрі жалғастыра отырып, кедендік реттеу туралы Кодекс жобасын және оған ілеспе Заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен мақұлдады.

02.11.2017

Мәжілісте депутаттарға халықты жұмыспен қамту және көші-қоны мәселелері таныстырылады

Астана, 2 қараша, Мәжіліс Үйі. Жұма, 3 қарашада, Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынады.

02.11.2017

Мәжіліс депутаттары ТМД ПАА Тұрақты комиссияларының жұмысына қатысуда

Астана, 2 қараша, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов пен Шакир Хахазов 2-3 қараша аралығында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу және құқықтық мәселелер жөніндегі Тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысуда.