Өмірбаяны

Жеке парағы
БАЙМАХАНОВА Галина Александровна
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Хатшысы
1954 жылы Алматы қаласында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.

Жоғары оқу орнын бітірген соң В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған.

1991-1992 жж. - Қаз КСР Геоминистрлігі геологиялық-экономикалық зерттеулер экспедициясының өндірістік-техникалық ақпарат партиясының бас геологы.

1992-1992 жж.- Қаз КСР Геология министрлігінің «Казминерал» мемлекеттік өндіріс мекемесінің директоры.

1992-1994 жж. - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасының доценті.

1994-2011 жж. - Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтының ГСП кафедрасының доценті.

1984-1986 жж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының геология-барлау факультеті деканы орынбасарының қызметін қоса атқарған.

1994-1997 жж. - «Ареал» шағын жеке кәсіпкерлік мекемесінің директоры.

1997-2012 жж.- «Ареал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

2012 жылдың қаңтарынан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, Алматы қалалық халықтық коммунистік партиясы комитетінің бірінші хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі.

Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы болып табылады.

40-тан астам геология және жоғары арнайы (геологиялық) білім беру мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбегі және «Пайдалы қазбаларды зерттеулердің зертханалық әдістері» атты оқулығы бар.

Отбасылы, екі баласы мен немерелері бар.

Жеке парағы