Өмірбаяны

Жеке парағы
ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1967 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылық академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазған түсті металл» АҚ-нда заңгер, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.

1999-2001 жылдары - «Қазақмыс» «Шығысказмедь» корпорациясының филиал басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2001-2007 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаменті директорының орынбасары.

2007-2012 жылдары - «Қазақмыс» корпорациясы Заң қызметі департаментінің бастығы.

2012-2016 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты.

2016 жылғы наурыз - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің алтынші шақырылымының депутаты.

«КСРО ҚК 70 жыл» (1988 жыл), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (1988 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15 жыл» (2004 жыл), «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» (2009 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) медальдерімен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Жеке парағы