Өмірбаяны

Жеке парағы
АРОНОВА Ирина Петровна
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Хатшысы
1957 жылы Ресейдің Калининград облысы Светлый қаласында туған. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

1977-1984 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық мәдениет үйінің әдіскері

1984-1985 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы

1985-1987ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық жергілікті радиохабарларын тарату ісін ұйымдастырушы

1987-1992 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық атқару комитетімәдениет жөніндегі комитетінің төрайымы

1992-1992 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі

1992–1995 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары

1995-1998 ж.ж. – Қостанай облысы Наурызым ауданы әкімінің орынбасары

1998–2007 ж.ж. – Қостанай өңірлік күнкөрісі төмен азаматтарды қолдау қорының атқарушы директоры

2007-2012 ж.ж. – «Нұр Отан» ХДП-ның Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

2012 жылғы 20 қаңтардан - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2007ж.) марапатталған.

Жеке парағы