Өмірбаяны

Жеке парағы
ПІШЕМБАЕВ Мейрам Кұдайбергенұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1959 жылы Павлодар қаласында туған.

Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша, Санкт-Петербург қаласындағы Солтүстік Батыс ғылым академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Институтты бітіргеннен кейiн еңбек жолын 1981 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлiк институтында бастаған.

1983-1989 жж. - Павлодар облысындағы «Потанин» совхозының бас маманы.

1989-1992 жж. – «Ермак» совхозының директоры.

1992-1996 жж. - «Ақсу» АҚ басқармасының төрағасы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасындағы «Роснефть» Өкілдігі басқармасының бас директоры.

1997-1998 жж. - «Қазмұнайком» ЖШС-нің вице-президенті.

1998-2000 жж. – Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының «Қазақойл» ҰМК-ның бас менеджері.

2000-2003 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК «Қазимпекс» Республикалық орталығы» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2003-2005 жж. - Simens AG атқарушы директоры.

2005-2007 жж. – «Қазақсельмаш» корпорациясы» ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы.

2006 жылдан бастап – Қазақстанның машина жасаушылар одағының» ЗТБ басқармасының төрағасы.

2007-2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылдан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазақ тілі – ана тілі, орыс тілін – еркін біледі, ағылшын және неміс тілдерін сөздік арқылы.

Үйленген, екі баласы және немерелері бар.

Жеке парағы