Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚАЗБЕКОВА Меруерт Айтқажықызы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы
1961 жылы Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.

1973 – 1983 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының студенті.

1983 – 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген.

1986 – 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген.

1991 – 1992 жылдары – Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі.

1992 – 2006 жылдары – «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ – 007» ЖШС-нің қаржылық директоры.

2006 – 2008 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы.

2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

1998 – 2002 жылдары – Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде).

2000 жылы АҚШ-да тағылымдамадан өткен.

2001 жылы АҚШ-да «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

2002 – 2006 жылдары – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде).

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

2014 жылдан "Азия" кәсіпкер әйелдер бизнес ассоциясының ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі) президенті.

2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі. 2002 – 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Екі баласы бар.

Жеке парағы