Өмірбаяны

Жеке парағы
БЕКЕНОВ Асхат Сахибеденұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1965 жылы Атырау облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Гурьев қаласының Петровский атындағы зауытының инженер-технологы, құрастыру учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.

1987-1990 жж. Гурьев қаласында Петровский атындағы зауытта комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді.

1990-1993 жж. – Гурьев ауыл шаруашылығы сынақ станциясы машина-трактор шеберханасының меңгерушісі.

1993-1995 жж. – «Қожа» шағын кәсіпорнының директоры.

1995-1996 жж. – Атырау қаласының облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы маркетингтік қызмет және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы.

1996-2000 жж. – Атырау қаласындағы «Дана» ЖШС директоры.

2000-2006 жж. – Атырау қаласындағы «Дана СаудаҮйінің» директоры.

2006-2007 жж. – Атырау облысы Жылыой ауданы Сарықамыс кентінің әкімі, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.

2007-2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы, немересі бар.

Жеке парағы