Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘБЕНОВ Мұрат Абдуламитұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1965 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын «математика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша (1990 ж.) және Қазақ гуманитарлық – заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша (2002 ж.) бітірген.

1984-1986 жж. – Кеңес армиясының қатарында әскери міндетін өтеді.

1990-1991 жж. – Қызылорда қаласында С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектепте информатика және есептеуіш техника пәнінің мұғалімі.

1991 жылғы маусым – қыркүйек аралығында – Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің кадр және негізгі қызмет инспекторы.

1991-1992 жж. – Қызылорда қаласында 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1992-1993 жж. – Қызылорда қалалық әкімшілігі қоғамдық пікірді болжау және баспа бөлімінің бас маманы.

1993-1999 жж. – Алматы қаласында «Атамекен» ЖШС директорының орынбасары.

1999-2000 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің консультанты.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы.

2002-2005 жж. – Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2007 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2007 жылғы ақпан-тамыз аралығында – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2007-2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.

Жеке парағы