Өмірбаяны

Жеке парағы
БАЗАРБАЕВ Асқар Ермырзаұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1954 жылы Талдықорған қаласында туған. Еңбек жолын 1971 жылы Алматы кен емес материалдар комбинатында жұмысшы болып бастады. 1977 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Карағанды облысында жұмыс істеді.

1977-1980 ж.ж. – Қарметкомбинаттың автоматтандыру және механикаландыру зертханасында инженер, бас инженер.

1980-1982 ж.ж. – Қарметкомбинат партия комитетінің нұсқаушысы.

1982-1983 ж.ж. – Қазақстан компартиясы Теміртау қалалық комитеті өнеркәсiп-көлiк бөлiмiнiң нұсқаушысы.

1983-1988 ж.ж. – Қазақстан компартиясы Қарағанды облыстық комитеті өнеркәсiп бөлiмінің нұсқаушысы, меңгерушiсiнің орынбасары.

1988-1991 ж.ж. – Қазақстан компартиясы Теміртау қалалық комитетінің екiншi, содан кейн бiрiншi хатшысы.

1991-1996 ж.ж. – «Текстиль» Қазақстан - Швейцария бiрлескен кәсiпорны өкiлдiгінің директоры, Қарметкомбинаттың Алматы қаласындағы өкiлдiгі бас директорының орынбасары.

1996-1999 ж.ж. – «ХлебЛТД» ЖШС директорының орынбасары, «Базарстан» ЖШС президенті.

1999-2002 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі.

2002-2007 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы.

2007-2009 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2009-2012 ж.ж. – «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облысытық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2016 ж.ж. – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016 жылғы наурыздан бастап - VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» Партиясының Фракциясы жетекшісінің орынбасары.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдарымен марапатталған.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жеке парағы