Өмірбаяны

Жеке парағы
КИЯНСКИЙ Виктор Владимирович
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1947 жылы Батыс Қазақстан облысының Нехворощенка селосында туған. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, професссор, ХЭҚҒА және ХЭА академигі.

Университетті бітіргеннен кейін Орал қаласындағы «Омега» прибор жасау зауытында инженер болып жұмыс істеген.

1972-1983 жж. «Омега» прибор жасау зауытының Орталық зауыт зертханасының бастығы.

1983-1994 жж. – Батыс Қазақстан аграрлық университетінің химия және экология кафедрасының меңгерушісі.

1994-1995 жж. – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1995 жылғы қыркүйектен бастап – Батыс Қазақстан аграрлық университетінің химия және экология кафедрасының профессоры.

1996-2007 жж. «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары.

2007-2011 жж. – IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 ж. – V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Достық», «Парасат» ордендерімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Неміс тілін меңгерген.

Үйленген, екі баласы және үш немересі бар.

Жеке парағы