Өмірбаяны

Жеке парағы
СЕЙТМАҒАНБЕТОВА Гүлнар Сүлейменқызы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1955 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында туған. Қазақ Химия-технология институтын, Мәскеудегі жоғары партия мектебін, Орта Азия университетін бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін 1976-1981 жылдары «Тұщықұдық» кеңшарында құрылыс шебері болып жұмыс істеген.

1981-1988 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Маңғыстау аудандық комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Маңғыстау облыстық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Бейнеу аудандық комитетінің хатшысы.

1988-1990 жылдары Мәскеу Жоғары партия мектебінде оқыған.

1990-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Маңғыстау облыстық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

1991-1999 жылдары - Маңғыстау аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас инженері, Жекешелендіру жөніндегі бюро директорының орынбасары, бөлім бастығы.

1999-2005 жылдары - Маңғыстау облыстық Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары, директоры, Маңғыстау облыстық Қаржы департаментінің директоры.

2005-2007 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2007-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Бір ұл тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы