Өмірбаяны

Жеке парағы
ЯКОВЛЕВА Татьяна Ивановна
Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы
1958 жылы Воронеж облысы Павлов ауданының Воронцовка ауылында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Целиноград облысы Балкашинский аудынының Максимовский ауылында экономист болып еңбек еткен.

1981-1993 жылдар аралығында аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыған, сонымен қатар Целиноград ауылшаруашылық институтында кіші ғылыми қызметкер, кафедраның ассистенті, аға оқытушы болып қызмет еткен.

1993-1998 жылдар аралығында - Целиноград облысының агроөндiрiс комитетінің экономика басқармасының бастығының орынбасары, Ақмола облысының ауылшаруашылық басқармасының бастығының орынбасары, Ақмола облысының ауылшаруашылық департаментінің бастығының орынбасары.

1998-1999 жылдар аралығында - Ақмола облысының экономика және сауда басқармасының бастығы, Астана қаласының экономика басқармасының бастығы.

1999-2003 жылдар аралығында - Астана қаласының экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры.

2003-2006 жылдар аралығында - «Астана Тан» ЖШС туристік компаниясының бас директоры.

2006-2007 жылдар аралығында - Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

2007-2011 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2012-2016 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы.

2016 жылғы наурыздан бастап - "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Баласы және екі немересі бар.

Жеке парағы