Өмірбаяны

Жеке парағы
БАЛИЕВА Зағипа Яхянқызы
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, заңгер-құқықтанушы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист-халықаралық маман.

1975-1976 ж.ж. СКТУ-де лаборант болып жұмыс істеген.

1981-1982 жж. – Жамбыл облыстық құрылыс банкінде заңгер кеңесші

1982-1986 жж. – Жамбыл қалалық атқару комитетінде заңгер.

1986-1992 ж.ж. - Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі.

1992-1994 ж.ж. - Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі.

1994-1995 ж.ж. – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

1995-1996 ж.ж. –Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, төрайымы.

2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Тұрмыста, алты бала және немере тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы