Өмірбаяны

Жеке парағы
БЫЧКОВА Светлана Федоровна
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы
1957 жылы 7 шілдеде Жамбыл облысында туылған.

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика (1978ж.), заң (1991ж.) факультеттерін бітірген және Бүкілодактық сот сараптаманы ҒЗИ аспирантурасының күндізгі бөлімін (1986 ж.) бітірген.

1978-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы ҒЗИ инженер, сарапшы, кіші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, директордың міндетін атқарушы.

1997-2002 жж. - сот сараптамасы ҒЗИ базасында құрылған Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры.

2002 – 2007 жж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

2007 – 2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. .

Неміс тілін меңгерген.

Қызы мен немересі бар.

Жеке парағы