Өмірбаяны

Жеке парағы
АЙСИНА Майра Арапқызы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1956 жылы бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданының Костомаровка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін математика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы политология және басқару институтын политолог мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Қарағанды қаласы №27 орта мектебінің аға пионер жетекшісі болып бастады. 1975-1976 жж. - «Юбилейный» кинотеатрының мәдени қызметкері, Қарағанды қ.

1976-1979 жж. - №49 орта мектебінің аға пионер жетекшісі, Қарағанды қ.

1979-1980 жж. - №49 орта мектебінің кластан тыс және мектептен тыс жұмыс ұйымдастырушысы, математика пәнінің мұғалімі, Қарағанды қ.

1980-1982 жж. – ЛЖОК Қарағанды облыстық комитетінің нұсқаушысы, Қарағанды қ.

1982 ж. – Қазақстан ЛЖОК ОК-нің мектеп жастары мен пионерлер бөлімінің нұсқаушысы, Республикалық пионерлер ұйымының жауапты хатшысы, Алматы қ.

1982-1986 жж. - Қазақстан ЛЖОК ОК-нің мектеп жастары мен пионерлер бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Республикалық пионерлер ұйымы төрағасының орынбасары, Алматы қ.

1986-1989 жж. - Қазақстан ЛЖОК ОК-нің оқушы жастар мен пионерлер бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.

1989 ж. - Қазақстан ЛЖОК ОК-нің жастарға білім беру бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.

1989-1991 жж. – Алматы политология және басқару институының тыңдаушысы, Алматы қ.

1991-1992 жж. -Қазақ КСР халық депутатының көмекшісі, Алматы қ.

1992-1993 жж.- «Жаңару» Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық даму қорының әлеуметтік қорғау және бейімдеу секторының меңгерушісі, Алматы қ.

1993-1994 жж. – Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің білім беру бөлімінің бастығы, Алматы қ.

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің жастар саясаты бас басқармасының бастығы, Алматы қ.

1994-1995 жж. - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыс бас басқармасының бастығы, Алматы қ.

1995-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы, Алматы қ.

1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бастығы, Алматы қ.

1997 ж. - Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің Үйлестіру және бақылау департаменті ұйымдастыру және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Алматы қ.

1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары.

1999-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары.

2001 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің кеңесшісі.

2001-2003 жж - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің білім секторының меңгерушісі.

2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2003-2005 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің білім секторының меңгерушісі.

2005-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.

2006 ж. - «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратының басшысы.

2006-2007 жж. - «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары.

2007-2011 жж. - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісінің «Нұр-Отан» ХДП Фракциясының Президиум мүшесі.

2012-2015 жж. - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісінің «Нұр-Отан» партиясы Фракциясының Президиум мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы (2016 ж. наурызбен-тамыздын аралығында), Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2016 ж. қыркүйектен бастап), Парламент Мәжілісінің «Нұр-Отан» партиясы Фракциясының Президиум мүшесі.

Наградалары:

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» кеуде белгісі (1999 ж.),

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001 ж.) кеуде белгісі,

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001 ж.),

«Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» белгісі (2004 ж.),

«Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту ісіне сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2004 ж.),

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (2005 ж.),

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2005 ж.),

Ы.Алтынсарин атындағы кеуде белгісі (2006 ж.),

«Астана» естелік медалі (2006 ж.),

«Ғылымдағы табыстар үшін» кеуде белгісі (2009 ж.)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.),

«Құрмет» ордені (2011 г.).

Ағылшын тілін біледі.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Жеке парағы