Өмірбаяны

Жеке парағы
ӨТЕМІСОВ Шавхат Әнесұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1963 жылы 12 мамырда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында туған. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.

Институт бітіргеннен кейін Орал облысының Чапаев аулындағы № 1 орта мектепте тарих мұғалімі болып жұмыс істеген.

1985-1987 жж. – Кеңес Әскері қатарында қызмет өткерді.

1985-1992 жж. – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы.

1992-1994 жж. – Орал облыстық әкімшілігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.

1994-1998 жж. – Батыс Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы.

1998-2000 жж. – Батыс Қазақстан облысы Туризм және спорт облыстық басқармасының бастығы.

2000-2001 жж. – Батыс Қазақстан облысы телерадиокомпаниясының төрағасы.

2001-2002 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жж. – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі.

2006-2007 жж. – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007-2011 жж. - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Үйленген, 2 баласы бар.

Жеке парағы